Ежелгі шығыс, Грекия, Рим, орта ғасырлық еуропадағы саяси ой-пікірлер



жүктеу 39,68 Kb.
бет1/12
Дата23.04.2020
өлшемі39,68 Kb.
#29939
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2 сауир Ежелгі шығыс, Грекия, Рим, орта ғасырлық еуропадағы саяси ой-пікірлер.


Ежелгі шығыс, Грекия, Рим, орта ғасырлық еуропадағы саяси ой-пікірлер.
Саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы өз бастауын көне заманнан алады. Олардың пайда болуы алғашқыда философиялық-діни бағытта болды. Өйткені қоғамда діни нанымдар ертерек пайда болған еді және адамдар санасы қоршаған ортаны танып білуде өте тұрпайы да, қарапайым болды. Адамдар санасында қоғамдағы болып жатқан әр түрлі табиғи-саяси және әлеуметтік үрдістерді, қоршаған ортаны түсіндіруде мифтік көзқарас басым болды.
Адамдар өздерін қоршаған ортаны жанды космос әлемімен байланыстырды. Сондықтан да көне заманда-ғы көптеген халықтар (гректер, парсылар, египеттіктер, үнділер мен үндістер, вавилондықтар мен римдіктер) жердегі болып жатқан құбылыстар мен тәртіпті көктен түскен заңды құбылыс деп қабылдады. Осыдан да болар, олар жердегі барлық жағдайды: қарапайым адамдар ара-сындағы қатынастан бастап, саяси істерге дейін барлығын діни идеологияға апарып таңып қойды.
Көне Египетте халық биліктің қайнар көзі деп құдай-лар мен фараондарды қабылдады. Сондықтан да Египет-тегі биліктің өзі фараондар салдырған пирамидаға ұқсас болды. Пирамида басында құдайлар мен фараондар, яғни пирамиданың шыңы, ал пирамиданың табаны (негізі)
– халық, ортасы – абыздар мен ақсүйектер деп түсінді. Ал осы тәртіпті бұзған жағдайда адамдар құдайдың қарғысына қалады, ақырзаман болады деп түсінді. Осыдан барып олар қоғамдағы қалыптасқан жағдайды, тәртіпті сақтап қалу үшін әр түрлі заңдар жинағын жариялады. Сондай заңдардың ең көнесі ретінде ежелгі

вавилондағы Хамурапи (б.э.д. 1782–1750 жж.) патшаның заңдарын айтуға болады. Заңның кіріспе бөлімінде «осы заң сендерге әділеттілік үшін жіберілген» деп көрсетіледі.


Көне Үндістандағы бізге дейін жеткен көне ескерткіш-тердің бірі – ертедегі арийлер туралы мәліметтер сақтал-ған «Ригведа». Бұл құнды деректе олардың қоғамдық өмі-рі түгел сипатталады. Дерек бойынша үнділер қоғамды төрт арнайы топқа бөлген: а) брахмандар – абыздар; ойшылдар, ғалымдар; ә) кшатрийлер – әкімдер мен жауынгер әскери басшылар; б) вайшилар – көпестер мен саудагерлер; в) шудралар – бұқара халық.
Қоғамдағы мұндай әлеуметтік тапқа бөліну сол заман-ның идеологиясына ешқандай қайшы келмеді және бір таптан басқа тапқа ауысуға қатаң тыйым салынды. Осылай-ша үнді қоғамында саяси өмірді реттеуші қатаң касталық жүйе қалыптасты. «Ригведада» берілген мәліметтерге қарағанда арийлер еңбекшілерге билік жүргізген, сондай-ақ кшатрийлерді өздері сайлап отырған. Арийлер егер де кшатрийлер өздеріне берілген қызметті дұрыс атқармаған жағдайда және патшаға адалдық сақтамаған кезде оларды билік басынан алып тастау құқығын иеленген.
Көне заманнан бізге жеткен тағы да бір құнды жәдігердің бірі – ежелгі үнді тарихшысы, ойшылы Каутильяның жазған «Артхашастра» еңбегі болып табы-лады. Бұл еңбекте автор үнді жеріндегі көне Маурья мемлекеті туралы сөз қозғайды.
Маурья империясы мемлекетілік нышандары түгел қалыптасқан, өз құрылымы, нысаны, салық жүйесі және басқа мемлекеттермен саяси байланыс орнатқан мемлекет болғаны сипатталады.
Басқару формасына байланысты Маурья мемлекеті ав-тократиялық тұрпатта болды, соған қарамастан қалалар мен ауылдық жерлерде оларға кейбір автономиялық өкілеттіктер берілді. Атап айтқанда, сауда, салық, мүлік,

шекара күзету мәселелеріне келгенде тұрғындар бұл сұ-рақтарды арнайы құрылған мекемелер, заң, сот жүйесі арқылы шешіп, жүзеге асырып отырды.


Маурья мемлекетінде арийлер ерекше мәртебеге ие болды. Олар ешқашан құл болмады.
Арийлер патшаны олардың мүліктік жағдайына қара-мастан сайлады. Таққа отыру рәсімі кезінде патша халық-қа адал қызмет ету туралы ант берді. Патша «егерде мен сіздерге қысымшылық көрсетсем, онда мені жаратушы аспан мен жерден және ұрпағымнан айырсын» деп ант берген.
Каутилья былай деп түсіндіреді, патшаның бақыты оның қол астындағыларының бақытына, олардың әлеу-меттік жағдайына тікелей қатысты, өйткені патшаның негізгі қызметі халыққа қызмет етуден тұрады. Патша халқына адал болмаған жағдайда халық оны тақтан түсі-руге құқылы болды. Бірақ үнді қоғамындағы билеушілер-дің ашкөздігі мен дүниеқоңыздығы Каутилья сипаттаған қоғамның біртіндеп құлдырауына әкеліп соқты.
Маурья мемлекетінде тұрғындарды табиғат және соғыс жағдайларына байланысты әлеуметтік қорғау механизмі құрылды.
Қалаларда сәулет, жол салу, туу мен өлімді тіркей-тін, ішкі тәртіпті қадағалайтын арнайы муниципалды кеңестер жұмыс істеді. Бірақ соған қарамастан, Маурья мемлекетіндегі қатаң касталық жүйе біртіндеп саяси, экономикалық және әлеуметтік жағынан дағдарысқа ұшырай бастады. Патша мен брахмандардың шектен шыққан билігі мен қатыгездігі кедей бұқара халықтың құқықтарын аяққа таптады. Бұл өз кезегінде қоғамды идеологиялық тығырыққа әкеліп тіреді. Енді саяси сахнаға халықты осы тозақ шеңберінен құтқарушы жаңа харизматикалық лидер Будда (ханзада Гаутама Сиддхартха) келді.


жүктеу 39,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау