Мұғалімнің партфолиясы
«№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп- кешен» КММ
Портфолио (Әдістемелік қалта)
Мұғалім______________
Пәні _________________
Тегі, аты, әкесінің аты
Семей, 2012 ж
Мазмұны
Түсініктеме хат (кіріспесі)
І бөлім. Мұғалім туралы жалпы мәлімет
Жеке басы туралы мәлімет
Білімі туралы дипломның көшірмесі
Біліктілігін көтеру туралы куәліктің көшірмесі
Медальдің көшірмесі
Филология ғылымдарының кандидаты дипломының көшірмесі
Құрмет грамотасының көшірмесі
т.б.б.
(Бұдан кейін әр бөлімге слайд жасаймыз, сканерленген құжаттардың фотокөшірмесін енгіземіз. Сонан соң бұл жазуды өшіреміз.
Кіріспе (Түсініктеме хат)
Түсініктемеде міндетті түрде әдістемелік қалтаға (партфолиоға) қажетті құжаттар бар екенін, осы құжаттардың аттестациядан өтуге қажет екенін көрсету.Мұғалімнің құжаттары аттестацияның барлық талаптарына сай болуы қажет. Партфолиоға қажет емес құжаттарды салған жағдайда аттестатталушы мұғалімнің беделін түсіреді.
Кіріспенің көлемі 3-6 бет, (шрифт Times New Roman, кегль -12, аралық қашықтық –0,5) Бұл материалдарды Word- та жасайды. (біреуінің презентациясын дайындап, мазмұнын гиперсілтемеде көрсету, пайдаланып болған соң файлды өшіру)
Портфолионы ашық отырыстың экспертті тобында, (аттестатталушының келісімі бойынша семинарда, дөңгелек үстелде) қорғау
Партфолионы қорғау бірнеше кезеңнен тұрады:
Портфолионың презентациясы
Нақты дайындалған құжаттар бойынша сұрақтарға жауап
Аттестатталушы мұғалімнің жұмысын рецензиялау (бағалау)
Аттестатталушы мұғалімнің жұмысына бағалаушының ескертпесі
Экспертті топ мүшелерінің талқылау нәтижесін қорғауы
Экспертті топ мүшелерінің аттестатталушыға шығарған шешімі, ұсынысы
Нені білу қажет
Мәтінмен жұмыс жасау
Фото, кестелер, суреттер және т.б. қою
Әр түрлі құжаттарға гиперсілтеме жасау
Слайд ішінде кесте құрастыра білу
Аналитикалық диаграмма құру
Ғаламтор (Internet) қолдана білу
Өз ойын нақты, анық жеткізу
Слайдты шамадан тыс жүктемей, мазмұнын, мағынасын ашатындай бөлімдерге бөлу
Естеріңізде болсын, презентация докладтан қарағанда әлдеқайда жинақы, ықшам
Партфолионың жалпы көлемі 30-дан кем, 70- тен асапай, А 4 форматтан болуы керек.
Қосымша файлда «Мұғалімнің портфолиосы» папкасының презентациясы әрі электронный фарматта, ең басты материалдар гиперсілтемеге енгізіледі
Портфолионың электронды нұсқасының сауатты безендірілуі ескеріледі
Белгіленген уақытқа екі апта қалғанда аттестатция мүшелеріне кешіктірмей аттестатталушы портфолионы ұсынады.
“Портфолио” ”Әдістемелік қалта” 2 бөлімнен тұрады.
1-ші құрамды бөлігіне енетін
а) оқу бағдарламасына сәйкес келетін жалпы аттестатталушының материалдары
ә) педагогикалық оқыту технология бойынша жинақталған материалдар жиынтығы
б) педогогикалық іс-тәжірибеде жинақтап, өз жұмысында қолдану, тарату көрсеткіші, нәтиже қорытындысы
(танысып болған соң, бұл слайдты өшіреміз)
I бөлім (партфолио бөлімдерінің үлгісі)
Мазмұны
Мұғалім туралы мағлұмат.
Бұл бөлім ұстаздың кәсіби өсу деңгейі туралы мәлімет береді
1) Аты-жөні, тегі, туған жылы
2) Білімі,қай оқу орнын қашан бітіргені жайлы құжаттар көшірмесі
3) Диплом бойынша алған мамандық
4) Педагогикалық еңбек өтілі, сол істеген мекемедегі жұмыс өтілі
5) Квалификациясының өсуі жөніндегі құжаттар көшірмесі
6) Алған құрмет, ғылыми атақтары
7) Мадақтама, мақтау қағаздары, жетістіктері туралы көшірме
8) Әр түрлі қатысқан сайыстар дипломының көшірмесі
9) аттестаталушының өз қалауы бойынша тағы басқа құжаттар
(Осы құжаттардың көшірмесін сканерлеп өткізу арқылы слайд жасау)
Портфолионың ІІ бөлімінде аттестатталушы аймақтық білім бөлімінің негізгі саяси бағыттарының жүзеге асыруын көрстеді.
Бұл бөлім вариактивті, ұстаздыңақпараттық –коммникативтік технологияны меңгеру барысында қолданған білім, білігіне негізделеді.
(танысып болған соң слайд өшіріледі)
Ерекше ескертетін бір жайт, аттесттатталушы портфолиосы кәсіпқойлық шеберлігі бірнеше мақсаттарды шешу бағытындасубективтіайқын әдіс- тәсілдерді айрықша шеберлікпен көрсете білуі қажет.
II бөлім.
Ғылыми-әдістемелік қызмет (7-8 слайд қарау)
Бұл бөлімде педагогтың өз ісінің шеберлігін көрсететін әдістемелік құралдар енгізілді.
-білім бағдарламасы және оқу-әдістемелік әдебиеттер жинағын таңдауына негізделетін құралдар;
-қолданыстағы оқу технологияларын таңдауына негізделетін құралдар (материалдар);
-білім қорытындыларын бағалау үшін педагогикалық диогностикалардың әр түрлі құралдары, өз тәжірибесінде қолдану негізінен тұратын құралдар(материалдар);
-оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялар және т.б қолдануы;
-әдістемелік бірллестіктерде жұмыс жасау,ғылыми- әдістемелік ақпараттың орталықтарымен, ЖОО-мен және басқа мекемелермен бірлесіп жұмыс істеу.
II бөлім. Жалғасы
-Пән апталықтарына,профессионалдық және педогогикалық конкурстарға қатысу.
-Семинар, «Дөңгелек үстел», «мастер-класс» ұйымдастыру және өткізу.
-Ғылыми- зерттеу жұмыстар өткізу
-Авторлық бағдарлама
- Мәнжазба, баяндама, мақала жазып, шығармашылық есепке дайындалу.
-Сыныптан тыс өткізілген іс шаралардың фото,видео жазбасы
-Элективты курс бағдарламасы
-Үйірме мен факультативтердің жоспары
-Оқушылардың реферат, ғылыми жоба жұмыстарының тізімі
т.с.с.
ІІІ бөлім. Педагогикалық жұмыстың нәтижесі
Бұл бөлімде соңғы 3 жылдағы педагогтың істеген жұмыс нәтижесі көрсетілуі керек.
Білім жетістігіне қол жеткен білім алушының алған білімінің нәтижесінің салыстырмалы көрсеткіші
Ағымдағы бақылау жұмыстарының сараптамасы
Білім алушының мектептегі, облыстық олимпиадаға қатысуы
Аттестатталушы оқушының аралық бақылау мен қорытынды бақылау нәтижесі
Медалистер, пән бойынша жоғарғы оқу орындарына түскен түлектер саны
Интеллектуальды марафон, олимпиада, сайыс жеңімпаздары т.б.б
IV бөлім. Пән бойынша оқу-құрал базасы
Бұл бөлімде оқу кабинетінің паспортынан алынған көшірме енгізілді.
*пән бойынша сөздіктер мен әдебиеттер тізімі;
*көрнекілік құралдар (макеттер,кестелер,жобалар,иллюстрациялар,портреттер және т.б)тізімі.
*оқытудың техникалық құралдары (теледидар,видеомагнитафон,музыкалық жабдықтар,диапроектор және т.б)
*оқытудың компьютерлік құралдары мен компьютердің(виртуальді тәжірибелердің,білімді бақылаудың бағдарламалары,мультемедиялық электронды оқулықтары және т.б)
*аудио және видеоқұралдары
*дидактикалық материалдар,тапсырмалар,жаттығулар,жаттығулар жинағы,рефераттар мен шығармалар үлгісі және т.б.
*оқушылардың білім алу сапасын өлшеуіштері;
*мұғалімнің қалауы бойынша басқа да құжаттар.
Достарыңызбен бөлісу: |