15
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
1.1-шеңбер. Мектептегі зорлық-зомбылық түрлері
Психологиялық зорлық-зомбылық
– балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау және/не
оқшаулауға, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге, оның өзін-
өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы
өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік
қимылдар схемасын қамтиды. Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз,
кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау,
балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-
ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық
залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.
Физикалық зорлық-зомбылық
– балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық
зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуы-
на, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын
әрекеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы,
ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл
жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінісе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың
мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін.
Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету
– қандай да бір баланың не ересектің
балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым
көрсетуі, жыныстық құмарлықты ояту үшін балаға қатыгездікпен қарау. Басқа баланың жыныстық
мүшелеріне қол тигізу/ұстау, баланы жыныстық белсенділікке қатысуға шақыру (нәтижесіне
қарамай), жыныстық мүшелерді жалаңаштап көрсету, балаға порнография көрсету және бала-
мен жыныстық қатынасқа түсуді қамтиды.
Бопсалау
– балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу
арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.
Кибербуллинг
– баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа техно-
логияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні
он-лайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орнала-
стыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-
парақшаны не он-лайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
Құрбылар тарапынан қорқытып-үркіту
– нақты не болжамды күштер теңсіздігін білдіретін мек-
теп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер. Мінез-құлықтың мұндай моделі
қайталанып отырады немесе белгілі бір кезең сайын қайталануы ықтимал. Баланы кемсіту
қорқыту, өсек тарату, балаға физикалық не сөзбен тиісу не әдейілеп топтан шығарып тастауды
қамтиды.
Кемсітушілік
– баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық
жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы.
Тән жазасы
– физикалық күш қолданылатын, балаға қандай да бір жеңіл ауырту сезімін не
қолайсыздықты сездіруге бағытталған кез келген жазаны білдіреді. Көбінесе, бұл соғып жіберу,
шапалақпен тартып қалу, баланы қолмен не затпен ұруды білдіреді. Сондай-ақ тебу, сілкілеу,
баланы итеру, тырнау, шымшу, шашынан тарту не құлағынан жұлқылау, балаларды қолайсыз
позада ұстау, күйдіру, буға шалдыру, мәжбүрлеп жұтқызу (мысалы, баланың аузын сабынмен
жуу не ащы дәмдеуіштерді жұтуға мәжбүрлеу) де қамтылады.
16
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мұндай жаңалықтар оқырман назарын ауда-
ру үшін мектептегі зорлық-зомбылықтың ең
шиеленіскен және төтенше түрлеріне баса мән
береді, бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі.
Мұндай жаңалықтар мектептегі зорлық-
зомбылық мәселесін тым әсірелеп көрсетіп,
қоғамның мектептегі зорлық-зомбылық сипаты
мен дәрежесін қате түсінуіне әкеледі.
Мектептегі зорлық-зомбылықты нақтырақ
түсіну үшін мектептегі зорлық-зомбылық ту-
ралы халықаралық әдебиетке үңілу қажет. Бұл
әдебиетте «зорлық-зомбылықтың ең көп таралған
түрлері – ешкімге айтылмайтын, сол себепті үнемі
жасала беретін, қоғам мен ресми саясат және заң
тарапынан ұмытылып, зерттеу, пікірталас пен дау-
дамай жүргізуге лайықты деп қарастырылмайтын
зорлықтар» деп көрсетеді (26). Көптеген елдер-
де зорлық-зомбылық түрлеріне психологиялық
жәбірлеулер, болмашы физикалық жәбірлеулер,
құрбылар тарапынан қорқыту, жыныстық сөздер,
жыныстық ерекшелігіне қарай жәбір көру, мектеп
қызметкерлерінің «тілазар балаларды» тәртіпке
шақырып, жазалау үшін тән жазасын қолдануы
кіреді. Физикалық зорлық-зомбылықты
қамтымайтын, мектеп қызметкерлері қолданатын
қатыгез және кемсіту арқылы жазалау түрлері
зерттеле қоймаған, сондықтан көбінесе елеусіз
қалдырылады (27).
1970 жылдардан бастап мектептегі зорлық-
зомбылық бойынша зерттеулер көлемі
өнеркәсіптік дамыған елдерде, атап айтқанда,
Құрама Штаттарда, Канада мен Батыс Еуропа
елдерінде біршама өсті. Ауыспалы және дамушы
экономикасы бар елдерде мектептердегі зорлық-
зомбылық бойынша зерттеулер біршама шек-
телген; бірақ экономикасы ауыспалы елдерде
мектептердегі балалар арасындағы және мектеп
қызметкерлері тарапынан жасалатын зорлық-
зомбылықты құжатқа түсіру жөнінде біршама
жұмыстар қолға алынып жатыр (28, 29, 30, 31,
32, 33, 34).
Мектептерде қолданылып жүрген зорлық-
зомбылықты салыстырмалы және
мәдениетаралық зерттеулер мектептерде
зорлық-зомбылыққа және мазаққа ұшырайтын
балалардың үлесі елдер бойынша әр түрлі екенін
көрсетті. Мәселен, 2001/02 жж. Орталық және
Шығыс Еуропаның дамушы және өтпелі экономи-
касы бар елдерде жүргізілген мектеп жасындағы
балалар арасындағы салауатты мінез-құлық ту-
ралы сауалнама (HBSC), орташа алғанда мектеп
оқушыларының 35%-ы соңғы екі айда жәбірлеуге
ұшырағанын айтқан, ал бұл үлес Швецияда 15%,
ал Литвада 64%-ға дейін ауысып тұрған (35).
ЮНИСЕФ Косовода жүргізген зерттеуде серб-
тер мекен еткен аудандарда балалардың 18%-
ы және албандар мекен еткен аудандардағы
балалардың 33%-ы мектепте зорлық-зомбылық
жасалатынын хабарлағанын анықтаған (36). Екі
зерттеу де – HBSC және Косоводағы ЮНИСЕФ
– зорлық-зомбылық пен жәбірлеу көбінесе ау-
ызша формада болғанын, бірақ тексерілмеген
жағдайда әлдеқайда экстремалды физикалық
жәбірлеуге апаруы мүмкін екенін анықтаған.
2001/02 жж. HBSC зерттеуі сондай-ақ соңғы жыл
ішінде төбелестерге атысқан мектеп жасындағы
балалардың үлесі Финляндияда 25%, ал Литвада
49%-ға дейін құрағанын анықтады (37).
HBSC зерттеулері сонымен бірге басқа да
маңызды жаңалықтарды көрсетті. Оның
қорытындылары бойынша, жәбірлеу оқиғалары
балалардың өсу деңгейіне қарай азая
беретіндігін, ұлдар мен қыздар жәбірленуге
бірдей ұшыраса да, ұлдар арасында зорлық-
зомбылық қыздармен салыстырғанда көбірек
орын алатындығын да байқауға болады. Ұлдар
арасында төбелеске қатысу ықтималдылығы
да қыздармен салыстырғанда жиірек кездесті.
Зерттеу анықтағандай, көп жағдайда жәбірлеу
бір жыныстағы топ ішінде орын алады (ұл – ұл,
қыз – қыз), бірақ жәбірлеу әр түрлі жыныстағы
топтар арасында кездессе, онда көбінесе
ұлдар қыздарды жәбірлейді. Бір қызығы, HBSC
зерттеуі сондай-ақ жәбірлеудің қандай да бір
түріне қатысы бар балалар әрі жәбірленуші, әрі
жәбірлеуші болғанын көрсетті. Бұл көбінесе,
төбелес барысында кінәлі кім, құрбандық кім
екенін ажырата алмаумен байланысты (38).
Мектептегі зорлық-зомбылықты зерттеудің
басым бөлігі зорлық-зомбылықтың бір не-
месе бірнеше түрінің, көбінесе физикалық
зорлық-зомбылықтың, жәбірлеудің және мек-
теп мұғалімдерінің балалар арасындағы тәртіпті
реттеу мақсатында тән жазасын қолдану сипаты
мен дәрежесін түсінуге шоғырланды (39, 40).
Бұл зерттеу сонымен бірге мектептегі зорлық-
зомбылық себептері мен оның құрбан балаларға
және кінәлілерге әсерін де қарастырды (41).
Кейбір елдерде, сондай-ақ мектептердегі
жыныстық не гендерлік зорлық-зомбылыққа және
оның қыздардың мектепте оқуына кері әсеріне
баса назар аударылды (42, 43). Бұл зерттеулер
Достарыңызбен бөлісу: |