49
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Қыздар арасында зорлық-зомбылық жасау,
психологиялық қысым көрсету ғана кездеспейді,
кейбір үлкен қыздар басқа балалардан ақша тар-
тып алады. Көп жағдайларда қыздар ер бала-
лардан гөрі өздерінен жасы кіші қыздарға қысым
көрсетеді, ал кей кездері әлсіз ұлдарға да қоқан-
лоққы жасайды.
«Қыздар да төбелесе алады. Жақында біздің
сыныптағы бір қыз басқа қыздың партасының
қасынан өтіп бара жатып, аңдаусызда жер-
ге қаламсауытын (пенал) түсіріп алады. Ол қыз
кешірім сұрағысы келген еді, бірақ ана қыз шашы-
нан ұстап алып, ұра бастады. Осылайша төбелес
басталды. Бұл оқиға жақында ғана болды, кейін
мұғаліміміз оларды айырып, оқу ісін меңгерушіге
алып барды» [167].
«Мен бір қыздың басқа қызды ұрып жатқанын
көрдім. Мен олардың не үшін төбелесіп жатқанын
білмедім. Бірақ жоғары сыныптың бір қызы өзінен
екі жас кіші қызды ұрып жатқанын көрдім. Бұл
оқиға 3-4 ай бұрын болған еді» [253].
«Өткен жылдың мамыр айында мен киiм шешетiн
бөлмеге кірген едім, бірнеше қыз «Есікті жап!»
деп айқай салды. Мен есікті жаптым да, ішке
кірдім. Олар менен кім екенімді, қай сыныпта
оқитынымды сұрады. Мен жауап бермедім. Олар
менің жейдемнен тартып, мойнымнан қысты да,
жауап беретін тілің бар ма деп сұрады. Басқа
қыздар бұны көріп, жібере сал деді. Әйтеуір олар
мені жіберді» [256].
«Олар мені өсекші деп ойлайды. Мені бір қызға
жала жапты деп айыптады. Бүгін ол қыз басқа
психикалық ауытқуы бар қызға мені бір ұр деп
айтты. Мұндай жиі болады. Ал ол қыз болса
маған жұдырығын ала жөнеледі. Әрине, мен бұған
ренжимін, мен ешнәрсеге кінәлі болмасам да, мені
ұрады. Ол қыздың ақыл-есі кем, сондықтан да
бір нәрсе ұнамай қалса, бірден төбелесе кетеді.
Мен оған ренжимін де қоямын, ол қыз ересек әрі
менен мықты болғанына ашуланамын. Менің
бұл жағдайым одан бетер жаман бола ма деп
қорқамын» [63].
«Мен мектептегі төбелестерді көрдім. Ең
қызығы, екі қыздың бір-бірінің шашын жұлып,
төбелескендері болды. Төбелесіп жатқандар
– бір сыныптың қыздары, бірақ мен олардың не
үшін төбелесіп жатқандарын білмедім, өйткені
мен оларды көрген кезде олар төбелесіп жатқан
болатын. Бірақ бір себеп болу керек қой, олардың
біреуі екіншісін балағаттап жатты. Басқа
оқушылар оларды айыра бастады, өйтпегенде
олар бір-бірінің шашын жұлып бітірер еді» [133].
«Қыздар бір-бірінен ақша сұрап, төбелес бастай-
ды. Бұл оқиға бір ай бұрын болған еді. Бұндай
оқиғалар кей кездері ғана болып тұрады. Олар
бір-бірінің шаштарын жұлып, беттерін тырнап,
төбелеседі. Бұдан ешқандай қауіпті жағдайлар
болған емес, тек тырнау, көгерту ғана. Басқа
сыныптың қыздары маған тиісіп, ақша сұрады,
менімен төбелескілері келді. Бірақ біз тек
тәжікелестік» [255].
Кейбір ер балалар қыздардың да зорлық-
зомбылық жасайтынын біледі, өйткені олар
мектепте басқа қыздар жәбірлеп жатқан қызды
қорғау үшін олардың төбелестеріне араласуға
мәжбүр болатындын айтады.
«Қыздар балаларды жиі қорқытады, мазақтайды
да, төбелесе бастайды. Олар тез ренжіп қалады
да, төбелесе кетеді. Олардың арасында қорғауды
қажет ететін әлсіз қыздар да болады. Мен қызды
қорғау үшін кейде төбелесемін» [386].
Кей кездері балалар басқа сыныпқа немесе басқа
мектепке өздерінің мінез-қылықтары, ашуға тез
берілетіндері үшін ауысып жатады. Дегенмен, бұл
баланың қылықтарын дұрыстауға көмектеспейді,
керісінше басқа топқа, басқа сыныпқа, басқа
мектепке қосымша мәселелер туындатады.
«Біздің сыныпта бір бала бар, ол бізге басқа сы-
ныптан ауысып келді. Енді ол бәрімізге тиісе
береді. Кейде ол бізді соғып та жібереді. Егер де ол
маған тиісе бастаса, мен оған жауап қайтарам
немесе жай ғана иығынан соғып жіберем. Оны
тоқтатпаса, ол қоймай қояды. Бұл қыркүйек ай-
ында, оқу жылының басында болған еді. Осы күнге
дейін ол бала бәріміздің қытығымызға тиіп жүр.
Сонымен қатар өзін ақымақ сияқты көрсететін
бір бала бар. Ол бала жүгіріп келіп, бір тебуі
мүмкін» [308].
Психологиялық зорлық-зомбылық
Сұхбат жүргізген 402 баланың 27,0%-ы (4-
тен1 бөлігі) балалардың арасында болған
психологиялық қысымның, көбінесе мазақтау
50
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
мен балағаттаудың куәгерлері болған. Бұдан
басқа сұхбат жүргізген балалардың 33,0%-ы
мектепте психологиялық қысым көрген.
