Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 4,25 Mb.
бет12/17
Дата01.01.2018
өлшемі4,25 Mb.
#6865
түріПротокол
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Бақылау сұрақтары:

1. Сақтандыру нарығы дегеніміз не?

2. Сақтандыру нарығының құралдарына не жатады?

3. Қазақстаңда сақтандырудың қандай түрлері бар?

4. Жеке және мүліктік сақтандырудың ерекшеліктері неде?

5. Міндетті және ерікті сақтандырудың ерекшеліктері неде?

6. ҚР-да сақтандырудың қандай түрлері міндеттіге жатқызылады?

7. ҚР-да сақтандырудың қандай түрлері еріктіге жатқызылады?

8. Қазақстаңда сақтандыру нарығының құрылымы қандай?
Тест тапсырмасы

1.


Сақтандыру мекемелеріне не кіреді?

  1. Сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары

  2. Несие одақтары

  3. Коммерциялық банктер

  4. Барлығы дұрыс

  5. Дұрыс жауабы жоқ

2.

Қазақстан мемлекеттің бюдеттен тыс қорларына жатпайтындар:



  1. зейнетақы қоры

  2. халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры

  3. әлеумттік сақтандыру қоры

  4. міндетті медициналық сақтандыру қоры

  5. саяси сақтандыру қоры

3. Cақтандыру мекемелеріне жатады:

  1. Келісім шартпен жұмыс атқаратын сақтандыру компанияларымен зейнетақы қоры кіреді

  2. Өзара несиелеу институттары кіреді

  3. Мамандырылған Қаржы институттары

  4. Банктік қор және инвестициялық қор

  5. Дұрыс жауап жоқ

4.

1993-1995ж әлеуметтік сақтандыру қорына барлық аударымдардың неше пайызы түскен?

А 25

В 15


С 5

Д 10


Е 20

5.

Қарастырған лицензия негізінде сақтандыру келісім-шартына отырып, іске асыру туралы іскерліктерін жүргізетін коммерциялық ұйымдар


  1. Бағалау компаниялары

  2. сақтандыру компаниялары

  3. риэлтор компаниялары

  4. коммерциялық банктер

  5. дұрыс жауабы жоқ

Тақырып 9. Зейнетақы нарығы


  1. Қазақстанның зейнетақы нарығының пайда болуы және дамуы

  2. Қазақстанның зейнетақы нарығының құрылымы

  3. Қазақстанның зейнетақы нарығының ағымдағы жағдайы

Сұрақ 1.

Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі өткір сезілді, Оны жүргізудің негізгі қағидасына мыналар кіреді: ұрпақтар ынтымақтастығы қағадасымен зейнетақыны дербес жинақтау қағидасына өту және 1980 жылдардың басында басталған чилийлік ең озық үлгінің негізінде мемлекеттік зейнетақы жүйесінен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу.

Осыған байланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың тұжырымдамасын» мақұлдады және 1997 жылдың 20 маусымында ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды.

Зейнетақы реформасын жүзеге асырудың нәтижесінде зейнетақыға кететін шығындардың үлес салмағы кеміп, әлеуметтік сақтандыру бюджетінде қаржылық ресурстардың жинақғалуын қамтамасыз ететін табыс өсті.

Бұл ресурстарды мемлекеттік тұрғыдан қор жинақталуын зейнетақы сызбаларын нақты әрекетке енгізу үшін пайдаланұға болады. Зейнетақы шығындарының үлес салмағының кемуіне нақты зейнетақы жасын ұзарту, сондай-ақ әлеуметтік сақтанды-рылған тұлғалардың үлес салмағын арттыру өз әсерін тигізуі керек. Бұл арада зейнетақы реформасы әлеуметтік сақтанды-рудың жүйесіне белсенді қосылұға, өз табыстарын толық ашып көрсетуге және өзінің еңбек ететін жылдарын ұзартуға халықты ынталандыруы қажет.

Оның жүзеге асырылуы мемлекеттің макроэкономикалық жағдайына жағымды әсерін тигізеді деп болжанған болатын, мемлекеттік тұрғыдан қорландырылған зейнетақы мен жеке зейнетақы қорларының енгізілуі Қазақстанның капитал нарығын дамытуға ыкпалын тигізетін ауқымды да, ұзақ мерзімді қаржылық капиталдың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге арналған әлеуметтік сақтандырудың мөлшерлемесін кеміту және осы жүйеге кіруге мүддәлік таныту-шылардың көбеюі көлеңкелі экономиканың үлес салмағын азайтады.

Бұл себептер мемлекеттің зейнетақы жүйесін реформалауға әкеп соқтырады. Онда халықаралық ұйымдардың сарапшылары мынадай қағидаларды, атап айтқанда табанды, тұрақты болуды, ең аз шамадағы әкімшілік құнмен әрекет етуді және т.б. ұсынды. Ал зейнетақы бәріне бірдей әділ төленуі керек. Бұл арада зейнетақы реформасын жүзеге асыруда Қазақстан азамат-тарының санасын өзгертудің маңызы зор.

Жаңа реформаға сәйкес зейнетақы жасы ұзартылды: ерлер — 63 жас, әйелдер - 58 жас. Зейнетақы жасының ұзартылуы бір мезгілде емес, біртіндеп жүзеге асырылады:

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ерлер - 61 жасында, әйелдер — 55 жасында;

1998 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер — 61,5 жасында, әйелдер — 56,5 жасында;

1999 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер - 62 жасында, әйелдер — 57 жасында;

2000 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер - 62,5 жасында, әйелдер — 57,5 жасында;

2001 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер — 63 жасында, әйелдер — 58 жасында зейнетақыға шыға алатын болды.

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық артықшылықты зейнетақы жойылып, зейнетақыға шығудың талаптары бірдей болды. Зейнетақымен қамтамасыз етудің ынтымақтастық жүйесі кезінде экономика секторларының барлық субъектілері мемлекеттің зейнетақы қорына еңбекақы қорынан (ЕҚ) 25% төлеп отырды. Бұл 25% екі ағымға бөлінді: оның біріншісі 15% мөлшерінде мемлекеттік зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы ретінде түсе бастады. Қазіргі уақытта мемлекеттік зейнетақы қоры зейнетақы тәлеу бойынша мемлекеттік орталыққа (ЗТМО) айналып, мүмкіндіктері артты. ЗТМО осы 15%-дан 1998 жыл-дың 1 қаңтарына дейінгі зейнетақы алушыларға ағымдағы зей-нетақысын төледі және алдағы кезеңнің зейнеткерлеріне 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақыға шыққан азаматтардың еңбек өтілінің жылдар мөлшеріне пропорционалды мөлшерде төлене бастады. 10% мөлшеріндегі екінші ағым салымшының өз қалауы бойынша бекіткен зейнетақы келісімшартына сәйкес мемлекеттік немесе мемлекеттік емес зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарнасы ретінде түсе бастады. Мұнда салымшы жылына екі мәрте зейнетақы қорын себебін түсіндірмей ауыстыруға құқылы. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жабық акционерлік қоғамдар түрінде құрылыды



Қазақстанның зейнетақы жүйесінің кризистік жағдайының негізгі себептері:

1. Жұмыс істеушілер мен зейнеткерлер санының арақатынасының қысқаруы

2. Бюджеттен тыс қорларды міндетті төлемдердің көлемінің жоғары болуы

3. Зейнетақы жарнасының есебінің персонификациялануының болмауы

4. Өз бетімен тіршілік жасаған тұрғындарды бақылаудың болмауы

5. Бюджеттен тыс қорлардың құралдарын бақылаусыз пайдалану

6. Жергілікті түсімдерден зейнетақы төлеуге әр облыстың бірдей емес мүмкіндіктері

7. Жергілікті жерлерде биліктің орталықтанбауы

8. Зейнеткерлерге зейнетақыны төлемеудің көбеюі және хроникалық (созылмалы) жайда болуы.
Сұрақ 2.

Қолданыстағы зейнетақы жүйесі кемшіліктері болғанына қарамастан республикада жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын компанияларды, кастодиан-банктерін, бағалы қағаздар бойынша брокерлік компанияларды, екінші деңгейлі депозиттік банктерді, қор биржасын, орталық депозитарийді, мемлекеттік реттеуші органдарды камтитын қатысушылардың айтарлықтай үйлесімді институционалдық құрылымы құрылды.



Қазақстан зейнетақы нарығының құрылымын былайша көрсетуге болады (20-сурет).


( ескертпе: ЗАИБЖҰ - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым)*

Сурет 14. ҚР зейнетақы нарығының институционалдық құрылымы

Айтыпып өткендей, Қазақстаңда Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық (ЗТМО) құрылды. ЗТМО-дан зейнетақы алудың құқығына мына санаттағы азаматтар ие болады:

1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алғандар;

• әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының, ҚР

Әділет министрлігінің қылмыстық атқару комитетінің қаржылық полиция органдарының қызметкерлері және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін ҚР заңымен белгіленген ережеге сай әскери атағы бар мемлекеттік өрт сөндіру кьізметінің қызметкерлері; 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейін ең аз дегенде 10 жьш радиациялық қаупі жоғары және төтенше аймақғарда тұрған азаматтар: жалпы еңбек өтілі 25 жылды құрайтын ерлер 50 жасында, жалпы еңбек өтілі 20 жылды құрайтын әйелдер 45 жасында зейнетке шығып, ЗТМО-дан зейнетақы алады;

• 5 және одан да көп балалы әрі оларды 8 жасына дейін тәрбиелеген әйелдердің 1998 жылдың 1 шілдесінен бастап жыл сайын 6 айға аталған зейнетақы жасын біртіндеп арттырумен (алайда бұл тек 3 жылдан артық болмауы тиіс) жасына қарай зейнетақьі алуына құқығы бар.

ЗТМО мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылды. Бұл органның негізгі функцияларына мыналар жатады:

• республикалық бюджеттің қаражаты есебінен зейнет-ақымен қамтамасыз етілу құқығы бар азаматтарға зейнет-ақы тәлеуді жүзеге асыру;

• азаматтарға ӘЖК беру;

• міндетті зейнетақы жарнасының дербестендірілген есебі;

• міндетті зейнетақы жарнасын агенттерден ЖЗҚ-ға аудару және т.б.

Республикада ЗТМО-дан өзге мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары бар. ЖЗҚ халықтың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын тартады, әрі бұл ресурстарды осы арада атаулы ие ретінде алға шығатын кастодиан-банктің шотына аударады. Зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым басқарады (ЗАИБЖҰ) немесе тиісті лицензиясы болса, зейнетақы қорлары дербес басқарады. ЗАИБЖҰ кастодиан-банктің шотына зейнетақы жарнасы түскен күннен бастап 3 күннің ішінде бұл қаражатты тиісті бағалы қағаздарға орналастыруға міндетті.

Жинақтаушы зейнетйқы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және кастодиан-банктің бір-біріне қатысты қызметтерінде пайда болған барлық құқықтық қатынастарында тараптардың құқықтары мен міндеттері толық айтылатын үш жақты кастодиандық келісімшарттың ережесі басшылыққа алынады. Халыққа зейнетақы қызметін көрсететін осы үш заңды қатысушының арасындағы өзара әрекет мына сызба бойынша жүзеге асады: зейнетақы қоры мен салымшының арасындағы зейнетақы келісімшартына сәйкес салымшы-алушының жарнасы қордың кастодиан-банктегі арнайы ашылған инвестициялық зейнетақы шотына түседі. Мұнда зейнетақы қоры банкпен кастодиандық келісімшарт жасаған.

Келешекте әрбір қатысушының өкілеттілігі мен міндеттерін қатаң шектеу зейнетақы жүйесіне оның сенімді жұмыс істеуін және жинақталған зейнетақының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында енгізілетін негізгі қағидалардың бірі болмақ. Сондай-ак зейнетақы қорлары мен өмірді сақтандыру женіндегі компания-лар арасындағы өзара әрекеттің механизмі де қарастырылуда. Зейнетақыны жүзеге асыру бойынша зейнетақы қорының сызбасы мен өмірді ақырғы мерзіміне дейін сақтандырудың жинақтау-қайтару сызбасы мәні жағынан бір-біріне ұқсас. Өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандырушы компаниялардың одан ары дамуы мен қалыптасуы және оны зейнетақы реформасына қосу зейнеткерлердің төлемі болып табылатын зейнетақының сенім-ділігін қамтамасыз ету бойынша проблемаларды шешудің бір нұсқасына айналуы мүмкін. Әрі ол зейнетақымен қамтамасыз етудің қолданыстағы институционалдық құрьшымына және Қазақстаңдағы инвестициялық саясаттың шешілуіне қосымша орнықтылық пен сенімділік дарытады.

Зейнетақыны жинақтаудың жаңа жүйесі 1998 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істесе де, тек ақпан айында ғана зейнетақы жүйесінің барлық буындарының әкімшілігі (администраторы) толықтай құрылып, анықталды. 2004 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы жарналарын тарту және зейнет-ақымен қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензияға Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗК) мен 15 Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры (МЕЖЗҚ) ие болды. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының біреуі қорпорациялық болып табылды. «Акционерлік қоғамдар туралы» жаңа Заңға сәйкес барлық зейнетақы қоры алушының жұмыс орны мен мекен-жайына қарамастан салымшылардан зейнетақы жарнасын қабылдауды жүзеге асыра алады, яғни АҚ-ның ашық және жабык боп бұдан былай бөлінбейтіндігіне байланысты ЖЗҚ ашық және қорпорациялық жинақтаушы зейнетақы қорлары деп бөлінбейтін болды.


Сұрақ 3.

Бүгінгі таңда Қазақстанның зейнетақы нарығы — елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде ең серпінді дамып келе жатқан нарық. Олардың жұмыс істегендеріне 7 жылдан асты. Осы уақыт аралығында көптеген шешілуі тиіс, шиеленіскен проблемалардың ел экономикасының жағдайына бейімделуі бойынша шешілмеген және даулы мәселелердің пайда болғанын айта кету керек. Осылардың ішінде зейнеткер-лердің еңбек еткен жылдарынан кейін қалыпты өмір сүруіне жинаған қаражаттарының аздық ететінін, яғни жетіспеушілігін, гендерлік проблеманың шешімін таппағандығын (әр түрлі өмір ұзақтығы, еңбекақыдағы теңсіздік, осыған байланысты ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшерінде орын алатын теңсіздік), өндірістік жарақат проблемасын және т,б. айтуға болады. Мемлекет зейнетақымен қамсыздандырудың механизмдерін жетілдіру жолында түрлі шараларды қарастырып жатыр. Мәселен, 2004 жылдан бастап зейнетақыға жинақталған қаражаты жеткілікті адамдардың 55 жасында зейнетақыға шыіуына құқық беретін зейнетақы аннуитеті ұғымы енгізілді.



Қазақстанда келесідей зейнетақы қорлары жұмыс жасайды:

1. АҚ « ЖЗҚ Капитал»

2. АҚ «Жинақтаушы зейнетақы қоры «ИЖЗҚ»

3. АҚ «ЖЗҚ ТӘБ Қазақстан»

4. АҚ «ЖЗҚ Қазақстан Халық банкі»

5. АҚ «ЖЗҚ Қазақмыс»

АҚ «ООИУПА GRANTUM Asset Management»

6. АҚ «ЖЗҚ Гарантум»

АО «ООИУПА «Жетісу»

7. АҚ «ЖЗҚ Ұлар-Үміт»

АО «ООИУПА «Premir Asset Management»

8. АҚ «ОНПФ Отан»

АО «ООИУПА «Актив – Инвест»

9. ЖАҚ «ЖЗ Валют Транзит Фонд»

«ООИУПА «Bailyk Asset Management»

10. АҚ «ЖЗҚ Сенім»

11. АҚ «ЖЗҚ НефтеГаз-ДЕМ»

12. АҚ «ОНПФ им. Д.А. Кунаева»

13. АҚ «ЖЗҚ Қорғау»

АО «ООИУПА «Нур-Траст»

14. АҚ «ЖЗҚ Атамекен»

Салымшылар бір қордан екіншісіне зейнетақы жинақтарын аудару құқығын белсенді пайдаланады. Зейнетақы жинақтарын бір қордан екіншісіне аударудың нәтижесі 2004 жылдың 1 нау-рызында 65289 млн теңгені құрады. Ең көп сома аударылған қорлар: «МЖЗҚ» — 61%, «ҮларҮміт» — 11%, «Қазақтан Халық банкі» — 8%. Бұл үш қордың үлесі жалпы аударылған соманың 80%-ын құрайды.



Бақылау сұрақтары.

  1. Зейнетақы нарығы дегеніміз не?

  2. Қазақстанның зейнетақы нарығының қатысушылары кімдер?

  3. Солидарлықтан жаңа зейнетақы жүйесінің айырмашылығы неде?

  4. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің жұмыс тетіктері қандай?

  5. ҚР зейнетақы нарығының құрылымы қандай?

Тест тапсырмасы

1. Зейнетақы қоры, халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медицина сақтандыру қоры. Осылар қандай қорларға жатады?



  1. Қазақстанда мемлекеттік тыс қорларға

  2. ақпараттан шығарылған қорларға

  3. шаруашылық субъектілер қорларына

  4. А және С жауабы дұрыс

  5. барлығы дұрыс

2. 1993 жылдан бастап зейнетақы қорлары қандай министрлікке бағынды?

  1. Қаржы министрлігі

  2. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

  3. Әлеуметтік қорғау министрлігі

  4. ешқандай министрлікке бағынбады

  5. бюджеттен тыс қорға жатқызылды

3. Зейнетақылық жинақтау қоры-бұл:

  1. зейнетақылық жарналарды тарту

  2. зейнетақылық төлемдерді шоғырландыру

  3. зейнетақылық активтерді инвестициялық басқару

  4. ЗЖҚ салушылардың міндетті жарналарын шоғырландыру

4. ҚР үкіметінің қаулысымен зейнетақылық міндетті жарналарды төлеу тәртібі қай жылы өзгерді?

  1. 1995 жылы

  2. 1992 жылы

  3. 1997 жылы

  4. 1996 жылы

  5. 1998 жылы

5. Қандай келісім мемлекеттік шартқа сәйкес жарналарды жинақтап зейнетақы төлейтін коммерциялық ұйымдар емес құрылады?

  1. МЕЗҚ

  2. МЗЕҚ

  3. ЕЗМҚ

  4. ЗЕМҚ

  5. ҚЕМЗ


Тақырып – 10. Коммерциялық банктер операциялары.

жоспар


1.Банктердің функциялары мен түрлері.

2. Коммерциядық банктердің делдалдық операциялары


Сұрақ 1

Тәуелсіздік жылдары кезеңінде Қазақстан нарығында қаржы делдалдығының функциясын орындайтын қаржы институттарының желісі қалыптасты. Ондағы маңызды орынға банктер ие. Олардың пайда болу тарихы көне замандарда жатыр. Мысалы, Ежелгі Вавилонның тас кестелеріне жазылған борыш қолхаттарын кездестіруге болады, ал Флоренция және Венецияда ақша мен асыл тастарды сақтау бойынша қызмет түрі болған. Ақша айырбасы бойынша қызмет көрсету көптеген қалалар мен әлем елдерінде XIV ғасырдың соңында кеңінен тарады. Банктер негізінен сауда мен есеп айырысуға қызмет етті. Олар өнеркәсіп капиталымен жеткілікті дәрежеде байланыста болмады, Олардың несие ақшасын шығару секілді маңызды функциясы дамымады. Олар өз қызметін біртіндеп жетілдірді әрі түрлендірді, осы заманғы банк жүйесіне тән жаңа әдістерді енгізді.

Бүгінгі таңдағы коммерциялық банктер — бұл ҚР зандарына сәйкес депозиттік, ссудалық және басқа да операцияларды жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар.

Анықтамасынан көрініп тұрғандай, банктің негізгі тағай-ындалуы ақша қаражаттарын несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға орналастырудағы делдалдықта жатыр. Нарықтарға ақша қаражаттарын орналастыруды банктермен қатар басқа да қаржы және несие мекемелері жүзеге асырады. Олар: инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т.б. Банктердің қаржы нарығының субъектісі ретіндегі екі негізгі белгісі болады:

• қарыздық міндеттемелерінің косарланған айырбасы, яғни олар өздерінің қарыздық міндеттемесін (депозиттерін, жинақ сертификаттарын және т.б.) орналастырады. Ал осының негізінде жұмылдырылған қаражагғы басқалар шығарған қарыздық міндеттемеге, бағалы қағаздарға орналастырады. Бұл банктерді өзінің қарыздық міндеттемесін шығармай, қаржы нарығында өз қызметін жүзеге асыратын қаржылық брокерлер мен дилерлерден айрықшалап көрсетеді;

• заңды және жеке тұлғалардың алдында борыштың тіркелген сомасымен шартсыз міндеттемені өз мойнына алу. Мәселен, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда пайда болатын міндеттеме. Бұл банктерді өз акциясын шығарудың негізінде ресурстарын жұмылдыратын әр түрлі инвестициялық қорлардан айрықшалап көрсетеді. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеменің банктер үшін аздаған қауіпі болады. Өйткені ол қандай жағдайда болмасын толық төленуі керек, сонымен қатар инвестищіялық қор ретінде өзінің активтері мен пассивтері құнының өзгерісімен байланысты барлық қауіпті өз акционерлеріне бөліп беруі қажет.

Жаңа міндеттемелерді жасаудың және оларды басқа контрагенттердің міндеттемелеріне айырбастаудың барлық процесі банктің қаржы делдалдығының негізін құрайды. Нарықтық экономикада мұндай түрлендіру айрықша маңызды. Ол ұсынылатын және талап етілетін сомалық, мезгілдік, табыстылық және т.б. сәйкессіздіктерден пайда болатын жинақтаушылар мен қарыз алушылардың тікелей қарым-қатынасындағы қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Банктердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай оларды екі негізгі түрге бөлуге болады: эмиссиялық және эмиссиялық емес.



Эмиссиялық — бұл айналымға ақша белгілерін шығаруына айрықша құқығы бар орталық банк. Әр елдерде ол ұлттық банк, халықтық банк, резервтік банк деп әр түрлі аталады. Ол Қазақстаңда ҚР Ұлттық банкі деген атауға ие. Оның басты міндетгеріне айналымға ақша шығару, банктердің арасында ақшалай тауардың саудасын жүргізу, банк жүйесінің эмиссиялық несие және есеп айырысу қызметін басқару жатады. Ол еліміздегі банктік жүйенің жоғарғы деңгейін құрайды.

Эмиссиялық банк аса ірі қаражатқа ие. Ондай ірі қаражат банктердің бірде біреуінде жоқ. Бұл оған басқаларына көмек көрсетуіне және олардың қызметін басқаруға мүмкіндік береді. Қалған банктер эмиссиялық болып табылмайды. Өйткені олар айналымға ақша шығарудың айрықша құқығына ие емес.

Ұлттық банктің негізгі функцияларына мыналар жатады:

• Эмиссиялық — бұл орталық банктің ең маңызды функцияларының бірі. Қазіргі заманда қолма-қол ақшасызға қарағанда қолма-қол ақшаның маңызы артық болса да, банкнот эмиссиясы өз мәнін жоғалтпайды. Өйткені қолма-қол ақша төлемдерінің көп бөлігі үшін және борыштық міндеттемені түпкілікті өтеуге қаражатты қажет ететін несие жүйесінің өтімділігін қамтамасыз ету үшін бұрынғыша қажетті болып қала береді.

• Коммерциялық банктердің кассалық резервтерін шоғырландыру және сақтау функциясы. Оның мәні мынада: ұлттық несие жүйесіне мүше болып табылатын әрбір коммерциялық банк Ұлттық банктің резервтік шотында оның салым ақша мөлшеріне арақатынасымен анықталған соманы сақтап қоюға міндетті.

• Елдің ресми алтын-валюта резервін сақтайтын дәстүрлі функциясы.

• Үкімет органдарына несие беру және олардың есеп айырысу операциясын орындау. Мемлекеттік бюджеттерге жартысына дейін және одан да көп елдің ЖЮ шоғырланады. Сол себепті Ұлттық банк үкіметтік меке-мелер мен ұйымдардың, жергілікті үкімет органдарының шотын жүргізеді, осы шотқа олардың қаражатын шоғырландырады және оның төлемін жүзеге асырады.

• Мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.

• Мемлекетке қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тікелей ссуда формасында немесе мемлекеттік облигацияларда сатып алудың формасында несие береді.

• Үкіметтік органдардың тапсырмасы бойынша алтынмен және шетелдік валюталармен операцияларды жүзеге асырады.

• Ақша саясатының (ол ең алдымен ақша массасының өзгерісін реттейді) және несие саясатының (несие мөлшерін, пайыздық мөлшерлеменің деңгейін және ссудалық капитал нарығының басқа көрсеткіштерін реттейді) шаралар жиынтығын білдіретін ақша-несие саясатын жүзеге асырады.

Коммерциялық баиктер көбінесе өздері салым ақша түрінде алатын ақшалай капиталдың есебінен өнеркәсіп, сауда және басқа да кәсіпорындарды несиелеу бойынша әмбебап операцияларды орындайтын жеке және мемлекеттік банктерді білдіреді.

Коммерциялық банктердің функциялары:

• мерзімсіз депозиттерді шоғырландыру (ағымдағы шоттарды жүргізу) және осы банктің атына жазылған чектерді тәлеу;

• кәсіпкерлерге несие беру;

• барлық ұлттық шаруашылықтың ауқымында төлем ай-налымын ұйымдастыру әрі есеп айырысуларды жүзеге асыру және т.б.

Коммерциялық банк — бұл шаруашылық есеп принципімен әрекет ететін заңды тұлға болып табылатын, шаруашылықты дербес жүргізетін субъект. Өнеркәсіпке, ауыл шаруашьшығына, құрылысқа қарағанда банктер өндіріс саласында емес, айырбас саласында әрекет етеді. Олар ресурстарды тартады, несие береді, яғни қайта бөледі, тауарлардың алмасуына ықпалын тигізеді.

Орындалатын функциялардың санына карай коммерциялық банктерді әмбебап банк және мамандандырылған банк деп белуге болады.

Әмбебап коммерциялық банк — бұл көптеген қаржылық опе-рациялар мен қызмет көрсетулерді орындайтын несие мекемесі. Бүгінгі таңда олар өз клиенттеріне 200-ге жуық әр түрлі өнім-дері мен қызмет түрлерін ұсына алады. Мұндай кең аукымды әртараптандырыліан операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерінен айырылмауға және өте қолайсыз конъюнктұра жағдайында да пайда алуына мүмкіндік береді.

Мамандаидырылған банк — бір немесе бірнеше функцияны орындайтын, сонымен бірге нақты экономика саласында өз қызметін жүзеге асыратын несие мекемесі.

Банкті функциялық мамандануына қарай инвестициялық, инновациялық, ипотекалық банктерге бөлуге болады.



Инвестициялық және инновациялық банктер — облигациялық займдарды, акцияларды және баска да бағалы кдғаздарды шығару әрі ұзақ мерзімді ссудаларды ұсыну арқылы ақша қаражаттарын ұзақ мерзімге шоғырландыруға маманданады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді салымға қаражаты жетіспеген кәсіпкерлер мен қаражатын ұзақ мерзімге салатын салымшылардың арасындағы делдалдық мекемені білдіреді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады. Алайда олар тек технологиялық жаңа енгізулердің (инновацияның) әзірленуін және игерілуін несиелейді.

Ипотекалық банктер жердің және жылжымайтын мүліктің кепілімен қаражатты ұзақ мерзімге тарту және орналастыру бойынша несие операцияларын жүзеге асырады.

Бұл банктердегі пассивтің көп бөлігін ипотекалық облигациялар, акциялар және бағалы қағаздар құрайды.

Салалық және аймақтық банктердің мамандану деңгейі, олардың активтері мен пассивтерін қалыптастырудағы өзіндік ерекшелігі көбінесе өздерінің қызмет салаларына, сондай-ақ ендірістік процестің басқадай ауыткуларымен құрылған әр түрлі салалық ерекшеліктерімен байланысты болады.

Банктерді аймақтық белгілері бойынша аймақтың, тұтас елдің қажеттілігіне қызмет көрсететін жергілікті банк және халықаралық банктер деп бөлуге болады. Әрине, бір жақты маманданған немесе бір салаға ғана қызмет ететін банкті кездестіру қиын, тек қысқа мерзімді несиелерді берумен ғана айналысатын немесе өнеркәсіп кәсіпорындарына ғана несие берумен шұғылданатын немесе тек бір ғана аймақтың клиент-теріне қызмет көрсететін банктер болмайды емес, болады, бірақ тәжірибеде мұндай банктерді кездестіре алмайсыз. Осы заманғы экономикада көбінесе өзінің негізгі қызмет бағытын сақтай отырып, әр гүрлі операцияларды орындай беретін банктерді коптеп кездестіруге болады. Оларды тек өздерінің негізгі қызмет бағыттарына қарап ажыратуға болады.

Банктерді меншік сипатына қарай мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, жекеше, муниципалды, аралас деп бөлуге болады. Банк капиталын меншіктеу тұрғысынан алғанда мемлекеггік банктің мемлекеттік белгісі өзінің негіз қалаушысы болып табылады. Мұнда бастапқы сәтке олардың мемлекеттік ұлттық мүддеге бағыныштылығы жатады (мысалы, эмиссиялық банк жүйесі арқылы ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық банктердің мемлекеттік жүйесі арқылы қандай да бір аймақтың немесе саланың даму бағдарламасын қаржыландыру). Бұл банктердің басты ерекшелігі: олардың бастапқы капиталы көбінесе акционерлік болуында, өйткені ол басқа меншік формасына жататын бөлікті де қамтиды. Алайда бұл оның мемлекеттік сипатына нұқсан келтірмейді. Өйткені ол ең алдымен ел экономикасының тиісті салаларындағы кәсіпорындарды дамыту үшін құрылған.

Қазіргі заманғы банк ісінде ең кең тараған меншік формасы — акционерлік, құрылтайшылық формалар. Бұларға әр түрлі заңды және жеке тұлғалар қатысушы бола алады. Тіпті мемлекеттік меншік формасындағы мемлекеттік банктің өзіне заңды тұлғалар, мысалы, басқа банктер құрылтайшы бола алады. Бұл жағдайда оның капиталы акционерлік болып табылады.

Кооперативтік банктің құрылтайшылары мен жарнашыларына (пайшы) тиісті кооператив одақтары жатады. Әдетте бү-лар жарғылық капиталына қарай және қызмет ауқымына қарай ең ұсақ банктер болып табылады. Тек. кооперативтер ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындар да кооперативтік банктердің иесі бола алады.
Сұрақ 2.

Депозит ретіндегі уақытша бос ақша қаражаттарын жеке және заңды тұлғаларға несиеге беру арқылы, қайта бөлу функциясын жүзеге асыратын банк ақша қаражаттарын артық субъектілер ақша қаражаттарына мұқтаж субъектілердің арасындағы өзіндік өзгешелігі бар делдал ретінде алға шығады.

Мұндағы ерекшелік мынада: қажетті ресурстары бар тұлға оны гиісті кепілдемесімен қарыз алушыға нақты мерзімге пайызбен бергісі келеді. Әрине, осы заманғы экономикада несие беруші мен қарыз алушының мүдделері бір жерден шыға бермейді. Яғни мүдделердің сәйкес келуі сирек кездеседі. Бұл арада сұраныс пен ұсынысты ескеру арқылы мәмілелерді жүзеге асырудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін делдал-банк байланыс-тырушы буын ретінде алға шығады. Жекелеген несие беруші-лерге қарағанда банк әр түрлі қарыз алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады әрі оларға ездерінің қалауы бойынша несие түрін, мерзімін, пайызын т.б. таңдау мүмкіндігін береді. Өйгкені банктер орасай зор ресурстарға ие әрі осы ресурстарды пайда әкелетіндей дұрыс орналастыра алады.

Банктің негізгі функцияларының біріне — ең алдымен кімнің кімге қарыз болуына қарай сатып алушыдан сатушыға ағылатын ақша қаражаттарына делдалдық еткен кездегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру жатады. Ақша қаражаттарының қолма-қол ақшасыз айналысы вексель, чек, банкнот, төлем карточкасы және әр түрлі төлем құжаттары секілді қаржылық құралдармен ғана мүмкін болады. Бүгінгі таңда банктер олардың әр түрін ұсынып жүр. Есеп айырысудағы делдалдық - әмбебап коммерциялық банктердің ең ауқымды функциясы болып табылады. Осыған орай, бүгінгі таңда банктер ел ішінде және одан тыс әр түрлі ақшалай аударымдарды жүзеге асырып жүр.

Банктер қаржы делдалы ретінде мынадай операцияларды орындайды:

• несиедегі делдалдық;

• есеп айырысудағы делдалдық;

• кастодиандық делдалдық;

• брокер-дилерлік делдалдық қызмет және т.б.

Банктер биржалардың міндетті қатысушысы болып табы-лады. Олар биржалық операцияларды дербес ұйымдастыра ала-ды, әрі бағалы қағаздар саудасы бойынша операцияларды да дербес орындай алады.

Коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі депозит түрінде ақша сақтаудың қолайлы формаларын ұсынады, бұл

өтімділікте клиенттің қажетгілігін қанағаттандыра отырып. олар-дың сақталуын қамтамасыз етеді.

Банк бұдан басқа мына қызметтерді жұзеге асырады:

• пассивті операцияларды;

• активті операцияларды;

• меншікті операцияларды.

Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған және эмиссияланған қаражаттардың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.

Меншікті қаражатқа акционерлік, резервтік капитал және бөлінбеген пайда жатады. Олар бұл жерде өте маңызды рөл атқарады, себебі өзіндік капиталдың кемуі кейде банкті банкротқа ұшыратады. Коммерциялық банктің активті операциясының негізгі көзіне тартылған қаражат жатады.

Акционерлік капитал, яғни банктің жарғылық қоры акцияларды шығару және орналастыру арқылы құрылады. Әдетте, банктер өз қызметінің даму шамасы мен ояерацияларының ұлғаюына қарай жаңа акцияларды жүйелі түрде шығарып отырады,

Резервтік капитал немесе банктің резервтіх қоры пайдадан аударып отырудың есебінен калыптасады, ол болжанбаған залалдарды және бағалы қағаздар бағамының құлдырауынан орын алатын ысырапты өтеуге арналған.

Бөлінбеген пайда — резервтік қорға аударымдарды аударудан және дивидендтерді тәлеуден кейін қалатын пайданың бөлігі.

Айтып кеткеніміздей, тартылған қаражат коммерциялық банк ресурстарының негізгі бөлігін құрайды. Бұлар депозиттер, сонымен бірге контоқорренттік және қорреспонденттік шоттар.

Банктің негізгі тартылған ресурстары ретінде клиентгің барлық салым ақшасын білдіретін әр түрлі депозиттер алға шығады. Онда орналастырылған қаражаттың көздері әр түрлі болады. Бұл кәсіпорын шотындағы, жұмысшылар мен қызмет-керлердің еңбекақы шотындағы, мемлекеттік мекемелердің шо-тындағы уақытша пайдаланылмайтын қаражат. Депозиттер талап етілгенге дейінгі, мерзімді және жинақ салымдарына бөлінеді (бұлар осы кітаптың I бөлімінде толығырақ айтылған).

Банктерде төлем операцияларын жүргізуге біршама шығын кетеді. Алайда ол (шығын) кем немесе артық деңгейде талап етілмелі шоты бар клиенттердің өз қаражаттарын толық пайда-ланбауына қарай өтеледі. Әдетте түрлаулы деп аталатын қалдық болады, оны банк өзінің коммерциялық мақсаттары үшін тартады, яғни пайда алу мақсатында қысқа мерзімді несие, ссуда белгілі бір мөлшерде берілуі мүмкін.

Банкаралық несиелер, яғни басқа банктен алынған ссудалар банк ресурстарының маңызды көзі болып табылады. Коммерциялық банк оны Ұлттық банктен қайта есептеу және вексельдерді қайта кепілге салу формаларында ала алады.

Контокоррент — бірыңғай шот. Ол арқылы банк пен клиент арасындағы барлық есеп айырысулар мен несие операциялары жүргізіледі. Егер клиентте қаражат болатын болса, онда бұл шот пассивтік болып табылады, клиенттің қаражаты болмаса да ол банкке төлем тапсырмасын берсе немесе чек жазса, онда шот активке айналады.

Банктер қаражатын ұзақ мерзімге салатын клиенттерді іздестіреді. Бұл банкке пайда әкеледі. Оған айналысқа шығарылған банктің қаражаттары: облигациялық займдар, банктік вексельдер және т.б жатады.



Активтік операциялар банк ресурстарын орналастырумен байланысты. Оған ең алдымен несие операциялары жатады. Несие берудің мерзімі белгілі бір мезгілге берілетін мерзімді несие және банктің алғашқы талап етуі бойынша қайтарылуы тиіс онкольдық несие деп бөлінеді.

Ссудамен қамтамасыз ету тұрғысынан вексельдік, тауарлық, қор және банктік операциялар бөліп көрсетіледі.



Вексельдік операциялар вексель есебі бойынша операцияға және вексель кепілімен берілетін несие операциясына бөлінеді.

Вексель есебі (дисконттау) оларды банктердің өтеу мерзімі біткенше сатып алуды білдіреді. Банк өз кезегінде, егер ол қаражатқа мұқғаж болса, бұл вексельдерді өзі Ұлттық банкте қайта есептей алады. Вексельді есептегеннен кейін банк оның иесі болады әрі оны айналысқа шығарған немесе оны есепке, нақты ақша сомасына ұсынған тұлғаға төлейді. Бұл операция үшін банк клиенттен есептік пайыз немесе дисконт деп ата-латын нақты пайызды өндіріп алады. Дисконт — вексельде белгіленген сома мен вексельдің иесіне төленген соманың арасындағы айырмашылық.

Банктің активтік вексель операцияларына акцептік және авальдық операциялар жатады.

Акцептік операцияның мағынасын былайша түсіндіруге болады: банк клиентке өзі акцептейтін, яғни ол бойынша өз есебінен төлемді кепілдендіретін вексельді жазып берудін құқығын ұсынады. Ал оны пайдаланұға алған клиент банкке вексельдің мерзімі біткенше вексель төлемі бойынша тиісті соманы енгізуге міндеттенеді.

Вексельдік несиені пайдаланудың маңызды формасына аваль жатады. Бұл жағдайда вексель бойынша төлемді вексельдің иесі өзі (тікелей) орындайды, ал аваль бұл арада тек төлем кепілдігі ретінде ғана қызмет етеді. Вексельдің иесі ол бойынша төлемді жүзеге асыра алмаса, онда төлемнің жауапкершілігі авальды койған банкке жүктеледі.

Банктің маңызды активтік операцияларының түріне тауарлық несие жатады. Ол тауардын және варрант (тауардың сақталуы үшін қоймаға алынғаны туралы куәлік), темір жол жүк құжаты, коносамент (жүкті көмеге қабылдау туралы пороход қоғамының куәлігі), жүкті тиеу туралы жүк құжат секілді тауарға ілеспе құжаттардың кепілімен берілетін қарыз болып табылады. Нарық жағдайында тауарлық қамтамасыз етумен несие беру арқылы банктер үлкен тәуекелге барады, өйткені ол белгіленген мерзімінде қайтарылмаса банк тауарға тиым салып, оны сатады. Содан кейін тауарды сатудан түскен түсімнің есебінен юшентгің берешегін жабады. Алайда бұл арада мынадай мәселе бар: тауар барльгқ жағдайда өтпей қалуы мүмкін.

Банктің активтік операциясының тағы бір түріне қор операциясы жатады. Оның объектілері — әр түрлі бағалы қағаздар. Бұл операция бағалы қағаздармен қамтамасыз етілетін және банк өз есебінен сатып алатын несие түрінде болады.

Бағалы қағаздармен қамтамасыз етілетін несие, әдетте олар-дың нарықтық құнының толық бағамы мөлшерінде емес, оның белгілі бір бөлігінің мөлшерінде (50-60%) беріледі.

Сонымен қатар банктің бағалы кағаздардағы инвестициясы болады, оның нәтижесінде банк бағалы қағаздар портфелін иеленеді. Мұндай сатьш алудың мақсаты — осы қағаздарды одан ары қайта сату немесе ұзақ мерзімді капитал салымы.

Банктің беретін несиесін төмендегілер де қамтамасыз ете алады: жылжымайтын мүлік, басқа банктің немесе сақтандыру ұйымының сақтандыру кепілдігі.

Банктің аса маңызды делдалдық оиерацияларына инкассалық, аккредитивтік, аударымдық және комиссиялық сауда опе-рациялары жатады. Сенімді (трастық) операцияның да алар орны айрықша. Ол сырттай делдалдыққа ұқсас, алайда оның да, лизингтік операцияның да аясынан шығып кетеді.

Инкассалық операция аты айтып тұрғандай операция болып табылады. Ол арқылы банк өз клиентінің табыс етуі бойынша ақшалай және тауарлщқ есеп айырысу құжаттарымен ақшаны алады. Инкассаға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар, шетелдік валюта және т.б. қабылданады. Банк инкассалық операцияны орындағаынан кейін мөлшері операция түріне қарай болатын комиссияны өндіріп алады.

Аккредитив — бұл аккредитивтік хатта көрсетілген шарттарды орындағанда компанияға немесе тұлғаға белгілі бір соманы тәлеу туралы тапсырма. Мұндай операцияға мыналар қатыса алады:

• аккредитивті ашу туралы тапсырма берген клиент;

• аккредитивті ашқан банк;

• аккредитив ашылған және оның шарттарының орындалуын қадағалап отырған банк;

• пайдасына аккредитив ашылған тұлға (бенефициар немесе алушы).

Аударым операциясы банкке енгізілген алушының ақшасын басқа орында (басқа елді мекенде) жүрген оған аударуды білдіреді. Ол банк чегін жіберу арқылы немесе қорреспондент-банкке аудару жолымен жүзеге асырылады.

Банктер жеке тұлғалар үшін мынадай сенімді (трастық) операцияларды орындайды:

• мүліктік құқықтан уақытша айырылған тұлғалардың (жетім-жесірлер, кәмелетке толмағандар) мүліктерін уақытша басқару;

• мұрагердің мүддесі үшін қайтыс болған тұлғаның мүлігін басқару;

• капиталды көп пайда алу мақсатында басқару (акцияға, жылжымайтын мүлікке ақша салу);

• құндылықтарды сейфтерде сақтау және т.б. Компаниялар үшін жүзеге асырылатын сенім операцияларының аударым операцияларынан айырмашылығы мынада: банк облигациялық займ бойынша кепілгер ретінде, нарыққа шығарылған акцияларды тіркеу және трансферт бойынша агент (атаулы акция бойынша меншік құқығын беру) ретінде алға шығады және т.б.

Банк операциясының бір түріне — лизингтік операция жатады. Банктер немесе лизингтік компаниялар өнеркәсіп. көлік және басқа да кәсіпорындарға машиналарды, құрал-жабдықтарды, өзге де негізгі қорларды ұзақ мерзімді пайдаланұға белгілі бір жалдау ақысын белгілеумен береді. Банктер өз есебінен әр түрлі негізгі құрал-жабдықтарды сатып алып, оларды жалға береді. Банктер немесе лизингтік компаниялар жалға берілген мүліктің меншік иелері болып қалады. Банктердің лизингтік операцияларды жүзеге асыру барысында көретін (табатын) пайдасы былайша алынады: екеуі нақты мерзімге (уақыт аралығына) берілсе де жалдау ақысының шамасы ұзақ мерзімді несиенің пайыздық мөлшерлемесіне карағанда жоғары болады. Оның үстіне бұл арада клиенттің төлем кабілетсіздігше байланысты орын алатын ысырап тәуекелі болмайды. Өйткені келісімшартғың шарттары бүзыла қалған жағдайда банк жалға берілген мүлікті өзіне кері қайтарып алуға құқылы.

Факторинг — бұл төлемдерді өндіріп алу бойынша және клиенттің табыстауымен бухгалтерлік есепті жүргізу операциясы. Мамандандырылған филиалдарды немесе компанияларды ұйымдастыратын коммерциялық банктер факторингтік олерацияларды белсенді жүзеге асырып жүр.

Мынаны айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстанның банк жүйесінде коммерциялық банктердің әртараптану деңгейінің төмендігі байқалып отыр. Отандық банктер негізінен әмбебап банктер болып табылады. Еліміздегі зандар оларды (банктерді) өздері жүргізіп отырған операция түрлері бойынша мамандандыруды қарастырмаған. Алайда кейбір банктер өздерінің атауымен өз функцияларын (функциялық ерекшеліктерін) белгілеген: «Каспииский», «Нефтебанк», «Түрғын үй құрылыс банкі» және т.б.

2003-2015 жылдарға арналған ҚР Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес, екінші деңгейлі банктерге тәуекелдікті қорпоративтік тұрғыдан басқару жүйесін енгізу жоспарында банк секторын одан ары дамытумен қатар (бір деңгейде) белгілі бір банк қызметін көрсету бойынша мамандандырылған банктерді құру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Мысалы, тұрғын үй құрылысының жинақ ақша жүйесі аясында мамандандырылған ипотекалық банктерді құру өзекті мәселе болып табылады және т.т.с.


жүктеу 4,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау