Қарағанды қаласының паспорты
2015 жыл
Қысқаша тарихы
XIX ғасырдың өзінде қала орнында ештеңе болмаған. 1833 жылы қойшы бала Аппақ Байжанов көмірді тауып алған деген аңыз бар. ХІХғасырдың соңында көмірді өндіруді бастаған алғашқыда орыс көпестері болса, кейіннен француз және ағылшын кәсіпкерлері болған. Рудниктерде Үлкен Михайловка, Тихоновка, Зеленая балка және Новоузенка кенттерінің тұрғындары жұмыс істеген.
1930 жылы көмірді белсенді түрде өндіру жаңартылып, жұмысшылардың және олардың отбасылары үшін саз-балшықтан жасалған жартылай жер төле түріндегі уақытша тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Бұдан кейін Майқұдық, Жаңа Тихоновка және Пришахтинск кенттері тұрғызылды, мұнда еңбек етуге келген жұмысшылар мен мамандардың негізгі бөлігі қоныстанды. Ескі кенттерде де халық саны едәуір артты.
ҚазЦик 1931 жылы 30 наурызда дербес бюджеті бар тікелей ҚазЦик қарайтын Қарағанды Жұмыс Кеңесін құру туралы қаулы қабылдайды. Оның орталығы Үлкен Михайловка ауылында болды, ол кейіннен қала құрамына кірді. .
1931 жылы Қарағанды кеншілері кенті жұмысшылар кенті болып қайта құрылып, 1934 жылы қала болып қайта құрылды.
Қарағанды өзінің қалыптасу тарихы бойында жоспарға сәйкес салынып, бас жоспарға және «Карагандигипрошахта» және басқа институттардың жобаларына сәйкес ыңғайландырылып салынды. Жобаларды әзірлеу үшін жақсы даряланған сәулетшілер мен конструкторлар жұмыс істеді.
Мәскеу сәулетшілері атақты сәулетші және қала құрылысының танымал тұлғасы Кузнецов Александр Ивановичтің басшылығымен қаланың алғашқы бас жоспары (1934-1938 жж.) әзірленді, оның басшылығымен Кеңес Одағының бірнеше қалалары салынған. Жаңа қала 300 мың тұрғынға есептеліп салынды. Көлік магистральдарының тік бұрышты ұйымдастырылуы мен функционалдық аймақтардың өзара орналастыруымен үйлесімде қоғамдық орталықтардың жүйесі сәтті шеімін тапты. Қала ыңғайлы және адамға масштабты түрде тиіс болуы қажет болатын.
Жаңа қаланы салуға негізінен жастар көптеп келді, олар жаңа отбасыларын құрды және тұрғындардың арасында жас контингент басым болды. Сол себепті, 60-ыншы жылдардың басына дейін некелесу мен туу көрсеткіштерінің жоғары болуы тән сипат алды, сондай-ақ халық арасында өлім аз болды. 1960-ыншы жылдардың соңына қарай Қарағанды халқының саны 300 мың адамға жетті. Сәулетшілер мен қала салушы мамандарға жаңа бас жоспарды кем дегенде 600 мың адамға салу қажет болатындығы анық. Жаңа бас жоспардың басты идеясы Ескі және Жаңа қаланы байланыстыратын біртұтас қаланы салу болып табылды. Қарқынды құрылыс жұмыстары басталған Қарағандының Оңтүстік-Шығыс ауданы қаланың заманауи орталығыны қалыптастыру орны болды.
1960—1970 жылдар — кеңес қала салушы мамандарының «панельді үйлердің құрылысы» деген атаумен аталған уақыт болатын. Кеңеситік кеңістіктегі басқа қалалармен салыстырғанда Қарағандының басымдылықтарының бірі – дарынды сәулетшілері, олардың ішінде Мордвинцев Станислав Ильич (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сйлық лауреаты және еңбегі сіңген сәулетші) панельді үйлердің түрлі түстерде берілуі болатын.
1980-інші жылдары Қарағанды халқының саны 600 мыңнан астам тұрғынға жетті. Қала да қарқынды түрде өсе бастады. Жаңа қала құрылысының идеялары үшіне «полигондай» болған жаңа ықшам аудандар бой көтерді. Сәулетшілер мен қала құрылысының мамандары тұрғын үйлердің қабаттарын және олардың құрамдас пішіндері бойынша жарқын ансамбль құрғандай болды. Бұл уақытта мәдени ескерткіштерді салу белсенді түрде жүргізіліп жатты, монументтік скульптуралар бой көтерді.
Келесі он жылдық Қарағанды үшін, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалалары үшін де экономиканың барлық салаларында, оның ішінде қала құрылысы саласында да дағдарысты кезеңде болды.
XXI ғасырдың басталуымен қалада құрылыс қайта жанданды: бас көшелер қалпына келтірілді, олар қала құрылымының бірінші жоспарында көзделген болатын, тұрғын үйлер қайта жаңғыртылып жатыр, мәдениет және спорт нысандары, мектептер, балалар бақшалары, әкімшілік ғимараттар, жаңа сауда орталықтары салынып, қайта қалпына келтіріліп жатыр, аолар заманауи әсемдік қағидаларына сай, жаңа саябақтар негізге алынып жатыр.
Қарағанды тарихы АЛЖИР және Қарлаг лагерлерімен тығыз байланыста. КСРО және шетелдің ғылым мен өнер қайраткерлерінің тұтқынға алынған орны болған Карлаг Қарағандының мәдениет ошағына айналды. Олар қалдырған айрықша мәдени мұра аса ауыр және қайғылы өмір кезеңінде қалыптасқан болатын.
Тұтқынға алынғандар кеңестік мерекелердің құрметіне концерттер мен спектакльдер ұйымдастырылған. Суретшілер безендіру жұмыстарымен айналысқан. Қарлагта балет қойылымы қойылғаны да белгілі. 30-ыншы жылдардың соңында Қарағандының бейнелеу өнерінің тарихы басталды және жалпы алғанда Қазақстанның жаңа кезеңдегі өнердің дамуына алғышарттар салынды. Репрессияға ұышараған және отанынан қудаланған көптеген тұрғындар қалада қалып, оның мәдениетінің дамуына үлестерін қосты. Жер аударылғандардың жалғыз жағы болса да, Қарағандының маржандары болды.
Бұл жүдеу қалаға кіру жолында барақ-вокзалдың жанында, бұл жерге тіпті трамвай да жақын тоқтамайтын (жер астынан қазылған қадалар құлап кетпеу үшін) трамвай шеңберінде кірпіш үй тұратын, оның қабырғаларына ағаш тіректермен тіреулер қойылған, құлап кетпес үшін. Жаңа қаланың орталығында тас қабырғаға ойып мынадай жазу жазылған болатын: «Көмір - бұл нан (өнеркәсіп үшін). Шынымен де, күнделікті пісірілген қара нан дүкендерде осында сатылған болатын – және бұл қалаға жасалған сілтеменің жеңілдігі болатын. Қара жұмыс та, тек қара жұмыс қана емес осында болатын. Ал басқа жағынан азық-түлік дүкендерде бос болатын. Ал базар сөрелері - қолжеткізбейтін, ақылға қонбас бағаларды ұстанатын. Егер қаланың үштен бір бөлігі болмаса да, үштен екі бөлігі төлқұжаттарсыз өмір сүрді және комендатурада белгіленіп отырды.
Қарағандының менталитеті 30-ыншы жылдардың екінші жартысында қалыптаса бастады, бұл уақытта Қарағанды облысынла тұтас халықтарды жер аударған болатын. Алғақы эшалондар Қиыр Шығыстан жер аударылған кәрістермен келді. Бұдан кейін Прибалтикадан, Батыс Украинадан, Белорусиядан келді. Соғыс жылдарында Қарағандыға немістерді, қарашайларды, қалмықтарды, шешендерді, ингуштерді, гректерді, қырым татарларын қоныс аудартты. Барлығын қарағанды топырағы қабыл алды. Барлық халық осы жерден бейбітшілік пен тынытық тапты. Қонақжай және жүрегі кең қазақ халқы барлығын құшақ жая қарсы алды. Барлығына жұмыс табылды, жүректердің жылуы мен ілтипаты табылды. Бұл құрметке деген адал ниетпен жер аударылған басқа ұлт өкілдері бассейн шахталарында, қала құрылыстары мен жайландыру жұмыстарына күнде де, түнде де қазақтар мен орыстармен қатар еңбек етті, бұл жер олардың екінші отанына айналды.
соғыс жылдары шахталар көмір беруді тоқтатқан жоқ. Соғыс жылдары ішінде бассейнде 45 миллион тоннаға жуық көмір игерілді. Бұл көмір бассейнінің соғыс жылдарына дейін игерген көмір кенінен бір жарым есеге артық. Тек соғыстан кейінгі жылдарда ғана елуінші жылдардың басында Қарағандының билігі қаланың құрылысын жандандырып, оны абаттандыруға уақыт пен қаражат тапты. 1958 жылы қалада 24 аурухана, 5 перзентхана, 11 емхана, 82 күндізгі және 30 кешкі мектеп, 4 жоғарғы оқу орны мен 7 ғылыми-зерттеу мекемесі болды.
Әлеуметтік мәртебесімен қатар қаланың өнеркәсіптік басымдылығы артты. 80-інші жылдары «Карагандауголь» өнеркәсіптік бірлестігінің құрамында 66 кәсіпорын жұмыс істеді, оның ішінде 26 шахта, екі қуатты разрез, 8 кен-байыту фабрикасы, оларда 80 мыңнан астам адам жұмыс істеді.
1978 жылы қарағандының миллиардтаған тонна көмірі игерілді. «Карагандауголь» ӨБ «Октябрь революциясы» орденімен марапатталды, 22 кеншіге «Социалистік Еңбек Ері» атағы табысталды. 1984 жылы қала өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. 50 жылдық қарсаңында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Қарағанды «Еңбек Қызыл Ту» ордені атағымен марапатталды.
2009 жылы Қарағанды 75 жылдық мерейтойын ірі индустриалды, ғылыми және мәдени орталық мәртебесінде қарсы алды.
Көмір қаланың дәстүрлі өнеркәсіптік таңбасы болып табылады. Алайда, қала шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға келе жатыр. Қазіргі таңда Қарағанды көптеген өнеркәсіптік көрсеткіштері бойынша республикада жетекші орын алады. Тұрақты жұмыс істеудің тең шарттары отандық инвесторлар сияқты, шетелдік инвесторлар үшін де қамтамасыз етілген.
Экономика жанданып, шағын және орта бизнес нығая бастады. Қарағандылықтар үшін мүмкіндіктер де арта түсті. Жақын жоспарларда - жаңа құрылыстар және одан ауқымды нысандар. Бұл республиканың басты және ірі қалаларының бірі, жас және парасатты еңбекқор дана қала.
Достарыңызбен бөлісу: |