28
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Балаларға сауалнама сұрақтарына жауап
бере алмаса немесе қалай жауап беруі керек
екенін білмесе, жауап жазбай-ақ қоюына бо-
латыны ескертілді. Дегенмен, зерттеу топтары
сауалнамалардың барлығын толтыру барысын-
да сұрақтарға толығымен жауап берілгеніне
көз жеткізу үшін немесе жекелеген сұрақтарға
не себептен жауап жазылмағанын түсіну үшін
тексеріп отырды. Орташа алғанда, балалар
зерттеушілерден нұсқаулық алғаннан кейін сау-
алнаманы толтыруға 30-дан 40 минут аралығына
дейін уақыт (бір сағат) жұмсады.
Балалар сауалнамаларды толтырып біте са-
лысымен, жауаптар бірден жабық конвертке
салынды. Жабық конверттерге мектептің де,
балалардың да құпиялылығын сақтау үшін өңір
кодымен, мектеп
типінің кодымен және мектеп
нөмірімен белгілер салынды. Директорларға да,
мектеп мұғалімдеріне де жабық конверттерді
ашуға, толтырылған сауалнамаларды қарауға
рұқсат берілген жоқ. Барлық толтырылған не-
месе бір бөлігі толтырылған сауалнамалар зерт-
теу компаниясының бас кеңсесіне жіберіліп,
тексерілді және өңір коды, мектеп нөмірі
және сауалнама нөмірімен жабдықталды.
Толтырылған сауалнамалардың барлығын зерт-
теу компаниясы кейіннен SPSS бағдарламалар
пакетіне енгізді.
Мектептердегі балалармен сұхбат
«Бетпе-бет» сұхбат 40 мемлекеттік мектептің
әрқайсысында 10 баламен (5 ұл, 5 қыз)
өткізілді,
жалпы сұхбатқа қатысқан баланың саны 402-
ні құрады (201 ұл мен 201 қыз). Балалармен
сұхбаттың міндеті оқушылардың құрбылары
тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық,
мектептердегі ұрып-соғу туралы түсініктері мен
тәжірибелерін және олардың мектептегі зорлық-
зомбылыққа қалай жауап қайтаратынын білу бо-
лып табылды. Сондықтан сұхбаттар балалардың
өздері куә болған, бастарынан өткерген не-
месе өздері мектептерінде жасаған зорлық-
зомбылық пен кемсітушілік оқиғаларын сипат-
тап бере алатындай әзірленген. Кейін олардан
бұл оқиғаның қашан болғанын,
егер әлі де
осындай мәселелерге тап келіп жүрсе, қайталану
жиілігін (зорлық-зомбылықты мектепте басы-
нан өткерген жағдайда), зорлық-зомбылыққа
жалғыз не бір топ баланың қатысқанын
сұрады. Балаларға сондай-ақ олардың
зорлық-зомбылық жайлы біреуге айтқан-
айтпағаны, айтқан болса, оның қандай жауап
қайтарғаны, шара қолданғаны туралы сұрақ
қойылды. Сонымен бірге, зорлық-зомбылық
құрбаны болған балаға одан әрі не болғанын,
не өздері
зорлық-зомбылыққа ұшырағанда
қандай сезімде болғанын, денесіне ауырту сезімі
түскен-түспегенін, өздеріне қатысты зорлық-
зомбылық жасаған адамнан кек алғысы келітін-
келмейтіндігі туралы айту сұралды. Сұхбатта
сондай-ақ мұғалімдердің ұрып-соғуы туралы
және сыныпта балаларды бақылауда ұстау үшін
қолданылатын басқа да жазалау әдістері туралы
бірнеше сұрақ қамтылды.
Сұхбаттағы сапалық көрсеткіштер зерттеудің
сандық көрсеткіштерін толықтырады (яғни,
зерттеудің сандық мәліметтерінің және зерттеудегі
басқа да индикаторлар/өлшемдік шамалардың
контекстік мәні мен түсінігін қамтамасыз етеді).
Жергілікті жерлердегі зерттеу топтары
сауалнамаға
қатыспаған сыныптармен қалай
жұмыс істеу және сұхбатқа балаларды қалай
таңдау керек екені туралы нұсқаулар алды.
Сұхбат үшін таңдалған балалардың барлығынан
олардан сұхбатқа қатысқысы келетін-келмейтіні
анықталды; балаларға қатысудан бас тартуға
еш ренішсіз рұқсат етілді; бұл жағдайда зерттеу
топтары сыныптағы басқа баланы таңдап, оның
сұхбатқа қатысуына келісімін білуге нұсқау
алды.
Балаларға сұхбат мақсаттарын түсіндіргеннен
кейін зерттеушілер сұхбатты балалармен
бетпе-бет жүргізді. Әр балаға анонимдік пен
құпиялылық кепілдігі берілді. Зерттеушілер
сұхбатты жазбаға түсіріп отырды. Орташа алғанда,
сұхбат балалардың 15-25 минутын алып отыр-
ды. Сұхбат бойынша
жасалған барлық жазбалар
бірден жабық конвертке салынып, аузы бекітілді.
Мектеп директорлары мен мұғалімдеріне жабық
конверттерді ашуға рұқсат берілген жоқ. Барлық
аяқталған сұхбаттар зерттеу компаниясының
бас кеңсесіне жіберіліп, оларға өңір коды, мек-
теп нөмірі және сұхбат нөмірімен жабдықталды.
Толтырылған сұхбаттардың барлығы зерттеу топ-
тары орыс не қазақ тілдерінде (сұхбат өткізілген
тілде) Microsoft Word форматына түсірілді,
кейіннен оларды кәсіби аудармашылар ағылшын
тіліне аударды.
29
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектептердегі мұғалімдер
мен мамандандырылған
қызметкерлерден
сауалнама алу
40 мемлекеттік мектептің әрқайсысында
мұғалімдер мен мамандандырылған қызметкерлер
арасында сауалнама жүргізілді. 1000 мұғалім
мен мамандандырылған қызметкерден құралған
жалпы таңдаулы топты алу үшін 40 мемлекеттік
мектептің әрқайсысында 25-30 мұғалім мен
мамандандырылған қызметкерлер мүшелерінен
сауалнама алу міндеті қойылды.
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер арасында сауалнама:
• демографиялық сипаттамаларды (жынысы,
жұмыс мәртебесі, жасы, жұмыс істеген жыл
саны, сыныптағы оқушылардың орташа саны,
білім деңгейі, жұмыс істеген жылдары, сабақ
беретін сыныптар/пән);
• балаларды
және оқыту ісін қабылдауын;
• мектептегі балалар арасындағы зорлық-
зомбылық куәландыруын (психологиялық,
физикалық, жыныстық сипаттағы сөздер мен
қысым көрсетулер, экономикалық, кибербул-
линг және кемсітушілік);
• мұғалімдер
қолданатын
жазалау/
тәртіпке шақыру құралдарын (позитивті,
психологиялық, физикалық және еңбекпен
жазалау/тәртіпке шақыру);
• мұғалімдердің балаларды кемсітуін;
• мектептегі зорлық-зомбылыққа жауап қатуын;
• мектептегі
зорлық-зомбылық
пен
мұғалімдердің ұрып-соғуына қатысты мектеп
саясаты;
• мұғалімдерге
арналған тренингтер мен
оқуларды өлшеу үшін әзірленді.
Әр мектепте жергілікті зерттеу тобының мүшелері
25-30 мұғалім мен мамандандырылған
қызметкерлерден бір мезетте сауалнама алу
мақсатында бір орынжайға жинау үшін мек-
теп директорымен бірлесе жұмыс істеді. Зерттеу
топтары мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлерді сауалнама мақсаттарымен таны-
стырып, анонимдік пен құпиялылыққа кепілдік бе-
руден бастады, содан кейін сауалнаманы толтыру