Сабақ тақырыбы: Жатыс септік



жүктеу 75,37 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі75,37 Kb.
#15802
түріСабақ

Сабақ тақырыбы: Жатыс септік

Мақсаты: 1.Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту.Септік жалғау-

ларын және сұрақтарын толық меңгерту.Жатыс септіктегі

сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінін және оның жалғауларымен

таныстыру.

2. Оқушылардың сабаққа деген қызушылығын арттыру, сөздік қорын

күнделікті сөйлеу тілін дамыту.

3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдіс- тәсіл: түсіндіру, сұрақ- жауап

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, суреттер, таблица, сызбалар.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1 слайд Сурет

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

-Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.Олар ұстаздар.Ендеше бүгінгі келіп отырған қонақтарға өзіміздің білімдерімізді, тәртібімізді көрсетейік.

(Бағалау парағын таратып,әр партадан бір бала белгілеп отырады.)



II. Үй тапсырмасы:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

321- жаттығу

Жазған сөйлемдеріңді ауызша оқып шығамыз. Сөйлемдерін

талдату.

Өткен сабақта қандай септікті өттік?

-Табыс септік

Ендеше «бәйге» ойыны арқылы өткен сабақтарда алған білімдерімізді тексерейік.



2 слайд Бәйге ойыны.

с.ж. 30- Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын

жалғауларды қалай атаймыз?

с.ж. 10- Зат есімнің септелуі дегеніміз не?

орта. 40- Атау, ілік септіктері қандай сұрақтарға жауап береді?

орта. 20-Барыс септіктің сұрақтары мен жалғауларын ата.

оң.ж. 30- Табыс септіктегі сөздерге қандай сұрақтар қойылыады?

оң.ж. 10- Қазақ тілінде неше септік бар?



III Жаңа сабақ

3 слайд Тірек сыбамен жұмыс

-Қай септіктермен жұмыс жүргіздік?

-Атау, ілік, барыс, табыс септіктерімен.

Бүгінгі сабақта жатыс септігімен жұмыс жүргіземіз.



4 слайд

-Жатыс септіктегі сөздер қазіргі жыл мезгілінде кездеседі ме?

-Кездеседі.

-Тағы қандай құбылыстар болады?

-Қар жауады, мұз қатады, аяз түседі, боран соғады, қырау қатады, дала ақ мамыққа оранады.

Дәптермен жұмыс

Ендеше дәптерімізді ашып ай-күнді жазайық.

Қар, аяз, боран деген сөздерді жатыс септігіне қойып сөйлем құратып жаздыру.

(оқулықтағы жаттығумен жұмыс)

Оқулықтағы 322- жаттығуды тақтада жаздырып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын айту.

6 слайд

Сергіту сәті Сиқырлы сандар ойыны

-Қыста ойналатын қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?

-Шаңғы тебу, коньки тебу, хоккей ойнау

-Өте жақсы.Олай болса, мына тапсырмаларды орындайық.



7 слайд

-Шаңғышыға шаңғы тебу үшін, шаңғы керек..

-Олай болса, мына тапсырманы дұрыс орындасаңдар, шаңғышы өз шаңғысын ала алады.

8 слайд

Интарактивті тақтада жазылған, жұмбақты оқып,шешуін табады.

Ауызша талдайды.

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (ағаш )

9 слайд

2 тапсырманы орындасақ конькиші өз конькиін алады.



324-жаттығу

Өлеңді жатқа жаз.Жатыс септіктегі сөздердің астын сыз.



10 слайд

-Ал хоккейші ойнау үшін не жетіспейді?

-Шайбасы.

Хоккей шайбасын алу үшін мына тапсырманы орындаңдар.

Берілген сөздерді жатыс септігіне қойып сөйлем құра

Үйірме, ауыл, мектеп, қыс.

Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін спортшылар суреттері көрсетіледі.

11 слайд

Спортшылар суреттері көрсетіледі.

-Осы спорт түрлерінен Қазақстанда қандай жарыс өтуде?

-Қысқы Азиада

-Балалар, VII Қысқы Азиада Алматы мен Астанада өтуде.Жалпы осы жарыста 169 спортшы қатысады. Қарағанда облысы бойынша бір спортшы шаңғы жарысынан Екатерина Аидова қатысады.

Өз спортшыларымызға тек алға деп тілей отырып, сабағымызды ары қарай жалғастырамыз.



Қорытынды: Тақтадағы таблицамен жұмыс жургізу.

12 слайд



Сөздер

Атау

септік


Ілік

септік


Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Қардың
















Шаңғышы

+

+










Аязға







+







Конькиді










+




Атамда













+

оқушылар

+













Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау

Оқушыларды бағалау.



(Бағалау парағымен жұмыс жүргізіп,бағалау.)

Үйге:325-жаттығу

шығармашылық тапсырма: «Қыс» тақырыбына шығарма жазу.

Әңгімеде жатыс септіктегі сөздер болуы керек.
жүктеу 75,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау