2018 Заң журналы азаматтық құқық 1- күләш Касиенова Отбасындағы зорлық-зомбылық көріністері



жүктеу 8,52 Mb.
Дата30.12.2019
өлшемі8,52 Mb.
#25490

2018 Заң журналы азаматтық құқық

1- Күләш Касиенова
Отбасындағы зорлық-зомбылық көріністері
Аннотация: Мақала отбасындағы зорлық-зомбылықтың туындау себептері мен психологиялық салдары және олардың алдын алу мәселелері қарастырылған.
Түйін сөздер:отбасы, әйел, бала, дағдарыс орталықтары, тұрмыстық зорлық-зомбылық.

Отбасы - шағын мемлекет десек бұл оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына тигізер ықпалы бар болғандықтан да отбасын шағын мемлекетке теңеп жатамыз. Өкінішке қарай, түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күндегі айқай шудан шаршаған әйелдердің көбі ажырасуға мәжбүр болады.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі ешуақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар. Бұл тұрғыда заң тұрғысында бірқатар шаралар қарастырылған. Мәселен, әйелге қол жұмсағандығын растайтын құжаттар болса, кінәлі әкімшілік жазаға тартылып немесе 15 күндік абақтыға жабылуы мүмкін. 10-15 тәулік қамауда отырып шыққан адам үйіне оралады. Ашынған отағасы әйелге қол көтеруін бұдан кейін де еселей түсуі мүмкін. Кейінгі жылдары "Әйелдерді қорғау" орталығына қолдау іздеп келген әйелдердің саны көбейе түскенін байқаймыз. Өз кезегінде, балалар да үйде, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда қатыгездікпен және зорлық-зомбылыққа ұшырап жатады. Бала үшін өз туған үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер өмірде жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі әр кез көзге түсе бермейтіндіктен, көп жағдайда мойындалмайды. Дөрекілік, балаға күш көрсету, олардың өмірлік бағдарын өзгертіп, мінез-құлықта зорлық-зомбылықтың дамуын тудырады және қылмыстық әрекетке бой алдыруға себепкер болады.

Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Әсия Хайруллина «Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты шараларды көбейту қажет» деп санайды.

– Біз зорлық-зомбылықты екінші кезектегі мәселе ретінде қарастырамыз. Бұл мәселе көбіне тұрмыстық жағдайдың, отбасының экономикалық жағдайының көлеңкесінде қалып жатады. Сондықтан, зорлық көрген қыз келіншектер мен балалар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Оның алдын алу үшін қоғамда үгіт-насихат жұмыстары жаппай жүргізген жөн, – дейді Әсия Хайруллина.

Ол үгіт-насихат жұмыстарын әкімдіктер мен дағдарыс орталықтарынан бастап, діни ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарға дейін жүргізгені жөн деп біледі.

Қазақстанда зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің құқығын қорғайтын мемлекеттік және тәуелсіз дағдарыс орталықтары бар. Олар әйелдерге заң жөнінен кеңес беріп, психологиялық көмек көрсетеді.

– Зорлық-зомбылық көрген әйелдер кез келген Ішкі істер басқармасына, әр облыстағы дағдарыс орталықтарына шағым түсіре алады. Олар жайлы бар ақпарат құпия сақталады, – дейді Алматыдағы дағдарыс орталықтарының бірінде жұмыс істейтін Сәния Байқадамова.

2014 жылы ақпанда Қазақстанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы» заң қайта қаралып, қабылданды. Ішкі істер министрлігі әкімшілік полициясы комитетінің өкілі Игорь Лепеха қыркүйекте Астанада өткізген брифингте: «Тұрмыстық зорлық-зомбылық осыған дейін әкімшілік жауапкершілік ретінде қаралған. Енді жаңа заң бойынша қылмыс деп танылады. Зорлық көрсеткен адам 30 күнге қамалып, айыппұл төлейді, кейбірі қоғамдық жұмысқа тартылады» деп мәлімдеді.

Қазақстан Бас прокуратурасының дерегінше, 2013 жылы әйелдерге көрсетілген зорлық-зомбылық саны артып, 137 мың оқиға тіркелген, 54 әйел тұрмыстық жәбір кесірінен өз-өзіне қол жұмсаған.

БҰҰ-ның Халық қоныстану қорының (UNFPA) Қазақстанда жүргізген зерттеуінің қорытындысы бойынша, елімізде әрбір сегізінші әйел тұрмыстық-зорлық зомбылыққа (адамды ұрып-соғу, жезөкшелікке мәжбірлеу, саудаға салу, ақысыз жұмыс істету сияқты қылмыстарға) ұшыраған.

«Қазақстандағы әйелдер» ұйымының дерегінше, бір жылда елдегі дағдарыс орталықтарына зорлық-зомбылыққа ұшыраған 12 мың әйел шағымданған көрінеді. Алматыдағы полиция басқармасы күніне он шақты әйел ерлер тарапынан зорлыққа не қанауға ұшырағанын айтып хабарласатынын мәлімдейді.





Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы елімізде « Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы N214- IV Заңы» және « Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қарастыралады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заң бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың келесі түрлерін ажыратылады:

      1.Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.

      2. Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып, денсаулыққа қасақана зиян келтіру.

      3. Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.

      4. Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.

      5. Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының принциптері

      Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы:

      1) заңдылық;

      2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері сақталуына кепілдік беру;

      3) адамның және азаматтың дене зардабын және (немесе) психикалық зардап шегуіне жол бермеу;

      4) отбасын қолдау және сақтау;

      5) құпиялылық;

      6) өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен және азаматпен жеке жұмыс жүргізу;

      7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;

      8) кешенділік және жүйелілік принциптеріне негізделеді.



Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылық­тың алдын алу жөніндегі заңдар келесі міндеттерді көздейді: шұғыл түрде тұр­мыс­тық зорлық-зомбылықтың жолын кесу; жәбірленушіге қауіпсіздік жағдайларын жасау; жәбірленушіге көмек түрлерін көрсету (ақпараттық, құқықтық, психоло­гиялық және т.б.) және құқық бұзушыға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану керек.

Күләш КАСИЕНОВА, Алматы энергетика және байланыс университетінің аға оқытушысы
жүктеу 8,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау