Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет54/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73

114
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Балаларға қатысты тәртіптік шара қолдану не-
месе кемсіту тәсілдерінде мұғалімдер мен 
мамандандырылған қызметкерлер құрамының 
арасында елеусіз айырмашылықтар анықталды. 
Алайда, мамандандырылған қызметкерлермен 
салыстырғанда (14,8%) оқытушылар (21,7%) 
тәртіптік жаза қолдану үшін балаларды жиірек 
мектеп директорына жіберген. Бұған қоса, 
мамандандырылған қызметкерлер құрамымен 
салыстырғанда (1,2%) балаларға қатысты жаза 
қолдануда дене еңбегін пайдалануға мұғалімдер 
(6,1%) бейім.
4.9-сурет 4.11-кестеде көрсетілген балаларға 
қатысты тәртіптік жаза қолдану мен кемсітушіліктің 
тек қалалық және ауылдық айырмашылықтарын 
көрсетеді. Қала мектептерінде оқытушылар 
мен мамандандырылған қызметкерлермен 
салыстырғанда (19,5%) ауылдық мектептердің 
мұғалімдері мен мамандары (25,1%) балаларға 
қатысты тәртіптік жаза қолдану мен кемсітушілік 
әдістерін (барлық түрін) айтарлықтай жиі 
қолданады.  Қала мектептерінің оқытушылары 
мен мамандарымен салыстырғанда (15,7%) 
ауыл мектептерінің оқытушылары мен 
мамандандырылған қызметкерлер құрамы 
(24,4%) балаларды мектеп директорларына 
жиірек жібереді. 
Жас айырмашылықтары тұрғысынан келгенде 
4.10-сурет әрбір басқа жас ерекшелігі бойынша 
топтардағы оқытушылар мен мамандандырылған 
қызметкерлермен салыстырғанда 50-ден 59 
жасқа дейінгі жас тобындағы оқытушылар мен 
мамандар балаларды жазалау мен кемсітуге 
бейімірек екендігін көрсетеді. Салыстырар 
болсақ, жоғары жас топтарындағы (40-тан 49 
жасқа, 50-ден 59 жасқа және 60-тан 69 жасқа 
дейінгі) мұғалімдермен және мамандандырылған 
қызметкерлермен салыстырғанда төменгі 
жас топтарындағы (20-дан 29 жасқа және 
30-дан 39 жасқа дейінгі) оқытушылар мен 
мамандандырылған қызметкерлер балалар ара-
сында тәртіпті ұстап тұруда күш қолдануға неғұрлым  
бейім. Ақырында, 4.10-суретте көрсетілгендей, 
әрбір басқа жас тобындағы оқытушылар мен 
мамандандырылған қызметкерлер құрамымен 
салыстырғанда 60-тан 69 жасқа дейінгі жас 
ерекшелігі бойынша топтағы оқытушылар мен ма-
мандар балаларды көбірек кемсіткен. 
4.11-сурет жазалау үшін баланы мектеп ди-
ректорына жіберу тұрғысынан келгенде жас 
айырмашылықтары бар екенін көрсетеді. Әрбір 
басқа жас тобындағы оқытушылармен және маман-
дармен салыстырғанда, 60-тан 69 жасқа дейінгі жас 
тобындағы оқытушылар мен мамандандырылған 
қызметкерлер құрамы жазалау үшін баланы 
көбінесе мектеп директорына жібереді.  
4.11-сурет. 
Жазалау үшін баланы мектеп директорына 
жіберудегі жас айырмашылықтары 
40%
30%
20%
10%
0%
1-5 лет 6-10 11-15 16-20 21-25 26+
4.12-сурет. 
Мектептегі жұмыс өтіліне және балаларға 
тәртіптік жаза қолдану әдістеріндегі 
айырмашылықтар 
30%
25%
20%
15%
10%
5%
0%
баланы мектеп директорына жіберу 
физикалық зорлық-зомбылық
дене еңбегі
20-29 
жыл
30-39 
жыл
40-49 
жыл
50-59 
жыл
60-69 
жыл


115
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Ақырында, 4.12-сурет мектептегі жұмыс 
өтіліне және балаларға тәртіптік жаза қолдану 
әдістеріндегі айырмашылықтарды көрсетеді. 
Әсіресе, мектепте 16 жыл және одан көп жұмыс 
істеген мұғалімдермен және мамандандырылған 
қызметкерлер құрамымен салыстырғанда мек-
тепте 15 жыл немесе одан аз уақыт жұмыс 
істеген оқытушылар мен мамандар жазалау 
үшін балаларды мектеп директорына көбірек 
жіберген. Бұған қоса мектепте 2 немесе одан 
аз уақыт жұмыс істеген оқытушылар мен 
мамандандырылған қызметкерлер мектепте 
21 немесе одан көп жыл істеген мұғалімдермен 
және мамандармен салыстырғанда балаларға 
тәртіптік жаза қолдануда күш қолдануға 
бейімірек болған.  Ақырында, жұмыс өтілі бой-
ынша басқа топ санаттарындағы оқытушылармен 
және мамандандырылған қызметкерлермен 
салыстырғанда, мектеп 11-ден 15 жылдай уақыт 
істеген оқытушылар мен мамандар балаларды 
жазалауда дене еңбегін көбірек пайдаланған. 
Сонымен қатар мұғалімдер пайдаланатын 
тәртіптік жазаны қолдаудың әр түрлі әдістерінің 
арасындағы байланысты зерттеу үшін талдау 
жүргізілді. 4.14-кесте мектепте тәртіптік жаза 
қолданудың жағымды әдістері туралы хабарлаған 
кейбір оқытушылар баалаларға қатысты 
тәртіптік жаза ретінде психологиялық зорлық-
зомбылықты (11,8%), физикалық-зорлық-
зомбылықты (18,1%) және дене еңбегін (6,7%) 
қолданған.  Жағымды тәртіктік жаза қолдану ша-
раларын пайдаланған кейбір мұғалімдер сондай-
ақ балаларға қатысты кемсітушіліктің орын 
алғандығын хабарлаған (4,8%).
4.14-кесте. Мұғалімдер тарапынан әр түрлі тәртіптік шара қолдану әдістері және кемсітушілік 
арасындағы байланыс 
Тәртіптік жазаның 
жағымды 
шаралары
Психология-
лық зорлық-
зомбылық
Физикалық 
зорлық-
зомбылық
Дене еңбегі
Баланы 
кемсіту
n
%
n
%
n
%
n
%
n
%
Тәртіптік жазаның 
жағымды шаралары
---
---
84 11,8% 129 18,1% 48 6,7% 34 4,8%
Психологиялық 
зорлық-зомбылық
84
96,6%
---
---
36 41,4% 18 20,7% 13 14,9%
Физикалық 
зорлық-зомбылық
129
93.5%
36 26,1% ---
---
14 10,1% 17 12,3%
Дене еңбегі
48
100,0%
18 37,5% 14 29,2% ---
---
4
8,3%
Баланы кемсіту
34
89,5%
13 34,2% 17 44,7%
4 10,5% ---
---
Салыстырар болсақ, балаға тәртіптік жаза 
қолдану ретінде психологиялық және физикалық 
зорлық-зомбылық әдістерін қолданған 
оқытушылардың барлығы сонымен қатар тәртіптік 
жазаның жағымды шараларын пайдаланғанын 
да мәлімдеген. Психологиялық зорлықты 
пайдаланған мұғалімдердің айтарлықтай үлесі 
сондай-ақ физикалық зорлық-зомбылықты 
қолданған (41,4%), ал физикалық зорлық-
зомбылыққа барған мүғалімдер  бұған қоса 
психологиялық зорлық-зомбылыққа барған 
(26,1%).  Психологиялық және физикалық 
зорлық-зомбылықты қатар пайдаланған 
мұғалімдер балаларға қатысты тәртіптік жаза 
түрі ретінде дене еңбегін де пайдаланғантарын 
баяндаған (тиісінше 20,7 % және  10,1 % ) және 
кейбірі балаға қатысты кемсітушілікке жол берген 
(тиісінше 14,9 % және 12,3 %).
Ақырында, 4.14-кесте баланы кемсітуге жол 
беретін оқытушылардың айтарлықтай бөлігінің 
сонымен бірге балаларға қатысты тәртіптік жаза 
ретінде психологиялық (34,2%) және физикалық 
зорлық-зомбылықты (44,7%) пайдаланғанын 
көрсетеді. Бұған қоса баланың кемсітушілігіне 
жол беретін мұғалімдердің 10,5%-ы тәртіптік 
жаза ретінде дене еңбегін де пайдаланады.    
Мектептен ауыстыру және шығару  
Оқытушылар мен мамандар арасында олардың 
баланың өткен жылы басқа мектепке ауысуы-
на немесе мектепті тастап кетуіне ықпалы бар 
екендігіне қатысты деректер іріктелді. 4.15-ке-
сте көрсеткендей, респонденттердің көпшілігі 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау