131
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектеп директорларына мектептегі зорлық-
зомбылық оқиғаларын тіркеу/есепке алу
тәжірибесі туралы сұрақ қойылды. 5.7-кесте
көрсеткендей, мектеп директорларының 55,0%-
ы нормативтік құжаттарға сәйкес мектептегі
зорлық-зомбылық оқиғаларын тіркеуге
міндетті екендіктерін мәлімдесе, 5.8-кесте
көрсеткендей, мектеп директорларының 32,5%-
ы мектептеріндегі зорлық-зомбылық туралы
ақпараттың ресми тіркелгенін хабарлаған. Бұған
қоса, екі мектеп директоры (5,0%) өткен жылы
(2011-2012 оқу жылы) мектептерінде ресми
тіркелген зорлық-зомбылық оқиғаларының саны
туралы мәлімет келтіре алатындығын баяндаған.
Бір мектеп директоры екі оқиға туралы, ал екіншісі
өткен жылы мектептерінде тіркелген үш зорлық-
зомбылық оқиғасы туралы мәлімдеген.
Мектеп директорларының 32,5%-ы мектептегі
зорлық-зомбылық оқиғалары туралы рес-
ми тіркегендіктерін мәлімдегенмен, мұндай
оқиғалар туралы ресми тіркегендігі жөнінде
мектеп директорларының аз көлемі хабарлаған.
Бірнеше директордың түсіндіруінше:
«Біз оқушылар арасындағы төбелес пен сөз
қағысуларды тіркейміз. Әлеуметтік педагогтер
барлық ақпаратты тіркеп, балаларды татула-
стыру үшін бар күшін салады» [38].
«Балаларға қатысты барлық ақпарат тіркеледі;
төбелес, ұрлық, тіпті рэкет. Бірақ біздің ба-
лаларымыз тәрбиелі, сондықтан біз елеусіз
оқиғаларды тіркейміз, себебі біздің мектепте
басқа жағдайлар болмайды» [25].
«Біз тұлғааралық қайшылықтарды тіркейміз.
Біздің мектепте баланы басқа бала ақша боп-
салап, зәбірлеген жағдай болды. Біз хаттама
дайындап, әлеуметтік педагогтер оны тіркейді»
[17].
«Біз балаға басқа баланың тіл тигізу оқиғасын
және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың
болуын тіркейміз» [13].
«Егер бала қауіп-қатер тобына қосылған
болса, балаға жеке іс жүргізіледі; онда
денсаулық жағдайын, тұрмыс күйін,үлгерімі
мен психологтың бақылауын қоса алғандағы
барлық мәліметтер тіркеледі. Келешекте бала
бақылауда болады» [11].
«Біз бірнеше баланы мектепте және прокурату-
рада тіркедік, бірақ бұл осыдан 2-3 жыл бұрын
болған. Өткен жылы ешқандй оқиға тіркелген
жоқ» [25].
Мектептегі зорлық-зомбылық
туралы ақпаратты ұсыну
Мектеп директорларына мектептегі зорлық-
зомбылық оқиғалары туралы ақпарат ұсынумен
байланысты саясат пен тәжірибеге қатысты
сұрақ қойылды. 5.9-кесте көрсеткендей, мектеп
директорларының 52,5%-ы (2-ден 1-і) олардың
мектептерінде зорлық-зомбылық оқиғаларына
қатысты қатаң сақталуы тиіс нақты директива-
лар не хаттамалардың бар екендігін көрсеткен.
Бұған қоса, мектеп директорларының 70,0 %-ы
мектептегі зорлық оқиғаларын мектеп дирек-
торлары мен мұғалімдерінің көңіл аударуына
септесетін және міндеттейтін ресми жүйе бар
екендігін мәлімдеген. Бір мектеп директоры өзінің
ресми елеу жүйесін түсіндіріп өткен.
«Мұндай жүйе бар. Біз ата-аналарын
ақпараттандырып, содан кейін сынып
жетекшісіне, психологке және әлеуметтік пе-
дагогке хабарлаймыз. Кейін аудандық білім беру
бөліміне, қажет болғанда апаттық-құтқару
қызметіне, полиция мен ауруханаға телефон
соғамыз» [2].
Кейбір мектеп директорлары сондай-ақ
мектептегі зорлық-зомбылықты елеу жүйесі
мынадай екенін мәлімдеген: ата-аналар мен
5.9-кесте. Мектептердегі зорлық-
зомбылық оқиғалары туралы ақпарат
ұсыну саласындағы саясат
Толық іріктеме
N = 40
n
%
Мектепте зорлық-зомбылық оқи-
ғалары туралы ақпарат ұсыну
кезінде сақталуы тиіс нақты ди-
рективалар/хаттамалар бар
21
52,5%
Мектептегі зорлық-зомбылық
оқиғаларын елеуде мек-
теп директорларына және
оқытушыларға септесетін/
көмектесетін ресми жүйе бар
28
70,0%
132
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
мұғалімдер қауымдастығы; балалардың
қиындықтарын шешу үшін балалармен, ата-ана-
лармен және мұғалімдермен жұмыс жасайтын
алдын алу жөніндегі кеңес және құқықтық білім
мен балалар құқығы бойынша апта сайынғы
ақпараттық және білім беру семинарлары.
Мектеп директорларына мектептегі зорлық-
зомбылық туралы ақпарат ұсынудың нақты
тәжірибесі туралы сұрақ қойылды. 5.10-ке-
сте көрсеткендей, мектеп директорларының
72,5%-ы зорлық оқиғасы туралы баяндайтын-
дарына сендірген, 7,5%-ы мұндай оқиға тура-
лы мәлімдегені туралы нақты білмеген. Олардан
мектептегі зорлық-зомбылық оқиғасы туралы
кімге мәлімдейтіндіктерін сұраған кезде, мектеп
директорларының көпшілігі балалардың ата-
анасы шешетіндіктерін хабарлаған (85.0%). Бір
директордың түсіндіруінше:
«Тәртіптік жүйе құрылды. Егер балалар шек-
тен шығатын болса, біз олардың ата-аналарына
хабарлаймыз, әрі қарай ата-аналар мектеппен
ынтымақтастықта әрекет етулері тиіс» [36].
Мектеп директорларының көпшілігі мәселені
мектеп ішінде, мектеп мұғалімдерінің және
мамандандырылған қызметкерлердің көмегімен
шешуге тырысатындықтарын мәлімдеген. Атап
айтқанда, мектеп директорларының 82,5%-ы
мектептегі зорлық-зомбылық оқиғалары тура-
лы балалардың оқытушыларына және/немесе
әлеуметтік педагог не мектеп психологына хабар-
ласа, 80,0%-ы мектеп мейірбикесіне хабарлаған.
Кейбір директорлардың түсіндіруінше:
«Ең алдымен, біз мәселені мектеп ішінде шешуге
тырысып, барлық күш-жірегіміз бен қабілетімізді
қолданамыз. Біз әлдеқашан жүйе әзірледік.
Бәріміз бір топ болып ынтымақтастықта
әрекет етеміз» [33].
«Ең алдымен, біз ата-аналарға хабарлаймыз.
Бізде күрделі оқиғалар болмағандықтан, біздің
әрекетіміз ата-аналармен келіссөз жүргізуден
аспайды, сондықтан біз мектептегі бұл
қиындықты ата-аналармен бірлесе отырып
шешеміз» [30].
«Біз балалармен жұмыс істеп, оларды
татуластыруға тырысамыз. Мектепте
қайшылықты шешу жөніндегі комиссия жұмыс
істейді, ол оқушылардың топбасшысынан
(мектеп президентінен), мұғалімдерден және
аға мұғалімнен тұрады. Мемлекет тарапынан да
функционалдық міндеттер бар» [38].
Директорлардың елеулі бөлігі мектептегі зорлық-
зомбылық мәселесін мектеп аясында шешуге күш
жұмсайтындықтарын мәлімдеген; алайда күрделі
жағдайларда және
«қажет болғанда, мектептегі зорлық-зомбылық
оқиғалары туралы өкілетті мемлекеттік
органдарға баяндалатын болады» [37].
үш мектеп директорының түсіндіруінше:
5.10-кесте. Мектептегі зорлық-зомбылық ту-
ралы ақпаратты ұсыну
Толық іріктеме
N = 40
N
%
Мектепте болған зорлық-
зомбылық оқиғасы туралы
ақпарат ұсыну
29
72,5%
Ақпарат мына тұлғаларға немесе органдарға
беріледі:
Мектеп мейірбикесіне
32
80,0%
Әлеуметтік педагогке немесе
мектеп психологына
33
82,5%
Баланың мұғаліміне
33
82,5%
Баланың ата-анасына/
қорғаушысына
34
85,0%
Жергілікті білім беру бөліміне
29
72,5%
b
Балаларды қорғау жөніндегі
мемлекеттік органға
26
65,0%
c
Полицияға
27
67,5%
Прокуратураға
11
27,5%
b
Соттарға
4
10,0%
b
Сенім телефоны қызметіне
13
32,5%
Балалар қиындықтары және
балалардың құқықтары сала-
сында қызмет ететін үЕҰ-ға
8
20,0%
c
Өткен жылы (2011-2012) басқа
ұйымдарға/мекемелерге ақпарат
жеткізілген мектептегі зорлық-
зомбылық оқиғаларының санын
көрсете алады
32
80,0%
а 7% мектеп директоры «білмеймін» деп жауап берген
b 10% мектеп директоры «білмеймін» деп жауап берген
c 15% мектеп директоры «білмеймін» деп жауап берген
Достарыңызбен бөлісу: |