Алдыңғы физикалық қысым көрсету жайлы бөлім
мектеп оқушыларының арасында психологиялық
қысымның жиі болатынын көрсетті. Осы бөлімде
психологиялық қысым мен физикалық қысымның
арақатынасы жайлы қосымша мәлімет береді,
сонымен қатар мектеп оқушыларының ара-
сында кездесетін психологиялық қысымның
түрлері жайлы (сауалнама арқылы анықтаған
психологиялық қысымның түлері жайлы ақпарт
алу үшін 3.13-кестені қараңыз) айтылады.
Кейбір балалар «мені тек сөздермен
балағаттайды» [296] десе, кейбірі «менің
сыныбымдағы оқушылар мені тек мазақтайды,
келемеждейді, бірақ ешқашан ұрып көрген емес»
[229] дейді. Кейбір балалар психологиялық
қысымды үнемі көреді. Бір бала: «Олар бізді
ылғи да балағаттайды, мазақтайды, тіпті күнде
мазақтауы да мүмкін» [321] деп айтты. Бұдан
басқа тағы бір бала мектепте басқа балалар-
дан үш жыл бойы психологиялық қысым көріп
келгенін айтты.
«Менің сыныптасым мені мазақтайтын, маған
ақымақ дейтін, тіпті мені бір рет ұрып та алды.
Бұл оқиға осы жылы болған еді. Мұндай жағдайлар
менің басымнан екінші сыныптан бері өтіп келеді
(3 жыл). Ол мені ұрды да, менің капюшонымды
жыртып тастады. Мен де оны ұрдым» [19].
Кейбір балалар үшін психологиялық қысым
көрсету немесе ауызша балағаттау – келемеждеу,
мазақтау олардың физикалық тұрпаттарына да
қатысты болып келеді. Мысалы, кейбір балалар
өздерінің салмағы немесе бойы үшін, шашының
түсі, т.б. үшін мазаққа ілігіп жатады.
«Мен дәлізбен келе жатыр едім, менен үлкен бір
бала мені иығымнан итеріп қалды , мен құлап
қалдым. Бұл 2-3 күн бұрын болған еді. Мұндай
жағдай жиі болып тұрады. Менің еш жерім
ауырған жоқ, мен тек құлап қалдым да, менің
киімім былғанып қалды. Мені келемеждеп,
«бауырсақ» деп мазақтады. Мен ол баламен
салғыластым. Менің көңіл күйім түсіп кетті,
өзімді сондай жайсыз сезіндім, бірақ мен оған
жауап бердім» [173].
«Бір кездері мені «сары» деп мазақтайтын, тіпті
итеріп те, нұқып та жіберетін. Мұндай жағдай
өткен оқу жылында күнде болып тұратын
еді. Олар бір топ достар еді, арсындағы біреуі
белсенді болды. Мен өте бақытсыз болдым, бірақ
мен оларға жауап қайтармайтын едім, өзімді
сабырға шақыратынмын» [55].
«Олар мені менің семіздігім үшін мазақтайтын.
Мұғалімдер бұған мән бермейді. Мен жылай-
тынмын. Мен өзімнің семіз болғаным үшін
ұялатынмын. Олар мені бастауыш сыныптан
жоғары сыныпқа дейін мазақтап келді. Қазір
кейде ғана айтады» [336].
«Қазақ балалар мені орыс болғаным үшін, қазақ
тілін дұрыс білмегенім үшін келемеждейтін. Бірақ
мен қазақ тілінде жақсы сөйлеймін. Бір күні мен
өз сыныбымдағы бір баламен мені келемеждегені
үшін төбелесіп қалдым. Бұл оқиға өткен аптада
болған еді» [265].
Қыздар кейбір қыздардың намысына тиіп, абы-
ройын шашу үшін «әлеуметтік мазақтаумен»
айналысатынын жиі айтатын. Кейбіреулері
басқа қыздардың сыртынан өсек айтып, басқа
қыздармен араласпауы үшін араларына от сала-
тын. Төменде көрестелетін дәйектер қыздар ара-
сында жиі кездесетін психологиялық қысымның
бір түрі екенін көрсетеді.
«Бір қызбен арамызда түсініспеушілік болды. Ол
мені жамандайтын, ол маған ұнамады. Ал қазір
бәрі дұрыс» [368].
«Менің сыныптасым құрбым екеуміздің арамыз-
ды ашпақшы болды. Ол менің атымнан менің
құрбыма неше түрлі жаман сөздер жазып,
балағаттап хат жазып жіберіпті. Бұл қыркүйек
айында болған еді. Менің құрбым маған мектеп-
тен кейін сыртқа шығып түсіндіріп беруімді
сұрады. Мен оған алдымен жақсылап сөйлесіп,
шындықты анықтау керектігін айттым. Біз
әңгімелесіп, бәрін түсіндік, менің құрбым ана
қызға емес, маған сенді. Ана қыз бізден келіп
кешірім сұрады. Біз төбелеспедік» [109].
«Әрине, бір қыз мені мазақтайтын, тіпті итеріп
те жіберетін. Кей қыздар мұндай әрекеттерін
астыртын жасайтын, үлкендер болса, жыми-
ып сыпайы сөйлесетін. Ал үлкендер жоқ кезде
дөрекі сөйлесіп, басқаларымен қақтығысатын.
Бұл мен басқа сыныпқа көшкен жылы, былтыр
болған еді. Олар мені алғашқыда келемеждеп,
Достарыңызбен бөлісу: |