«Название»



жүктеу 425,69 Kb.
бет1/2
Дата15.05.2018
өлшемі425,69 Kb.
#13815
  1   2


Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Кәпірлердің мал-мүлкі хәлал ма?!

Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.


Ал содан соң:
Сонғы кезде жас мұсылмандардың арасында кез келген кәпірдің мал-мүлкі хәлал, және ол қандай жолмен: алдап-арбау жолымен иемделінген бе, ұрлаумен бе, немесе күштеп тартып алынған ба – маңызды емес деген пікір пайда болды.
Бұл пікір – Аллаһ Тағаланың шариғатына қайшы келетін және хауариждерге тән адасушылық!

Имам әш-Шахристани былай деген: “Хауариждер келісім-шартта болған және жизия төлейтін кәпірлердің мал-мүлкін хәлал деп есептеген. Және осыны хәлал деп санамағандардан бас тартуды міндетті деп санаған!” Қараңыз: “әл-Миләл уә-ннихәл” 118.

Мұндай пікірді негізінен жұмыс істеп, адал жолмен табыс табуға ерінетін жалқаулар мен қарақшылар өздерінің істеп жүргендерін ақтау үшін, немесе өздері білгір деп санайтын кісілері адасушылыққа салған білімсіз мұсылмандар таратып жүр. Мұндайды жариялаушылар өте қауіпті жағдайда, өйткені олар Аллаһ тыйым салған нәрсені рұқсат етіп жатыр, ал бұл күпірлік болып табылады, сонымен қатар Исламға опасыздық пен оңбағандықтың жалған телінуіне әкеп соғады.

Аллаһ Тағаланың шариғатында кәпірлердің мал-мүлкі екі жағдайда ғана хәлал болатынын білу керек:

1. Жиһадта, кәпірлермен шайқасу кезінде.

2. Кәпірлердің жерін бағындырғанда, олардың барлық мал-мүлкі мұсылмандардың иелігіне өтеді.

Бар болғаны – осы. Ал басқа жағдайларға келер болсақ, кәпірлердің мал-мүлкі хәлал болып табылмайды, өйткені егер кәпір мұсылмандарға қарсы соғысушылардан болмаса, онда оның өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғу – әділетсіздік!

Кәпірлерден ұрлауға болады ма?
Аллаһ Тағаланың шариғаты ұрлыққа тыйым салады, әрі ол үлкен күнәлардың қатарына жатады.

Аллаһ Тағала былай деген: «Ұры еркек пен ұры әйелдің істегендері үшін, жаза ретінде қолдарын кесіңдер. Аллаһтың жазасы – осы, өйткені Аллаһ – Құдіретті, Дана» (әл-Мәида 5: 38).

Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Жұмыртқа ұрлағаны үшін қолы шабылатын ұрыны Аллаһ лағынеттесін, жіп ұрлағаны үшін қолы шабылатын ұрыны Аллаһ лағынеттесін!»  Әл-Бухари 6783.

Бұл – Құран мен Сүннеттің ұрлыққа тыйым салатын жалпы мәтіндері, әрі кімнен ұрланғаны – мұсылманнан ба, әлде кәпірден бе – маңызды емес. Ал: «Ұрлық тек мұсылмандарға қатысты ғана тыйым салынған», - дейтіндерге келер болсақ, ол (мұны жалпы дәлелдерден) ерекшелеп тыс ететін дәлел келтіру қажет!

Имам Малик былай деп айтатын: «Шарап пен доңызды ұрлаған адамның қолы шабылмайды. (Ал) егер ол мұсылмандардың жерінде өмір сүретін және жизия төлейтін кәпірден (зиммийден) немесе мұсылмандармен келісім-шартта жүрген кәпірден (муахадтан) ұрлаған болса, оның қолын шауып, оларға мүліктерін қайтару керек». Қараңыз: “әл-Мудаууана” 3/116.

Бұған қоса, бұл мәселеде «кәпірден ұрлағаны үшін де мұсылманның қолы шабылады» деген бір ауызды келісім (ижма) бар. Имам Ибн Қудама былай деген: “Мұсылманның немесе кәпір-зиммийдің мал-мүлкін ұрлағаны үшін мұсылманның қолы шабылады. Сол сияқты олардың мал-мүлкін ұрлағаны үшін кәпірдің де қолы шабылады. Мұны әш-Шәфи’и және ханафилер айтатын, біз де осыда ешқандай қайшылық көріп тұрған жоқпыз ”. Қараңыз: “әл-Муғни” 12/351.

Исламда қолды шабумен жазаланатын нәрсе рұқсат етілген бола алады ма?

Имам әл-Қуртуби былай дейтін: “Зиммийден ұрлаған мұсылманның қолы шабылады, ал бұл «зиммийдің мал-мүлкі мұсылманның мал-мүлкімен теңдестіріледі» дегенді білдіреді, және тура осы оның өміріне де қатысты!” Қараңыз әл-Қуртуби “Тафсир” 2/248.

Сөйтіп, тыйым нақты кімнен ұрланғанына емес, «ұрлық» деген әрекеттің өзіне қатысты екендігі айқын болып тұр. Бұл зинақорлық жасауға салынған тыйым сияқты, өйткені оған жалпы тыйым салынған және зинақорлық кіммен жасалатыны – кәпірлермен бе, әлде мұсылмандармен бе – маңызды емес!

Имам әз-Заһаби өзінің үлкен күнәлар туралы кітабында ұрлық туралы тарауда былай деген: “Ұрыға, егер ол ұрлағанын қайтып бермесе, тәубе етуі пайда әкелмейді! Егер оның ақшасы болмаса, онда ұрлап алған мал-мүліктің иесінен ол оны кешіруін сұрасын”. Қараңыз: “әл-Кабаир” 91.




Кәпірлердің мал-мүліктерін күштеп тартып алуға болады ма?
Егер кәпірлерден ұрлаудың үкімі осындай болса, онда оларды жәбірлеумен және оларға зиян тигізумен мал-мүлкін күшпен немесе алдап-арбаумен тартып алудың харам екендігі ешқандай күмән туғызбайды.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық таратып жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе елден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жазалары. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар» (әл-Мәида 5: 33).

Ибн ‘Аббас бұл аят көпқұдайшылдардың себебімен түскен дейді. Абу Дауд 4372, ән-Насаи 7/101. Иснады хасан.

Са’д ибн Әби Уаққас бұл аят хауариждерге қатысты түсірілген дейтін. Ибн Мардауайх. Қараңыз: “әд-Дуррул-мансур” 5/259. Иснады сахих.

Бірақ хафиз Ибн Кәсир былай деген: “Бұл аят жалпылама және көпқұдайшылдарға да, аталған нәрсені жасаушылардың өзгелеріне де қатысты екіндігі дұрыс болып табылады”. Қараңыз: Ибн Кәсир “Тафсир” 2/261.

Алайда имам Малик, әш-Шәфи’и және ханафилер былай деген: “Бұл аят жолдарда қарақшылық жасайтын және жер бетінде бұзақылық тарататын мұсылмандарға қатысты түсірілген”. Қараңыз: әл-Қуртуби “Тафсир” 6/433.

Имам Ибн әл-Мунзир былай деген: “Маликтің пікірі дұрыс болып табылады. Және Абу Саур да келесі аят бұл аяттың мұсылмандарға қатысты түсірілгенін нұсқайтынын айтқан”. Қараңыз: “әл-Ишраф” 1/529.

Және бұзақылық таратушылардың қатарынан болу үшін мал-мүлікті тартып алу мен қару арқылы адам өлтіру ғана міндетті шарт болып табылмайды! Ғалымдар бұған сондай-ақ адамның өзгенің үйіне жасырын кіргенін немесе сапарлас адамының тағамына у салып, оны өлтіргенін де жатқызады. Қараңыз: “әл-Кәфи” 2/108.

Мужәһид «жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің» деген сөздеріне байланысты былай деген: “Яғни зинақорлық, ұрлық, адам өлтіру, ұрпақ пен егінді бүлдіруді жасап жүр”. Қараңыз: “Тафсир әд-Дуррул-мансур” 5/289.

Әс-Судди бұл аяттың тәпсірінде былай деген: “Біз егер адам (басқа) адамды өлтірсе, ол өлтірілетінін естігенбіз. Егер мал-мүлікті тартып алған болса, онда ол өлтірілмейді, бірақ қолы кесіледі. Қарақшылық және тонау үшін оның аяғы шабылады. Ал егер ол адам өлтірген және оның мал-мүлкін тартып алған болса, онда оның қол-аяғы шабылады немесе оның қол-аяғын керіп шегелеп тастау керек. Бірақ мұндай адам тәубе етіп, оны ұстап алғанша, мұсылман әміріне өзі келсе, ал әмір оған қауіпсіздік кепілдігін берсе, онда оған тиіспейді”. Қараңыз: “Тафсир әд-Дуррул-мансур” 5/292.

Әнас ибн Малик былай деп баяндайтын: “Кезінде ‘Уқл тайпасының адамдары Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, Исламды қабылдады. Мәдинада тұрған кезінде олар сырқаттық сезінді, және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға белгілі бір уақыт саумалы түйелердің зәрі мен сүтін ішуді бұйырды. Олар бұйырылған жерге барды, ал (сырқаттарынан) айыққан соң діннен шығып, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шопанын өлтіріп, түйелерді айдап алып кетті. Мәдинадағылар бұл жөнінде күннің басында естіді, ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың ізінен қуғыншылар жіберді. Түске жақын оларды Мәдинаға алып келді де, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың қол-аяқтарын шауып, көздерін күйдіруді бұйырды. Кейін оларды (осы күйде) өлуге тастап кетті”. Абу Қиләба олар туралы былай деген: “Бұл адамдар ұрлады, адам өлтірді және иман келтіргеннен кейін күпірлікке түсті. Және олар Аллаһ пен Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы соғысты!” Әл-Бухари 233, 4192, 6802, Муслим 1671.

Имам әл-Уахиди өзінің тәпсірінде былай деген: «Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың»  деген сөздероларға мойынсұнбау және бағынбау дегенді білдіреді. Ал «жер жүзінде бұзақылық таратып жүргендердің» деген сөздер адамдарды өлтіру және олардың мал-мүліктерін күштеп тартып алу дегенді білдіреді. Қараңыз: әл-Уәхиди “Тафсир” 1/317.

Сөйтіп, аталғандардың барлығы Аллаһ Тағаланың шариғаты қатаң тыйым салған жер бетінде бұзақылық таратуға жатады. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Жер бетінде тәртіп орнатылғаннан кейін бұзақылық таратпаңдар»  (әл-А'раф 7: 56).

Имам әл-Қуртуби былай деген: “Аллаһ Тағала тәртіп орнатылғаннан кейін кез келген бұзақылыққа: мейлі ол кіші болсын, мейлі үлкен болсын – тыйым салды”. Қараңыз: әл-Қуртуби “Тафсир” 6/145.



Кәпірлерге жәбір көрсетуге және оларға қиянат жасауға болады ма?

Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Біз сені әлемдерге рахым ретінде (ғана) жібердік!» (әл-Әнбия 21: 107).

Шейх Ибн әл-Қайим: «Бұл аятқа қатысты дұрыс пікір – ол өзіне баршаны, яғни иман келтіргендерді де, кәпірлерді де қамтитыны», - деген. Қараңыз: “Жәлә әл-әфхам” 115-116.

Және бұл Абу Хурайра жеткізген мына хадиспен расталады. Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабалары: «Уа, Аллаһтың елшісі, көпқұдайшылдардың басына лағынет шақыр!», - дегенде, ол: «Ақиқатында мен лағынеттеуші ретінде жіберілмедім, бірақ мен рахым ретінде жіберілдім!», - деген. Муслим 2599.

Және егер Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзімен қас болған кәпірлерге қатысты осылай істеген болса, онда мұсылмандарға және Исламға дұшпандық жасамағандары туралы не айтуға болады?!

Аллаһ Тағала сонымен қатар былай деген: «Және адамдарға жақсы (сөз) сөйлеңдер»  (әл-Бақара 2: 83).

‘Ата бұл аятқа қатысты былай дейтін: “Бұл барлық адамдарға қатысты, көпқұдайшылдарды қосқанда да ”. Әт-Табари 1/392.

Аллаһ Тағала былай деген: «Әй, мүминдер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Аллаһтан қорқыңдар. Күдіксіз, Аллаһ не істегендеріңнен толық хабар алушы» (әл-Мәида 5: 8). 

Имам әл-Қуртуби былай деп айтқан: “Бұл аят кәпірдің күпірлігі оған қатысты әділдік жасауға кедергі болмайтынын білдіреді”. Қараңыз: “Тафсир әл-Қуртуби” 5/85.

Хафиз Ибн Кәсир бұл аят жөнінде былай деген: “Адамдарға деген өшпенділік сендерді оларға қатысты әділдік танытуды қалдыруға итермелемесін, керісінше, әділдікті әрбір адамға: ол дос болсын, не дұшпан болсын – қатысты таныту керек”. Қараңыз: Ибн Кәсир “Тафсир” 2/215.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Егер де Аллаһ дұшпандарын жек көретін Өзінің құлдарына, кәпірлердің ашық дұшпандындығына және Аллаһ пен Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоққа шығаруына қарамастан, оларға қатысты зұлымдық жасауға тыйым салған болса, онда дінге шақырушыға (мұсылманға) деген зұлымдық туралы не айтуға болады?!” Қараңыз: “Бәдаи’ул-фауаид” 2/165.

Тура соны Аллаһтың Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтып, бұйырды: «Және саған қатысты қиянат жасағанға қиянат жасама». Әт-Тирмизи 1264, Абу Дауд 3534. Хадистің сахихтығын имам әт-Тирмизи, Абу Дауд, Ибн әс-Сакан және әл-Әлбани растаған. “әс-Силсилә әс-сахиха” 423.

Сахабалар да (Аллаһ оларға разы болсын) дәл осылай істеген. Ибн ‘Умар, ‘Абдуллаһ ибн Рауаханың Хайбар яһудилеріне келгенде, олар оған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үстінен арыздана бастағанын және ол оларға: «Әй, Аллаһтың дұшпандары! Аллаһпен ант етемін, мен сендерге өзім үшін ең сүйікті болған адамнан келдім, ал сендер мен үшін маймылдар мен доңыздардан да жек көрініштісіңдер! Алайда менің сендерге деген өшпенділігім мен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббатым мені сендерге қатысты әділетсіздік жасауға итермелемейді!”, – деп айтқанын баяндаған. Ибн Хиббан 5176, әл-Байһақи 6/114. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

Ал өзгенің мал-мүлкін заңсыз иемдену де Аллаһ Тағала Өзінің барлық жаратылыстарына қатаң түрде тыйым салған зұлымдыққа жатады ғой!

Абу Заррдан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің Раббысының мынандай сөздерін жеткізген: «Ей, Менің құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және сендердің араларыңда да оны харам еттім, ендеше бір-біріңе жәбір көрсетпеңдер!» Муслим 2577.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия “Мажму’ул-фатауа” жинағында былай дейтін: “Әрбір адам үшін барлық нәрселерге және әркімге қатысты әділдік таныту міндетті болып табылады. Сол сияқты әрбір адам үшін әділетсіздік оның барлық формаларында және әркімге қатысты: ол мұсылман, кәпір, жәбірлеуші болсын – харам болып табылады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Әй, мүминдер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде бекем тұрыңдар. Және адамдарға деген өшпенділік сендерді әділетсіздікке тартпасын» (әл-Мәида 5: 8), - және адамдарға деген өшпенділіктің астарында кәпірлерге деген өшпенділік айтылып тұр”.

Ол сондай-ақ, былай деген: “Әділдік – Кітаптармен түсірілген және пайғамбарлармен жіберілген нәрсе. Оның қарама-қайшысы – зұлымдық. Ал оған тыйым салынған, бұл жөнінде Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің Раббысының сөздерін жеткізген хадисте: «Ей, Менің құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және сендердің араларыңда да оны харам еттім!», - деп айтқанындай. Муслим 2577.

Хафиз Ибн ‘Абдул-Барр былай деген: “Қиянатшылдықтың тыйым салынғандығына барлық имамдар бірауыздан келіскен!” Қараңыз: “әт-Тамхид” 24/233.

Имам Абу Бакр ибн әл-‘Араби былай дейтін: “Әділдік таныту - мұсылмандармен соғысатындарға да, соғыспайтындарға да қатысты міндетті болып табылады!” “Әхкамул-Қуръан” 4/288.

Әнастан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Жәбірленушішінің дұғасынан қорқыңдар, тіпті егер ол кәпір болса да, өйткені оның дұғасы мен Аллаһтың арасында бөгет жоқ!» Ахмад, Абу Я’лә, әд-Дыя. Хадис хасан. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 119.

Имам әл-Мунауи былай деген: “Бұл «жәбірленуші, тіпті ол кәпір не күнәхар болсын, сендерге лағынет шақырмауы үшін, зұлымдықтан сақ болыңдар, өйткені жәбірленушінің дұғасына жауап беріледі, ал оның бұзақылығы өзімен қалады» дегенді білдіреді”. Қараңыз: “Файдул-Қадир” 1/236.

Жәбірленушінің, тіпті ол кәпір болса да, лағынеттеуінен сақтандырып ескерткен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның мал-мүлкін тартып алуға және оның құқықтарын аяқ асты етуге рұқсат берген деп ойлайсыздар ма?!

Және мал-мүлікті зұлымдықпен тартып алу жәбірлеуге жатпайды ма сонда?! Мұның барлығы зұлымдық көрсетудің, жәбірлеудің, жер бетінде бұзақылық жасаудың т.с.с. Исламда қатаң тыйым салынғандығын анық көрсетіп тұр, мейлі олар мұсылмандарға, не кәпірлерге қатысты болсын.


Кәпірлердің мал-мүлкі бейбітшілік уақытында харам екендігіне нұсқайтын нақты дәлел
Жоғарыда келтірген дәйектердің барлығы «Кез келген кәпірдің мал-мүлкі, әсіресе өмірі хәлал» деп айтып жүргендердің сөздері адасушылық екенін айқын етіп көрсету үшін жетіп асады.

Алайда осыған қарамастан, көтеріліп жатқан мәселе бойынша ешқандай күмән қалдырмау үшін, Аллаһтың рұқсатымен, бұлардан да нақтырақ дәлелдерді келтіреміз.

Әл-Муғира ибн Шуғба өзінің сапарластары болған адамдарды өлтіріп, олардың мүлкін иемденіп алып, содан кейін Мәдинаға келіп, Исламды қабылдағанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған былай деген: «Сенің Исламыңа келер болсақ, мен оны қабылдаймын, ал мал-мүлікке қатысты айтар болсақ, менің оған ешқандай қатысым жоқ». Әл-Бухари 2731.

Хадистің басқа риуаятында Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Исламға қатысты айтар болсақ, біз оны қабылдаймыз. Ал мына мал-мүлікке келер болсақ, ақиқатында, бұл – қиянатшылдық (опасыздық), және біз оған мұқтаж емеспіз!» Абу Дауд 2765.

Исламды қабылдау оған дейінгі барлық күнәларды кешіруіне қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл дүниенің қиянатшылдықпен табылғанын айтып, оны қабылдамады.

Бұл хадиске имамдардың жасаған түсіндірмелеріне назар аударайық:

Имам Ибн әл-Мунзир былай деген: “Бұл хадистен «Кәпірлердің мал-мүлкі мұсылмандарға тек оларды бағындырғаннан кейін ғана хәлал болады» деген қорытынды алынады. Және олардың мал-мүліктері қауіпсіздік себебімен харам етілген, әрі егер бұл мал-мүлік (олардан) қауіп-қатерсіздік уақытында алынған болса, оны иесіне қайтару керек! Және бұған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сенің Исламыңа келер болсақ, мен оны қабылдаймын, ал мал-мүлікке қатысты айтар болсақ, менің оған ешқандай қатысым жоқ», - деген сөздері нұсқап тұр. Ақиқатында, Муғира олармен жолда бірге жүріп отырғандықтан және олардың әрқайсысы (жолдағы) серігінен өз өмірі мен мал-мүлкіне қатысты қауіпсіздікте болғандығы себепті, бұл оған (Муғираға) харам болған етін. Және оның оларды өлтіріп, мал-мүліктерін иемденгені оларға қатысты қиянат болды. Ал сенімді (аманатты) әрбір адамға қатысты: мейлі олар ізгі, бұзақы, иман келтірген, немесе кәпір болсын - ақтау керек!” Қараңыз: “әл-Әусат” 11/314.

Имам Ибн Баттәл «ал мал-мүлікке қатысты айтар болсақ, менің оған ешқандай қатысым жоқ» деген сөздерге байланысты былай деген: “Яғни мен оған оның харам болғандығы себепті қатыссызбын, өйткені бұл мал-мүлік әділетсіз жолмен табылған! Көпқұдайшылдардың мал-мүлкі оларды бағындырған кезде олжа ретінде алынатындығына қарамастан, ол қауіп-қатерсіз уақытта (бейбішілік кезінде) рұқсат етілмеген. Мысалы, егер адам кәпірлермен сапарлас болса, олардың әрқайсысы басқасынан қауіп-қатерден сақталған болады. Мұндай жағдайда қан төгу де, мал-мүлікті алып қою да сатқындық (қиянат) болып табылады, ал сатқындық (қиянат) кәпірлерге де қатысты тыйым салынған”. Қараңыз: “Шарх «Сахих» әл-Бухари” 8/129.

Хафиз Ибн Хәжар «ал мал-мүлікке қатысты айтар болсақ, менің оған ешқандай қатысым жоқ» деген сөздерге қатысты былай деген: “Яғни «мен оған қатыссызбын, өйткені бұл мал-мүлік қиянатшылдықпен табылған!» Бұл хадистен кәпірлердің мал-мүлкін бейбітшілік кезінде қиянатшылдықпен алып қоюға рұқсат етілмейтіндігі шығады, өйткені сапарлас топ бір-бірінен қауіп-қатерден сақталған күйде бірге жүреді. Және артылған сенім кез келгенге: ол мұсылман болса да, кәпір болса да - қайтарылуы керек! Ақиқатында, кәпірлердің мал-мүлкі шайқасып, оларды бағындырған кезде рұқсат етілген болады!” Қараңыз: “Фатхул-Бари” 5/341.

Имам Бадруддин әл-‘Айни бұл хадиске қатысты былай деген: “Көпқұдайшылдардың мал-мүліктері оларды бағындырғанда олжа ретінде алынатынына қарамастан, ол қауіпсіздік кезінде (бейбітшілік кезінде) рұқсат етілмеген! Мысалы, егер адам кәпірлермен бірге жол жүріп бара жатса, онда олардың әрқайсысы басқасынан қауіп-қатерден сақталған болады. Және мұндай жағдайда қан төгу және мал-мүлікті тәркілеу – сатқындық (қиянатшылдық), ал сатқындық (қиянатшылдық) кәпірлерге де қатысты тыйым салынған!” Қараңыз: “Умдатул-қари” 14/19.

Имам Шамсул-Хаққ ‘Азым Абади былай деген: “Бұл хадистен қауіпсіздік кепілдігі күшінде болған кезінде кәпірлердің мал-мүлкін алуға рұқсат етілмейтіндігі келіп шығады, өйткені олардың мал-мүлкі шайқасу кезінде және олардың жерін басып алу кезінде рұқсат етілген (хәлал)”. Қараңыз: «‘Аунул-ма’буд» 7/318.

Бұл - сөз болып жатқан мәселеге жарық күн сияқты ап-айқын және анық дәлел емес пе? Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деген: «Кім му’ахадқа жәбір көрсетсе, немесе оған қысым көрсетсе, немесе оған оның мүмкіндігінен тыс нәрсе жүктесе, немесе одан оның қалауынсыз бір нәрсесін алса, онда, ақиқатында, Ақырет күні мен оған қарсы күәлік етемін». Абу Дауд 3052, әл-Байһақи 9/205. Хадистің сахихтығын шейх әл-Әлбани растаған. 

Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «немесе одан оның қалауынсыз бір нәрсесін алса»  деген сөздері жалпылама, әрі бұл сөздер келісім-шартта болған кәпірдің мал-мүлкінің харам екендігіне нұсқап тұр емес пе?!
Кәпірлердің мал-мүліктерін иемденуге қай кезде рұқсат етіледі?
Аллаһ Тағала былай деген: «Олар сенен олжа туралы сұрайды. Айт: «Олжа Аллаһқа және Пайғамбарына тиесілі» (әл-Әнфал 8: 1).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген: «Егер сендер Аллаһқа әрі дұрыс пен бұрыстың айырылған күні, екі топ қарсыласқан (Бадр соғысы) күні құлымызға түсірген аяттарымызға иман келтірген болсаңдар, соғыстан олжа етіп алған нәрселерден бестен бірі Аллаһқа, Пайғамбарға, жақындарына, жетімдерге, міскіндерге және жолда қалғандарға тиісті екендігін біліңдер» (әл-Әнфал 8: 41).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген: «Аллаһ сендерге көптеген алатын олжаларды уәде етті және... мұны тез арада сендерге сыйлады» (әл-Фатх 48: 20).

Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Пайғамбарлардың бірі жорыққа аттанып, өзінің тайпаластарына: «Менің соңымнан үйленіп әрі әйеліне кіргісі келіп, бірақ әлі кіріп үлгермеген және үй салып, оны шатырмен жауы үлгермеген, және қойлар мен түйелер сатып алып, олардан төл алуды күтіп отырған (адамдар) ермесін», - деді де, содан соң жорыққа жылжыды. Аср намазының кезінде немесе осы уақыттың шамасында ол қалаға жақындап келді де, Күнге былай деді: «Сен Аллаһтың билігіндесін, мен де (Аллаһтың) билігіндемін. Уа, Аллаһ, оны біз үшін тоқтат!». Және Аллаһ оларға жеңіс сыйламайынша, ол батпады. Содан соң ол әскери олжаны жинап алды, ал аспаннан оны жою үшін от түсті, бірақ ол жиналған (олжаға) тиіспеді. Сонда әлгі пайғамбар: «Ақиқатында, сендердің араларыңдағы біреулер алдауға барды, ендеше маған әр рудан бір адам ант берсін!» - деді. Және олар осыны істегенде, біреуінің қолы оның қолына жабысып қалды. Сонда ол (пайғамбар): «Ақиқатында, алдауға барған сендердің араларыңда, ендеше сенің руластарыңның барлығы маған ант берсін!» - деді. Бұл жолы да оның қолына олардың екеуінің яки үшеуінің қолдары жабысып қалды, ал ол: «Алдауға барған – сендерсіңдер!» - деді. Содан соң олар алтыннан жасалған сиырдың басына ұқсаған бір басты әкеліп қойды, әрі сол кезде аспаннан түскен от барлық олжаны жойып жіберді, өйткені әскери олжа бізден бұрын өмір сүргендердің ешқайсысына рұқсат етілмеген еді, алайда кейін Аллаһ бізге оны алуға рұқсат берді. Ол біздің әлсіздігімізді және шамасыздығымызды көрген кезде бізге оны алуды рұқсат етті». Әл-Бухари 3124, Муслим 1747.

‘Абдур-Рахман ибн ‘Ауф Му‘аз ибн ‘Афра мен Му‘аз ибн ‘Амр әл-Жамуханың Абу Жәһлді өздерінің қылыштарымен шауып тастаған соң, Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, бұл туралы хабарлағандығы туралы баяндады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оны қайсыларың өлтірдіңдер?» - деп сұрады. Олардың әрқайсысы: «Оны мен өлтірдім!», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер қылыштарыңды сүрттіңдер ме?», - деп сұрады. Олар: «Жоқ», - деп жауап берді. Сонда ол олардың қылыштарына қарады да: «Сендер екеуің де Абу Жаһлді өлтірдіңдер, бірақ оның мүлкі Му‘аз ибн ‘Амр әл-Жамухаға тиеді», - деді. Әл-Бухари 3141, Муслим 1752.

Абу Қатададан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «(Жиһадта) өлтірілгеннің мүлкі оны өлтіргенге тиеді». Әл-Бухари 3142, Муслим 1751.

Имам Ибн әл-Мунзир былай деген: “Егер көпқұдайшылдардың мал-мүліктері мұсылмандар үшін рұқсат етілген болып табылса да, (ол) тек оларды бағындырған кезде ғана (болмақ)”. Қараңыз: “әл-Әусат” 11/314.

Хафиз Ибн Хәжар былай деген: “Ақиқатында, кәпірлердің мал-мүліктерін алу шайқас пен оларды бағындыру кезінде рұқсат (хәлал) болады!” Қараңыз: “Фатхул-Бари” 5/341.

Имам Шамсул-Хаққ ‘Азым Абади былай деген: “Кәпірлердің мал-мүліктері шайқас және олардың жерін басып алған кезде рұқсат етілген”. Қараңыз: «‘Аунул-мә’буд» 7/318.

Сөйтіп, Аллаһ Тағаланың шариғаты кәпірлердің мал-мүліктері тек екі жағдайда ғана хәлал болатынына нұсқайды:

1 – Кәпірлермен шайқасқан кезде, кәпірді өлтірген мұсылман оның барлық мүлкін (сәлб) алып қояды.

2 – Кәпірлердің әскерін талқандаған кезде немесе олардың жерін бағындырған кезде, олардың барлық мүліктері мұсылмандардың иелігіне өтеді.

Тіпті мұсылмандар кәпірлердің мал-мүліктерін иемденген жағдайда да, бұған қатаң шектеулер мен шарттар бар, әрі мұсылмандардың әмірі олжаны реттеп, бөліп бермейінше, (мұсылмандардың) әрқайсысы нені қаласа – соны және қалай қаласа – солай ала алмайды. Ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Ақиқатында, нухба өлекседен артық хәлал емес!» Абу Дауд 2705. Хадис сахих. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 1986.

Ән-нухба – «тонау» сөзінен шыққан. Бұл хадисте мұсылмандар бағындырған кәпірлердің жерлерінде өз қажеттіліктерінен тыс пайдаланатын олардың мал-мүліктерінен: азық-түлік, тамақ, т.с.с. заттар туралы сөз болуда. Қараңыз: “Файдул-Қадир” 3/173.

Шейх Ибн ‘Усәйминнен адамдар: «Кәпірлердің мал-мүлкін соғыста ұрлауға болады ма?», - деп сұрағанда, шейх: “Егер мұны олжаға қосу үшін ұрласаң, онда оқасы жоқ. Ал егер жеке өзің үшін ұрласаң, онда болмайды!”,  - деді. Тыңдаңыз: “Шарх «Сахих» әл-Бухари” 15-таспа, В беті.


жүктеу 425,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау