106
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мұғалімдер мен
мамандандырылған
қызметкерлердің мектептегі
зорлық-зомбылыққа жауап
қайтаруы
Мұғалімдер
мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамы арасында мектептегі
зорлық-зомбылық және балалар арасындағы
кемсітушілікті қалай жауап қайтаратындығы ту-
ралы сұрау жүргізілді. 4.7-кесте көрсеткендей,
мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамының 26,6%-ы (4-тен
1-і) «ешқашан» басқа баладан немесе бала-
лар тобынан соққы алған/келемежге ұшыраған
балаға көмектесуге тырыспаған. Мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлер
құрамының тек 20,0%-ы (5-тен 1-і) балалар
арасындағы зорлық-зомбылық
пен кемсітушілік
жағдайларын «жиі» жауап қайтаратынын
мәлімдеген. Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамының көпшілігі (52,9%,
2-ден 1-і) басқа балалар ұратын/келемеждейтін
балаға «кейде» тіпті көмектесуге тырысатындығын
көрсеткен. Бұдан арғы талдау көрсеткендей,
мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамы арасында олардың
мектептегі зорлық пен кемсітушілікті қаншалықты
жиі жауап қайтаратындығында айтарлықтай
айырмашылық болмаған.
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызмектерлер құрамын балаға басқа бала
ауырлық келтіргенін/келемеждегенін соңғы
рет көргенде қалай әрекет еткендігін еске
түсіру сұратылды. 4.7-кесте көрсеткендей,
респонденттердің 44,6%-ы соққыға жығылған/
келемежге
ұшырағана балаға көмектесуге
тырысқанын және 25,9%-ы тәртіптік шара
қолданғанын/баланы (балаларды) жазалағанын
мәлімдеді.
Бұған қоса, мұғалімдер мен
мамандардың 23,7%-ы ауырлық келтірілген/
мазақтаған баламен сөйлескенін және 35,9%-
ы құрбандыққа ұшыраған балаға шешім та-
буда, осы қиындықты қалай жеңу керектігіне
көмектескендігін хабарлайды. Көп болмаса да,
кейбір мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамының зорлық пен
кемсітушілік жағдайына қатысты қалжыңдағаны
(1,7%), араласпай өтіп кеткені (1,6%) неме-
се араласпай, болған оқиғаны бақылап тұрғаны
(0,7%) алаңдатушылық туғызады.
Бұдан арғы
талдау мектептегі балалар
арасындағы соңғы жағдайға жауап қайтаруына
4.7-кесте. Мұғалімдер мен мамандандырылған қызметкерлер құрамының мектептегі
зорлық-зомбылыққа жауап қайтаруы
Толық іріктеме
N = 4 207
n
%
Басқа бала немесе балалар тобы ренжіткен/келемеж қылған балаға көмектесуге тырыстыңыз ба?
Ешқашан
244
26,6%
Кейде
486
52,9%
Өте жиі
184
20,0%
Баланы басқа бала ренжіткенін/келемеждегенін көргенде не істедіңіз?
Жанынан өтіп кетіп, араласпадым
15
1,6%
Қарап тұрдым, бірақ араласпадым
6
7%
Әзілдедім
16
1,7%
Араласып, ренжіткен/келемеж қылған балаға көмектесуге тырыстым
410
44,6%
Ренжіткен/келемеж қылған балаға бұл қиындықты қалай жеңіге болатынын
көрсетіп көмектестім
330
35,9%
Ренжіткен/келемеж қылған
баланың сезімі туралы сөйлесіп, көмектестім
218
23,7%
Басқа баланы ренжіткен/келемеждеген баланы жазаладым/тәртіптік шара
қолдандым
238
25,9%
107
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
мектеп мұғалімдері мен мамандандырылған
қызметкерлер арасында айтарлықтай
айырмашылық байқатпады.
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлерге әдетте мектептегі зорлық-
зомбылық туралы кімге хабарлау керектігі тура-
лы сұрақ қойылды. Бұған қоса, олардан куәгер
болған соңғы жағдай туралы кімге мәлімдегені
туралы сұралды. 4.8-кесте көрсеткендей,
респонденттердің 76,9%-ы мектептегі зорлық-
зомбылық туралы мектеп директорына/
директордың
орынбасарына жеткізілуі тиіс
деп есептесе де, тек 22,1%-ы ғана мектептегі
зорлық-зомбылық туралы мектеп директорына/
директордың орынбасарына хабарлаған. Бұған
қоса, оқытушылар мен мамандандырылған
қызметкерлердің 70,8%-ы мектептегі зорлық-
зомбылық жағдайлары туралы мектеп психолог-
тары мен әлеуметтік педагогтерге жеткізу керек
деп санаса, тек 47,6%-ы куәгер болған соңғы
мектептегі зорлық-зомбылық жағдайы туралы
мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтерге
мәлімдеген. Сонымен қатар 4.8-кесте оқытушылар
мен мамандандырылған қызметкерлердің
59,4%-ы мектептегі зорлық-зомбылық туралы
ана-аналарды/қамқоршыларды ақпараттандыру
керек деп есептейді.
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлердің аз бөлігі зорлық жағдайында
мектеп мұғалімдеріне (33,9%), мектеп
күзетшілеріне/мектеп полиция инспекторла-
рына (28,4%) және мектеп мейірбекелеріне
(25,2%) баяндау керек деп есептейді.
Шындығында, аздаған респонденттер өздері
куәгер болған зорлық-зомбылық жағдайлары
туралы мұғалімдерге (16,1%) және мектеп
күзетшілеріне/мектеп полиция инспекторларына
(12,2%) баяндаған.
Ақырында, 4.8-кесте көрсеткендей, оқытушылар
мен мамандандырылған
қызметкерлердің тек
1,0%-ы мектептегі зорлық-зомбылық туралы
хабарлаудың қажеті жоқ деп есептесе де, 10,4%-
ы куәгер болған мектептегі зорлық-зомбылық
жағдайы туралы ешкімге жеткізбегенін көрсеткен.
Бұдан арғы талдау мектептегі зорлық-
зомбылық туралы ақпаратты ұсыну тұрғысынан
алғанда мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамы арасындағы
елеусіз айырмашылықты анықтады; алай-
да мамандандырылған қызметкерлермен
салыстырғанда (53,3%) мұғалімдер (61,0%)
мектептегі зорлық-зомбылық туралы ата-аналар-
ды/қамқоршыларды жиірек ақпарландыру керек
деп есептейді. Бұған қоса, ер жынысты респон-
денттерге қарағанда (43,5%) әйел жынысты ре-
спонденттер (61,8%) мектептегі зорлық туралы
ата-аналарға/қамқоршыларға хабарлау керек
деп санайды. Куәгер болған мектептегі зорлық
туралы кімге хабарлағаны тұрғысынан келер
болсақ, мамандармен салыстырғанда (40,8%)
мектеп мұғалімдері (49,2%) жиірек әлеуметтік пе-
дагогке немесе мектеп психологына хабарлаған.
Мамандандырылған қызметкерлер құрамына
қарағанда (7,7%) мектеп мұғалімдері (13,2%)
4.8-кесте. Балалар арасында мектепегі зорлық-зомбылық туралы ақпарат ұсыну тәжірибесі
Кімге хабарлау керек
Куәгер болған соңғы
жағдай туралы
хабарлады
n
%
n
%
Мектептегі зорлық-зомбылық туралы кімге ақпарат беру керек:
Ешкімге
9
1,0%
96
10,4%
Мектеп директорына/директордың орынбасарына
707
76,9%
203
22,1%
Мектеп психологына
немесе әлеуметтік педагогке
651
70,8%
437
47,6%
Балалардың ата-аналарына/қамқоршыларына
546
59,4%
---
---
Мұғалімдерге
312
33,9%
148
16,1%
Мектеп күзеткішісіне/мектеп полиция инспекторына
261
28,4%
112
12,2%
Мектеп мейірбекесіне
232
25,2%
---
---
Білім берудің жергілікті бөліміне
70
7,6%
5
5%
Басқа
38
4,1%
---
---