11
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
қандай шара қолданады? Мектептер агрессивті,
зорлық-зомбылыққа жақын балаларды қалай
басқарады? Мектептер зорлық-зомбылық
құрбаны болған балаларға қандай қолдау
көрсетеді? Деректер бойынша, Қазақстандағы
5 102 842 баланың жартысына жуығы мек-
теп жасында екенін ескерсек, бұл өте маңызды
мәселелер болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының
үкіметі балаларды қорғау және мекемелердегі
балаларға қатысты зорлық-зомбылық
мәселелерін шешу салаларында туындаған
қиындықтарды мойындады. Қазіргі уақытта
үкімет әлеуметтік қорғауды реформалау және
балалар мен отбасыларды әлеуметтік қорғау
қызметтерін әзірлеумен айналысуда. Мысалы,
2008 жылы қабылданған «Арнайы
әлеуметтік
қызметтер туралы» Заң «отбасын қолдау
қызметтері» деген ұғымды енгізді, бұл біршама
ілгерілеу болды. Заңнаманың мұндай түрі
үкіметтің баланы қорғау жүйесін реформалауды
қолдайтынын
білдіреді, алайда бұл әлі де барлық
мәселелерді шешуге жеткіліксіз. Реформа бары-
сында мемлекеттің алдынан тосатын ең ірі екі
мәселе ретінде көтеріліп отырған тақырыптың
бұрын-соңы қарастырылмағанын және басты
мүдделі тұлғалардың арасында практикалық
тәжірибенің жоқтығын айтуға болады.
Қазақстандағы балаларға қатысты
зорлық-зомбылық мәселесі
бойынша заңнамаға қысқаша шолу
Балаларға қарсы зорлық-зомбылық мәселесі бой-
ынша заңнамаға жасалып отырған бұл қысқаша
шолу балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа
байланысты Қазақстан Республикасы
заңнамасының 2012 жылы ЮНИСЕФ сарапшы-
сы Урумова Ирина ханым әзірлеген шолуына
негізделген.
1994 жылы Қазақстан үкіметі БҰҰ Балалар
құқығы туралы конвенциясын (БҚК) ратифи-
кациялады. БҚК бойынша мемлекет бала-
ны зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен
қорғап, балалардың жақсы өмір сүруінің негізгі
мектептерде оқып, білім алады,
олардың да өзінің
әлеуметтік мәртебесі мен осалдығы себебінен
стигматизацияға, кемсітушілікке және қосымша
зорлық-зомбылыққа ұшырауы әбден мүмкін (6).
Осылайша, 2011 жылы ЮНИСЕФ және Адам
құқықтары жөніндегі ұлттық орталық тәуекелді
мінез-құлық, жыныстық қанаушылық пен адам
саудасына қатысты балалардың осалдығына
бағалау жүргізді. Бағалау қорытындылары
осал балалардың басым бөлігі, оның ішінде
қанаушылық пен саудаға салынған балалар да өз
өмірінде, көбінесе алдымен балалық шағында,
отбасыларында басталып, кейіннен оларды
саудаға салған не қанаған адамдар тарапынан
зорлық-зомбылықтың, мейірімсіз және жаны
ашымас қарым-қатынастың қандай да бір түрін
басынан кешіргенін көрсетті. Бұл балалардың
ерекше осал жіктерден екенін (мысалы, кедей,
тұрмысы нашар немесе толық емес отбасы-
лар, отбасында
қатыгез не мейірімсіз қарым-
қатынасқа ұшыраған) ескерсек, олар басқа ба-
лалармен салыстырғанда үйден қашып кетуге,
қанаушылыққа және/немесе сату тәуекеліне
көбірек ұшырайды. Бұл бағалау сондай-ақ осы
ерекше осал балалардың отбасылық мәселелері,
мектептегі құрбыларының тарапынан көрсетілген
мазақ пен кемсіту олардың өзін-өзі зақымдауы
мен суицидке баруы өзара себеп-салдарлы бай-
ланыста екенін де байқатты (7).
Бұл екі зерттеудің маңызы өте зор, себебі олар
Қазақстандағы балаларға, оның ішінде ерекше
осал балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың
сипаты мен дәрежесін анықтаудың бастама-
сы болды. Сонда да болса, балаларға қатысты
зорлық-зомбылық туралы сұрақтар әлі де
жетерлік, әсіресе балалардың мектепте зорлық-
зомбылыққа ұшырау мәселесі өзекті болып табы-
лады.
Атап айтқанда, мектепте балаларға қатысты
зорлық-зомбылық дәрежесі қандай? Мектепте
балалар арасында да, мектеп қызметкерлері та-
рапынан да зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің
қандай түрлері кездеседі? Мектептегі зорлық-
зомбылықты жасаушы кім, құрбаны кім?
Мектептегі зорлық-зомбылық балаларға қандай
әсерін тигізеді? Зорлық-зомбылық пен балалар
арасындағы суицид арасында қандай байланыс
бар? Мектептер мектептегі зорлық-зомбылыққа
1
Азаптауға «ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шектіру, егер бұл
денсаулыққа ауыр не орташа ауыр зардаптарға әкеп соқпаса» (103, 104-бб.) анықтамасы берілген. (103, 104-бб.). Ұдайы сипаты жоқ
ұрып-соғу қазіргі уақытта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 79-1-бабына сәйкес жазаланады; ҚР ҚК жаңа жобасы бойынша
79-1-бапты ҚР ӘҚК-ден алып тастап, ұрып-соғу үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған (ҚК жобасының 112-бабы).
12
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
кепілі болады.
БҰҰ БҚК сәйкес, Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясы
балаға қатысты мейірімсіз қарым-қатынасқа
тыйым салады. Сонымен бірге, 202 жылы
қабылданған «Бала құқығы туралы» Заңның
10(2)-бабы балалардың құқығын және
«физикалық және (немесе) психикалық зорлық-
зомбылықтан, мейірімсіз, дөрекі не адамның ар-
намысын таптаушы қарым-қатынастан қорғауды»
қамтамасыз етеді.
ҚР Қылмыстық кодексі қинау мен азаптау үшін
қылмыстық жауапкершілікті қарастырады,
ал кәмелетке толмаған балаға қатысты қинау
түрлерін қолдану Қылмыстык Кодекстің 141-1-ба-
бына (2) сәйкес қылмысты ауырлататын жағдай
деп есептеледі (8). Қылмыстық кодекстің 137-
бабы бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмаған
баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-
анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген
өзге адамның, сол сияқты кәмелетке толмаған
баланы қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi
педагогтiң немесе оқу, тәрбие беру,
емдеу не-
месе өзге мекеменiң басқа қызметкерiнiң
орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орын-
дамауы, егер бұл әрекет кәмелетке толмаған
балаға қатал қараумен ұштасса, қылмыстық
жауапкершілікке тарту көзделген. Қылмыстық
кодекс сондай-ақ кәмелетке толмағандарға
қатысты зорық-зомбылыққа байланысты басқа
да әрекеттер үшін, оның ішінде балалардың өмiрi
мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау
үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырады
(138-бап). Қылмыстық кодекстің осы баптары
баланықоғамдық және жеке салалардағы зорық-
зомбылықтан қорғауды қамтамасыз етеді, де-
генмен бүгінгі таңда педагогтер, медициналық
қызметкерлер және/немесе әлеуметтік
қызметкерлер үшін хабарлау міндетін бекітетін
бап жоқ, ал бұл міндеттің балаларға қатысты
зорлық-зомбылыққа тікелей қатысы бар (9).
Сонда да болса, Қазақстан Республикасының 2011
жылы қабылданған «Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы» туралы кодексінің 67-бабы баланың
өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi ту-
ралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң
бұзылғандығы туралы өздеріне белгiлi болған
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауа-
зымды адамдары және өзге де азаматтарды бұл
туралы баланың нақты тұратын жерi бойынша
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органға
хабарлауға мiндеттейдi. Бірақ хабарлау, осын-
дай жағдайлардың құрбаны болған балаларды
қорғау және қолдау қызметтерін көрсету жүйесі
балаға тиісті қорғауды қамтамасыз ету және
баланың мүдделері әр кезеңде есепке алынып
отыруы үшін әлі де реформалау мен жетілдіруді
қажет етеді.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» тура-
лы кодекспен қатар 2009 жылы қабылданған,
балаларға қатысты үйдегі және отбасындағы
зорлық-зомбылық мәселелерін қарастыратын
ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профи-
лактикасы туралы» Заңы да қолданыста. Бұл заң
ұйымдастырушылық
негіздерді орнықтырып,
тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға,
тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына,
оның ішінде кәмелетке толмағандарға қызмет
көрсетуге жауапты мемлекеттік органдар-
ды анықтайды, бұл балалар құқығы туралы
конвенцияның 19(2)-бабымен сәйкес келеді.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилакти-
касы туралы» Заңның 10(4)-бабы құқық қорғау
органдарын «балаларын тәрбиелеу жөніндегі
міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше
орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы
әрекеттер жасайтын ата-аналарға немесе
олардың орнындағы адамдарды анықтау үшін
жауапкершілік міндеттейді. Осы заңға сәйкес, ішкі
істер органдары сондай-ақ тұрмыстық зорлық-
зомбылық жағдайларында қорғау шешімдерін
қабылдайды (10(10)-бап), соттар тұрмыстық
зорлық-зомбылық жасаған адамдардың іс-
әрекетіне ерекше талаптар бекітуге уәкілетті
(10(13)-бап).
2
БҚК 19(2)-бабына сәйкес, «мұндай
қорғау шаралары, қажет болған жағдайда, балаға және оған қамқорлық жасаушы адамдарға
қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік бағдарламаларды жасау үшін, сондай-ақ жоғарыда аталғандай балаға мейрімсіздік жа-
салуына байланысты жағдайлардың алдын алу және анықтау, олар туралы хабарлау, істі қарау, тергеу жүргізу, емдеу және кейін
қолданылатын шаралардан басқа да нысандарын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, сот рәсімін қозғау үшін тиісті
рәсімдерді қамтиды.
3
БҰҰ БҚК 18(2)-бабына сәйкес, «Осы Конвенцияда баяндалған құқықтарды жүзеге асыруға кепілдік беру және жәрдемдесу
мақсаттарында қатысушы мемлекеттер ата-аналарға және заңды қамқоршыларға балаларды тәрбиелеу жөніндегі олардың өз
міндеттерін орындауына тиісті көмек көрсетеді және балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етеді».