Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет21/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73

47
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
аптасына бір рет болып тұрады. Бірде мені біреу 
аяқтан шалды, мен баспалдаққа құлап қалдым; 
қолым сына жаздады, сүйегім шытынады. 
Қолыма гипс салды. Кейде мұны жалғыз оқушы 
жасайды, кейде топпен» [16].
«Мен бір қызға араша түспек болдым. Оған бір 
ұл өшіргіш лақтырып, ренжітті. Мен өшіргішті 
оған лақтырдым. Біз мектеп дәлізінде төбелесе 
бастадық. Кезекші мұғалім келіп, араға түсті. 
Мен оны мұрнынан, ал ол мені көзімнен ұрып 
жіберді» [25].
Балалар сондай-ақ кейде басқа балалардың 
сабақ біткенін әдейлеп күтетінін, содан кейін 
бір-бірімен төбелесетінін, олардың зорлық-
зомбылық әрекеттерін ешкім көріп қоймауы, 
мектеп әкімшілігі не ата-аналар, немесе мектеп 
қызметкерлері араға түспеуі үшін мектептен тыс 
жерде жасайтынын да айтты. 
«Мен мектептің артында төрт баланың 
төбелесіп жатқанын көрдім. Олар бір сынып-
та оқитын. Төбелес себебі біреуінің екіншісімен 
амандаспауы екен, олар осы себеппен «стрел-
ка белгілеп», мұғалімдер көріп қоймауы үшін 
сабақтан кейін төбелесуге келіскен екен. Балалар 
мектеп аумағында төбелеспеуге тырысады. Бұл 
екі апта бұрын болды» [127].
«Мен екі баланың төбелесіп жатқанын көрдім. 
Бұл сабақтан кейін мектеп ауласында орын 
алды. Олар төбелесіп жатқанда, көп адам қарап 
тұрды, төбелесті тоқтату үшін ешкім еш нәрсе 
істемеді. Бірақ, менің байқауымша, ол жерде 
мұғалімдер болған жоқ. Бұл өткен жылы болды» 
[13].
«Ұлдар бір-бірін мазақ етті. Олардың жоғары 
сынып оқушыларымен төбелескенін көрдім. 
Сабақтан кейін олар мектептың артында 
«топпен топ» болып төбелеседі. Қолдарында 
таяқтары болды. Олар төбелесе бастағанда, 
біз мұғалім апайға жүгіріп барып, айтып 
бердік. Мұғалімдер келіп, оларды арашалап 
алды. Бұл шашамен екі жыл бұрын қыста бол-
ды» [2].
«Бірде үйге қайтып келе жатқанда мен өзіммен 
қатарлас баланы соғып жатқан жоғары сы-
нып оқушысын көрдім. Ол оны жағасынан алып: 
«Сен жылауық, өсекші. Аузыңа ие бол да, ешкімге 
айтушы болма» деді. Бұл жақында ғана, осы 
айдың ішінде болды. Сыныптағылардың бәрі мұны 
көрді» [349]. 
«Біз мектепте төбелеспейміз. Біз уақыт белгілеп, 
аулаларда мәселе шешуге тырысамыз. Бұл жы-
лына 1-2 рет болып тұрады. Мен де төбелескем, 
бірақ мектепте емес, көзім көгеріп қалды. Бірақ 
мен де оны ұрдым. Біз жекпе-жекке шықтық, 
бірақ көшеде емес. Ол – параллель сыныптағы ұл. 
Мен қатты ашуландым. Өзара келіспеушілігімзді 
шешіп, екі жаққа кеттік, бұдан кейін ұрсысқан 
жоқпыз. Олар менен қорқады, себебі менің 
ағаларым бар екенін біледі. Олар мен үшін кімді 
болса да аман қалдырмайды. Олар біздің мектеп-
ке де, көрші мектепке де, тіпті колледжге де ба-
рып тұрады (старшактар)» [131].
Жоғарыда келтірілген үзінділердің кейбірінде 
көрсетілгендей, мектептерде немесе оның 
жанында орын алатын физикалық зорлық-
зомбылықтың кейбіріне бір-бірімен төбелескен 
балалар топтары қатысады, атап айтқанда, басқа 
сыныптың немесе басқа мектептің ұлдар тобы 
мен төбелесуші ұлдар тобы. 
«Біздің мектепке өзге мектептен ұлдар 
келді. Біз олармен дауласып қалдық. Кейде біз 
төбелесеміз. Кейде төбелеспейміз. Бірақ олар 
бізді балағаттаса, төбелеспей тұра алмаймыз. 
Біз бір-бірімізді ұрамыз. Әр кезде әрқалай. Егер 
бұл топ ішінде болса, жекелеп төбелесеміз. Бірақ 
өзге мектептің ұлдарына қарсы біз әдетте топ-
пен шығамыз» [242].
Мектептерде оқушылар арасында қандай да 
бір иерархия бар екені анық, жоғары сынып 
оқушылары жоғарыда, ал кіші сыныптағылар 
төмен орналасқан. Бұдан бөлек, күші көп сол 
күшін және бойын өзгелерге қарсы пайдалана 
алатын балалар бақылаушы болып есептеледі, 
олар мектепте топбасшы болады. Мұндай мектеп 
топбасшылары дәл мағынасында бұзақы болады, 
олар өзге балаларға күш көрсетіп, психологиялық 
және физикалық зорлық-зомбылық арқылы 
ықпал етеді. Мұның ішіне қорқытып-үркіту де 
кіреді. Олар төмен сыныптардан және мектептегі 
әлсіз балалардан ақша бопсалап, тартып алады. 
«Кейбір ұлдар өздерінің лидер екенін көрсеткісі 
келеді, бір-біріне әр түрлі лақап аттар беріп, 
басқаларға қысым жасайды. Мен өте тез ашула-
намын, тез әрекетке барамын. Сөйтіп, төбелесіп 


48
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
қаламыз. бұл кейде болып тұрады, кейде бір 
ұлмен, кейде бірнеше ұлмен төбелесемін. Бір ұл 
өзінің менен мықты екенін көрсетпек болды. Біз 
төбелесіп қалдық, ал басқалар араласпай, жай 
қарап тұрды» [318].
«Жоғары сыныптағылар бізден ақша талап етеді. 
Олар баланы шақырып алып: «Тоқылдақсың ба?» 
деп сұрайды. Иә десең, жібере салады, ал егер 
жоқ десең, ақша беруіңді талап етеді. Иә десе, 
сенімен ешкім сөйлеспей қояды. Олар сондай-ақ 
достарды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрлейді, 
«Онымен жекпе-жекке шығасың ба?» деп 
сұрайды. Мен бұл жағдайға бір ай бұрын кезіктім. 
2-3 минут жалғасты. Біз төбелестік, бірақ қару 
қолданған жоқпыз. Жоғары сыныптағылар біздің 
жасымыздағы ұлдарды бір-біріне қарсы қойып, 
төбелестіреді. Біз жалғыз емес, бірнеше баламен 
төбелесуіміз керек. Жоғары сыныптағылар мені 
құрбыларыммен төбелесуге мәжбүрледі. Сіздерге 
осыны ғана айта аламын. Менің төбелесуім ке-
рек болды, олар мені мәжбүрледі, жекпе-жекке 
шығуыма мәжбүрледі» [346].
«Үлкендер бізді ұрады, аяқтан шалады, бірақ 
олар мұны жай қалжың деп түсіндіреді. Жалпы, 
олар бізді жиі мазақтайды, балағаттайды. 
Өздеріне темекі сатып әперуге мәжбүрлейді… 
Бұл жиі болады, күн сайын десе де болады. Біздің 
мектепте балалар аз, бәрі бірін-бірі таниды, 
сондықтан қашып та кете алмайсың. Кейде олар 
қатты ауыртып қолдан не мойыннан шап беруі 
мүмкін; кейде көгеріп те қалады. Олар ересек 
балалар, шамамен 8 бала, біреуі – бастықтары. 
Олар бүкіл мектепті ұстап тұр, бәрі олардан 
қорқады. Мұғалімдер оларға ештеңе істей ал-
майды, ата-аналарына бәрібір. Олар мектептке 
мас болып келіп, сабақтан кетіп қала алады. 
Мен қорқамын. Егер айтқанын істемесем, олар 
мені ұрамыз деп қорқытады» [90].
Кей балалар ақша алу үшін басқа балаларға 
зорлық жасалатынын көрсетті. Көбінесе бұндай 
жағдайлар ересек балалардың арасында, атап 
айтқанда ер балалардың арасында кездесетінін 
айтады. Оларөздерінен жасы кіші немесе 
әлсіздеу балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп, 
ақшаларын тартып алады. 
«Жоғарғы сыныптың ұлдары бізді балағаттайды, 
қорлайды. Өздеріне қарсы бірдеңе айтсаң, ұрады. 
Ақшамызды тартып алады. Ақша бермесең, 
қайта ұрады. Мұндай жағдай бір ай бұрын болған 
еді. Жоғарғы сынып балалары менен ақша сұрады. 
Егер оларға уақытылы әкеліп бермесем, ұрады» 
(403).
«Кей кездері жоғарғы сыныптың балалары мені, 
менің сыныптастарымды жинап алып, бізден 
ақша сұрайды. Егер біреуінде ақша болмаса, ол 
таяқ жейді» (353).
«Мен 9-сыныптың бір баласынан қорқамын. Ол 
ылғи да маған асханадан бірнәрсе сатып алып 
беруімді талап етеді. Мен оған аптасына 2-3 
рет сатып алып беріп отырамын. Бір күні мен 
оған ешнәрсе сатып алып бермейтінімді айттым. 
Ол менің қолымнан, иығымнан салып қалды. Ол 
6-сыныптың бір баласы. Мен ешкіммен ешқашан 
төбелесіп көрмегем, мен тек 6-сыныптың балала-
рынан қорқамын. Олар мені ұрады, ал мен олармен 
төбелеспеймін. Олар маған қоқан-лоққы жасай-
ды, мені асханадан бірнәрсе сатып алып беруге 
мәжбүрлейді. Менің жалғыз жүрген кезімді аңдып, 
олар мені ұстап алады да, осыны айтады» (175).
«Жоғарғы сыныптың балалары ақша талап 
етеді. Кейде мектептен шығып, үйге қарай кетіп 
бара жатқанымда ақша сұрайды. Олар топта-
лып жүреді, үйге кетіп бара жатқан кезде ұстап 
алады да, ақша сұрайды. Мұндай жағдайлар 
күнара, кейде 2-3 күнде бір болып тұрады. Олар 
бізден ақша сұрайды, ал егер біз оларға ақша 
бермесек, бізді ішімізден, қолымыздан, басы-
мыздан ұрады. Бұл топ – жоғарғы сыныптың 
оқушылары» (203).
«Ана үш бала менен ақша бар ма деп сұрады. Мен 
оларға жоқ деп айттым. Бірде олар мені ішімнен 
ұрды. Содан кейін мен оларға сенбесеңдер, 
қалтамды тексеріп көріңдер дедім. Олар менің 
қалтамды тексерді де, шынымен де ақшамның 
жоқ екеніне көз жеткізген соң, кетіп қалды. Ол 
жерде үш бала болды, оның тек біреуі ғана біздің 
мектептен еді. Ал қалғандарын мен танымай-
мын» [251]. 
Жәбірлеушілердің арасында қыздар кездеспейді 
деген жаңсақ пікірлер де кездеседі. Мәліметтер 
жинау барысында ер балаларға қарағанда қыз 
балалардың физикалық агрессиялары төмен 
болса да, басқа қыздарға, тіпті ұлдарға зорлық-
зомбылық көрсететін қыздардың бар екені 
байқалды. 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау