24
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
2.1-кесте. Өңірлер бойынша мектептер саны (2011-2012ж., ҚР БҒМ ұсынған)
Барлығы
Қала
мектептері
Ауыл
мектептері
Қазақ
тілінде
білім беретін
мектептер
Орыс тілінде
білім беретін
мектептер
Аралас тілде
білім беретін
мектептер
n
%
n
%
n
%
n
%
n
%
n
%
1-өңір
69
5,1
69
100,0
0
0,0
23
33,3
11
15,9
35
50,7
2-өңір
582
42,9
81
13,9
501
86,1
144
24,7
309
53,1
129
22,2
3-өңір
291
21,4
56
19,2
235
80,8
259
89,0
5
1,7
27
9,3
4-өңір
416
30,6
86
20,7
330
79,3
157
37,7
105
25,2
154
37,0
Барлығы 1358 100,0
292
21,5
1066 78,5
583
42,9
430
31,7
345
25,4
Зерттеу жүргізу жоспары
Бұл бағалаудың мақсатына қол жеткізу үшін мы-
надай мәселелерді қамтыған көп әдісті зерттеу
жоспары әзірленді:
• Мемлекеттік
мектептердің
5-10-сыныптарындағы 9 бен 17 жас
аралығындағы балалар арасында сауалнама
жүргізу;
• Мемлекеттік
мектептердің
5-10-сыныптарындағы 9 бен 17 жас
аралығындағы балалардан құрылымданған
сұхбат алу;
• Мемлекеттік мектептерде жұмыс істейтін мек-
теп мұғалімдері
және мамандандырылған
қызметшілер арасында (мектеп психологта-
ты, мектеп медбикесі, әлеуметтік педагог-
тер, мектептегі қауіпсіздік қызметкерлері/
мектептегі полиция инспекторлары) сауална-
ма жүргізу;
• Мемлекеттік мектептердің директорлары-
нан/директорлардың орынбасарларынан
құрылымданған сұхбат алу.
Зерттеудің мұндай көп әдісті жоспары
мектептердегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылықты зерттеудегі қиындықтарды есепке
ала отырып белгіленді. Алдағы бөлімдерде әр
әдіс пен деректерді жинау құралы біршама жан-
жақты сипатталатын болады.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық пен
ҚР БжҒМ Зерттеу
жоспары мен деректерді жи-
нау құралымен бағалау басталғанға дейін таны-
сып, бекіткенін атап өту қажет. Зерттеу жоспа-
ры мен деректерді жинау құралымен сондай-ақ
Қазақстанның Астана қаласындағы Ы.Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім беру академиясының екі
мүшесі танысты.
Зерттеу өңірлері
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен және
ЮНИСЕФ-пен кеңескеннен кейін Қазақстанның
төрт өңіріндегі мемлекеттік мектептерді таңдап алу
туралы шешім қабылданды. Бұл шешім өңірлерде
тұрғындардың демографиялық алуан түрлілігіне,
дәстүрлер мен мәдени тәжірибелерге баса на-
зар аударылуына, сондай-ақ мемлекеттік жалпы
білім беретін мектептердің санына негізделді. Бұл
бағалау елдегі бүкіл мектептегі жағдайды ашып
көрсетеді деп айта алмаймыз; сонда да болса,
таңдалған мектептерді
зерттеу Қазақстанның
бүкіл мектептеріндегі зорлық-зомбылық сипаты
мен дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
Мектептерді іріктеу
Іріктелген мектептердің қатарына Қазақстанның
төрт өңіріндегі 4 мемлекеттік жалпы білім
беретін мектеп, оның ішіне сапалық кесінді
мен мектептердің өңірлік репрезентативтілігін
қамтамасыз ету үшін қалалық және ауылдық
жерлердегі мектептер кірді. Төрт өңірдің
әрқайсысында іріктелген мектептер саны
өңірлердегі мектептердің жалпы саны мен әр
өңірдегі қалалық, ауылдық мектептер үлесі бой-
ынша ерекшеленді. Сондай-ақ төрт өңірдің
әрқайсысында қазақ, орыс және аралас тілде
білім беретін мектептерді
іріктеп алуға әрекет
жасалды.
2.1-кесте төрт өңірдегі мектептердің жалпы са-
нын, оның ішінде мектеп санын, қала мен ауыл
мектептерінің санын, қазақ, орыс және аралас
тілде білім беретін мектептердің санын көрсетеді.
Бұл деректерді ҚР Білім және ғылым министрлігі
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа
2012 ж. мамыр айында ұсынған.
25
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Өңірдегі мектептердің жалпы саны (оның ішінде
мектеп саны, қала мен ауыл мектептерінің саны,
қазақ, орыс және аралас тілде білім беретін
мектептердің саны) әр түрлі болғандықтан, әр
өңір бойынша таңдап алынған мектептердің
саны да әр түрлі. үш
өңірде ауылдық
мектептердің саны қалалық мектептер саны-
нан әлдеқайда көп, сол үшін кейбір өңірлерде
таңдалған мектептердің ішінде ауыл мектептері
басымырақ, бұл ауылдық жерлердегі балалар-
ды репрезентативті іріктеп алуды қамтамасыз
етеді.
2.1-кестенің мәліметтеріне сүйене отырып,
мектептер іріктелді. 2.1-кесте төрт өңірдегі
мектептердің іріктелген санын, оның ішінде
іріктеу бойынша мектептің жалпы санын, қала
мен ауыл мектептерінің санын, қазақ, орыс және
аралас тілде білім
беретін мектептердің санын
көрсетеді. 2.1-кестеде үлестер бірдей боп кетпес
үшін пропорцияларға жақындау етіп алуға күш
салынды. Түбегейлі іріктеу барысында 40 мектеп,
оның ішінде 19 қала және 21 ауыл мектебі, 14
қазақ, 11 орыс және 15 аралас тілде білім беретін
мектеп таңдап алынды.
Әр өңірде қай мектеп 2.2-кестеге сәйкес
іріктеу схемасы бойынша таңдалып алына-
тынын анықтағанға дейінАдам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталық ҚР Білім және ғылым
министрлігінен төрт өңірдің әрқайсысындағы әр
мектеп жайында жан-жақты ақпарат алды (ата-
уы, білім беру тілі, 5-10-сыныптардағы бала
саны, қала не ауыл мектебі мәртебесі, мекен-
жайы және байланыс ақпараты). Бұл жан-жақты
ақпарат 2012 жылдың тамызында алынды және
іріктеуге қосылатын мектептерді таңдау үшін
пайдаланылды.
2.2-кесте Мектептерді өңірлер бойынша іріктеу
Іріктеуге
қатысқан
мектептің
жалпы саны
Қала
мектептері
Ауыл
мектептері
Қазақ тілінде
білім беретін
мектептер
Орыс тілінде
білім беретін
мектептер
Аралас тілде
білім беретін
мектептер
n
%
n
%
n
%
n
%
n
%
n
%
1-өңір
4
10,0
4
100,0
0
0,0
1
25,0
1
25,0
2
50,0
2-өңір
14
35,0
5
35,7
9
64,3
3
21,4
7
50,0
4
28,6
3-өңір
10
25,0
4
40,0
6
60,0
6
60,0
0
0,0
4
40,0
4-өңір
12
30,0
6
50,0
6
50,0
4
33,3
3
25,0
5
4,17
Барлығы
40
100,0
19
47,5
21
52,5
14
35,0
11
27,5
15
37,5
40 мемлекеттік мектептен тұратын түбегейлі
іріктеуді қате таңдауға жол бермеу және іріктеуге
төрт өңірдің әрқайсысынан мектептер кесіндісінің
болуын қамтамасыз ету үшін Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталық (ЮНИСЕФ тарапы-
нан халықаралық консультанттың қатысуымен)
анықтады. Сондай-ақ таңдалған мектептердің
облыс орталығынан қашықтығы мен жергілікті
зерттеу топтарының оларға жету үшін жұмсалатын
уақыты да есепке алынды.
Таңдалған мектептерге бару үшін Адам
құқықтары жөніндегі ұлттық орталық зерттеу
мақсаттарын түсіндіру мақсатында облыстық
білім басқармаларына хаттар жолдады.
Облыстық білім басқармалары хатты қалалық
және аудандық білім бөлімдеріне бағыттады,
олар хаттарды таңдап алынған мемлекеттік мек-
тептерге беруге міндетті болды.
Әр мектепте
зерттеу тобы мектеп директорымен кездесіп,
зерттеу мақсатымен таныстырды, сауалнамаға
қатыстыру үшін бұл мектептің Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталық пен ҚР БҒМ келісімімен
таңдап алынғанын түсіндірді. Бұдан кейін зерт-
теу тобы оларға балаларды, мұғалімдерді және
мамандандырылған қызметкерлерді сауалнама-
ны ұйымдастыру, сондай-ақ мектеп директоры-
нан немесе директордың орынбасарынан сұхбат
алу үшін қандай көмек қажет екенін түсіндірді.
Осыдан соң алты адамнан құрылған зерттеу тобы
екі топқа бөлінді. Төрт
зерттеушісі бар бірінші топ
балалар арасында сауалнама жүргізуге, қалған
екі зерттеуші мектеп директорынан сұхбат алуға
және мұғалімдер және мамандандырылған
қызметкерлерге сауалнама жүргізуге жауап-
ты болды. Мектептердің көпшілігінде зерт-
теу тобының әр мүшесі балалармен жартылай
құрылымданған сұхбаттар жүргізді.