Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Тақырып – 2. Әлемдік ипотекалық нарық



жүктеу 4,25 Mb.
бет17/17
Дата01.01.2018
өлшемі4,25 Mb.
#6865
түріПротокол
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Тақырып – 2. Әлемдік ипотекалық нарық

Жоспар

1. Әлемдік ипотекалық нарықтың дамуы

2. Әр түрлі елдердің ипотекалық нарықтары
Сұрақ 1.

«Ипотека» термині алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдың басында Германияда пайда болды (оны архонт Солон енгізді) және сол кездің өзінде-ақ анықталған жер иеліктеріне несиелер алдындағы қарызгердің жауапкершілігін қамтамасыз етумен байланысты болды. Солонның ізбасары Драконт осыған сәйкес жеке меншік пен оның қозғалатын бөлігіне жасалған кез келген шабуылды қатаң жазалайтын тәртіп енгізді (б.д.д. 621 ж.). Тарихта оған және оның тәртіптеріне «айдаһар заңдары» деген анықтама кездейсоқ бекітілмеген.

Біздің дәуірімізге дейінгі 594 ж. Солон өз реформаларын жүзеге асырады, соның ішінде жер қарыздарын ауыстырады, мүліктің мұрагеріне көшуі міндетті болмау еркіндігін енгізеді.

Алғашқыда Афинада осындай түрдегі міндеттемелердің кепілі ретінде қарыз алушы өз тұлғасын қойды. Қарызды төлей алмаған жағдайда оған құлдық қаупі туатын. Жеке жауапкершілікті мүлікке ауыстыру үшін Солон «Бұл жер анықталған сомадағы шағымды қамтамасыз етуге қызмет етеді» деген жазуы бар бағананы қарыз алушының жеріне қоюды ұсынды. Мұндай бағананы ипотека деп атады. Грекше ол бағана дегенді білдіреді. Мұндай бағанада жер иесінің барлық түріне отыратын қарыздары белгіленеді. Кейінен бұл мақсатта ипотека деп аталған ерекше кітаптар қолданыла бастады.

Ипотекалық жүйенің мақсаты құпия әдістер арқылы қозғалмайтын мүлікке құқықты белгілеу кауіпінің алдын алу болып табылады. Жер — бұл жеңіл айналатын тауар, сол себепті бұл сатып алушылар мен кепілдікке несие берушілер үшін де қауіпті және бұл меншік жер қарыздардан босатылмайды немесе қарызға салынады. Осындай себептерге байланысты, ипотека мүлікті қамтамасыз етуді меншік иесінің тұлғасына қарай емес, оның мүлкінің құнында болғандықтан, мүліктің басқа иегерге көшірілуін шектеді. Уақыт өте келе «ипотека» сөзі кепіл белгілеу үшін қолданыла бастады.

Біртіндеп ипотека орта ғасырдың еуропалық заңнамаларына енді. Ол Германияда ХIV ғасырдан кейін пайда болса, Францияда XVI ғасырдан бастап жасырын ипотека қызмет етті. Ол сенімді заттың құқығы болды, бірақ ол ерекше кітапқа арнайы жазбалар енгізгеннен кейін ғана болған еді.

Ипотекалық жүйе әр елде кеңінен дами отырып, 1783 жылы жарғы арқылы Пруссияға, 1811 жылы азаматтық жинақтау арьаылы Австрияға, 1843 жылғы жарғы арқылы Саксонияға енгізілді.

Бірінші ипотекалық банк 1770 жылы Силезияда құрылды. Бұл ірі шаруа қожалықтарына қаржылық көмек көрсететін мемлекеттік банк болды. Ол қаражаттар тарту үшін кепілдік актісін (ипотекалық облигацияның түрлерін) шығарды.


Сұрақ 2.

Қазіргі кезде әлемдегі тұрғын үй саласын инвестициялау технологиясы үш негізгі қағада арқылы құралуда:

— келісім жинақтары;

— ипотекалық несиелендіру;

— мемлекеттік қолдау.

Әрине, осы қағидалардың нақты өткізілу механизмі ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, өзара келісім жинақтарының әр түрлі үлгілері еуропалық елдерде ерекше кең тараған. Құрама Штаттарда тұрғын үй құрлысын инвестициялаудың ипотекалық үлгісі басым.

Малазиялық «Кагамас» үлгісі (ипотекалық компанияның аты) ипотекалық несиелеу нарығын дамытуда аса үлкен қызығушылық тудырып отыр. Бұл үлгі Ұлттық банк, ірі коммерциялық банктер және басқа да қаржы ұйымдарының қатысуымен ЖАҚ формасында арнайы ипотекалық компания құру жолымен қызмет етеді. Ол несие берушілерден (банктерден) ипотекалық несие сатып алады, содан кейін сатып алынған ипотекалардың пулдарымен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар — ипотекалық облигациялар шығарады (басқа сөзбен айтқанда, қозғалмайтын мүлікке қарыздық құқықтар). Ипотекалық облигацияларды сата отырып, қорпорация өзінің ипотекалық несиелерді сатып алу шығындарын жабады, ол банктер өз кезегінде жаңа несиелер ұсыну үшін алынған қаражаттарды жұмсау мүмкіндігін алады, бұл соңында тұрғын үй құрылысы нарығын ынталандырады. Берілген осы үлгі Фенни Мэй және Фредди Мак ипотекалық агенттіктері қатысатын американдық үлгіге бірқатар ұқсас келеді. Бірақ американдық үлгіден ерекшелігі агенттік ипотекалық пулдарды «кепілдік актісімен қамтамасыз етілген бағалы қағаз» түрінде алдағы уақытта оларды сату үшін қайта сатып алады. Малазиялық үлгіге сәйкес агенттік оларды өз портфелінде сақтай отырып, белгілі бір сападағы кепілдік пулдарын сатып алады және ипотеканың пулдарын қайта қаржыландыра отырып, меншікке қарызды міндеттемелерді эмиссиялайды.

Малазиялық үлгінің негізгі артықшылығы ипотекалық компаниялар капиталына қатысу арқылы мемлекет қамтамасыз ететін қарапайымдылық пен сенімділік болып табылады. Анықталған критерийлерге жауап беретін ипотекалық несиелерді сатып алу ипотеканың нарық субъектілерін орталықтандырумен және банк пен «Кагамас» арасындағы келісім түріне байланысты банк агенттік алдында анықталған міндеттемелерді көтереді. Кері сатып алу міндеттемесі бар келісімшарттар жасаған кезде банк «Кагамас» талаптарына жауап беруден қалған несиелерді жедел сатып алуды жүзеге асырады. Кері сатып алу міндеттемесі жоқ келісімшарттар жасаған кезде барлық қауіпті тәуекелдерге баруды агенттік өзіне қабылдайды, ал банк қызмет етуші банктің комиссиялық сыйақысы жоқ қарыз алушылар төлемдерінен тұратын «Кагамас» төлемдерін енгізу жолымен несиелерге қызмет көрсетеді.

Еуропаның ипотекалық нарығы облигация шығару сұрақтары жөнінде банктерге дербестік беруді жобалайды және үлкен келемді секьюритизация жүргізетін қандай да агенттіктің болуын талап етпейді.

Несиелеудің сызбасы өте қарапайым: банктер жылжымайтын мүлікті төменгі бағамен несиелендіруде қарыз ақшаның қажеттілігін және инвесторлардың өтімді, табысты және сенімді жоғары бағалы қағаздардың керек екендігін негізге ала отырып, нарықта делдалдар ретінде қызмет етеді. Банктер алдымен бірінші сыныпты кепілдік актісімен қамтамасыз етілген жылжымайтын мүлік несиесін ұсынады, содан кейін бұл несиелер бір үлгідегі пулдарға топтастырылады. Мұндағы келесі қадам — жоғары деңгейде кдмтамасыз етілетін ипотекалық несиелер пулы мен банктің өз кепілі болып табылатын бағалы қағаздарды - ипотекалық облигацияларды шығару. Осылайша, ипотекалық облигация ипотекалық несиелерді қаржыландыру үшін қызмет етеді. Бұл жағдайда мынадай қағидалар сақталуы қажет:

- жабу;

- сәйкестілік.



Жабу қағидасы активтер құнымен, олардың негізінде шығарылған және кепіддік актісі бойынша салынған облигациялар құнының сәйкестілігін қарастырады. Салынған мүліктің құны шығарылған облигация құнына тең болуы қажет.

Сәйкестілік қағидасы активтер тартылған қаражаттар мерзімдерінің сәйкес келуін қарастырады. Банк активтер мен міндеттемелер бойынша өтеу мерзімінің сәйкес келуін қадағалауы керек.

Германияда 1900 жылдан бері ипотекалық банктердің арнайы желісі бар. Сол кезден бастап олардың бірі де ойсыраған жоқ. Олар тіпті, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс уақыттарында да өз салымшыларына кепілдік актісі парақ бойынша пайыздарын төледі. Сондай-ақ XVIII ғасырдың аяғынан бастап Германияда нақты жинақтардың классикалық формасындағы жинақтаушы құрылыс кассалары болды. Бұл кассалар қарапайым қағида бойынша қызмет етті: егер бір үйдің құрылысы үшін 10000 мың ақша бірлігі қажет болып, ал өзінің жеке баспанасының болуын армандаған әрбір адам бір жылда тек мың ақша бірлігін үнемдейтін болса, онда ол тұрғын үйді 10 жылдан кейін ғана тұрғыза алады. Ал осындай адамдар өз ниеттерін жүзеге асыру үшін қаражаттарын біріктірсе олардың бірі тұрғын үйді бір жылдан соң, екіншісі екі жылдан кейін және т.с.с. тұрғыза алады. Қазіргі уақыттағы құрылыс жинақ кассалары — Германиядағы тұрғын үй саласын инвестициялау институттарының бірі.

Келісімшарттың тұрғын үй жинақтарының басқа да үлгілері Франция мен Ұлыбританияда қалыптасқан. Францияда тұрғын үй жинақ шоттарының екі түрі бар. Бірінші шот А жинақ кітапшасы деп аталатын шоттар. Бұл шотта 100000 франкке дейін ақша жинауға және тек осыдан кейін ғана 150 мың франк көлемінде жылдық пайызы 3,75% болатын жеңілдікпен тұрғын үй несиесін алуға болады. Сондай-ақ жалпы жинаққа 7,5 мың франк мөлшерінде мемлекеттік сыйақы қосылып отырады.

Тұрғын үй жинақ шоттарының екінші түрі — РЕL (тұрғын үй жинақ жоспары) шоттары деп аталады. Бұл шоттарда 400 мың франкке дейін жинақ салуға және 600 мың франкке дейінгі сомада жылдық пайызы 4,8% болатын жеңілдікпен тұрғын үй несиесін алуға болады. Несиелерінің мөлшерлемесі 4-5%-ға тең, яғни нарықтық мөлшерлемеден төмен. Ірі жер банкі (Креди фонсье де Франс) және оның филиалы — Кәсіпкерлер конторасы (Контуар дез антрепренер) жер иелері мен құрылыс компанияларының тұрғын үй және өндірістік құрылысы үшін қарыз /ссуда/ береді. Ипотекалық операциялар негізінен ірі құрылыс компаниялары мен жер иелеріне орта және ұзақ мерзімді ипотекалық қарызды 3 жылдан 20 жыл мерзімге берумен байланысты болып келеді.

Ұлыбританияда құрылыс қоғамдарынын жүйесі өткен ғасырдан бері табысты қызмет атқаруда. Олардың жұмыс механизмі немістің қызметкерлеріне сәл ұқсайды, бірақ тұрғын үй несиесін алу үшін олар міндетті түрде құрылыс қоғамының салымшысы болуы керек. Соңғы жылдары Біріккен Қорольдік банкісінің заннамасын либеризациялау нәтижесінде құрылыс қоғамының қызметі коммерциялық банктер қызметімен көбірек қиылысып отырды.

Америка Құрама Штаттарында президент Ф. Рузвельттің кезінде-ақ тұрғын үй құрылысын несиелеу мен тұрғын үйді меншіктеудің тармақталған ипотекалық жүйесі құрыла бастады. Белгілі болғандай, американдық ипотека ондаған жылдар бойы мемлекеттің күшті қолдауын алды және дамыған экономика арқылы ғана тұрғын үйді иеленудің жетекші формасына айналды.

АҚШ-тағы ипотекалық тұрғын үй несиесі — бұл тұрғын үйді иелену үшін сол иеленетін тұрғын үйдің өзін міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін кепілдік актісіне 3 жыл немесе одан да көп мерзімде банктер (несиелік ұйымдар) немесе заңды (несиелік емес ұйымдар) және жеке тұлғаларға (азаматтарға) берілетін несие немесе қарыз. Бүгінгі таңда АҚШ-тағы тұрғын үйді қаржыландыру жүйесі - бұл ипотекалық банктер, жинақтық және несиелік қауымдастықтар, коммерциялық және жинақ банктері, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары сияқты көптеген мекемелер қызмет ететін үлкен ауқымдағы жалпыұлттық күрделі нарық болып табылады.



Бақылау сұрақтары

1. Малайзиядағы ипотекалық нарықтың ерекшеліктері қандай?

2. АҚШ-тағы ипотекалық нарықтың ерекшеліктері қандай?

3. Германиядағы ипотекалық нарықтық ерекшеліктері қандай?



4. Франциядағы игютекалық нарықтың ерекшеліктері қандай?

ГЛОССАРИИ

АҒЫМДАҒЫ ВАЛЮТА САЯСАТЫ

- валюта бағамын, валюталық операцияларды және т.б. күн сайын оперативті реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шара

АЙЫРБАСТАЛАТЫН ВАЛЮТА (ВАЛЮТАНЫҢ АЙЫРБАСТАЛЫМДЫЛЫҒЫ)

-ұлттық валютаның төлем құралы ретінде басқа валюта түрлеріне ең аз шығынмен жылдам айырбасталу қабілеті.

БАСТЫ ВАЛЮТА ЛИЦЕНЗИЯСЫ

- қолма-қол шетелдік валюта үшін қызмет көрсетулерге және бөлшек сауданы жүзеге асыруға беріледі, әрі оның иесіне қызмет көрсету мен бөлшек сауданы жүзеге асыру барысында қолма-қол шетелдік валютамен есеп айырысуына кұқық береді; тартылған зейнетақы активтерінің есебінен операцияларды резидент еместердің бағалы қағаздарындағы инвестиция түрінде орындауы үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға беріледі.

БІР ЖОЛҒЫ ВАЛЮТА ЛИЦЕНЗИЯСЫ

- капиталдың қозғалысымен байланысты операциялардың, экспорт-импорт мәмілелері бойынша операциялардың орындалуына, валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына өтуін (ауыстыруды) қарастыратын капитал қозғалысымен байланысты операцияларды жүргізуге, резиденттердің резидент еместен несие ретінде алатын шетелдік валютаны үшінші тұлғаның шотына алу бойынша операцияларды жүргізуге беріледі.

ВАЛЮТА

- мемлекеттің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша құралы немесе қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы құнның, банкнот, қазынашылық билет және тиын, оның ішінде бағалы металдардан жасалған тиын (айналыстағы ақшалай бірліктерге айырбасталатын, айналыстан алынатын) түріндегі құнның ресми стаңдарты, сондай-ақ шоттардағы, оның ішінде, халықаралық ақшалай немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат.

ВАЛЮТАЛЫҚ АЛЫПСАТАРЛЫҚ

- валюталық мәмілелерден барынша пайда алу мақсатында валюталардың алдағы кезеңдегі бағаларының ойыны.

ВАЛЮТА БАҒАМЫ

- екі ақшалай бірліктің айырбасталу арақатынасын білдіреді немесе ол (валюта бағамы) басқа елдің ақшалай бірлігінде тұлғаланған бір ақша бірлігінің бағасы ретінде болады.

ВАЛЮТАНЫҢ БАҒАСЫН БЕЛГІЛЕУ

- бұл елдер арасында валюта бағамын анықтауды ұйғарады. Осының негізінде айырбасталатын екі ақша бірлігінің арақатынасы белгіленеді.

ВАЛЮТАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

- шетелдік валюта; номинал құны шетелдік валютада тұлғаланатын бағалы қағаздар мен төлем құжаттары; тазартылған құйма алтын; резиденттер және резидент еместер олармен операцияны жүзеге асыратын жағдайда номинал құны ұлттық валютада тұлғаланатын бағалы қағаздар, төлем құжаттары және ұлттық валюта.

ВАЛЮТАНЫҢ ҚҰНЫН БЕЛГІЛЕУ

- валюта бағамын таңдап алынған нарықтық механизм негізінде анықтау.

ВАЛЮТАНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ІШІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСЫ

- қаржылық, әкімшілік және азаматтық құқықтардың аясында реттеледі.


ВАЛЮТА НАРЫҒЫ

- валюталық мәмілелер бекітілетін, яғни, бір елдің валютасы екінші елдің валютасына белгілі бір номинал құны бар валюта бағамы бойынша айырбасталатын нарық.

ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЦИОН

- сатып алушыға белгілі бір күнге дейін келісілген баға бойынша валюта индексін немесе нақты валюта мөлшерін (санын) сатуға немесе сатып алуға құқық беретін, алайда оған міндеттеме жүктемейтін келісім.

ВАЛЮТАЛЫҚ ПОЗИЦИЯ

- есеп айырысуға қажетті валютаның әр-біреуіндегі кәсіпорынның немесе банктің талаптары мен міндеттемелерінің арасындағы жағымды немесе жағымсыз айырмашылық. Банктердің (биржалардың) валюта позициясы - банктерге қандай да бір валютадағы талаптардың және міндеттемелердің болуы. Қандай да бір валютадағы ашық позиция - осы валютадағы талаптар мен міндеттемелердің бір-бірімен сәйкес келмеуін, яғни, шетелдік валютаның сатылуы мен оны сатып алудың арасындағы сәйкессіздікті білдіреді. Сатып алу сатудан асып түссе - ұзын позиция, ал сату сатып алудан жоғары болса - қысқа позиция.

ВАЛЮТАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕРДІ ӘРТАРАПТАНДЫРУ

- ірі қаржы институттарының және мемлекеттің халықаралық есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында әр елдщ ең тұрақты валюталарын валюталық резервтің құрамына қосуды ұйғаратын саясаты.

ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ

- бұл мемлекеттік өкілетті органдардың (валюталық реттеу органдарының) ішкі валюта нарығын дамыту және оны бақылау, ұлттық валютаны тұрақтандыру, елдің төлем байланысын нығайту мақсаттарында валюта операцияларын жүргізудің тәртібін белгілеу жөніндегі қызметі.

ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТ

- әлемдік шаруашылыққа құрылған байланыс жүйесіндегі интеграцияның деңгейіне, саласына және механизміне қатысты мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған, елді экономикалық және әлеуметтік жағынан дамытуға арналған мемлекеттік стратегияның бөлігі.

ВАЛЮТАЛЫҚ СВОП

- келісілген бағам бойынша немесе кейін кері айырбасталатын бірдей таза ағымдағы құны бар екі валютаның белгілі бір мөлшерде айырбасталуы.

ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ

- валюта бағамының болжанбаған өзгерісіне қатысты банктің немесе кәсіпорынның ақша қаражаттарына қауіп төндіретін тәуекел.

ВАЛЮТАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

- валюталық бағамның негізі болып табылатын екі валютаның арасындағы заңмен белгіленген арақатынас.

ВАЛЮТАЛЫҚ ШЕКТЕУ

- валютамен, алтынмен және басқа да валюталық құндылықтармен жүзеге асырылатын операцияларды шектеуге бағытталған заңмен немесе әкімшілік жолмен белгіленген шаралар мен нормативті ережелердің жиынтығы.

ДЕВАЛЬВАЦИЯ

- тіркелген валюта бағамы жүйесінде орталық банктің ұлттық валюта бағамын төмендету жөніндегі қаулысы.

ДЕВИЗДІК САЯСАТ

- мемлекеттік органдардың ұлттық валюта бағамын өзгерту мақсатында шетелдік валютаны сату-сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

ДИСКОНТТЫҚ САЯСАТ

- валюта бағамы мен төлем балансын реттеу үшін орталық банктің есептік мөлшерлемелерді өзгертетін саясаты.

ЕРКІН ҚҰБЫЛМАЛЫ НЕМЕСЕ ИКЕМДІ ВАЛЮТА БАҒАМЫ

- валюта бағамының жүйесі. Бұл жүйеде орталық банк валюта нарығынык қызметіне араласпайды және тепе- тең валюта бағамы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетімен анықталады.

ЕУРОВЕКСЕЛЬ

- еуродоллардағы қысқа мерзімді облигация.

ЕУРОНЕСИЕ

- бұл негізінен бірлестірілген еуронесие, яғни қарыз алушының банктердің синдикатымен құрылған несиеден еуродолларда алатын несиесі.

ЕУРООБЛИГАЦИЯ (ЕУРОБОНД)

- шетелдік қарыз алушылардың (эмитенттердің) өтініші бойынша халықаралық банк синдикаттары (консорциумдары) шығаратын борыштық бағалы қағаздар.

КРОСС-БАҒАМ

- бұл валюта мәмілесінің қатысушылары үшін бірде-біреуі ұлттық болып табылмайтын екі шетелдік валютаның белгіленген бағасы.

ҚОСАРЛЫ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ

- тіркелген және өзгермелі бағамдардың режимдері арасындағы орташаланған жағдайды білдіреді.

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ВАЛЮТА САЯСАТЫ

- валюта нарығында құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыратын ұзақ мерзімді шараларды бейнелейді.

ҚЫСҚА АШЫҚ ВАЛЮТА ПОЗИЦИЯСЫ

- жекелеген шетелдік валютадағы ашық валюталық позиция. Онық міндеттемесі мен баланстан тыс міндеттемесі осы шетелдік валютадағы актив пен баланстан тыс талабынан асып түседі.

ЛАГ

- уақытша аралық. Бұл аралықта ақша үлес салмағының өзгеруі бағалар мен тарифтердің тиісті өзгерісін тудырады.

ЛИЦЕНЗИЯ

- құзыретті мемлекеттік органдардың азаматтарға немесе заңды тұлғаларға нақты қызмет түрімен айналысуына немесе белгілі бір әрекетті орындауына беретін рұқсаты.

НАҚТЫ ВАЛЮТА БАҒАМЫ

- екі елдің баға деңгейлерінің қатынасына көбейтілген номинал құны бар бағам ретінде анықталады.

НАҚТЫ ТИІМДІЛІГІ БАР ВАЛЮТА БАҒАМЫ

- қандай да бір елдің нақты валюта бағамының сауда жағынан негізгі серіктесі болып табылатын елдің валютасына динамикасын көрсететін баға деңгейінің немесе өндіріс шығындарының басқа көрсеткіштерінің өзгерісін түзетуші номинал құны бар валюта бағамы.

НОМИНАЛ ҚҰНЫ БАР ВАЛЮТА БАҒАМЫ

- екі ел валютасының салыстырмалы бағасы немесе басқа елдің ақша бірлігінде тұлғаланған бір елдің валютасы.

НОМИНАЛ ҚҰНЫ БАР ТИІМДІ ВАЛЮТА БАҒАМЫ

- қандай да бір елдің өз елінде жүзеге асырылатын валюталық операцияларының үлес салмағына қарай өлшемделген валюталары мен ұлттық валюта арасындағы арақатынас ретінде есептелген валюта бағамының индексі.

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ВАЛЮТА ЛИЦЕНЗИЯСЫ

- банк қызметінде белгілі бір валютаның орындалуы үшін және валюта заңымен анықталған валюталық құндылықтардың пайдаланылуымен байланысты операциялардың орындалуы үшін беріледі.

ӨКІЛЕТТІ БАНК

- банк туралы заңдарда қарастырылған операцияларды жүргізуге орталық банктің лицензиясын алған, валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын екінші деңгейлі банк.

РЕВАЛЬВАЦИЯ

- тіркелген бағам жүйесінде орталық банктің ұлттық валюта бағамын көтеру туралы қаулысы.

РЕЗИДЕНТ ЕМЕСТЕР

- «резидент» ұғымында аталмайтын барлық заңды тұлғалар, олардың өкілдіктері мен филиалдары, сондай-ақ жеке тұлғалар.

РЕЗИДЕНТТЕР

- ҚР-да, оның ішінде шетелдерде немесе республиканың шегінде уақытша мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлғалар; республика аумағында республика заңына сәйкес құрылған барлық заңцы тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасындағы және оның шегіндегі филиалдары мен өкілдіктері; республика шегіндегі ҚР-дың дипломатиялық, сауда және басқа да ресми өкілдіктері.

САТУШЫНЫҢ БАҒАМЫ

- бұл бағам. Ол бойынша резидент-банк ұлттық валютаға шетелдік валютаны сатады.


САТЫП АЛУШЫНЫҢ БАҒАМЫ

- бұл бағам. Ол бойынша резидент-банк ұлттық валютаға шетелдік валютаны сатып алады.


САТЫП АЛУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БІРДЕЙЛІГІ

- теория. Бұл теорияға сәйкес әр түрлі елдерде өндірілсе де бір валютада тұлғаланған, өзара алмастырылатын тауарлардың бағасы ұзақ мерзімді кезеңде бірдей болуы керек.

«СПОТ» ВАЛЮТА ОПЕРАЦИЯСЫ

- мәмілені ресімдеу сәтінде немесе 48 сағаттың шегінде (ішінде) қолма-қол валютаны пайдаланумен жүзеге асырылатын операция.

ТЕПЕ-ТЕҢ ВАЛЮТА БАҒАМЫ

- халықаралық сауда-саттыққа шектеу қоймау, капиталдың құйылысы мен ағынына арнайы мотивтерді қолданбау, шектен тыс жұмыссыздықты болдырмау шарттарымен төлем балансының тепе-теңдігіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін валюта бағамы.

ТІРКЕЛГЕН ВАЛЮТА БАҒАМЫ

- валюта бағамының ресми белгіленген арақатынасы. Онда орталық банк валюта бағамын тіркейді әрі оның деңгейіч өзгеріссіз сақтау міндеттемесін ез мойнына алады.

ТҰРАҚТЫ ВАЛЮТА

- ағымдағы операциялар (сауда-саттық) бойынша да, капиталдың экспорты мен импорты саласында да басқа валютаға толық айырбастауға келетін валюта.

«ФОРВАРД» ВАЛЮТА ОПЕРАЦИЯСЫ

- банктердің немесе қаржылық компаниялардың келісімшарт негізінде телефон немесе телекс бойынша жүргізетін биржадан тыс мерзімді валюталық мәмілесі. Форвард операциясы биржада фьючерстік және опциондық операциялармен баламалы түрде жүргізіледі.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС

- валюталық құқықтық қатынастың екі деңгейін қарастырады: 1) мемлекеттер арасындағы қатынасты халықаралық жариялы қаржылық құқық реттейді; 2) жеке тұлғалар мен ұйымдар арасындағы қатынасты халықаралық жеке құқық реттейді.

ХЕДЖИРЛЕУ

- валюталық тәуекелді сақтандыру.

ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТА БОЙЫНША АШЫҚ ВАЛЮТА ПОЗИЦИЯСЫНЫҢ ЛИМИТІ

- шетелдік валютадағы міндеттемелер мен талаптар шотындағы абсолюттік сомалардың арасында орын алған айырмашылықты анықтау жолымен есептеледі.




Негізгі әдебиет тізімі


  1. Искаков У.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Финансовые рынки и посредники – Алматы. Экономика, 2005 г.

  2. Кидуэлл Дэвид и др. Финансовые институты, рынки и деньги, СПб., 2000 г.

  3. Лаврушин О.К. Деньги, кредит, банки.- М.: Финансы и статистика, 2000 г.

  4. Михайлов Д.М. Мировой финансовый рынок.- М., 2000 г.

  5. Бельгибаева К.К. “Финансовая и банковская статистика” Учебное пособие. Алматы. Экономика. 2000г.

  6. Банковское дело и финансовое управление рисками. Учебное пособие. М.Озиус и Б. Путнам (на русском языке) под редакцией Шакила Фаруки. ИЭР Мирового банка. Вашингтон, 1992 г.

  7. Потнер Р. Введение и регулирование, надзор и анализ банковской деятельности. Вашингтон: ИЭР Мирового банка, 1994 г.

  8. Бочаров В.В. Финансово-кредитные методы регулирования рынка инвестиций. М: Финансы и статистика, 1993 г.

  9. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. Рынок ценных бумаг Казахстана – Алматы, 1999 г.

  10. Алехин Б.И. Рынок ценных бумаг. Введение в фондовые операции.- Самара:Сам Вен, 1992г.Финансы предприятий: Учебное пособие/ под ред. Бородиной М: банки и биржи, 1995г.

  11. Бейсембетов И.К. Фондовый рынок Республики Казахстан.- Алматы, 1997 г.

  12. Нурсеитов А.А Финансовый менеджмент: Учебное пособие, Алматы КазГАУ, 1996 г.



Қосымша әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

3. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы бойынша нормативтік-заңдық актілер жинағы. 2 том. - Алматы, 1997-1999 жж.

4. «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 28.06.95 ж. № 2350.

5. Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 3аңы, 23.12.1995 ж.

6. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңы, 24.12.1996 ж.

7. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңы, 7.04. 1995 ж.

8. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баға-лы қағаздармен мәмшелерді тіркеу туралы» Заңы, 05.03.1997 ж.

9. Қазақстан Республикасының «ҚР инвестициялық қорлары туралы» Заңы, 6.03.1997 ж.

10. Қазақстан Республикасының «ҚР вексель айналысы туралы» Заңы,

28.04.1997 ж.

11. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы»

Заңы, 15.06.1997 ж. № 160-1.

12.Қазақстан Республикасының «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы, 20.06.1997 ж.

ІЗ.Қазақстан Республикасының «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестік туралы» Заңы, 22.04.1998 ж.

14. Қазақстан Республикасының «ҚР еңбек туралы» Заңы, 10.12.1999 ж.

№493-1.

15.Правила и стаңдарты деятельности регистраторов. - Алматы: «Ирбис», 2000 ж.

16. Қазақстан Республикасының «ҚР сақтандыру қызметі туралы» Заңы,

18.01.2000 ж.

17. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңы, 2003 ж.

18.Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы, 2003 ж.

19. Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңы, 2003 ж.

20. Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы, 2003 ж.

21. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы.

22. 2003-2015 жж. индустриалды-инновациялық даму стратегиясы.

23.Килячков А.А., Чалдаева Л.А. Рынок ценных бумаг и биржевое дело.-М.: Юрист,2002 г.

24.Капустин М.Г. Евро и его влияние на мировые и финансовые рынки.-М., 2001 г.

25.Шахов В.В. Введение в страхование-М.: «Финансы и статистика» , 1999 г.

26.Антонов В.А. Мировая валютная система и международные расчеты. – Москва Теис. 2000 г.

27.Журнал «Банки Казахстана»

28.Журнал «Деньги и кредит»



29.Журнал РЦБК




жүктеу 4,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау