Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет15/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73

35
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
3.2-кесте. Балалардың отбасылары 
(сауалнама)
Іріктеме  
N=4207
n
%
Ата-анасы
3259
77,5%
Тек анасы
589
14,0%
Тек әкесі
49
1,2%
Анасы және өгей әкесі
190
4,5%
Әкесі және өгей шешесі
34
0,8%
Ата-анасы жоқ, өзге 
туыстарымен
86
2,0%
Балалардан отбасыларындағы тұрмыстық 
зорлық-зомбылық туралы сұралды. 3.3-кестеде, 
балалардың 18,2%-ы отбасындағы тұрмыстық 
зорлық-зомбылықпен кезігетінін айтқан, оның 
ішінде балалардың 9,3%-ы ата-аналары бір-
бірімен ұрсысып, төбелесетінін, ал 12,6%-ы ата-
аналарының тарапынан психологиялық немесе 
физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын 
айтқан (яғни, ата-аналары оларды мысқылдап, 
ұялтып не мазақ қылып отырады және/немесе жа-
залау мен тәртіпке шақыру үшін соққыға жығады).
3.3-кестеде өз отбасыларындағы тұрмыстық 
зорлық-зомбылық жайлы айтқан 764 баланың тек 
11,6%-ы ғана мұғалімнің олардың отбасындағы 
мәселелер жайында білетінін айтқан. 
3.3-кесте. Отбасындағы зорлық-зомбылық 
(сауалнама)
Іріктеме  
N=4207
n
%
О т б а с ы н д а ғ ы 
зорлық-зомбылық 
764
18,2%
Ата-аналар бір-бірімен 
ұрсысып, төбелеседі
390
9,3%
Ата-ананың балаға жасай-
тын зорлық-зомбылығы 
(мазақтау, кемсіту, 
балағаттау, ұру)
528
12,6%
Отбасында зорлық-
зомбылықты ба-
стан өткізді   
N=764
Мұғалім отбасындағы 
қиындықтар туралы біледі 
89
11,6%
Сауалнамалар сондай-ақ балалардың өз ата-
аналарына бауыр басу деңгейін өлшеу үшін 
де әзірленді. Ата-анаға бауыр басу дегеніміз – 
баланың қамқорлық, қауіпсіздік және қорғалғаны 
туралы сезімін қалыптастыратын, бала мен ата-
ана арасындағы (не қамқоршысы арасындағы) 
қарым-қатынас (2). Аталған жағдайда, ол 
балалардың ата-анасының өздерінің мақсаттары 
мен қызығушылықтарына қолдау көрсететінін, 
қиындықтары мен алаңдаушылығын түсінетінін, 
олардың не ойлайтынын, сезінетінін, 
айтқандарын еститінін, өздеріне көмектесу үшін 
уақыт бөлетінін сезінуін білдіреді. Ата-анаға ба-
уыр басу тәртіп пен білім беру сияқты тәрбие 
аспектілерін ерекшеленеді (3). 
Ата-анаға бауыр басу деңгейінің межелігі жеті 
сұрақтан құралды, оларға жауап бере отырып, 
балалар 14 ұпай жинай алады (Қосымшаның 
1-кестесін қараңыз). 14 ұпайлық межеліктен 0 мен 
7 ұпай аралығында жинаған балалардың ата-ана-
сына бауыр басу деңгейі төмен, ал 8 бен 14 ұпай 
аралығында жинаған балалардың ата-аналары-
на бауыр басу деңгейі жоғары деп бағаланды. 
3.4-кестеде, іріктемедегі барлық баланың 8,1%-
ының ғана ата-анасына бауыр басу деңгейі төмен 
болған, ал 91,6%-ының ата-анасына бауыр басу 
деңгейі жоғары болып шыққан.  
3.4-кесте. Ата-анасына бауыр басу 
(сауалнама)
Ата-анасына бауыр басу
Іріктеме   
N=4207
n
%
 Төмен 
340
8,1%
 Жоғары
3852
91,6%
Тіршілік жағдайына, сыныптағы оқуына не-
месе қалалық не ауылдық өңірде тұруына 
негізделген айырмашылықтың болмағаны 
секілді, ұлдар мен қыздар арасында ата-анасына 
бауыр басу тұрғысынан келгенде айырмашылық 
байқалмады. 
Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты 
тәжірибе мен балалардың ата-анасына бауыр 
басуы арасындағы байланысты түсінуге ұмтылыс 
жасалды. 3.5-кесте көрсетілгендей, балалардың 
көпшілігі ата-аналарына бауыр басқандарымен
отбасындағы зорлық-зомбылық туралы 
хабарлаған балаларда отбасында тұрмыстық 
зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалармен 


36
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
салыстырғанда (5,6%) ата-анасына бауыр 
басу ықтималдығы айтарлықтай төмен болған 
(19,7%). Бұл мәліметтер отбасындағы зорлық-
зомбылықтың бала-ата-ана қарым-қатынасына 
және балалардың ата-анасына бауыр басуына 
теріс ықпал ететіндігін көрсетеді.  
3.5-кесте. Отбасындағы зорлық-
зомбылықтың ата-анасына бауыр басу 
деңгейіне әсері (сауалнама)
Ата-анасына ба-
уыр басу деңгейі 
төмен   
N=4207
Ата-анасына ба-
уыр басу деңгейі 
жоғары   
N=4207
n
%
n
%
Отбасындағы зорлық-зомбылық
 Жоқ 
190
5,6%
3227
94,4%
 Иә 
150
19,7%
610
80,3%
Ашу-ыза мен агрессияға бейімділік
Қолдағы бар мектептердегі зорлық-зомбылық 
туралы зерттеулер мектепте зорлық-зомбылық 
көрген балалардың мінездемесіне баса назар ау-
дарады, бірақ сол мектептегі зорлық-зомбылыққа 
ұшыраған балалардың эмоциялары туралы 
ақпарат аз. Ал, балалардың мінез-құлқына ашу-
ыза мен агрессия сияқты эмоциялар әсер ететіні 
белгілі (3). Расында да, кейбір балалар өзінің 
ашу-ыза мен агрессиялық эмоцияларын басқара 
алмайды, бұл өзін-өзі бақылауды жоғалтып, 
басқаларға қатысты агрессиялық әрекеттерге 
баруға әкеледі. 
Бұл зерттеу балалардың ашу-ыза мен физикалық 
агрессияға бейімділігін өлшеу мақсатында 
әзірленді. Ашу-ыза межелігі мен физикалық 
агрессия межелігі бес сұрақтан құралды 
(Қосымшаның 2-кестесін қараңыз). Балалар екі 
межелікте бар болғаны он ұпай ғана жинап ала 
алады. Балалар 10 ұпайлық межелікте 0-ден 
5 ұпайға дейін жинаса, ашу-ызаға бейімділігі 
төмен және физикалық агрессияға бейімділігі 
төмен деп, ал 6-дан 10 ұпай аралығында жинаса, 
ашу-ызаға бейімділігі жоғары және физикалық 
агрессияға бейімділігі жоғары деп бағаланды. 
3.6-кестеде көрсетілгендей, сауалнамаға 
қатысқан 4207 баланың басым көпшілігі ашу-
ызаға бейімділігі төмен (70,9%) және физикалық 
агрессияға бейімділігі төмен (70,2%) деп 
бағаланған. Ал, сонымен бірге, балалардың 
29,1%-ының ашу-ызаға бейімділігі жоғары және 
29,8%-ының физикалық агрессияға бейімділігі 
жоғары болған. Басқаша айтқанда, балалардың 
шамамен үштен бірінің ашу-ыза мен физикалық 
агрессия межелігі бойынша бейімділігі жоғары 
болып шыққан. 
3.6-кесте. Ашу-ыза мен физикалық агрес-
сия (сауалнама)
Іріктеме  
N=4207
n
%
Ашу-ыза
 Бейімділігі төмен
2982
70,9%
 Бейімділігі жоғары
1225
29,1%
Физикалық агрессия
 Бейімділігі төмен
2954
70,2%
 Бейімділігі жоғары
1253
29,8%
3.1-суретте, балалардың ашу-ыза мен физикалық 
агрессиясы бір-бірімен байланысты екені 
көрсетілген (Қосымшаның 3-кестесін қараңыз). 
Басқаша айтқанда, ашу-ызаға бейімділігі жоғары 
балалардың (52,5%), ашу-ызаға бейімділігі 
төмен (20,5%) балалармен салыстырғанда
физикалық агрессияға бейімділігі жоғары. Ал, 
сонымен бірге, ашу-ызаға бейімділігі төмен 
балалардың (79,5%), ашу-ызаға бейімділігі 
жоғары (47,5%) балалармен салыстырғанда, 
физикалық агрессияға бейімділігі де төмен 
болған. 
Сондай-ақ, балалардың отбасындағы зорлық-
зомбылық тәжірибесі мен олардың ашу-ыза мен 
физикалық агрессияға бейімділігі арасындағы 
байланысты түсіну үшін талдау жүргізілді. 3.7-ке-
стеде отбасындағы зорлық-зомбылық туралы 
айтқан балалардың ашу-ызаға жоғары бейімділік 
(47,9%) және физикалық агрессияға жоғары 
бейімділік (39,5%) туралы айту мүмкіндігі де 
отбасыларындағы зорлық-зомбылық туралы 
еш нәрсе айтпаған балалармен салыстырғанда 
біршама болған (сәйкесінше, 24,8% және 
27,5%). Бұл деректер, зорлық-зомбылық, 
ата-аналар арасындағы төбелес, ұрыс-керіс, 
психологиялық және физикалық зорлық-
зомбылыққа ұшырайтын балалар бар отбасы-
ларында өсіп келе жатқан балалардың эмоци-
ялары да қалыпты болмауына , ол ашу-ызаның 
ұлғаюына, физикалық агрессияға бейімділіктің 
артуына әкеледі. Осы қорытындыларға негізделе 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау