Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет11/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73

26
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектептердегі сыныптарды іріктеу
Іріктеудің алдын ала әзірленген схемасы негізінде 
40 мемлекеттік мектептегі 5-10 сыныптардың 
9 бен 17 жас аралығындағы балалардан ең 
кемінде 3000 оқушыны іріктеп алу мақсат 
етіп қойылды. Әр мектепте Адам құқықтары 
жөніндегі ұлттық орталық іріктеуге қосуы үшін па-
раллель 5, 6, 7, 8, 9 және 1-сыныптардың біреуі 
іріктеліп алынды. Сыныптарды таңдау схемасы 
іріктеуде академиялық үлгерім кесіндісі әр түрлі 
көрсеткіштер көрсететіндей етіп жоспарланған. 
Бұдан бөлек, аралас тілде білім беретін мектеп-
терде іріктеуге орыс тілінде білім беретін 3 және 
қазақ тлінде білім беретін 3 сынып таңдап алу-
ды қамтамасыз ету мақсатында ротация пайда-
ланылды. Зерттеу топтары әр мектепке келердің 
алдында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық 
орталық сол мектепке тән сыныптарды таңдау 
схемасын әзірледі, ол таңдаудың кездейсоқ
адал және әділ болуын қамтамасыз етті. Мектеп 
директорларының мектептегі сыныпты таңдауға 
қатыспағанын; мұны Адам құқықтары жөніндегі 
ұлттық орталық әзірлегенін атап өту қажет. 
Әр мектепте жергілікті зерттеу тобының мүшелері 
қай сыныпта сауалнама жүргізуі тиіс екенін 
нақты білді, мектеп директорына дәл осы сы-
ныптарда жұмыс істеу үшін рұқсат сұрады. 
Сауалнама үшін таңдап алынған әр сыныпта 
зерттеу тобы балаларға сауалнама мақсатын 
түсіндірді, жауап авторлары жария етілмейтініне 
, құпиялылықтың сақталатынына кепілдік берді, 
балаларға сауалнаманы қалай толтыру керектігін 
түсіндірді. Балаларға сауалнамаға өз аттарын 
немесе қандай да бір деректерді жазбау туралы 
нұсқау берді. Оқушыларға сауалнама толтыруға 
көмек көрсету және бақылау үшін әр сыныпта 
ең кемінде екі зерттеуші болды. Қалауы бойын-
ша, мектеп мұғалімі сауалнама кезінде сыныпта 
қалып, бақылау жасай алды, бірақ мұғалімдерге 
балалармен сөйлесуге, сауалнаманы толтыруда 
көмектесуге, балалар толтырған сауалнамалар-
ды қарауға рұқсат берілмеді. Толтырылған сау-
алнамалар бірден конверттерге салынды, бұдан 
кейін мектептің бірде-бір адамының жабылған 
конверттерді ашып, толтырылған сауалнамалар-
ды қарауға мүмкіндігі болмады. Желімделген 
конверттер түгелдей өңдеу және деректерді енгізу 
үшін жергілікті зерттеу топтарының кеңселеріне 
жіберілді.  
Мектептегі зорлық-зомбылықты 
анықтау мен өлшеу
Халықаралық зерттеулер мектептерде орын ала-
тын зорлық-зомбылықтың түрлі нысандарын 
анықтау үшін әр түрлі критерийлерді пайдаланады. 
Жалпы әдіс ретінде зорлық-зомбылықты әрекеттің 
түріне сәйкес жіктеу қолданылады. 1-тараудың 
1.1-шеңберінде осы бағалауда қарастырылатын 
мектептегі зорлық-зомбылықтың алуан түрі 
сәйкестендіріліп, аталады. Осы бағалау үшін ар-
найы әзірленген, балаларға, мұғалімдер мен 
мамандырылған қызметкерлерге арналған 
сұрау парақшалары 1.1-шеңберінде белгіленген 
зорлық-зомбылықтың сегіз түрінің әрқайсысын 
өлшеуге бағытталған. 
Өлшеулерге зорлық-зомбылықтың әр түрінің си-
паты мен дәрежесін өлшеуге мүмкіндік берілген, 
мінез-құлыққа қатысты мәселелер сериясы 
қамтылды. Балалармен өткізілген сұхбаттар да 
мектептерде орын алатын зорлық-зомбылықтың 
түрлі нысандарын өлшеуге бағытталды; сонда 
да болса, әр түрлі жауап берілуі мүмкін сұрақтар 
пайдаланылды, бұл балаларға 1.1- шеңбердегі 
зорлық-зомбылық түрлерінің әрқайсысына 
байланысты әр түрлі іс-әрекеттерді анықтауға 
мүмкіндік берді. 
Деректерді жинау құралдары
Төмендегі бөлімдерде келтірілген барлық де-
рек жинау құралдарын ЮНИСЕФ халықаралық 
кеңесшісі, доктор Робин Хаар әзірледі. Мұның 
алдында ол мектептердегі зорлық-зомбылықты, 
құрбылар тарапынан қорқыту, мектептердегі 
ұрып-соғу, мектептің зорлық-зомбылыққа шара 
қолдануы және баланы қорғау мәселелерін 
зерттеудің қолданыстағы құралдары туралы 
халықаралық әдебиетті жан-жақты зерттеген бо-
латын. ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісі әр са-
уалнама мен сұхбатты дайындау міндетін өзіне 
алды, олардың мәдени тұрғыдан алғанда ақылға 
қонымды әрі сезімтал болуы үшін Адам құқықтары 
жөніндегі ұлттық орталықпен бірлесіп жұмыс 
істеді. Сауалнама мен сұхбаттың әрқайсысы алды-
мен ағылшын тілінде дайындалып, кейіннен орыс 
және қазақ тілдеріне аударылды. Аударылған 
сауалнамалар мен сұхбаттардың сапалылығын 
қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары 
жөніндегі ұлттық орталық пен Қоғамдық 


27
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
пікірлерді зерттеу орталығының атынан әрекет 
ететін жергілікті зерттеу топтары қарап, тексеріп 
шықты. Әр өңірде жергілікті зерттеу тобының 
құрамына орыс және қазақ тілдерінде сөйлейтін 
адамдар кірді. 
Мектептердегі балалар арасында 
сауалнама жүргізу
40 мемлекеттік мектептердің әрқайсысында 
5-10-сыныптарының 9 бен 17 жас аралығындағы 
балалардан сауалнама алынды. 9 бен 17 
жас аралығындағы балалар оқу және түсіну 
дағдыларының деңгейінде сауалнамаларға жауап 
берді. Халықаралық зерттеулердің анықтауынша, 
9 жасқа толмаған балалар құрбылары тарапы-
нан қорқыту мен мектептегі зорлық-зомбылыққа 
байланысты мәселелерді түсіну, қабылдау бары-
сында қиындыққа көп кезігеді. 
Халықаралық зерттеулер сондай-ақ сауална-
маларды өздігімен толтырудың мектептердегі 
балаларға қатысты зорлық-зомбылық сипаты 
мен таралуына бағалау жүргізу үшін ең жақсы 
әдістерідің бірі екенін де көрсетті. Бұл ретте 
мектептердегі зорлық-зомбылық сипатының тым 
шетін мәселе болып табылатыны, балалардың 
құрбыларының не мектеп қызметкерлерінің 
тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағаны 
жайында ашық айтудан жасқанатыны есеп-
ке алынды. Сауалнама сондай-ақ мектептегі 
зорлық-зомбылықтың балаларға әсері, 
олардың көмек алу және мектептегі зорлық-
зомбылық оқиғалары туралы хабарлаудағы 
стратегиясын зерттеу үшін тиімді құрал болып 
табылады, балалар туралы маңызды салысты-
рулар мен байланыстарды талдауға мүмкіндік 
беретін демографиялық ақпаратты жинауға 
көмектеседі.    
Оқушылар арасында сауалнама жүргізу:
•  демографиялық  сипаттамаларды  (мысалы,
жынысы, жасы, оқу жылы, ұлты);
•  отбасылық  бағдарын  (мысалы,  ата-анасымен
бірге тұру, ата-анасына бауыр басу, отбасылық 
жанжалдар);
•  физикалық агрессия үрдістерін;
•  ашу-ыза үрдістерін;
•  мектептік бағдарын (мысалы, мектепке бауыр
басу, мектептегі атмосфера);
•  мектептегі  зорлық-зомбылықтың  балалар
арасындағы куәгерлерін (психологиялық, 
физикалық, жыныстық сипаттағы сөздер мен 
қысым көрсетулер, экономикалық, кибербул-
линг және кемсітушілік);
•  мектептегі  зорлық-зомбылықтың  балалар
арасындағы құрбандарын (психологиялық, 
физикалық, жыныстық сипаттағы сөздер мен 
қысым көрсетулер, экономикалық, кибербул-
линг және кемсітушілік);
•  балаларға  қатысты  зорлық-зомбылық  жасау-
шы адамдарды (психологиялық, физикалық, 
жыныстық сипаттағы сөздер мен қысым 
көрсетулер, экономикалық, кибербуллинг 
және кемсітушілік);
•  қару алып жүруді (мысалы, балалардың мек-
теп аумағында және мектеп аумағынан тыс 
жерде қару алып жүруі, мектеп аумағында 
қару алып жүрген балаларды білуі);
•  мектептегі
зорлық-зомбылыққа
шара
қолдануды (мысалы, мектептегі зорлық-
зомбылыққа құрбылар мен ересектердің 
жауап қатуы, мектептегі проәлеуметтік 
мінез-құлық реципиенттері, мектептегі 
зорлық-зомбылыққа қарсы жұмыс істеу бой-
ынша мектеп ережелері);
•  мектеп  мұғалімдері  мен  директорларының
ұрып-соғуын және кемсітуін;
•  қашып кетуді;
•  психикалық  денсаулықты  (мысалы,  өмір  сүру
рейтингі, өзін-өзі зақымдау үрдістері мен суи-
цидалды үрдістер) өлшеуге бағытталды. 
Бұл сауалнама болғандықтан, балалар сауал-
наманы өз бетімен оқып, толтырды. Зерттеу 
тобының мүшелері балалар сауалнама толтырған 
кезде сыныпта болып, балалардың сауална-
маны толтырғанын бақылады. Зерттеу тобы 
балалардың сауалнаманы өз бетімен толтырып, 
бір-бірімен сөйлеспеуі және басқалардың жау-
аптарын көрмеуі үшін бақылау жасады. Зерттеу 
топтары сондай-ақ балаларға қажеттілігіне қарай 
сауалнаманы толтыруға көмектесті (мысалы, 
сұрақтар мен сөздердің мағынасын түсіндіру, 
торкөздерді дұрыс толтыру керектігін түсіндіру), 
себебі балалардың оқу және түсіну қабілеттері әр 
түрлі болды. Балаларға сауалнама толтырғаны 
үшін ақы төленбегенін, тіпті қандай да бір ынта-
ландырулар жасалмағанын айта кету керек. 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау