РЕФЕРАТ
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін оның арнайы білім алуға ерекше қажеттіліктерін, медициналық және әлеуметтік қызметке мұқтаждығын нақты және жанжақты зерттеу керек. Бұл оның оқу процесіне қосылуына барынша тиімді жағдай жасауға мүмкіндік береді. Баланың білім алуға ерекше қажеттілігін бағалау мамандардың кешенді тексеруінің нәтижесінде, диагнозы анықталғаннан кейін, психологиялықмедициналық-педагогикалық консультацияда (ПМПК) жүзеге асырылады. Бұл жұмыс келесі бағытта жүргізіледі: 1) медициналық, әлеуметтік қызмет көрсету мен білім алуға қажеттіліктерін анықтау және растау; 2) баланы оңалтудың кешенді бағдарламасын жасау және жеке даралап оқыту бадарын (маршрут) белгілеу. Оның құрамында: - білім қызметі (оқу бағдарламасының типін және психологиялықпедагогикалық қолдау мазмұнын анықтау); - әлеуметтік қызмет (жәрдемақылар және жеңілдіктер, техникалық көмекші құралдар мен өмір сүру ортасын бейімдеу, үйде қызмет көрсету және т.б.); - медициналық қызмет (әртүрлі мамандарға тексерілу және емделу қажеттілігі, стационарда және т.б.) - отбасына қаржылай, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету; 3) кеңес беру, үйрету және ата-аналарды педагогикалық түзету процесіне қатыстыру; 4) педагогтарға, психологтарға және мектеп ұйымының басқа да мамандарына ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде кеңестік-әдістемелік көмек көрсету; 5) психикалық даму мониторингі және
білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларды медициналық-әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық тұрақты қолдау. Арнайы қызмет түріне
қажеттіліктерін анықтау барысында алдымен, оқыту және тәрбиелеу мәселелерін шешу барысында баланың қызығушылығына басымдылық беретін ізгілік қағидасы басшылыққа алынады. Сонымен қатар, бұл қағида, әр баланың өз қабілетін барынша дамытуына уақытында қажетті жағдай жасау керектігін білдіреді. Бұл жағдайлар инклюзивтілік принципінің негізінде дамып келе жатқан жалпы білім беру ұйымдарында жасалады. Ерекше жағдайлар қызметкерлермен, қаржылай, материалды-техникалық және басқалай мектептегі білім беру процесін қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар жүйесі дегенді білдіреді. Аталған талаптарды іске асырудағы кіріктіру нәтижесі болып табылатын орта: жалпы және ерекше білім алу қажеттіліктерін
7
қанағаттандыратын, арнайы қажеттілігі бар оқушыларды қосқанда барлық білім алушыларға бідей физикалық және эмоционалдық тұрғыдан жайлы, атааналарға (олардың заңды өкілдеріне) ашық, балалардың физикалық және психологиялық денсаулықтарын сақтап және нығайтуға кепілдік беретін болуы қажет. Оларға келесі шарттарды жатқызуға болады: Бірінші шарт – оқыту процесін дараландыру және саралау Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларда біліктілікті, дағдыларды және денсаулықтың психо-совматикалық резервін меңгерудің түрлі мүмкіндіктері бар. Жалпы білім беретін мектептер осы айырмашылықтарды ескеру керек. Атап айтқанда, жалпы білім беретін ортаға балаларды енгізудің түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті: а) қалыпты сыныпта оқыту - танымдық қабілеттері сақталған оқушыларға арналған. Олар үшін арнайы білім беру бағдарламаларының қажеттілігі жоқ, тек мұғалімнің жеке көмегі керек болуы мүмкін. Осы сыныпқа ерекше қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады. Мұндай сыныпта, ауытқуы жоқ оқушыларды оқытатын білім беру саласындағы педагог мамандар сабақ бере алады. Қажет болған жағдайда, мұғалім, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарынан, ресурс орталықтарынан қосымша кәсіби ақпараттар ала алады. б) арнайы сыныпта оқыту – арнайы жағдайлар талап етілетін (арнайы бағдарламалар, арнайы әдістер мен оқыту тәсілдері, арнайы жабдықтар мен дидактикалық құралдар, психологиялық-педагогикалық үздіксіз қамқорлық) оқушыларға
арналған. Бұл сыныптарда арнайы педагогикалық білімі бар немесе курстық даярлаудан өткен мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Оқытуды ұйымдастыру арнайы білім беру ұйымдарына қойылатын барлық талаптарға сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Арнайы сыныптар бұзылыс түрлері бойынша сараланады – есту, көру, ақыл-ой дамуы, сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары, психикалық дамуының тежелуі бар, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылыстары. Олар контингент болған жағдайда, сонымен қатар ата-аналардың балаларын арнайы сыныптарда оқытуға ниеті болғанда ашылады. Бұл жағдайда барлық сабақтан тыс іс-шаралар (үйірмелер, факультативтер, спорттық, тәрбиелік), қалыпты сынып оқушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктері (түрлері) білім беру жүйесінің қолданыстағы нормативтік құжаттарымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының 18-тармағында белгіленген: «Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген
8
толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн. Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады» [2]. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсынымдарға сәйкес (2009 ж. 16 наурыздағы БҒМ №4-02-4/450 хаты) білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру процесіне ішінара интеграциялануын арнайы сыныптар жүзеге асырады [3]. Осы санаттағы оқушылар үшін арнайы сыныптардың негізгі функциясы, олардың
танымдық қабілеттері мен ерекше қажеттіліктеріне сәйкес, тұрғылықты жерi бойынша өзінің білім алу құқығын іске асыру болып табылады. Бұл жерде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу мен интеграциялауға, өз баласының тәрбиесі мен дамуындағы отбасының рөлін арттыруға мүмкіндік жасалады. Жалпы білім беру ұйымында арнайы сыныптар ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін дамуындағы бұзылыс түріне қарай және оқу үдерісін барынша дараландыруға мүмкіндік беретіндей толымдылықпен ашылады: естімейтін балаларға арналған - 8 адамнан артық емес; нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған - 10 адамнан артық емес; зағип балаларға арналған - 8 адамнан артық емес; көзі нашар көретін және кейін келе көрмей қалған балаларға арналған – 12 адамнан аспайтын; сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған – 12 адамнан аспайтын; тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған – 12 адамнан аспайтын; психикалық дамуы тежелген балаларға арналған – 12 адамнан артық емес; жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған – 12 адамнан артық емес; орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған – 6 адамнан артық емес [2]. Орта мектептерде бұзылыс түрі бойынша білім беруге ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға арналған арнайы сыныптар ашу туралы шешімді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Арнайы сыныпқа баланы қабылдау ата-анасының (заңды өкілінің) жазбаша өтінішімен және оқыту бағдарламасы көрсетілген психологиялықмедициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
9
Арнайы сыныптар қажетті жағдай жасалғанда (материалдық, кадрмен қамту, оқу-әдістемелік) ашылады. Арнайы сыныптардағы оқу процесі, есту қабілеті, көру, сөйлеу, тірекқозғалыс аппаратының бұзылыстары, психикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін ҚР МЖБС талаптарына сәйкес үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны бойынша жалпы білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін, ал жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар үшін қолжетімді білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін, МЖМБС талаптарынсыз қоғамдағы жеке және тәуелсіз өмір салтын қалыптастыруға қажетті бастапқы кәсіби-еңбек дағдыларын меңгерту арқылы жүзеге асырылады. Білім беру мерзімі
арнайы сынып жағдайында бастауыш деңгейінде, нөлдік сыныпты енгізу арқылы 1 жылға ұзартылды және оқу-танымдық әрекеттердің баяу қарқынын ескере отырып, сонымен бірге түзете-дамыту және оңалту шараларын іске асыру мақсатында негізгі орта білім беру сатысына 10 сыныпты енгізу есебінен 1 жылға ұзартылды. Екінші шарт – білім беру процесінің барлық қатысушыларын (балалар, ата-аналар, мұғалімдер, білім жүйесінің басшыларын) дамуында шектеуі бар оқушылармен өзара қарым-қатынаста қатар өмір сүруге дайындау. Қалыпты білім беру кеңістігіне арнайы оқу қажеттіліктері бар балалардың енгізілуі, ұжымдағы құрдастарымен тең жағдайда білім алуын көздейдi. Сондықтан да балалардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайларының барлық көріністерін болжау қиын, әсіресе оның нәтижесін. Инклюзивті білім беру саласындағы кедергі, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты қалыптасқан теріс көзқарас. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары жанында даму ерекшеліктерінде ауытқуы бар, өздерін басқаша ұстайтын қатарластарын көрмеген, үйренбеген. Сондай-ақ ата-аналар да ерекше қажеттіліктері бар балаларды қалыпты сыныпқа енгізу, «стандарттың төмендеуіне» әкеледі деп ойлайды, осыдан қобалжу туындауы мүмкін. Мұғалімдер ерекше қажеттіліктері бар балалар мен мектеп оқушыларының, олардың ата-аналарының, басқа да мұғалімдердің арасында оң көзқарас қалыптастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс. Нормативті дамыған оқушыларда осы балалардың ерекшеліктері, олар пайдаланатын арнайы құрылғылар туралы сұрақтар туындауы мүмкін. Дамуында ауытқулары бар баланы қалыпты дамыған құрдастарының оң қабылдауына қоршаған ортасындағы ересектердің әсері бар. Мұғалімдер осындай оқушыларды барлық жағдайларда қолдауға және көмек беруге дайын болуы тиіс. Салауатты оқушыларға құрдастарының дұрыс сөйлей алмауын, дұрыс қимылдай алмауын, өздерін басқаша ұстау себептерін түсіндіруі қажет және т.б. Айырмашылықтар орын алады және басқалар оған құрметпен қарауы керек. Мұндай жұмыстар ата-аналар жиналыстарында да жүргізілуі тиіс. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ықпалды (толерантты) көзқарас қалыптастыру мақсатында көзделуі тиіс:
10
- білім беру ұйымдарының жұмыс жоспарына мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы мектеп қызметкерлеріне, ата-аналарға, балаларға қажетті ақпаратты беретін
ісшараларды қосу, оның ішінде өмірде табысты, құрметтеу және жоғары қоғамдық мәртебеге ие адамдармен кездесулер ұйымдастыру; - мүмкіндігі ерекше қажеттіліктерді керек ететін оқушыларға олар пайдаланатын көмекші құралдар (мысалы, есту аппараттары) туралы айту және оларды қалай пайдалануға болатынын көрсету; - ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қалыпты дамушы құрдастарымен бірдей тең табысты болуға мүмкіндік беретін ойынның және пәндік іс-әрекеттердің ұжымдық түрлерін ұйымдастыру; - ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға нормативтік дамушы құрдастарының тарапынан оқу процесінде, сондай-ақ үзіліс кезінде бір сыныптан екінші сыныпқа көшу барысында көмек көрсетуі; - ерекше қажеттіліктері бар барлық оқушылардың сыныпта және мектепте мәртебесін арттыруға ықпал ету үшін олардың мектепте және мектептен тыс үйірмелерде, спорт секцияларына қатысуын қолдай отырып, дарындылығын ашуға жағдай жасау [4, 5]. Үшінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер және ата-аналарды арнайы дайындықтан өткізу және оларға уақытылы кеңес беру. Жаппай білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балаларды табысты оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу көбінесе барлық деңгейдегі басқару буынының біліктілігі және ынталылығына, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен педагог кадрлардың кәсіби даярлығына байланысты. Бірінші кезекте арнайы курстан жалпы білім беретін мектептердің басшылары өтуі тиіс, өйткені ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға ең басты жауапкершілік директорға жүктеледі. Мектепте арнайы сыныптардың немесе ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы сыныптарда болуы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға маңызды өзгерістер енгізеді. Басқару құрылымы өзгереді – күн тәртібі, сабақ кестесі, мектептегі сабақтың ұзақтығы, жоспарлау, реттеу жұмысының тиімділігін және сапасын бақылау, түзету, мектепте міндетті түрде психологиялық-медициналықпедагогикалық сүйемелдеу қызметінің құрылу және т. б. Әкімшіліктен арнайы жағдай жасау, ғана сондай-ақ мейірімді қабылдау, қатаң емес педагогикалық режимі, оқу-тәрбие үдерісінің ең жоғарғы түзету бағытына да байланысты. Сондықтан біліктілікті арттыру жүйесінде мектеп басшыларын, сондай-ақ, аудан, қала және облыстық білім департаменттерінің қызметкерлерін оқытуды жүзеге асыруы өте маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру
қажеттіліктері бар балаларға арнайы көмектің тұтас жүйесін жасауда маңызды қадам ол осы балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді даярлау және қайта даярлау болып табылады [6].
11
Мұғалім ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың даму ерекшеліктері туралы кешенді пәнаралық білімді, дамуындағы ауытқуларды тудыратын себептер туралы, сондай-ақ жалпы білім беретін әр түрлі пәндерді оқытудың арнайы әдістемесін меңгеру қажет. Мұғалімдерді оқыту тұрақты болуы тиіс –курстық дайындау (модульдік) түрінде және біліктілікті арттыру институттар базасында ғана емес сонымен қатар мектептерде де жүргізілуі керек. Теориялық дайындықпен қатар оқыту орнында практикалық оқытуды қарастыру қажет, мұғалімдерге өз мәселелерін талқылауға үнемі кездесуге, тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік жасау қажет. Ұқсас жағдайларда мұғалімдердің қалай жұмыс жасап жатқаны туралы ақпарат басқа педагогтарға өзіндік ісәрекеттерін талдауға, жаңа идеяларды жүзеге асыруда сенімділік пен алға ұмтылуға көмектеседі. Тұрақты қолдау мен кеңес беруді мұғалімдер түзету-дамыту жұмысын жүргізетін арнайы педагогтардан алуға тиіс. Олар психологиялықпедагогикалық сүйемелдейтін мектептегі қызметтің немесе психологиялықпедагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандары. Білім беру үдерісінде ерекше орынды ата-аналар алады. Олар білім беру және түзете-дамыту үдерісінің белсенді қатысушылары болуы керек. Ата-аналарға арнайы педагогпен балаларының түзету және консультативтік сабақтарына қатысуға мүмкіндік жасалуы тиіс. Арнайы педагог баланы оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға ұсыныстар жасайды. Бала үйде оқыған материалмен сабаққа келгенде бірін бірі қайталайтын оқытуды болдырмау өте маңызды. Егер табысты оқыту үшін бұл жалғыз мүмкіндік болса, баланы жалпы мектепте оқыту туралы мәселе туындайды. Бұл оқушыға дені сау балалармен сабақтан тыс жұмыстарды, мерекелер және спорттық іс-шараларды бірге өткізуді ұйымдастыру пайдалы. Төртінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды арнайы психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу. Бала дамуындағы бұзылыс оның оқу материалын меңгеруіне және қоршаған адамдармен (құрдастарымен, үлкендермен) жеке дара қарым-қатынас жасауына әсер етеді. Сондықтан жалпы білім беретін ортада мұндай оқушыны табысты бейімдеу және оқытудың маңызды шарттарының бірі
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу болып табылады. Психологиялықпедагогикалық сүйемелдеу мамандардың біртұтас, жүйелі ұйымдасқан қызметін білдіретін білім беру-тәрбие процесінде балаға көмектің (немесе қолдаудың) ерекше түрі ретінде қарастырылады. Оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар жасалады. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің нысаны ретінде білім беру (оқу-тәрбиелік) үдерісі қарастырылады. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тақырыбы - баланың әлеммен, айналасындағылармен (ересектер, құрбылар), өз-өзімен қарым-қатынасының жүйесі ретінде оның даму жағдайы. Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды сүйемелдеу
12
командалық жұмыс стилін, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог), мұғалімдер мен ата-аналардың өзара тығыз байланысын көздейді. Арнаулы сүйемелдеу ішкі және сыртқы (мектепте қажетті мамандар болмаған жағдайда штатында, мысалы, сурдопедагог, тифлопедагог, емдік дене шынықтыру жөніндегі маман) болуы мүмкін. Іштей сүйемелдеу командалық жұмыс ретінде консилиумді пайдаланатын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарымен жүзеге асырылады. Сыртқы сүйемелдеу аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандарымен жүзеге асырылады. Бесінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын толықтыру. Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың оқу үрдісі мен әлеуметтік бейімдеуінің табыстылығы таңдап алған оқу бағдарламаның оқушының танымдық және функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкестігіне және нақты оқу жетістіктерін тұрақты бақылау арқылы қол жеткізіледі. Көрсетілген бақылау білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы үшін тиісті білім беру мониторингі жүзеге асырылуы керек. Білім беру мониторингінің мәліметтері мұғалімге оқыту барысында балаларда туындайтын қиындықтарға дер кезінде араласуға және оларды жоюға, білімін толықтыру бойынша қажетті іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларын меңгерудегі туындайтын қиындықтарды талқылауға сүйемелдеу қызметінің
мамандары (психолог, логопед, мұғалім-дефектолог) қатысады, олар қиындықтардың себептері мен жою жолдарын анықтауға көмектеседі. Егер қажет болса, жеке түзету сабақтарының мазмұнына өзгерістер енгізеді. Осылайша, жалпы білім беру процесіне енгізілген ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың жоғары білім сапасын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Білім беру мониторингінің көмегімен педагог оқушыда қалыптастырылған дағдылар деңгейін анықтайды және оған сүйеніп, баланы табысты оқытуға жағдай жасайтын жеке білім беру бағдарын жасайды. Әр оқу жылының соңында оқушылардың оқу жетістіктері оқушылардың психологиялық-педагогикалық карталарында сақталатын арнайы жетістіктер карталарында тіркеледі.
13
2 Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
2.1 Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған оқушыларды оқытуды ұйымдастыру
Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 – 4000 Гц арасында өзгеріп отырады. Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі. Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты болады. Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді. Қазiргi уақытта сурдопедагогикада жалпы бiлiм беру деңгейінде естімейтіндердің еститiндермен тең дәрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту қабілетінің бұзылу салдарын жеңілдететін арнайы тәсілдер әзірленген. Тілдің
лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі өмірдің әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді. Белгілі болғандай, оқу-танымдық қызмет есту қабілеті тұрақты бұзылған балаларға даму мүмкіндіктерін береді. Ол естімейтіндердің танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілеттерін дамытады, оқуға әлеуметтік себептерін қалыптастырады. Меңгерген ғылыми білімі, жалпы оқу және арнайы біліктілігі балалардың ой-өрісін кеңейтеді, жан-жақты дамуы үшiн жағдай жасайды. Қалыптасқан ауызекі сөйлеу және психикалық процестерді дамыту, толығымен естімейтіндердің білім деңгейін жетілдіруге ықпал етеді, негізгі орта білім беруді қамтамасыз етеді. Барлық жоғарыда аталған естімейтін балаларды дамыту ерекшеліктері, және оларды еститіндермен тең білім алу құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі арнайы әзірлемелердің маңыздылығын анықтайды. Оқытудың әрбір кезеңіндегі нақты психологиялық-педагогикалық міндеттерді нақты шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар естімейтіндерді бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға мүмкiндiк туғызады.
14
Нашар еститін балалардың ерекшеліктері Нашар еститін балалардың естімейтін балалардан айырмашылығы қалдық есту мүмкіндігін оқу процесінде қоршаған ортаны тану және адамдармен қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін. Есту қабілеті жоғалған бiрақ сөйлеу тілі сақталған, кейіннен естімей қалған балалардың да артықшылықтарын атап кету керек. Осы балалардың сөйлеу қабілетінің сақталу дәрежесі бірқатар төмендегі факторларға әсер етеді: естімеуі басталған уақыт, баланың өсуі мен даму ерекшеліктері, қалдық есту қабілетінің деңгейі, баланың ауызша сөйлеуін дамыту жұмысының сапасы. Дамудың кейінгі кезінде пайда болған естімей қалу, егер балада оқу және жазу дағдылары қалыптасқан болса, айтарлықтай түрде сөздік қорын бұза алмайды. Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500-ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты ажыратады. Сөзді нашар еститіндердің дамымаған және бұрмаланған сөздiк қорының жұтаңдығы байқалады, сөздердің лексикалық мағынасы дұрыс меңгерiлмеген, грамматикалық құрылымдарды дұрыс емес, мысалы: әртүрлi санаттарды араластырған, олардың мәнін дұрыс түсінбеу және соның салдары ретінде
өз сөзінде оларды дұрыс пайдалана алмауы. Нашар еститіндердің ішінара естуі сөйлеуді қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, бірақ сөйлеу қоры және сөзді түсінуі бұрмаланған. Соның салдарынан сөйлемдерді өзгеше қабылдайды және бұрмаланған түсінік пен ұғымдар қалыптасуы мүмкін. Сөзді түсінуі және қабылдауы өзінше көрініс береді, бала ұғымдарды бірыңғай біріктіре қабылдай алмайды, көп жағдайда қоршаған орта туралы жаңсақ пікір қалыптасады. Бұл танымдық iс-әрекетте көрініс табады: салыстыру, талдау, жинақтау әрекеттері ерекшеленіп тұрады. Сөздік қорының аздығы, баланың сөзді бұрмалау сипаты, естуді қабылдауы бұзылғанда қалыптасады, танымдық қызметінің дамуы барысында өзіндік ерекшелігі болады. Естуі ішінара бұзылған баланың даму ерекшелігінің биологиялық (естудің физикалық ақауы) себептері әлеуметтiк зардаптарға алып келедi (қарым-қатынастың бұзылуына, психологиясының қалыптасуында ауытқуға әкеліп соқтырады). Осының салдарынан пайда болған көріністер функционалдық сипат береді (сөйлеудің дамымай қалуы, ойлау ерекшеліктері, есте сақтауы, зейіні, қабылдауы, көзқарасы). Сондықтан, кемшіліктердің дамуына тосқауыл қою, өзінің табиғаты жағынан тұлғаға тұтастай әсер ететін әлеуметтік жолдарды және арнайы құралдарды, ұйымдастырылған оқыту жағдайын талап етеді.
15
Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық түзету процесі кейін естімей қалған және нашар еститін оқушыны тұлғалық жанжақты қалыптастыруға бағытталған. Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөздi есте сақтау қабілеті, сөйлеу тілі дамиды, компенсаторлық және потенциалдық мүмкiндiктері кеңейетін қажетті жағдай жасалады.
Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайлары МЖБС талаптарына сәйкес естімейтін және нашар еститін оқушылар оқу материалын меңгеру үшін арнайы жағдай жасалуы мүмкін және онда арнайы сыныпта саралап оқыту арқасында нақты оқу құралдарын, арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қолдану, оқыту уақытын арттыру, мүмкіндігі болады. Арнайы сынып жағдайында естімейтін және нашар еститін балалар негізгі орта білім беру деңгейінде білім алады . Қысқартылған білім беру бағдарламаларын пайдалануда білім алушылардың танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас ерекшелік нормаларынан төмен болуы мүмкін. Есту қабілеті бұзылған балаларды
оқыту ұзақтығы бастауыш және негізгі мектепте - 11 жыл: - «0» (дайындық сыныбы), - бастауыш деңгейі (1-4 сынып), - 1-ші негізгі деңгей (5-7 сынып), - 2- ші негізгі деңгей (8-10 саты). Нашар еститін және кейін естімей қалған балалардың оқыту ұзақтығы: - бастауыш деңгейі – 0 – 4 сынып, - негізгі деңгей – 5 – 10 сынып, Естімейтін және нашар еститіндер оқушылар оқуын жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында немесе кәсіптік колледждерде, жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім беруді арнайы мектептің кешкі бөлімде 11-12 сыныптарында жалғастыра алады. Оқытудың барлық кезінде деңгейге бөліп оқыту қарастырылады және ол естімейтін және нашар еститін балалардың жас ерекшелігінің психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты, сол арқылы әр оқу пәндерінің әр түрлі деңгейіндегі арнайы мазмұнын және өз кезегінде дәстүрлі түрлі қатынасты анықтайды. Сонымен қатар білім беру сабақтастығы және үздіксіздігі қағидаттарына негізделген базалық білім тұтастығын қамтамасыз етеді және біртіндеп пропедевтикалық оқу пәндерінен жүйеге көшеді (арнайы бағдарламалармен оқытудан жалпы білім беретін мектептің оқыту бағдарламаларымен оқытуға көшу). Саралап оқытудың қажеттілігі сөйлеуді дамыту ерекшеліктеріне және есту қабілеті бұзылған оқушылардың танымдық қызметіне негізделген.
16
Бастауыш мектепте оқытудың мазмұны қалдық есту қабілетін дамытуға, сөйлеу тілін қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға және оқушылардың танымдық қызметін дамытуға бағытталған. Бастауыш мектепті оқуы аяқталғаннан кейін ауызша сөйлеуді меңгерген кезде сөзді қабылдау және айтуда шағын кемшіліктері бар оқушы, мектепаралық логопедтің немесе психологиялық- педагогикалық түзету сияқты арнайы педагогикалық қолдауды сақтай отырып кәдiмгi сыныпқа ауыстырыла алады. Аз сөйлейтін және сөзді айтуда елеулі кемшіліктері бар оқушылар, жалпы орта мектептің арнайы сыныбында оқуын жалғастырады. Білім алудың ерекше қажеттілігін қанағаттандыру Түзете-дамытушылық жұмыс бүкіл педагогикалық процесті қамтиды және балалардың оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы түзету жұмысының бағыттары ақпараттар мен білімдерін талдауға ерекше жағдайлар жасау, әлеуметтік байланыстар мен балалардың қажеттіліктерін, пәнаралық байланыстар мен танымдық
қызығушылықтарын дамыту, арнайы оқыту әдістерін таңдау, арнайы түзету пәндері арқылы жүзеге асырылады. Типтік оқу жоспарында арнайы түзету курсы қарастырылған: «Заттық-тәжірибелік оқыту», «Түзету ырғағы» және жеке-топтық сабақтарда естуді қабылдауы мен дұрыс айтуын дамыту. «Заттық-тәжірибелік оқыту» (ЗТО) оқу курсының мақсаты: тілді меңгеру мен жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру үшін полимодальды сезіну негізінде танып білу және қарапайым тұрмыстық түсініктерді пайдалану деңгейінде білім беру. «Түзету ырғағы» оқушылардың есту қабілетін музыка арқылы дамытуға, есту-көру және есту, сөйлеу қабілетін жетілдіру яғни естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған. Оқушылардың назарын, жадын, ақыл ой, шығармашылық қабілеттерін, ұжымдық іс-әрекетінің дағдыларын дамытады. Естуді және айтылуды дамыту үшін түзету сабақтары жеке және шағын топтарда жүргізіледі. Бұл сабақтарда түзету жұмысы электроакустикалық аппаратураны қолданып, естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған. Ауызша сөйлеуді дамыту жұмысы кешенді зерттеу негізінде анықталған мүмкіндіктер мен есту-көру резервтерін дамыту, ауызша сөйлеуді естіп қабылдау, оқушылардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін, сөйлеуді дамыту деңгейін ескере отырып айтылу дағдыларына саралап құрылады. «Ым-ишараттық сөйлеу тілі» оқу курсы тек құлағы естімейтін балалар үшін, оның қалауы бойынша естімейтіндердің шағын әлеуметтік ортасына кіруіне негізделіп 4- 11-сыныпқа енгізілген және оқушы үшін сол ортадағы коммуникативтік қызметті атқарады. Қазақстан Республикасында естімейтіндерді оқыту үдерісі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, ал білім беру үдерісінде ым-ишараттық сөйлеу тілі көмекші тәсіл ретінде қолданылады. Ым-ишараттық сөйлеу тілін сауатты меңгерудің нәтижесінде оқушылар бағдарлама материалын сапалы игереді. Есту қабілеті бұзылған оқушылар негізгі орта білім беру мектебін бітіргенге дейін оқу процесіне қатысуы үшін түзету курстарын қажет етеді. Ол арнайы ұйымдастырылған есту-сөйлеу ортасын қамтамасыз етеді, бағдарламада талап етілетін білім көлемін қажетті даму деңгейіне дейін
18
меңгеруіне мүмкіндік береді, оқытудың барлық кезеңінде балаларды іргелі қабілеттерін қалыптастыру үшін функционалдық қолдау болады. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларда біліктілікті, дағдыларды және денсаулықтың психо-совматикалық резервін меңгерудің түрлі мүмкіндіктері бар. Жалпы білім беретін мектептер осы айырмашылықтарды ескеру керек. Атап айтқанда, жалпы білім беретін ортада балалардың енгізу түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті: а) қалыпты сыныпта оқыту-танымдық қабілеттері сақталған оқушыларға арналған мұғалімнің жеке әрекеттері ғана қажеттілігі мүмкін болып табылатын арнайы білім беру бағдарламалары, олар үшін талап етілмейді. Осы сыныпқа ерекше қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады. Мұндай сыныпта ауытқуы жоқ оқушыларды оқытатын педагогтар, білім беру саласындағы маман бола алады. Қажет болған жағдайда, мұғалім, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарынан, ресурс орталықтарынан қосымша кәсіби ақпараттар ала алады. б) арнайы сыныпта оқыту – арнайы жағдайлар талап етілетін (арнайы бағдарлама, арнайы әдістер мен оқыту, нақты жабдықтар мен дидактикалық құралдар, нәзік психологиялық-педагогикалық режимінде) оқушыларға арналған. Бұл сыныптарда арнайы педагогикалық білімі бар немесе курстық оқудан өткен мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Арнайы білім беру ұйымдарының ұсынымымен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барлық талаптарға сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Есту қабілеті, көру, интеллект, сөйлеулерінде қатты бұзылулары, ақылесі, тірек-қимыл жүйесінің патологиясы бар балаларға арналған - арнайы сыныптар бұзылушылық түрлері бойынша саралануы тиіс. Оларда контингенттердің болуына қарай, сонымен қатар ата-аналардың ниеттеріне байланысты балаларды оқыту үшін арнайы сыныптар ашылады. Бұл жағдайда барлық сабақтан тыс іс-шаралар (үйірмелер, факультативтер, спорттық, тәрбиелік), қалыпты сынып оқушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Түзету курстары және жалпы білім беретін пәндердің құрамдас түзету бөлігі есебінен есту қабілеті бұзылған оқушыларға МЖМБС талаптарына сәйкес білім беру мүмкіндігі бар. Барлық жалпы білім беретін пәндер мен түзету курстарының бағыттары: - түйсініп қабылдау (сенсорлық – перцептивті) белсенділігін ынталандыру (есту-көру және естуді қоса алғанда барлық қабылдау түрлерін дамыту); - айналадағы заттарды түрліше сезіну түйсігін (түрлі модальді), соның
ішінде дыбыстарды сезінудің көптүрлілігі ұғымын дамыту; - қимыл-қозғалысын дамыту (моторикасын), шынайы нысандарды зерттеу тәсілдері мен олардың кескіні мен модельдерін жасау; - дыбыс күшейткіш құралдарды тұрақты қолдана отырып, кең ауқымда коммуникативті практиканы дамыту үшін жағдай жасау ;
19
- әлеуметтік қажеттіліктерін жандандыру, дербес және түрлі бірлестікте жұмыс жасау біліктіліктерін дамыту; - әртүрлі сөйлеу түрін қолдану мүмкіндігін және қажеттілігін дамыту (есту-көру, сөйлеуді естіп қабылдауы, ауызша, жазбаша , ауызша-дактильді сөйлеу түрін қолдану); - өз іс-әрекетін жоспарлау және жобалау дағдыларын дамыту (практикалық және сөйлеу); - қарым-қатынасқа арналған қажетті және жалпыға ортақ сөйлеудің білім құралын жасау арқылы, оның ішінде, терминологиялық сөздік және базалық лексика-грамматикалық құрылым арқылы қайталап өту; - танымдық үдерістерін және эмоциональды-еріктік аймағын кеңейту. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуға қолданылатын әдістемелер бірнеше қосымша жүйелерден тұрады:сөйлеуді қалыптастыру әдістемесі және мектептегі білім беруде тілге үйретуді пән ретінде оқыту , ғылым негіздерін оқыту әдістемесі, естіп қабылдауды қолдануды дамыту әдістемесі. Барлық оқыту әдістемелері есту қабілеті бұзылған оқушылардың материалды көпсенсорлық сипатта қабылдауына арналған . Педагогикалық процесс естіп көру негізіне құрылған, педагогты олардың естіп қабылдауын бақылап, үнемі назарда ұстауына, түзетіп отыруға, дыбыстап-буындап сөйлеу құрылымын нақтылап отыруға міндеттейді. Көрнекі құралдардың да рөлі айрықша: ол біріншіден оқу материалын иллюстрацияламайды, ол оның мазмұнын көрнекі түрде ашады. Көрнекі-ісәрекет құралдары мен әдістері түсіну мен елестетуді қалыптастыруға, осы және басқа құбылыстарға себеп-салдарлық қарым-қатынас орнатуға, пәнаралық байланыстарды көрнекілікпен белгілеуге көмектеседі. Естімейтін және нашар еститін балаларды оқытуда қосымша құрал ретінде сөйлеуді қабылдауын, сөздің дыбыстық құрамын түсінуді жеңілдететін дактилология тәрізді арнайы құралдарды қолдану қажет. Ымишарамен сөйлеу оқытудың негізгі емес қосымша құралы ретінде тек естімейтін балаларға қолданылады. Оқу материалын қабылдау есту-көру негізінде аудио визуальды және сурдотехникалық құралдарды пайдалану арқылы
жүзеге асырылады. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту түрлі типтегі электроакустикалық дыбыскүшейткіш аппаратураларды тұрақты пайдалану арқылы өткізіледі (күндізгі ұжымдық және дербес пайдалану және дербес есту аппараттарын, есту кабинетіндегі және мектеп залындағы магниттік ілгіш, радиофицирленген мектеп залы, рекреациялар, кіреберіс, вестибюль). Еступротездеу және қалған естуін дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізу үшін аудиометрлер мен сурдолог- дәрігердің, аудиологтің көмегі қажет. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытатын мектептердің фонотекасы, музыкалық құралдары, дыбыс шығаратын ойыншықтары болуы қажет. Мектепте есту қабілеті бұзылған балалардың өмір сүру әрекетіне сәйкес орта құрылу қажет, сенсорлық жағдаймен қамтамасыз ететін оқу-материалдық базасы, сөйлеуді қабылдауға арналған қолайлы жағдайы болуы керек. Мектеп жеке және
20
ұжымдық түзету сабақтарын өткізуге арналған кабинеттермен, түзету ритмикасы сабақтарын өткізуге арналған залмен , оқу шеберханаларымен, сонымен қатар, арнайы компьютерлік бағдарламалармен, оқу, әдістемелік және балалар кітапханасымен жабдықталуы қажет.
2.2 Көрмейтін және нашар көретін балаларды оқытуды ұйымдастыру
Көрмейтін және нашар көретін балалардың ерекшеліктері Көрмейтін (зағиптар) деп көру көмегі арқылы зат формасының сұлбасы мен жарықты сезінуді қабылдау мүмкіндігі толықтай жоқ балалар есептеледі. Мұндай екі көзінен толық айрылу (тотальді) болып саналады. Бұлардың қатарына көру аймағы 10% көретіндер де жатады. Медициналық зағиптықтан практикалық зағиптықты ажырата білу қажет, жарықты сезгіштігі немесе қалдық көруі бар, жарықты, заттардың сұлбасын, түстерін қабылдай алуы, қалғандары медициналық зағиптыққа жатады. Практикалық зағиптық (қалдық көруі бар) кәдімгі түзету құралдарын (көзілдірік ) қолдануда көру ұшқырлығы жарықты сезінуі 0,05 сипатталады. Тотальді көрмейтіндер қалдық көруі бар (нашар көретіндер) Брайл жүйесі бойынша жазатын және оқитын балалар. Қалдық көруі кеңістікте бағдарлауға және дыбысты естуі
арқылы қабылдауға көмек береді. Нашар көретін балалар, орталық көру көзі жақсы көретін,түзету арқылы жіті көретін(көзілдірік, байланыс линзалар) 0,05-ден 0,3-ке дейін, сонымен қатар, өте жіті көретін бірақ көру қызметінің басқа бұзылулары бар балалар (көру аймағының кішіреюі, бірінші, екінші - глаукома, көру жүйкелерінің аяқталмаған атрофиясы, пигменттік көздің тор қабығының бүлінуі, тор қабықтың ажырауы және т.б.). арнайы жағдайда оқытуды қажет етеді. Балалардың біраз бөлігінің көруінің бұзылуын көру нашарлығы және қылилық құрайды. Аталған категориялардағы балаларды оқыту арнайы сыныпта және кәдімгі сыныптарда да ұйымдастырыла беруі мүмкін. Зағип және нашар көретін балалардың даму процесі көретін балалар сияқты бір заңдылыққа бағынады. Алайда, көруден айрылу немесе қалдық көруі бар балаларды дамытудың кейбір ерекшелігін ескеруді талап етеді. Олар заттар мен құбылыстарды көзбен шолу сипатындағы - жарықты, түсті т.б. бақылау мен қабылдаудың қиындығын сезінеді. Оларда кеңістік белгілерін, орналасуын, бағытталуын, қашықтығын, көлемін, нәрсенің бедерін т.б. бағалауда үлкен қиындық келтіреді. Мұның барлығы зағип балалардың сезу тәжірибесін азайтады, яғни кеңістікте бағдарлауын әсіресе қозғалыс барысын қиындатады, сенсорлық және интеллектуальдық қызметінің үйлесімді дамуы бұзылады. Алайда, зағип балаларда қоршаған ортаны тануға негізделген қызмет жасайтын есту және сезу рецепторы сақталады. Естуді еріксіз пайдаланатын зағип балалар айналасындағы адамдармен қарым-қатынас барысында ауызша
21
байланыстырып сөйлеуді үйренеді. Сөйлеу арқылы олар ақиқат шындығы, адамдардың іс-әрекеті мен амалы т.б. туралы ақпарат алады. Зағиптардың естуіне қарағанда сезімі нашар, сылбыр дамыған. Қоршаған ортадағы заттарды өз бетімен дұрыс бақылау әдістерін қолдана алмайды. Тәжірибе көрсетіп жүргендей, мектепке келген оқушылар сезгіштік қабілеті мен қолының ұсақ моторикасының дамуының төмен деңгейін байқатады. Бұл өз кезегінде, олардың жалпы психофизикалық дамуына қарсы әсер етеді, яғни қоршаған шынайы ақиқатпен дербес танысуына және Брайл жүйесі бойынша оқып және жазып үйренуін тежейді. Нашар көретін балалардың көруінің төмендеуі танымдық іс-әрекетіне кері әсер етеді, қабылдау процесінде көзбен шолуының тарлығы, нақтылығының төмендеуі
байқалады. Нашар көретін балалардың көру елестері нақты емес, бұрмаланып қалыптасқан. Оларда үнемі кеңстікте бағдарлауының қиындығын байқауға болады. Көру жұмыстары барысында оларды дамыту мен сақтау шаралары болмаса олардың жылдам шаршайтынын көрсетеді және көруінің нашарлауына әкеледі. Көруден шаршауы ақыл-ойы мен .физикалық жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Жалпы білім беретін мектептерде аталған санаттың оқушыларын оқыту барысында олардың жұмыс жасау қарқыны қалыпты көретін балалардан артта қалады. Бұл олардың үлгермеуіне немесе өз мүмкіндігінен төмен үлгерімге әкеледі. Нашар көретін балалар мұндай жағдайда ашуланшақ, ұжымнан тысқары, негативизмін көрсетеді, бұл мектептегі бейімсіздігінің бір көрінісі болып табылады. Қалыпты көретіндер тәрізді нашар көретіндердің есту қабілеттері негізгі қабылдау талдауышы болып қала береді. Осыған байланысты нашар көретіндерді көзін сақтауға мүмкіндік беретін, көріп қабылдауын жеңілдететін, шаршауын болдырмайтын ерекше жағдайда жүзеге асырылуы қажет. Нашар көретін балалар үшін арнайы көрнекі құралдар, анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, артық бөлшектерсіз суреттер, ірі әріптермен жазылған кітаптар қажет. Зағип және нашар көретін балалардың сенсорлық тәжірибесі процесін қалыптастыруда олардың танымдық іс-әрекетін, тұлға болып қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар: арнайы психологтікпедагогикалық түзету құралдарын, физикалық дамуын түзететін емдеу-дене шынықтыру шараларын пайдалануды талап етеді. Зағип және нашар көретін балалар үшін дұрыс ұйымдастырылған жүйе, мазмұн, әдістеме және оқыту, тәрбиелеу жағдайлары олардың дамуындағы кемшін тұстарынының маңызды өтем құралы болып табылады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуды жалпы білім беру жүйесінде ұйымдастырудың соңғы мақсаты жоғары сапалы білім және барлығын оқытуға ыңғайлы жағдайлар болуы тиіс. Күтілетін нәтижелерге жету инклюзивті білім берудің үш тең дәрежелі құраушысын: білім беруді ары қарай дамытуға қажетті ойлау векторларын көрсететін инклюзивті мәдениет, инклюзивті тәжірибе, инклюзивті саясатты дамытумен қамтамасыз етіледі [14]. «Инклюзивті мәдениет» құраушысы мектептегі өзгерістердің негізі болып саналады. Ол мектеп қауымдастығын құруды және инклюзивті құндылықтарды қабылдауды қарастырады. Инклюзивті білім беру сүйенетін құндылықтар қатарына жатады: - әрбір бала – тұлға; -
барлығы оқи алады – оқытылмайтын бала жоқ; - әрбір баланың өзіне тән ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері мен оқудағы қажеттіліктері бар; - кез келген түрдегі шеттетуге тыйым салу; - қоғам өміріне қатысу әр адамның құқығы; - бір біріне төзімділік: бірге, бір әлемде бір бірімен тұруға дайын болу; адамдарды барлық кемістіктерімен қабылдау; - «алуан түрлілік үндестігі» ретінде түсінілетін толеранттылық бағытында тәрбиелеу» [15]. Мектепте инклюзивті мәдениетті дамыту әрекеттестік идеясын қолдайтын, білім беру процесінің барлық қатысушыларының дамуын ынталандыратын қауіпсіз, төзімді қаумдастықты; әрбіреудің құндылығы ортақ жетістіктің негізі болып табылатын қауымдастықты құруға ықпал етеді. Бұл кезде мектепті дамыту тұрақты және үздіксіз процесс болады. Инклюзивті мәдениетті дамытуға мұқият ойластырылған төменгі және жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін сабақтар жүйесі, жалпы мектептік іс-шаралар, мерекелер, спорттық жарыстар, әлеуметтік серіктестердің (арнайы мектеп педагогтары мен оқушылары) белсенді қатысуымен концерттер ықпал етеді. Жүргізілетін барлық сабақтар мен іс-шаралар ерекше білім беруге қажеттілігі және мүгедектігі бар оқушыларға деген толерантты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталу керек. Инклюзивті саясатты дамыту барлығына арналған мектепті дамытуды, оқушылар мүмкіндіктерінің әр түрлілігін қолдауды қарастырады. Оқушылардың білім берудегі алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оқытудағы барынша мүмкін нәтижелерге жетуге бағытталған кез келген әрекеттер қолдау болып саналады. Қолдаудың барлық түрлері ортақ жүйеге біріктіріледі. Қолдау жүйесін тұрақты дамыту үшін инклюзивтілік қағидаларының тұрғысынан мектепті дамыту концепциясын жасап, пәнаралық мамандар командасының әрекетін анықтайтын локальді нормативті актілерді қабылдау, сондай-ақ мектептің ұйымдастыру құжаттарына өзгерістер енгізу қажет.
Инклюзивті саясаттың маңызды құраушысы білім беруде инклюзивті тәсілдемені қолдау бойынша ақпараттық шараны жүргізу болып табылады. Ол: - барлық оқушылар мен педагогтардың тең құдылығын мойындау; - мектеп өмірінің барлық аспектілеріне бүкіл оқушылардың қатысу деңгейін арттыру; - оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне сәйкес келетін оқыту әдістерін қолдану; - мектеп өміріне барлық оқушылардың толыққанды қатысу жолындағы сараптау және еңсеру; - тек бір топтың ғана емес, мектептің барлық оқушылардың жағдайын жақсартуға
бағытталған өзгерістерді жүргізу; - оқушылар арасындағы айырмашылықтар – бұл педагогикалық процесті жақсартуға ықпал ететін ресурстар екенін түсіну; - білім берудегі инклюзия – бұл қоғамға ендіру
аспектілерінің бірі екенін мойындау арқылы жүзеге асырылады. Инклюзивті тәжірибені дамыту оқыту процесін басқару мен ресурстарды жинақтауды қарастырады. Сабақтарда оқушылардың біркелкі емес мүмкіндіктері ескеріледі, өз біліміндегі белсенділік, өзінің практикалық және өмірлік тәжірибесін қолдану марапатталады. Білім беру ортасын бейімдеу қарастырылады. Оған: - білім беру ресурстарына физикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету; - педагогтарды даярлау; - оқушыларға қажеттіліктеріне сәйкес жеке және қосымша көмек көрсету; - жеке бадарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру; - жеке бағдарламалармен оқитын оқушыларды аттестаттау және бағалаудың рәсімдері мен қағидаларын өзгерту жатады. Білім беру ортасын бейімдеу ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқыту жолындағы кедергілерді жеңу үшін білім беруді басқару органдары тарапынан маңызды шешімдер қабылдауды талап етеді. Мектеп әкімшілігінде мектепті инклюзия бағытында дамыту жоғарыда аталған барлық үш құраушыда іске асырылуы керектігі туралы нақты түсінік олуы қажет.
Анықтамалар мен қысқартулар
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар. Білім алу үшін арнайы жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар. Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жекедара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс. Әлеуметтену - әлеуметтік рөлдер мен мәдени нормаларды игере отырып, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қызмет етуге мүмкіндік беретін білім, құндылықтар мен нормалардың белгілі бір жүйесін меңгеретін және көрсететін барлық
әлеуметтік процестердің жиынтығы. Психологиялық-педагогикалық қолдау – әр баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес нәтижелі оқыту мен дамыту үшін әлеуметтікпсихологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын мамандардың тұтас, жүйелі ұйымдастырылған әрекетін көрсететін балаға оқу-тәрбие процесіндегі көмектің (немесе қолдаудың) ерекше түрі. Психологиялық-педагогикалық мектеп консилиумы – бұл оқушыға көмек көрсетудің бірыңғай стратегиясын
жасау үшін ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы мамандарының өзара әрекеттестігінің формасы. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл белгіленген тәртіпте тұқым қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болуына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және (немесе) дене дамуында ауытқушылығы бар балалар. Дизартрия - мидың маңдайарты және қабықасты бөліктерінің зақымдануы нәтижесінде сөйлеу аппаратының жеткіліксіз иннервациясынан болған дыбыс айтудың бұзылысы. Анартрия – дыбыс айтуға қатысатын бұлшықет немесе жүйкенің зақымдануынан артикуляцияның бұзылысы туындайтын сөйлеу тілінің кемістігі. ҚР МЖБС– Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ПМПК – психологиялық-медициналық-педагогтік консультация ПМПк – психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум БСА – балалардың сал ауруы
62
ОЖЖ - орталық жүйке жүйесі ПДТ – психикалық дамуы тежелген АХЖ –10 – аурулардың халықаралық жіктемесі 10-қайта қарастыру ТҚАБ – тірек-қозғалыс аппараты бұзылған СТКБ – сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар СТЖД – сөйлеу тілінің жалпы дамымауы ОӘК – оқу-әдістемелік кешен
Пайдаланылған Әдебиет
Силлабус Инклюзивті білім беру 1-15 бет
Wilipedia.ru
Stud.kz
Достарыңызбен бөлісу: |