Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет13/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73

30
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектеп директорларымен сұхбат  
Әр мектепте сондай-ақ мектеп директорымен 
не оқу ісінің меңгерушісімен құрылымданған 
сұхбаттар жүргізілді. Сұхбат ашық жауап не 
ұсынылған жауаптардың бірін таңдап алуға бола-
тын, мынадай ақпаратты жинау үшін әзірленген 
сұрақтар сериясынан құралды:
•  мектеп  туралы  ақпарат  (мысалы,  атауы,
орналасқан жері, мектеп көлемі – оқушылар, 
мұғалімдер, қызметкерлер саны, қалалық 
әлде ауылдық);
•  мектеп директорының не оқу ісін меңгерушінің
жеке демографиялық мінездемелері;
•  балаларға  қатысты  зорлық-зомбылық  туралы
анықтама;
•  мектептердегі  балаларға  қатысты  зорлық-
зомбылық туралы білуі;
•  мектептердегі
зорлық-зомбылықтың
же-
келеген жағдайларына жауап ретінде 
қолданылатын шаралар, оның ішінде мек-
тепте зорлық-з омбылық жасаған балалар 
мен зорлық-зомбылықтың құрбаны болған 
балаларға қатысты іске асырылған әрекеттер;
•  мектептердегі  зорлық-зомбылық  оқиғаларын
тіркеу/есепке алу, оның ішінде тіркелген 
оқиғалардың саны және осындай жағдайларды 
есепке алуды талап ететін ережелер;
•  мектептердегі зорлық-зомбылық жағдайлары
туралы, оның ішінде мектепте зорлық-
зомбылық жасаған балалар мен зорлық-
зомбылықтың құрбаны болған балалар ту-
ралы сыртқы ұйымдарға не қолдау көрсету 
қызметтеріне хабарлау;
•  мектепте
зорлық-зомбылық
әрекетіне
қатысқан балалар мен зорлық-зомбылықтың 
құрбаны болған балаларға бақылау жасау/
мониторинг жүргізу; 
•  өткен
оқу
жылында
зорлық-зомбылық
үшін мектептен шығарылғандарды қоса 
алғанда мектептердегі зорлық-зомбылық 
жағдайларына қатысты мектеп тәртібінің сая-
саты мен тәжірибесі; ;
•  мектептердегі
зорлық-зомбылық
пен
гендерлік кемсітушілік жағдайларына қатысты 
мектеп қызметкерлеріне берілетін нұсқаулық 
пен оларды оқыту;
•  мектептердегі  зорлық-зомбылыққа  қарсы
күрес бойынша бастамалар;
туралы нұсқаулармен таныстырды. Мұғалімдер 
мен мамандандырылған қызметкерлер 
сауалнамаға өз есімдерін көрсетпеу және қандай 
да бір деректерін жазбауы қажет екені туралы 
нұсқау алды. 
Бұл сауалнама болғандықтан, мұғалімдер 
мен мамандандырылған қызметкерлер 
сұрақ парақшасын өздігімен толтырды. 
Зерттеу тобының мүшелері мұғалімдер мен 
мамандандырылған қызметкерлер сауалнама 
толтырған кезде сыныпта болып, мұғалімдер 
мен мамандандырылған қызметкерлер сау-
алнаманы өз бетімен толтырып, бір-бірімен 
сөйлеспеуі және басқалардың жауаптарын 
көрмеуі үшін бақылау жасады. Зерттеу топтары 
сондай-ақ мұғалімдер мен мамандандырылған 
қызметкерлерге қажеттілігіне қарай сауална-
маны толтыруға көмектесті (мысалы, сұрақтар 
мен сөздердің мағынасын түсіндіру, торкөздерді 
дұрыс толтыру керектігін түсіндіру). Оларға сау-
алнама толтырғаны үшін ақы төленбегенін, тіпті 
қандай да бір ынталандырулар жасалмағанын 
айта кету керек. 
Мұғалімдер мен мамандандырылған 
қызметкерлерге сауалнама сұрақтарына жау-
ап бере алмаса немесе қалай жауап беруі ке-
рек екенін білмесе, жауап жазбай-ақ қоюына 
болатыны ескертілді. Дегенмен, зерттеу топта-
ры сауалнамалардың барлығын толтыру бары-
сында сұрақтарға толығымен жауап берілгеніне 
көз жеткізу үшін немесе жекелеген сұрақтарға 
не себептен жауап жазылмағанын түсіну үшін 
тексеріп отырды. Орташа алғанда, мұғалімдер 
мен мамандандырылған қызметкерлер 
зерттеушілерден нұсқаулық алғаннан кейін сау-
алнаманы толтыруға 30-дан 40 минут аралығына 
дейін уақыт жұмсады. 
Мұғалімдер мен мамандандырылған 
қызметкерлер сауалнамаларды толтырып біте 
салысымен бірден жабық конвертке салынды. 
Жабық конверттерге мектептің де, мұғалімдер 
мен мамандандырылған қызметкерлердің де 
құпиялылығын сақтау үшін өңір кодымен, мектеп 
типінің кодымен және мектеп нөмірімен белгілері 
салынды. Директорларға жабық конверттерді 
ашуға, толтырылған сауалнамаларды қарауға 
рұқсат берілген жоқ. Барлық толтырылған не-
месе бір бөлігі толтырылған сауалнамалар зерт-
теу компаниясының бас кеңсесіне жіберіліп, 
тексерілді және өңір коды, мектеп нөмірі және 
сауалнама номерімен жабдықталды.   


31
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
•  мектептердегі  зорлық-зомбылыққа  қарсы
күрес үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес 
ұйымдармен бірлесе үйлестіру тетіктері;
•  мектептердегі  зорлық-зомбылыққа  қатысты
білім мен әлеуетті күшейтуге мұқтаждық.
Әдетте зерттеу тобының екі мүшесі мектеп 
директорымен не оқу ісінің меңгерушісімен 
өткізілген сұхбатқа қатысты. Сұхбат барысында 
зерттеушілер алдымен қағазға жазбаша ныса-
нын түсіріп, кейін олар зерттеу тобының кеңсесіне 
жіберілді; ұсынылған нұсқалар бойынша жау-
ап беруге болатын сұрақтар SPSS-ке енгізіліп, ал 
ашық жауап беруге болатын сұрақтар орыс не 
қазақ тілінде Word форматына түсірілді.   
Сынама зерттеу және зерттеу 
тобын оқыту
2012 жылдың 10 қыркүйегінде ЮНИСЕФ 
халықаралық кеңесшісі, доктор Робин Хаарр 
зерттеу компаниясының 14 мүшесіне бір күндік 
тренинг өткізді. Бұл тренинг зерттеу құрылымына, 
деректерді жинау құралдарына, этикалық 
кеңестерге, сондай-ақ зерттеуге қатысушыларды 
қорғау шараларына арналды. 14 зерттеушіден 
құралған топ ішінде әр төрт өңірдің бірінен кел-
ген үш мүше мен Алматы қаласындағы зерт-
теу компаниясының кеңсесінен жобаның екі 
менеджері болды. 
Зерттеу тобына арналған бір күндік тренингтен 
кейін топ мүшелері сондай-ақ бағалау құрылымы 
мен деректерді жинау құралдарымен танысу үшін 
сынама зерттеу ретінде ЮНИСЕФ халықаралық 
кеңесшісінің практикалық тренингінен өтті. 
Практикалық тренинг пен сынама зерттеу төрт 
күн бойы 2012 жылдың 11 және 14 қыркүйегі 
аралығында өңірлердің біріндегі төрт жалпы білім 
беретін мектепте өткізілді. ЮНИСЕФ халықаралық 
кеңесшісі өткізген практикалық тренинг пен 
пилоттық оқыту зерттеу тобының жұмысына мо-
ниторинг жүргізу және жергілікті жерлерде зерт-
теу құрылымын жүзеге асыру, деректерді жинау 
құралдарын пайдалану, этикалық кеңестерді 
сақтау және зерттеуге қатысушыларды қорғау 
саласындағы әлеуетті күшейту бойынша тренинг-
тер өткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз етті. Сынама 
зерттеу сондай-ақ бағалау және деректерді жинау 
құралдарына қажетті түзетулер енгізуге, сондай-
ақ аудару/сөйлем құраудағы қиындықтармен 
жұмыс істеуге мүмкіндік берді.  
Деректерді енгізу және талдау
ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісі деректерді 
SPSS және Word форматына енгізу жүйелерімен 
бірге кодтаудың стандартталған рәсімдерін 
әзірледі. Зерттеу компаниясы деректерді басқару 
мен барлық деректі SPSS және Word форма-
тына енгізуге жауапты болды. Сұхбаттың Word 
форматындағы қазақ және орыс тілдеріндегі 
толық жазба мәтіндері жасалып болған соң, олар 
ағылшын тіліне аударылды. Деректерді енгізу 
аяқталғаннан кейін, барлық сауалнамалар мен 
сұхбаттар, сондай-ақ сұхбаттар бойынша егжей-
тегжейлі жазбалар Адам құқықтары жөніндегі 
орталыққа сақтауға тапсырылды. 
Бұдан кейін деректердің барлық жиынтықтары 
талдау үшін ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісіне 
тапсырылды. SPSS балалар, мұғалімдер, 
мамандандырылған қызметкерлердің са-
уалнамаларын, сондай-ақ директорларға 
берілген сұрақтардың ұсынылған жауаптың 
бірін таңдауға рұқсат берілген түрлерін тал-
дау үшін қолданылды. Балалар мен мек-
теп директорынан алынған сұхбат бары-
сында белгілі болған сапалық деректердің 
барлығы кодталып, әлеуметтанушылар пай-
даланатын сапалық деректерді талдаудың 
бағдарламалық жабдықтамасы NVivo9-да тал-
данды. Сұхбатқа қатысқан барлық балалар мен 
мектеп директорларының тұлғалық дәрежесін 
қорғау мақсатында зерттеу барысында берілген 
сәйкестендіру нөмірлері өзгертіліп, талдау ба-
рысында ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісі әр 
респондентке жаңа сәйкестендіру нөмірін берді. 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау