Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 4,25 Mb.
бет15/17
Дата01.01.2018
өлшемі4,25 Mb.
#6865
түріПротокол
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Бақылау сұрақтары

1. Қаржы нарығын реттеу саласында Қазақстан Республикасы Каржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің негізгі функциялары қандай?

2.Қаржы нарығын реттеу саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің негізгі функциялары қандай?

3.Қаржы нарығын реттеу саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі функциялары қандай?



Тест тапсырмасы

1.

ҚР-ның ҰБ-і мына функциялардың ішінде қайсысымен айналысады


  1. Есеп айырысулармен жұмыс істеп,пайда алады

  2. Төлемдік операциялармен жұмыс істеп,пайда алады

  3. Ең басты мақсаты-пайдалылық

  4. Эмиссия мен лицензияларын береді

  5. Барлық функциялармен жұмыс істейді,бірақ эмиссияланбайды

2.

ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің құрамын кім құрады?



  1. ҚР Үкіметі

  2. ҚР Ұлттық банкі

  3. ҚР Президенті

  4. ҚР Ұлттық қоры

е) ҚР Парламенті

3.

ҚР Ұлттық қорының қызмет етуіне, дамуына кімдер жауапты?


  1. Ұлттық банк

  2. Үкімет

  3. Президент

  4. Ұлттық қорды басқару жөнінде кеңес

  5. Жоғары аталғандардың барлығы

4.

Төлем карточкаларын шығаруға лицензия беретін орган



  1. ҰБ

  2. Коммерциялық банк

  3. Инвестициялық банк

  4. Депозиттік банк

  5. Экономикалық банк

5.

Банктер атқаратын қызмктіне байланысты 2негізгі типке бөлінеді. Олар:



  1. Активті, пассивті.

  2. Негізгі,жанама

  3. Эмиссиялық,эмиссиялық емес

  4. Өндірістік , материялдық

  5. Аралас, эмиссиялық



6.

Ұлттық қорды басқару жөнінде Кеңестің жұмыс органы болып табылады-



  1. ҚР Президентінің әкімшілігі

  2. Астана қаласының әкімшілігі

  3. Қаржы министрлігі

  4. Ұлттық банктың әкімшілігі

  5. депутаттар

7.

ҚР Ұлттық қорының қызмет етуіне, дамуына кімдер жауапты?



  1. Ұлттық банк

  2. Үкімет

  3. Президент

  4. Ұлттық қорды басқару жөнінде кеңес

  5. Жоғары аталғандардың барлығы

8.

ҚР 1-деңгейлі банк:



  1. Халықтық Банк

  2. Коммерциялық Банк

  3. Орталық Банк

  4. Ұлттық Банк

  5. АТФ

9. Ұлттық қорды басқару жөнінде не құрылды



  1. Кеңес

  2. Конгресс

  3. Жиналыс

  4. құрылтай

е) дұрыс жауабы жоқ

10.

Қаржы ресурстарының аккумуляциялану және орналастыру процесін қандай жүйе іске асырады?


  1. Қаржы жүйесі

  2. Несие жүйесі

  3. Банк жүйесі

  4. В,С дұрыс

  5. Дұрыс жауабы жоқ


1 есеп.

Банк клиентке 250000 теңге несие берді. Жылдық пайыз 14-ке тең. Жыл аяғында қанша соманы қайтарады?


2 есеп.

2 жылға 180000 евро ақылы вексель өтеуге берілді.

Банкің пайданы 25% (1жылда)

Валюталық курс 1евро-150теңге

Банктің табысы анықта.


Тақырып 18. Қаржылық нарықтың өзін - өзі реттеуші ұйымдары

Жоспар
1.Өзін өзі реттейтін ұйымдардың іскерлігін жүзеге асыру негіздері.

2.Қазақстанның өзін өзі реттейтін ұйымдары,олардың рөлі және міндеттері.



Сұрақ 1.

Өзін-өзі реттейтін ұйым (ӨӨРҰ) — бұл бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қауымдастық формасында, ерікті түрде, олардың кәсіби мүдделерін қорғау мақсатында құралатын коммерциялық емес және мемлекеттік емес ұйым. Ол бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды.

Мемлекеттік реттеу жеткіліксіз болған жағдайда қаржы нарығының күрделенуі мен кеңеюіне байланысты инвестициялық бизнес қатысушыларының кәсіби қауымдастықтары пайда болады. Олар қауымдастық мүшелеріне ғана емес, биржалық сауда қатысушыларының кең шеңберде залал әкелетін жеке тұлғалардың әділетсіздігін іздеп табады. Өйткені, кәсіби адамдарға деген қоғамдық сенімділіктің темендеуі олардың бизнестерінің негізін бұзады және пайданың азаюына әкеледі, Қаржы нарығының ішкі реттеуінде кәсіби қауымдастықтардың мүдделері көбіне мемлекеттің мүдделерімен сәйкес келеді.

Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия негізінде жүзеге асырады. ӨӨРҰ-ның әр түрлі түрлерін лицензиялаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Қор биржасы, бағам белгілеуші ұйым, Орталық депозитарий өздерінің тікелей қызметтері бойынша лицензиясын алғанда ӨӨРҰ мәртебесін қабылдайды, ал қауымдастық бұл мәртебені тек өздері қауымдастық ретінде лицензия алғаннан кейін ғана алады. Өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құрудың мақсаты, қаржылық нарық қатысушыларының қызметтеріндеп белгілі бір бағыттардағы ішкі реттеу болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының негізгі міндеттері:

• бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларын тиімді қызмет ету үшін тиісті жағдайлармен қамтамасыз ету;

• бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары клиенттерінің және бағалы қағаздар иелерінің мүдделерін қорғау;

• бағалы қағаздармен операцияларды жүргізудің ережелері мен стаңдарттарын жасау.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың кәсіби қызмет етуінде міндетті ережелерді жасап шығаруға, кадрлардың кәсіби дайындалуын жүзеге асыруға, қаржы нарығында жұмыс істеу үшін талаптарды бекітуге құқығы бар; мемлекеттік басқару органдарында, қаржы нарығы қатысушыларының байланысын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

Кәсіби қатысушылардың ӨӨРҰ-ның құрылтайшылық құжаттары және қызмет ету ережелерінде мынадай талаптар қойылуы қажет:

• ұйым мүшелерінің кәсіби біліктілігі (техникалық қызметкерден басқа);

• бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру стаңдарттары;

• бағалармен айлалы әрекеттерді шектейтін ережелер;

• есеп және есеп беруді жүргізу құжаттары;

• ұйымға кіру, шығу немесе одан шығарып тастау тәртібі;

• ұйымның басқару органдарына сайлануында және ұйымды басқаруға қатысуға ӨӨРҰ мүшелерінің тең құқықтарының болуы;

• ұйым мүшелерінің арасында жинақтарды, төлемдерді, ұстап қалуларды тарату;

• ұйым мүшелеріне қатысты клиенттердін. талаптары мен шағымдарын қарастыру;

• ұйым мүшелерінің бекітілген ережелер мен стаңдарт-тарды орындауын тексеру рәсімдерін жүргізу;

• ұйым мүшелерінің клиенттер және басқа да тұлғалардың алдында зиянды өтеу бойынша міндеттерді орындау тәртібі;

• ұйым мүшелерінің қолданылатын санкцияларынан басқа да шаралар және оларды қолдану тәртібі;

• ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету.

Қазақстаңда өзін-өзі реттейтін ұйымның ережелерін Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік бекітуі қажет.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ӨӨРҰ-ның мүшелері өз қызметтерінің бір түрін бағалы қағаздар нарығында жүзеге аоыратын кәсіби қатысушылары болып табылады. Ұйым мүшелерінің кіруі, шығуы және шығарылып тасталуы ұйымның ішкі құжаттары негізінде жүргізіледі.

Кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі табылған жағдайда немесе қойылған талаптарға нарықтағы қызметі сәйкес келмесе ӨӨРҰ оны мүшелікке қабылдамауға құқығы бар.

Өзін-өзі реттейтін ұйымның ұйымдастырушылық құрылымын былайша көрсетуге болады.



Сурет 20. Өзін-өзі реттейтін ұйымның ұйымдастырушылық құрылымы

ӨӨРҰ мүшелерінің жиналысында мынадай мәселелер қарастырылады:

• жарғыны өзгерту;

• Директорлар кеңесін, атқарушы органдарды, ревизиялық комиссия мүшелерін тағайындау, сонымен қатар олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;

• қызмет етудің нәтижелерін, атқарушы органдардың есеп берулерін және ревизиялық комиссияның қорытындыларын бекіту;

• ұйымның ережелерін, оларға толықтырулар мен өзгертулерді бекіту;

• ӨӨРҰ-ны қайта ұйымдастыру және жою, тарату комиссиясы мен таратушы балансты бекіту;

• ӨӨРҰ-ға мүшелерді қабылдау және шығарып тастау.

Бұл сұрақтар бойынша шешімдер ӨӨРҰ-ның жалпы мүшелерінің үштен екі бөлігінен кем емес дауыстарымен қабылданады. Жарғымен жалпы жиналыстың құзіретіне қызмет етудің басқа да мәселелері жатқызылуы мүмкін.

Кеңес өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің өкілдерінен құрылады және өз қызметін оның жарғысы мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

ӨӨРҰ-ның мүшелері мен аффиниирленген (үлестес) тұлға атқарушы органдарды басқара алмайды. Ұйымның қызметі өзін-өзі өтеу қағидаларына негізделеді. Оның табысы алымдар мен жарналар, ӨӨРҰ-ның мүлкін қолданғаны үшін төлемдер, сонымен қатар ұйымның жарғысымен қарастырылған ақпараттық, кеңес берушілік және басқа да қызметтерді көрсетуден түсетін қаражаттар есебінен қалыптасады.

Ревизиялық комиссия кеңестің қаржылық-шаруашылық қызметіне және қауымдастық бюджетінің қолданылуына бақы-лауды жүзеге асырады.

Өзін-өзі реттейтін ұйым арбитраждық, комиссияны құрай алады, ол нарықтағы мүшелер арасында пайда болатын жанжалдарды қарастыратын бірінші орган болып табылады. Ол өз қызметін жалпы акционерлер жиналысымен бекітілген ережелерге сәйкес жүргізеді. Бір тараптың екіншісі арбитраждық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ол сотта қайта қаралуы мүмкін.

Бағалы қағаздар нарғының қатысушыларын алдауға бағытталған немесе ұқсас қызметпен айналысатын қатысушы-лардың басқа да кемшіліктерін көрсететін жалған ақпараттар жарияланғанда ӨӨРҰ мәліметтерді жариялауды тоқтату және оны ақпарат құралдары арқылы жоққа шығару шараларын қабылдайды.

ӨӨРҰ Казақстан Республикасының Қаржы нарығы мен кар-жьшық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне Қазақстан Республикасының заңнамаларында анықғалған немесе болжанған заң бұзушылықтар туралы толық ақпарат береді. Бұл жерде қор биржаларына ерекше орын беріледі. Қор биржаларында қадағалауды ұйымдастыру формасы және бағалы қағаздар нарығын бір калыпты реттеп отыру формалары жоғары дамыған.

Сұрақ 2.

Қазақстаңда 1999 жылға дейін жалғыз толыққанды заңды ӨӨРҰ KASE қор биржасы болды. Активтерді басқаратын және Қазақстандық тізілімді ұстаушылардың қауымдастықтары (ҚРҰҚ) 1999 жылдың ІУтоқсанында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына алғаш рет 2 лицензия берді.

1999 жылдың 13 қарашасында Ұлттық директораттың қаулысымен Активтерді басқару қауымдастығына зейнетақы активтерін басқаратын компанияның қызметін тиімді қамтамасыз ету және қызмет көрсету нарығында Жинақтаушы Зейнетақы Қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар еркін бәсекелестікті дамыту мақсатында №482 ӨӨРҰ ретінде қызметін жүргізетін лицензия берілді, сонымен қатар, қауымдастығының мүшесі болып табылатын зейнетақы активтерін басқаратын компанияның стаңдарттық қызметімен және кәсіби этикасымен заң жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді қалыптастыру керек болды.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Активтерді басқару қауымдастығымен бекітілген негізгі басқару органдарынан басқа, ең маңызды деген міндеттерді шешу мақсатында заң бойынша, қызметкерлері бойынша, есеп және есеп беру бойынша үш тұрақты қызмет ететін комитет құрылды. Қауымдастық өзінің мүшелерінің тізімін жүргізеді. Онда әр мүшенің мекен-жайы және фирманың аты, қауымдастықтың өкілеттілігі туралы мәліметтер, қызметкерлердің біліктілігі, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары лицензияның реквизиттері туралы ақпараттар болады.

Қауымдастық мүшелеріне бағалы қағаздарға байланысты мәміленің құнына айла-шарғы жасауға, сондай-ақ қауымдастық мүше-клиенттерінің көзқарасын бүрмалау мақсатында өзара сөз байласу, т.б. мүмкін шараларды жүргізуге және бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс жағдайы жөнінде бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушыларына айла-шарғы жасауға тыйым салынады. Сонымен қатар қауымдастық мүшелері тоқсан сайын барлық ақпарат құралдарына жариялану мерзімі 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ӨӨРҰ-ға мыналарды беруі қажет:

• жеке және зейнетақы активтерінің жағдайы туралы мәліметтер;

• бухгалтерлік баланс, сонымен қатар қаржылық-шаруа-шылық қызметінің нәтижелері туралы есеп берулер;

• ақша қаражатының қозғалысы туралы;

• таза зейнетақы активтері және ондағы өзгерістер туралы.

Қаржылық жыл аяқталғанда қауымдастық мүшелері қаржылық есеп беруді тексергендігі туралы аудиторлық қорытынды мен жылдық қаржылық есеп беруді тапсырады.

1999 жылдың 13 қарашасында Ұлттық комиссияның директораты қаулысымен Қазақстандық тізілім ұстаушылар қауымдастығына №483 ӨӨРҰ ретінде қызметін жүзеге асыру лицензиясы берілді. Ол 1998 жылдың II тоқсанында тіркеушілермен құрыліан.

Оның мақсаты:

• қызметтерді үйлестіру және тізілім ұстаушылардың жалпы қызығушылықтарын білдіру;

• қауымдастық мүшелерінің жалпы қызығушылықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;

• бағалы қағаз ұстаушыларының тізілімін жүргізу бойынша қызметін жүзеге асыратын ұйымның кәсіби этикасы және қызметі стаңдарттарын жасау;

• Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының дамуына мемлекеггік органдардың қатысуы;

• бағалы қағаздар нарығында айлакерлік әрекеттерді болдырмауға бағытталған әділетті тәжірибенің ережелерін жасау.

2000 жылдың 1 қаңтарындағы ҚТҰҚ жарлығына сәйкес ӨӨРҰ-да мыналар қалыптасты:

• қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы;

• қауымдастық мүшелерінің өкілдерінен құралған және оның қызметін басқару органы болып табылатын қауымдастық кеңесі;

• ревизиялық комиссия.

ҚТҰҚ атқарушы органының қызметтері жалпы жиналыспен 1 жыл мерзімге сайланатын қауымдастық президентіне жүктелген.

ҚТҰҚ-ның ӨӨРҰ мәртебесін алуы, көбіне 1998-1999 жж. жүргізілген осы қауымдастықтың әлеуетті ӨӨРҰ ретінде қолдау бойынша саясаттың нәтижесінде жүзеге асты, оған олардың нақты қосылуына кедергі болған тіркеушілер арасындағы қарама-қайшылықтарды жою негіз болды. Мысалы, бағалы қағаз ұстаушылар тізілімін жүргізу технологиясының барлық тіркеушілері Ұлттық комиссияның 1999жылғы 14 қазанындағы №47 қаулысына сәйкес, 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап бағалы қағаз ұстаушылардың барлық тізіліміндегі бағалы қағазды жалғыз ұстаушыға ғана бірыңғай жеке шот ашуға кешті. Бұрында тіркеушілер әр түрлі екі әдістемені қолданған, біріншісі бір ұстаушы үшін бірыңғай жеке шот ашуды, ал екіншісі тізілімінің әрбіреуінде бағалы қағаз ұстаушылары үшін бөлек жеке шот ашуды қарастырған. Екі түрлі тіркеуші-лер топтарының әрқайсысы бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізудің бірыңғай технологиясы өздерінің әдістемесіне негізделуін талап етті. Сол кезде қызмет еткен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясы арбитр ретінде осы қарама-қайшылықтарды жойды.

Жоғарыда айтылғандай, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға сәйкес үшінші ӨӨРҰ — КАSЕ қор биржасы болып табылады. Өзінің экономикалық және құқықтық мәртебесі бо-йынша өзін-өзі өтеу қағидасына негізделген, акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен құрылатын коммерциялық емес өзін-өзі реттейтін ұйым.

Ол өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына тәуелді емес.

Осылайша бүгінгі күні Қазақстаңда толыққанды үш ӨӨРҰ бар. Олардың бірі — қор биржасы. Қалған екеуі бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қауымдастығы — ҚРҰҚ және Активтерді басқару қауымдастығы болып табылады. Нарықтық базаның жеткілікті болуына қарамастан ӨӨРҰ-да нақты өкілеттер жоқ. Дегенмен олардың дамуына орай, Ұлттық банкпен оларға берілген бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін бақылау функциялары әлі де кеңейтілуде.



Бақылау сұрақтары:

1. Өзін-өзі реттейтін ұйым дегеніміз не?

2. Өзін-өзі реттейтін ұйымды құру тәртібі.

3. Өзін-өзі реттейтін ұйымының ұйымдастырушылық құрылымы қандай?

4. Қазақстаңда өзін-өзі реттейтін ұйым бар ма?

5. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі реттейтін ұйымының қызметтері қандай?



Тест тапсырмасы

1.

ҚР Астана қаласын экономикалық-әлеуметтік дамыту үшін қандай қоры сақталған?


  1. Баяғы Астана

  2. Бүгігі Астана

  3. Әдемі Астана

  4. Жаңа Астана

  5. Барлығы дұрыс

2.

Мемлекеттік қорлар қай деңгейде шешіледі?



  1. Аймақтық

  2. Республикалық

  3. Мемлекеттік

  4. Әлемдік

  5. Барлық жауап дұрыс емес

3.

Бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар


  1. Экономикалық қорлар

  2. Әлеуметтік қорлар

  3. Мемлекеттік қорлар

  4. Бюджеттен тыс қорлар

  5. Дұрыс жауабы жоқ

4.

Сырттай қаржыландыру – бұл...?



  1. Қаржылық нарық делдалдары клиенттерді талап етеді

  2. Қаржы делдалдары мезгілдерді өзгертуді талап етеді

  3. Мамандырылған қаржы институттарын талап етеді

  4. Тікелей міндеттемелерді талап етеді

  5. Делдалдарының бар болуын талап етеді



Тақырып – 19. Әлемдік қаржылық нарықтың жалпы түсінігі

Жоспар


1.Әлемдік қаржы нарығының түсінігі және рөлі.

2.Қазақстанда халықаралық (аймақтық) қаржы орталығын құру және дамыту.


Сұрақ 1.

Әлемдік қаржы нарығы түсінігіне қатысты экономистердің пікірі әр түрлі тарқатылады. Біреулері оны қарыз капиталы нарығының құрамдас бөлігі ретінде және функционалдық көзқарас тұрғысынан, екіншілері оны ұдайы өндірістін үздіксіздігі мен тиімділігі мақсатында әлемдік қаржылық ағымдардың жинақталу мен қайта бөлінуін қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі ретінде қарастырады. Олар әлемдік қаржы нарығы үлкен жинақтарды иеленетін елдерден оның жетіспеушілігі байқалатын елдерге капитал ауысуы функциясымен ғана шектеуге болады деп есептейді. Олар өздерінің қорытындыларын жасаған кезде дамыған саланың экспортталатын капиталдарын дәл сондай дамыған салалар мен офшорлы аймақтарға ауысуын негіз етіп алады. Олар әлемдік қаржылардың негізгі арналымы тәуекелділікті басқару, құқықтық реттеу мен салық салудан жалтару деп есептейді. Басқа экономистер валюта нарығынан алыпсатарлық операцияларды бөліп алу қажет деп есептейді. Бірақ тәжірбиеде алыпсатарлық мәмілені хеджирлеу мәмілесінен ажырату өте қиын деп айтылады, себебі екі жағдайда да шаруашылық жүргізуші субъектілерге ашық валюталық ұстанымды қабылдауға тұра келеді. Әдістемелердің тұтастығы сауда нарығын — ақша нарығының қысқа мерзімді активтері және капитал нарығын — ұзақ мерзімді активтері деп бөлуден тұрады. Бұдан басқа барлығы дерлік қызметті халықаралық қаржылар саласымен шектелмейтін еуронарықты бөліп шығарады, сондай-ақ әлемдік қаржы нарығында мынадай — әр түрлі ел резиденттері өз арасында активтерді жай айырбастау деген ерекше белгіні енгізуге тырыспайды.

Алайда капитал ауысуының күшейуі қаржы нарығына халықаралық сипат береді, сондықтан толық көлемде ел экономикасына салынған шетел каииталын бөліп алып, шетелде орналастырылған ұлттық капиталды есепке алу қиын. Сондықтан да «өзін үздіксіз көбейтетін құн ретінде» капитал қозғалыссыз өмір сүре алмайды, ол ұдайы өндіріске құйыла отырып, жаңа құн құрып үнемі айналымда болуы қажет. Сондықтан, егер капитал үнемі өте пайдалы салымдарды іздеуде болса, онда оны осы жай бір елден басқа елге ауысуға мәжбүрлейді.

Сонымен әлемдік қаржы нарығы — бұл түбінде капитал экспортеры, оның рецепиенттері және осы рөлдерге сәйкес, мысалы, транзит капиталы сияқты әр түрлі рөлдерге шыға отырып, барлық елдер қатысатын экономикалық қатынас. Мұнда постиндустриалды елдерге көбірек мән беріледі. Бұдан басқа оларда есеп айырысу орталығы болып табылатын банктер орналасады. Мысалы, Лондон, Гонконг, Токио және басқа жерлерде орналасқан субъектілер арасында жүретін мәмілелер бейнеленуі мүмкін, сондықтан оларды өздерінің ақша-қаржылық жүйесі әлемдік қаржы нарығының негізін құрайтын капитал клирингінің елдері деп атауға болады.



Әлемдік қаржы нарығы-капитал экспортерының әр түрлі рөлінде болатын барлық елдер қатысатын экономикалық қатынас. Бұл әр түрлі мемлекеттердің субъектілері келісімдерді іске асыруға құрылған нарық. Қандай қаржы құралы сату сатып алу обьектісі болуына байланысты оларды валюталық,несиелік,қор,алтын нарығы деп бөледі.

Әлемдік қаржы нарығына жатқызу керек:

1.Валюталық нарық және оған қатысады:

а) жеке және заңды тұлғалар

б) алыпсатарлар мен арбитражерлар

в) хеджерлеу

г) делдалдар

д) мемлекет және мемлекет аралық ұйымдар

2.Тікелей ұзақ мерзімге несиелеу нарығы

3.Құнды қағаз нарығы

4.Сақтандыру нарығы және зейнетақы активтерінің нарығы

Әлемдік қаржы нарығы елдер арасында капитал құйылуына әсер етеді,ал бұл олардың экономикалық интеграциясының ұлғаюына және елдердің ақша нестелік және қаржы сферасында тығыз арақатынастың болуына итермелейді.

Әлемде қаржы секторында өзара бәсекелестікте болатын бірнеше басты орталықтар бар.

Әлемдік қаржы нарығына тікелей ұзақ мерзімді несиелеу нарығын жатқызуға болады. Дегенмен, үлкен бөлік бойынша қысқа мерзімді алыпсатарлық мәмілелер ақшаларды тартады және әлемдік нарықтың өзінің негізгі қозғалу үрдісінен қысқа мерзімді ауытқуы нәтижесінде жылдам пайда алуға негізделеді деп есептеледі. Салық салудағы айырмашылығы басқаша заңна-малық негіз жағдайында кейде қысқа мерзімді, бірақ револьверлік ауысу шартымен несиелік келісімді қайта жасау формасында елдер арасында әр түрлі үлгіде қаржылық және экономикалық қатынастарды ресімдеу пайдалы болуы мүмкін.

Бағалы қағаздар нарығы капиталға ақша ретінде негізделсе, онда ол қор деп аталады және ол осы сипатта ауқымы мен көлемі бойынша қаржы нарығының негізгі операциясының құрамдас бөлігі болып табылады. Осы кезде қор нарығы бағалы қағаздар нарығының үлкен бөлігі екендігін белгілеп кету қажет, сондықтан осы екі түсінік те ғылыми әдебиеттерде синонимдер болып есептеледі. Сонымен бірге негізгі және туынды қор құралдарының анықталуына берілмейтін бағалы қағаздардың қалған бөлігі нақты шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін айналым құралдарын уақытша толықтыру кезі ретінде шыға алады. Сондықтан да қайта орнын босататын және қайта орнын босатпайтын борыштық бағалы қағаздар айналатын бағалы қағаздар нарығының бөлігі қаржы нарығына жатады.

Сақтандыру нарығы мен зейнетақы активтерінің нарығы жинақталатын қатынастар жиынтығын тікелей қаржыландыруға жатады. Мысалы, нарықтың субъектісі өзі үшін толтырып отьгру көзін құра отырып, тәуекелділіктер мен материалдық қаражаттарды, ресурстарды алмау ықтималдылығын сақтандырады.

Зейнетақы және сақтандыру қорлары ақшаны өндіріске инвестициялайды, яғни олар жаңа құн құрайтын ұдайы өндіріс процесіне белсенді қатысады. Сонымен халықтың қаражаттары сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорлары арқылы ұдайы өндіріс процесіне түседі. Осыған байланысты сақтандыру нарығы анықталған елдің қаржылық нарығы құрылымына, ал ол сол арқылы халықаралық қаржы саласына кіреді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай қорытындылар жасауға болады:

• қазіргі уақытта әлемдік экономикада әлемдік қаржы нарығына маңызды орын бөлінетін ғаламдану процесі байқалады;

• әлемдік қаржылық нарық олардың үлкен экономикалық бірігуіне әкелетін елдер арасында капиталдың қайта құйылымы;

• әлемдік қаржы нарығы елдің ақша-несиелік және қаржы саласының тығыз әрекетімен байланыстырылады, мұнда сату көлемі және меншікті капитал көлемі бойынша жетекшілердің бас офистері — өзінің негізгі мамандандыру саласында әлемнің ірі концерндері пайда болады.

Экономиканың жаһандануының қазіргі кезеңіндегі қаржылық қызметі — халықаралық экономикалық қатынастардың дамушы саласы болып табылады. Оның ауқымды секторы тауар сауда-саттығымен салыстырғанда жылдам өсетін капиталдың халықаралық ауысуы болып табылады. Қазіргі уақытта әлемде берілген секторда өзара бәсекелесетін бірнеше басты орталықтар есептелінген. Ұзақ уақыт бойы әлемдегі капиталдың басты экспортеры рөлін Америка атқарады. XX ғасырдың соңғы он жылдықтарында Батыс Еуропа елдері — Германия, Англия, Франция өзінің шетелдік инвестицияларының ауқымы бойынша АҚШ-тан асып түсті. Үшінші қаржылық орталық Жапония болып табылады. Осылармен қатар соңғы жылдары әсіресе, мұнай-доллардың 80%-ын өнеркәсібі дамыған елдерге бағыттаған бай елдер Сауд Арабиясы, Кувейт және Біріккен Араб Эмираттарында жаңа қаржылық базалар құрылды.

Сұрақ 2.

2004 жылдың 15 қарашасында Алматы қаласында өткен қаржыгерлердің IV конгресінде-Қ.Р.Президенті Н.Назарбаев барлық қаржыгерлер мен қаржы институттарының алдында халықаралық қаржы орталығын құру міндетін қойды.

Алматы қаласы Қазақстандағы қаржы инститттарының және басқа елдердің филиалдары,өкілдіктері шоғырланған орталық болып отыр:

-Екінші деңгейлі 34 банктің 29 Алматы қаласында

-14 жинақтаушы зейнетақы қорының 12 Алматыда

-Қазақстанның қор биржасы

-Орталық депозиттері

-Қазақстанның ипотекалық компаниясы

-Жеке тұлғалардың салымын кепілдендірудің Қазақстандық қоры

-Брокерлік дилерлік компаниялар

-39сақтандыру ұйымдарының 28 Алматы қаласында

-АҚШ,Германиялық,Франциялық,Ресейлік,Украиналық, Нидерландық,Орталық Азиялық елдердің және т.б. 20 ірі банктерінің өкілдігі

Халықаралық қаржы орталығын құрудың негізгі стратегиялық мақсаты:

1) Экономиканы диверсификациялау

2) Әлемдік инвестициялық банктердің,қорлардың және басқа да қаржылық институттардың аймақтық офистерін Қазақстанда орналастырудың нысандық тиімділігін,соның ішінде оңтүстік астанада қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Алматы қаржы орталығы болу үшін үкімет пен қала әкімшілігі тарапынан алдын ала үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуі қажет.

Ең алдымен қаланың қаржы базасын кеңейту, оның табыстылық бөлігін ең болмағанда 50%-ға өсіру кажет. Мысалы, 2003 жылы шоғырландыру кезеңінде қала бюджетіндегі шамамен 190 млрд теңгенің нақты тек 32 млрд теңгесі ғана немесе салық және басқа да табыстардан жиналған 16,7%-ы жұмсалды. Кала табысына 50%-ды бөлгеннің өзінде шамамен 100 млрд теңге өз бюджетінде болатын еді.

Екіншіден, қалаға шетелдік және отандық инвесторлар тарапынан инвестиция тарту мақсатында салық пен кеден режимінің жеңілдіктері бар еркін экономикалық аймақ (офшорлы аумақ) мәртебесін береді. Сонымен қатар банктер мен мұнай ғаз компанияларын қоспағанда қосарланған құн салығы (ҚҚС), қорпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы мөлшерлемелерін кем дегенде 2 есеге төмендетеді.

Үшіншіден, қаржылық ресурстарды мына мәселелерге бағыттау керек: ауа бассейні мен қала аумағын эқологиялық сауықтыру; көлік жүйесі: авто жолдар, метрополитен, электрлі көлікті қайта жасау және дамыту; құрылыс пен ғимараттарды сейсмологиялық күшейту; қаланың жылу және сантехникалық жүйесімен, сумен қамтамасыз ету объектілерін ауыстыру; технопаркті құру және дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруды тездету; демалыс және ойын-сауық (туристік базалар, тау шаңғы базалары, спорттық және сауықтыру аймақтары) аймақтары ретінде қала сыртындағы аумақтарды жайғастыру, қала аумағын көріктендіру, қатаң климаттық жағдайларда тұрғын үй және офистердің құрылысы мен тағы басқа мәселелерді шешу.

Төртіншіден, тиімді және білікті реттеуші режим қызмет ету керек. Шенеуніктік-бюрократтық кедергілерді жою және олар қабылдайтын шешім мерзімін қысқарту. Барлық мәселелер «бір терезе» арқылы шешілуі керек.

Ең бастысы, қаланың беделді іскер ауданына сәйкес инфракұрылымы бар аудандарды ұсыну қажеттілігі, себебі қаржылық институттар әрқашан сенімділік және икемділікпен, сондай-ақ пайданың репатрация мүмкіндігімен байланыстырылады. Бұл ауданды бүгіннің езінде-ақ 15 гектардан аз емес мөлшерде белгілеуге болады. Қаржыгерлер конгресінде Бүкіл әлемдік банк президенті Джеймс Д. Вулфенсон атап өткендей, мұнда басқа қаржы орталықтарымен байланысты арзан және сонымен бірге тиімді, жотары технологиялы жүйе құрылсын, Алматыда қазіргі заманға сай коммуникациялық сала дамысын. Қаржы нарығында әрбір секүнд қымбат тұрады. «Супер байланыстарға» жету оңай міндет болмағандықтан, «әлемдік қаржыгердің» инфрақұрылымға көңіл аударуы кездейсоқтық емес. Кадр блоғы мәселесін шешудің маңызы да аз емес.

Әлеуетті инвестициялық жобалар үшін Алматы қаласы қаржы ресурстарын алу рұқсатын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін жасауы қажет, яғни, біріншіден, инвестициялау режимін, екіншіден, олардың Қазақстан қор биржасына шығуын немесе несие алуын оңайлатуы қажет.

Алматы қаласында халықаралық қаржылық орталық құру бойынша алдағы Уақыттағы әрекеттеріне қатысты кезеңі ретінде оңтүстік астананың барлық елеуетті, бәсекелестік артықшылықтары мен оларды қолдану жолдарына қатысты тәуелсіз компетентті халықаралық сарапшылардың (мысалы, үлкен төрттіктің халықаралық консалтингтік фирмалары) біліктілік қорытындысын алуы дұрыс және тиімді болып көрінеді.

Фирма Алматы қаласында мұндай орталық құрудың мақсатқа сай екендігін растауы және оның келесі әрекеттерінің мүмкіндігі туралы бизнес-жоспар құрастыруы керек. Қаржы орталығын құру, соған сәйкес елдің министрліктері мен ведомстволары нақты міндеттер мен нұсқаулар алатын КР заңымен немесе ҚР Президенті Жарлығымен бекітілуі тиіс. Сонымен кдтар ағымдағы мәселелерді тез шешу үшін Қазақстан Республикасы Президенті төрағалық етуімен, шетелдік қаржы ұйымдарының екілдерімен орталықтың аумағында қызмет көрсететін тұрақты әрекет етуші кеңесші орган құру керек. Бірінші кезенде бұл әлеуетті қатысушылар болуы мүмкін.

Ұсынылған жобаны өткізу үшін жоғарыда белгіленген сұрақтарды жүзеге асыруға жауапты және әр түрлі мемлекеттік органдар, ведомстволарға әрекеттерді ұйымдастыру, бағыттау жүктелуі тиіс, оны агенттік (комитет) түріндегі мемлекеттік орган анықтауы керек. Осы кезде алғашқы кезевдегі мақсатқа сәйкес қызметі нормативтік құқықтық база жасап шығару, атап айтқанда қызмет етуші салық және басқа да ҚР зандарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ орталықтың (инвесторлардың келуін ынталандырып, сондай-ак қызметтерінің анықтылығы, тұрақтылығы және қарапайымдылығына кепілдік беретін тәуелсіз Қазақстаннан болашаққа) меншікті заң-дарын жасап шығару болып табылатын қаржылық қызмет көрсету бойынша өкілетті орган құру қажет болады. Мұнда қаржылық нарық қатысушылары қызметтерінің түрлерін реттеуші басқа елдердің заңнамаларының үйлестігі сияқты сәтгерді де есепке алу керек. Қаржылық қадағалау бойынша жеке өкілетті орган құра қалған жағдайда берілген органның толық тәуелсіздігін (қаржылық орталық банкрот бола қалған жағдайда мемлекет алдында ешқандай жауапкершілігінің болмауы), сондай-ақ оның тек құрылған агенттікке (комитетке) жауаптылығын ескеру керектігін мақсатқа сай деп шамалаймыз. Оның мүшелері. яғни реттеушілік және бухгалтерлік есеп сұрақтары бойынша халықаралық сарапшылар бола алады. Мұнда банк, сақтандыру және басқа қаржы секторларында, бағалы қағаздар нарығы, тұрақты органда жұмыс тәжірибесі бар кеңес беру саласына шетел мамандарын тартуға көп көңіл бөлу керек.

Халықаралық қаржы орталығын құру — уақыт талабы. Бұл қазіргі уақыттағы қаржылық кеңістікке ену мүмкіндігі. Бұл мұқият таразылануды, ғылыми негізделуді және Қазақстан экономикасының алдағы уақыттағы дамуын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.



Бақылау сұрақтары:

1. Әлемдік қаржы нарығы дегеніміз?

2. Әлемдік қаржы нарығының құрылымы қандай?

3. Алматы каласында қаржы орталығын құрудың шарттары?

4. Бреттон-Вуд жүйесінің негізгі шарттары қандай?

Тест тапсырмасы

1.


Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта олардың өзінің сипаттамасы бар сферасын құруын қалай атайды?

  1. Алтын нарығы

  2. Қаржы нарығы

  3. Ақша нарығы

  4. Баға қалыптастыру

  5. Валюталық нарық

2.

Қаржы нарығының құрылуының кестесін кім құрды?



  1. Сейткасымов Г.

  2. Жуков Д.

  3. Ковалев С.

  4. Дұрысы А, В

  5. Дұрыс жауабы жоқ

3.

Мерзімді төлемдердің іске асырылуы:



  1. лизинг арқылы

  2. ірі саудаласу кезінде вбөлшек төлемдер

  3. тауар жөнелгеннен кейінгі төлемдер

  4. аванстық төлемдер

  5. В,С, D – жауаптары дұрыс

4.

Қай типтегі инвестициялық компаниялар бірге анықталған мөлшерде акцияларды шығаруды іске асырады?



  1. Ашық

  2. Жабық

  3. Ішкі

  4. Сыртқы

  5. Дұрыс жауабы жоқ


Тақырып 20.Әлемдік валюталық нарық
Жоспар

  1. Әлемдік валюталық нарықтың құрылуы және дамуы.

  2. Қазіргі замандағы валюталық нарық түрі.


Сұрақ 1.

1994 жылы АҚШ-та Бреттон-Вуд конференциясы өтті. Бредтон-Вудтық жүйе әлемдік қаржы жүйесінің дамуыныңжаңа тақырыбын қалыптастырады:

1) Халықаралық қаржылық-экономикалық қатынастарды халықаралық валюта қоры (ХВҚ) бақылайды.

2) Доллар және де-факто фунт стерлинг халықаралық резервтер рөлін ойнай бастайды.

3) Валюталардың реттелетін басымдылықтары АҚШ долларына байланды (1% ауытқу мүмкін), ал доллар алтынға байланысты болды(алтынның унциясы-35 долларға теңеледі).

4) ХВҚ мүшелерінің паритеттерді тек ХВҚ келісімімен ғана өзгерту құқығы бар.

5) Өтпелі кезең аяқталсымен барлық валюталар конвертацияланатын болды.

6) ХВҚ мүшелері алтынмен және валютамен жарналар төлейді. Осы кезде бірінші транш (1/4) негізгі валюта және алтынмен, қалғаны ұлттық валютамен жасалады. Валютаның айырбастау бағамы үш жақты арбитраж арқылы бекітіледі. Яғни, егер долларға қатысты франк бағамы 10 франк = 20 доллар, ал фунт яғни долларға қатысты 50 фунт = 20 доллар құраса, онда фунт пен франк арасындағы айырбас бағамының үш жақты арбитражы былай анықталады.



Бүгінгі таңда халықаралық есеп айырысуда валюталық клиринг, яғни халықаралық келісімге сәйкес өзара талаптар шегер-імі негізінде елдер арасындағы есеп айырысу дамуда.

7) Валютаның айырбас қурсы үш жақты арбитраж арқылы бекітіледі.

1976 жылы Ямайка конференциясы өтті (Кингстон қаласы ). Онда әлемдік валюта жүйесінің қалыптасуының жаңа дәйектері қарастырылды:

1) халықаралық төлемдер кезінде дефицитті жабу құралы ретінде алтынды пайдаланудан мемлекеттер бас тартты

2) Валюталық жүйенің орталығы болуға тиісті. Қарыз алудың арнайы құқығы (ҚАҚ ).

3) Халықаралық өтімді құралдарға айналды алтын, шетел валютасы, ХВҚ-дағы резервтік позиция, ҚАҚ және евро (ЭКЮ).

Біртіндеп 90-шы жылдардың ортасында экю есептік емес, физикалық құралға айналды. Экюге деноминацияланған жол гектары және несие карточкалары шығарылады, экюдегі депозиттер ашылады.

1999 жылдың басында нарықта жаңа европалық валюта-евро пайда болды.


жүктеу 4,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау