Бауыр обыры
Бауыр қатерлі ісікке жиі ұшырайды, соның ішінде бөгелме ісіктерге. Бөгелме ісіктердің көпшілігі іш қуыс мүшелердің ісігінен пайда болады. Біріншілік бауыр обыры, екіншілік бөгелме ісіктерге қарағанда сирек кездеседі. Біріншілік обыр тікелей бауыр клеткаларынан (гепатоцеллюлярлы обыр), немесе өт жолдарының шырышты қабатынан (холангиоцеллюлярлы обыр) шығады.
Бұл жөнінен ғылымда, гепатит В-ның вирусы мен бауыр обырының ара-қатынасы анықталып, оған қарсы вакцина сақтану үшін кеңінен қазір қолдануда. Өт жолынан шыққан обырда, өт жолдарында өмір сүретін құрттардың (Гельминт Opisthorchidae) рөлі кеңінен зерттелінуде. Осы құртты емдесе, онда бауыр обырының жиілігі төмендеуі
ықтимал. Бірақ, не себептен бұл құрт бауыр ауруын туғызады, ол әлі шешілмеген мәселе, осыған байланысты бауыр обырынан сақтану жолдары нәтижесіз келеді. Бауыр обырын емдеу өте күрделі және ол пәрменсіз. Радикальды емге операция – бауыр резекциясы жатады. Осы хирургиялық әдісті орындау арнайы дайындалған мамандар мен ауруханаларды талап етеді. Сондықтан кейінгі кездерде бауыр артериясын эмболизация жасайды, микросфераларды жіберіп, одан соң химиопрепараттарды береді, немесе ультрадыбыспен қадағалап ісік түйінін талқандайды (криодеструкция), немесе оған спирт ертіндісін енгізеді. Емделген аурулардың тек тең жартысында (40-50%) ғана, бес жылдық өмір сүру көрсеткішін анықтауға болады. Бауырдың осы екі гистологиялық обыр түрі, екі түрлі ауру болып саналады. ауырдың физиологиялық маңызы, атқаратын қызметі,
анатомиясы. Бауыр оң жақ, сол жақ бөліктерден тұрады, оларда 4 бөліміне 8 сегмент бар; осыншама көк қан тамырлары бір-бірімен байланысып жатыр. Әр бөлім, сегмент өз алдына өт жолдарын, қан мен лимфа айналымдарын құрайды. Осылар хирургиялық әдіс – резекцияға тікелей әсерін тигізеді.
Көлденең бағытта бауырдың төменгі шекарасы оң жақ қабырға доғасына сәйкес келеді; ал жоғары шекарасы 5 қабырға деңгейінде жатыр. Бұл қашықтық 10 см-ден аспайды – осы бауырдың оң жақ бөлігі болып саналады. Ал сол жақ бөлік кіндік пен төс сүйегінің төменгі жеріндегі қашықтықтай – ол 9 см-дей келеді. Ал бауырдың қалыңдығы 8 см-дей болады, міне осы үш өлшем бауыр көлемі болып саналады. Бауырдың көлемі Курлов бойынша = 10 х 9 х 8 см. Бауыр ауруларында осы көрсетілген өлшемдердің әрқайсысы өзгеруі мүмкін. Осындай өзгерістер ісік ауруында да болады. Бауырдың қан мен лимфа айналымы, негізінде қақпа көк тамырларынан және 20-30% жағдайда бауыр артериясыннан тұрады. Ол тікелей іш қолқасының бұтағынан шығады. Қақпа көк тамырына, қан іш қуысындағы мүшелерден келеді де, олар бөліне-бөліне кішкене капиллярларға айналады. Капиллярлардың жалпы көлемі 400 м2 құрайды, осындай үлкен
тамыр алаңдарында қақпалар бар, солардың арқасында қан айналымы баяу жүріп отырады. Бір жағынан аталмыш қан айналымындағы ерекшеліктер қан клеткаларының тұрып қалуына, өніп-өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Міне, осыған байланысты бөгелме ісік бауырда жиі кездеседі. Жүктілік кезде, балаға қан кіндік көк тамыр арқылы барады, босанғаннан кейін, көк қан тамырдың дистальды жағы (3-5см) өзінен өзі беріштеніп жабылып қалады, ал бауырға баратын проксимальды жағында, тамыр қуысы сақталады,
бірақ, онымен қан жүрмесе де, оны сүмбімен кеңейтіп, табиғи қалпына келтіруге болады, сөйтіп дәрі жіберуге, ангиография жасауға мүмкіншілік туады. Лимфа айналымы қақпа көк тамыр айналасындағы лимфа бездері арқылы бауыр артериясы мен жалпы өт жолы бойымен жүріп отырады. Бұдан басқа обыр клеткалары лимфа сұйығы арқылы көк ет үстіндегі лимфа бездерінің қатысуымен орталық кеуде қуысымен байланысады. Сонымен бауыр, қан мен лимфа тамырларына өте бай мүше. Бұл жағдай – обыр ауруының ағзада
таралуына қолайлы сәт болып саналады. Міне, осы себептен де, бауыр обырында емдік нәтиже өте төмен.
Физиологиялық қызметіне байланысты, гепатоциттерден өттен басқа, холестерин, біріншілік өт қышқылы, фосфолипид, электролит т.б. материалдар шығады. Тәулігіне 600 мл-дей өт өндіріледі, оның көлемі майлы тағам көбейген сайын көбейеді. Жалпы өтсіз кез келген май реттелмейді, сіңбейді. Өттегі біріншілік өт қышқылдары (холді және дезоксихолді) ұлтабарға түсіп, ондағы ферменттер арқылы екіншілік өт қышқылына
(литохолді және дезоксихолді) айналады. Орташа есеппен 85- 90% өт қышқылдары ащы ішектен қанға сіңеді, қалғандары 10- 15% нәжіс арқылы сыртқа шығады, ал нәжіс көп тұрып қалса, ондаға екіншілік өт қышқылдарының рак қоздырғыш қасиеттері пайда болады. Осы екіншілік өт қышқылдарының уыттық және мутагендік қасиеттері бар. Екіншілік өт қышқылдары тек ішектерде ғана емес, сонымен қатар бауыр ішіндегі өт
жолдарында да, бактериялардың, құрттардың (описторхоз фелинеус) зиянды әсерлерінен пайда болады. Өт қышқылы: Бауырда холестериннен біріншілік өт қышқылдар пайда болады, Хенодезоксихолинді және холинді. Екіншілік өттік қышқылдар көбінесе нәжіспен сыртқа шығарылады. Бірақ екіншілік өттік қышқылдар хенодезоксихолинді және холинді қышқылдар ішекте қайта сіңіріліп, бауырға барып өттің қайта толық компонентін құрайды.
Өттік пегменттер: Макрофагтар әсерінен бауырда, көкбауырда және сүйек миында эритроциттер ыдырағанда, гемоглобиннен гем босайды, босатылған гемнен темір мен өттік пигменттер түзіледі. Бөлінген темір қайтадан жаңа гем түзілуге қатысады, ал өттік пигменттер өт арқылы сыртқа шығарылады. Гемнің бастапқы ыдырауыда биливердин пайда болады, ол редуктаза ферменті әсерінен билирубинге айналады. Билирубин
суда ерімейтін фермент. Бауырдың атқаратын қызметі:
1. Секреторлық қызмет-гепатоциттер арқылы өндірілетін өттің физиологиялық белсенді үрдіс, ол келесі қызметтерді атқарады:
-Ұлтабарда майды эмульгациялайды , гидролиздік үрдіс арқылы майлы тағамдарды ыдыратады.
-Бауырлық гепатоциттер мицелла мен хиломикрондар өндіруге тікелей қатысып, үш глицериттердің қайта түзілуіне және қайта сіңірілуіне қатысады.
-Ұйқы безінің ішекке түсетін ферменттердің, әсіресе липазаның белсенділігін жоғарлатады.
-Гидролиздік үрдісті күшейтіп, көмірсулар мен нәруыздардың сіңірілуіне қатысады.
-Тоқ ішектегі микрофлоралардың өсіп өнуін және де асқазан ішек жолдарының қозғалтқыш қызметін ынталандырады.
-Ұлтабарға асқазаннан түсетін пепсинді бейтараптандырады.
2.Түзуші қызметі: бауырда нәруыздар альбумин, глобулин түзіледі. Қанды ұйытатын факторлармен фиброноген, протромбин, глюкоза, глюкоген, кетон денелері, қорытылған
майлар түзіледі.
3. Мочевина мен креатининді өндіру арқылы қандағы улы заттарды бейтараптайды.
4. Бауырда көптеген гормондар бейтараптанады: стероидтар, глюкоген, инсулин белсенді аминдер.
5. Гидролиз және глюкорен мен басқа қышқылдардың конъюгациясы арқылы дәрі-дәрмектермен улы заттарды бейтараптайды.
6. Бауыр нәруыз, көмірсутекті, май, микроэлементтерді қойма ретінде сақтайды.
7. Бауыр эритрокинетика үрдісіне белсенді қатысып эритроциттерді ыдыратып, гемді дегидратациялайды.
8. Бауыр организмдегі иммунологиялық үрдістерге қатысады. Жас ұлғайған сайын ісік жиілігі өсе түседі. Жас балалардың 15 жасқа дейінгілерінде, бұл ісік барлық ісіктердің
1,5% құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |