Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 4,25 Mb.
бет13/17
Дата01.01.2018
өлшемі4,25 Mb.
#6865
түріПротокол
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Бақылау сұрақтары

1. Банк дегеніміз не?

2. Банктің негізгі түрлері.

3. Қазақстан Республикасында банктің қандай түрлері бар?

4. Коммерциялық банктер жүзеге асыратын делдалдық қызметтің мағынасы неде?

5. Коммерциялық банктердің негізгі пассивтік операциялары қалай көрінеді?

6. Коммерциялық банктердің негізгі активтік операциялары қандай?

7. Банктің лизингтік, факторингтік, трастық операцияларын сипаттап беріндер?

8. Қазақстаңда мамандандырылған банктерді құрудың қажеттілігін негіздеңдер (дәлелдеңдер).

Тест тапсырмалары

1.

Коммерциялық банк, Өзара сақтау банктері - бұл


  1. қаржы делдалдары ретіндегі субъектілер

  2. объектілер

  3. жеке тұлғалар

  4. мемлекеттік ұйым

  5. с және d

2.

Коммерциялық банк, Өзара сақтау банктері - бұл

А)қаржы делдалдары ретіндегі субъектілер

b)объектілер

c)жеке тұлғалар

d)мемлекеттік ұйым

e)с және d

3.

Банктер атқаратын қызмктіне байланысты 2негізгі типке бөлінеді. Олар:


  1. Активті, пассивті.

  2. Негізгі,жанама

  3. Эмиссиялық,эмиссиялық емес

  4. Өндірістік , материялдық

  5. Аралас, эмиссиялық

4.

ҚР 2-деңгейлі банк:



  1. Халықтық Банк

  2. Коммерциялық Банк

  3. Орталық Банк

  4. Ұлттық Банк

  5. АТФ

5.

Оны ұстаушыға банктер қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады.



  1. төлем картоякасы

  2. ақша чектері

  3. қарыз міндеттемесі

  4. есептесу чектері

  5. барлығы дұрыс


Тақырып - 11. Зейнетақы қоры
Жоспар
1.Зейнетақы қоры және ЗАИБЖҰ түсінігі.

2.ҚР зейнетақ қорларды құру тәртібі және жұмыс істеуі.


Сұрақ 1

Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы реформасының нәтижесінде өз активтерін халықтың қаражат есебінен қалыптастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. Зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес оның нақты жұмысына, ең бастысы — зейнетақы жинағының сақталатындығына кепілдік береді.

1999 жылдын басында ҚР Үкіметінің қаулысымен міндетті зейнетақы жарнасын тәлеудің тәртібі өзгерплді. Алайда бұл арада аударудың тетігі өзгеріссіз қалды. Міндетті зейнетақы жарнасы бұрынғыша жұмыс берушінің есебінен емес, жұмысшының табысынан 10% мөлшерінде ұсталады. Міне, осы тәр-тіпті заңдастыру арқылы ғана зейнетақы жинағының меншікті құқығын бекітуге болатын еді. Оның үстіне, әрбір келісімшарт бойынша салымшының есеп кітапшасы ресімделеді. Тағы бір кепілдікке мынау жатады: жұмыс беруші қызметкердің келісімінсіз зейнетақы келісімшартын бұза алмайды.

Жинақтаушы зейнетақы қор — бұл ҚР заңында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы тәлеу бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңцы тұлға.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру арқылы қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады. Олар мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына (МЖЗК) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына (МЕЖЗҚ) бөлінеді.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры заңды тұлғаны білдіреді. Оның құрылтайшысы — мемлекет. Мемлекет салымшылардан міндетті зейнетақы жарнасын алады және зейнетақы алушыларға зейнетақы төлейді. Сонымен бірге зейнетақы активтерін қалыптастырып, оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайды.

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры — салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын алуды әрі зейнеткерлердің зейнетақысын тәлеуді, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру және оларды инвестициялау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға. Ол міндетті қорларға қарағанда ерікті зейнетақы жарнасын да тарта алады. Ерікті зейнетақы жарнасын салымшылар заңда және зейнетақы келісімшартында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз бастамасы бойынша енгізеді. Зейнетақы активтері ЖЗҚ-дан зейнетақының төленуін қамтамасыз етеді әрі жүзеге асырады. Қор зейнетақы активтерін инвестициялау арқылы инвестициялық табысқа қол жеткізеді,

Жоғарыда аталған ЖЗҚ түрлерінен өзге ашық ЖЗҚ мен қорпорациялық ЖЗҚ-ны бөліп көрсетуге болады.

Ашық ЖЗҚ салымшының зейнетақы жарнасын оның жұмыс орнына және тұрғылықты жеріне қарамастан қабылдай береді. Резидент болып табылатын заңды және жеке тұлғалар да, резидент емес заңды және жеке тұлғалар да оның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. ҚР резидент емес қатысушысы бар ашық ЖЗҚ — бұл 25%-дан да көп дауыс берушінің акциялары төмендегілердің меншік иесінде немесе басқаруында болатын зейнетақы қоры:

• ҚР резиденті еместер;

• 50%-дан да көп акциясы КР резидент еместердің меншігінде немесе басқаруында болатын ҚР резидентінің заңды тұлғасы;

• ҚР резиденті еместерінің бағалы қағаздарына атаулы ие болып табылатын ҚР резиденттері.



Қорпоративтік осы қордың акционері және кұрылтайшысы ретінде алға шығатын ҚР бір немесе бірнеше заңды тұлғасының алушы-жұмыскерлері үшін құрылады.

Ашық ЖЗҚ қызметі кезінде немесе оған құрылтайшы болған кезеңде бірде бір тұлғаның дауыс құқығы бар акщшның жалпы санында 25%-дан артық акцияны тікелей немесе жанама иеленуге, өкім жүргізуге немесе басқаруға құқығы болмайды. Қорпоративтік ЖЗҚ-да мұндай шектеулер жоқ. Алайда зейнетақы жинағының нақты құны кеміген жағдайда соңғы акционерлердің жауапкершілігі үлкен болады, әрі инвестициялық табыс ысырабының орнын толтырады.

Зейнетақы активтерін алғашқыда ЗАБК (зейнетақы активтерін басқару компаниясы) ғана орналастыра алады. ЖЗҚ жарна түсімін кастодиан-банктің шотына орналастырады, ал ЗАБК үш күннің ішінде оларды әр түрлі бағалы кдғаздарға орналастыруға міндетті. Бір ЖЗҚ тек бір ғана ЗАБК-мен келісім-шартқа отыра алады, ал Компания өз кезегінде бірнеше ЖЗҚ-ға қызмет көрсете алады. Бүгінгі тавда оның атауы өзгерген: ЗАИБЖҰ — зейнетақы активтерін инвестициялық баскаруды жүзеге асыратын ұйым. Жинақтаушы зейнетақы қорларына инвестициялық портфельді қалыптастыру барысында актив-терді дербес орналастыруына рұқсат етілген.

ЗАИБЖҰ қаржы нарығының кәсіби қатысушысы, заңды тұлғасы болып табылады және АҚ формасында құрылады. Оның қызметін ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі лицензиялайды. Агенттік Компанияның қызметін мынадай шарттармен лицен-зиялайды: жарғылық капиталдың мөлшері бойынша белгіленген талаптар мен нормативтердің орындалуы, 3 санатты біліктілік куәлігі бар мамандардың штатта болуы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын қызметте реттемелейтін ішкі құжаттардың болуы.

ЗАИБЖҰ өз қызметінде зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін қалыптастырады, зейнетақы активтерін ұдайы бағалап, зейнетақы жинағын зейнеткерлердің зейнетақы төлемдеріне бағыттап отырады. Ол өзінің қызметі туралы зейнетақы қорларына және ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне ұдайы есеп беріп отырады, сондай-ақ өзінің атқарған жұмыстары туралы ақпаратты жариялайды.

Алайда ЗАИБЖҰ қызметінде белгілі бір шектеулер бар. Ішінара мыналарға тыйым салынған:

• акциядан басқа бағалы қағаздарды шығаруға;

• банктерден өзіндік капиталдың мөлшерінен артық мөлшерде 3 ай мерзімнен көп мерзімге қаражат тартуға;

• үлестес тұрғыдан бағалы қағаздарды тартуға және олармен басқа мәмілелерді орындауға;

• қарызды кез келген тәсілмен беруге;

• зейнетақы активтерінің құрамына кіретін бағалы қағаздарды кері сатып алу шартымен сатуға;

• ЖЗҚ-ға тиесілі емес бағалы қағаздарды сату бойынша келісімшартты және эмиссиялық емес бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі келісімшартты бекітуге;

• тапсырма мен кепілдік беруге, мәмілелерді зейнетақы активтерін кепілге салып орындауға;

• инвестициялық зейнетақы актпвтері бойынша табыстың уәдесін және кепілдігін қамтитын ақпаратты жариялауға;

• бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардың саудасынан өзге материалдық өндіріс пен сауда саласында қызметті жүзеге асыруға.

Қазақстанда зейнетақы қоры келесідей бөлінеді:



  1. Жинақтаушы зейнетақ қоры (ЖЗҚ)

  2. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ)

  3. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры (МЕЖЗҚ)




Сурет 15. ҚР ЖЗҚ-ың құрамы
2 Cұрақ.

ҚБА (АФН)- лицензиясы болу керек.

ЖЗҚ- құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. ҚР резиденттері- заңды және жеке тұлғалар.

ЖЗҚ комиссиялық марапат көлемін ҚР үкіметі белгілейді:



Комиссиялық сыйақының шекті шамасы

• инвестициялық табыстың 15%-ы шегінде;

• айына зейнетақы активтерінің 0,05%-ы шегінде



Зейнетақы қорларының қызметі принциптері

• қорды жеке басқарады және салымшылар қорды өз қалауынша таңдаудың мүмкіндігіне ие;

• қарапайымдылық, сенімділік және айқындық;

• мемлекеттік өкілетті органдардың тарапынан қатаң реттеледі әрі қадағаланады;

• операциялық тиімділік;

• салымшыға оның зейнетақы жинағының мөлшері туралы ақпаратты береді.


Жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттері:


• зейнеткерлердің зейнетақысын төлеуге;

• зейнетақы жинағы мен төлемдерінің есебін дербес жүргізуге;

• салымшы мен зейнеткерге (алушыға) оның зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпаратты жылына бір мәрте және олардың сұрау салуы бойынша беруге;

• алушының зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпараттың құпия болуын қамтамасыз етуге;

• зейнетақы зандары мен зейнетақы келісімшартында қарастырылған шарттардың бұрмалануына жауап береді;

• алушының өтініші бойынша оның зейнетақы жинағын бір қордан екіншісіне аударуға;

• бір, үш, бес, он күнтізбелік жылдарында стаңдартты уақыт кезеңі ішіндегі өз қызметі туралы статистикалық және басқа да ақпараттарды жариялауға, бұл арада жинақтаушы зейнетақы қорындағы салым ақша бойынша табыстық уәдесін немесе кепілдігін қамтамасыз ететін ақпарат жарияланбайды;

• зейнетақы келісімшартына отырған азаматтардың бәріне бірдей жағдай жасауға;

• ҚР заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға. Қазақстаңдағы жинақтаушы зейнетақы қорларына өзінің негізгі қызметімен қатар басқа қызмет түрлерін қоса атқаруға тыйым салынған.


Тыйым салынған қызмет түрлері

• өндіріс;

• бағалы кағаздарды және басқа да қаржылық құралдарды коспағанда жылжитын және жылжымайтын мүліктің сауда-саттығы;

• сақтандыру;

• зейнетақы активтерін кепілзатқа салу;

• акциядан басқа бағалы қағаздарды шығару;

• қордың «алтын акциясын» шығару.


Олар жыл сайын аудит өткізіп тұруға және зейнетақы резерв мөлшерінін ағымдағы міндеттеме құнына сәйкестігін аныктауға заң тұрғысынан міндетті. Мұндай міндеттеме барлық қорларға жайсыз тиюі мүмкін. Өйткені бұл нақты ұйымдастырушылық және материалдық шығындарды қажет етеді. Ллайда бұл зейнетақы жинақтаушы қорлары мемлекеттік емес зейнетақыны да төлейтін болғандықтан аса өзекті болып табылады.

Білікті актуарийдің жұмысы қордың сенімділігін арттырады, себебі ол қабылданған міндеітеменің сипатын, демографиялық сипаттаманы, инвестициялық саясаттың ерекшеліктерін коса ескере отырып, оның жұмысының нәтижелері мен келешегін нақты бағалауға, сонымен бірге тапшылықтың болу мүмкіндігін ескертіп, кажепі шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Мынаны айта кету керек: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң зейнетақы активтері сақталатын кастодиан-банктерінде қолданылмайды. Кастодиан-банкті мәжбүрлеп жоюдың тәртібін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актіге 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» заңдық күші бар ҚР Президентінің Жарлығы жатады.

Нарық жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорлары мен қаржы нарығының басқа субъектілерінің арасыңда тиісті мемле-кеттік реттеуді жүзеге асыруда, макроэкономикалық тұрақты-лықты қамтамасыз етуде, баламалы заңдары және бухгалтерлік есептің халықаралық стаңдарттарын сақтауда динамикалық өзара әрекет белгіленеді. Халықтың ұзақ мерзімді жинақ ақшасын білдіретін зейнетақы жинағы қаржы нарығының дамуына өз әсерін тигізетін негізгі фактордың бірі ретінде қызмет етеді. Екінші жағынан, мемлекеттік және қорпорациялық бағалы кағаз-дар нарығы осы зейнетақы жинағын инвестициялайтын негізгі сала болып табылады, әрі салым ақшасын салыстырмалы тұрде ұзақ мерзімге және белгілі бір мөлшерде салу шартымен карт-тықты қамсыздандыратын жеткілікті табыспен қамтамасыз етеді.

ЖЗҚ қайта құрылатын жағдайда бұл туралы өтініш ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне жіберіледі. Оған мынадай құжаттар тіркелуі керек:

• жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру жөніндегі акционерлердің жалпы жиналыста қабылдаған шешімі;

• жинақтаушы зейнетақы қорын қайта кұрудың ұйғарылған шарттары, формалары, тәртібі және мерзімі көрсетілген құжат;

• оны қайта құрудан кейінгі зейнетақы жинақтаушы қорының есеп айырысу балансын және осы қайта ұйымдастырудың нәтижесінде жұмыс істейтін заңды тұлғаларды қоса алғанда қайта құру салдарының қаржылық болжауы.

Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру жөніндегі өтініш ұсынылған күннен бастап бір айдың ішінде қарастырылуы керек. Қайта құрылатын қор қайта құруға рұқсат алған күннен бастап екі аптаның ішінде өзінің барлық салымшыларына алда болатын өзгерістер туралы жазбаша хабарлауы керек және бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті хабарландыруды жариялауы қажет.

ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі ұйғарылған қайта құрудың нәтижесінде салымшылар мен алушыларға қатысты монополияға қарсы заң талаптарының бүрмалануы, жалпы акционерлер жиналысының тиісті шешімінің болмауы негізінде зейнетақы жинақтайтын қордың қайта құрылуына рұқсат бермеуі мүмкін.

ЖЗҚ ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылуы мүмкін. Мәжбүрлеп тарату мынадай жағдайларда орын алады:

• Агенттіктің рұқсаты болған жағдайда жалпы акционерлер жиналысының шешімі бойынша;

• ҚР заң актілерінде қарастырылған жағдайдағы сот шешімі бойынша.

ЖЗҚ-ны ерікті түрде тарату жөніндегі өтініш ұсынылған күннен бастап бір айдың ішінде қарастырылады. Таратылған қор бұл тұрасында (өзінің таратылғандығы жайлы) салымшылары мен алушыларына он күннің ішінде хабарлауға міндетті. Соңғылары (салымшылар мен алушылар) таратушы комиссия белгілеген мерзімде басқа қорды өз қалауынша таңдай алады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құруы мүмьсін. Бүгінгі таңда республикада 150-ден аса филиалдар мен өкілдіктер жұмыс істейді. Мәселен, «Қазақмыс» ЖЗҚ мен «Филипп Морис Қазақстан» ЖЗҚ, сондай-ақ салыстырмалы тұрде жас әрі шағын «Капитал» ЖЗҚ, Қонаев атындағы МЕЖЗҚ-ны айтуға болады. Осылардың ішінде «Валют-Транзит қорының» 34 филиалы мен өкілдігі бар. Олардың көпшілігі республикалық маңызы жоғары калалар мен облыс орталықтарында орналасқан.

Қазақстаңдағы осы зейнетақы қорларының географиялық бөлінуіне келсек, олардың пропорционалды тұрде орналасқа-нын айта кету керек. 16 ЖЗҚ-ның 12-сі Алматы қаласында. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бұл қорларға шамамен 300 млрд теңге зейнетақы активтері шоғырланған. Бұл көрсеткіш нарықтың 91%-ынан көбін құрайды. Алайда зейнетақы жинағының барлық сомасын тек алматылықтар құрап отыр деп түсінуге болмайды: Қазақстанның барлық аймақтары мен қалаларының тұрғындары да осы аталмыш ЖЗҚ салымшыларының қатарына кіреді. Ақтөбе қаласында «Нефте ГазДем» ЖЗҚ, ал Алматы облысында - «Филипп Морис Қазақстан» ЖЗҚ-сы бар.

Алматы қаласына зейнетақы қорларының мүншама көп шоғырлануын оның елдегі бірден-бір қаржы орталығының болуымен ғана байланыстырып түсіндіру жеткіліксіз — бүкіл техникалық инфрақұрылымды (орталық депозитарий, қор биржасы), ЖЗҚ-ға қызмет көрсететін қаржы нарығының көптеген субъектілерін (кастодиандар, брокерлік компаниялар және т.б.) тек осы мегополистен ғана табұға болады. Мұндай ахуал Алматы қаласының келешекте халықаралық аймақтық қаржы орталығына айналатынына кепілдік береді.



Бақылау сұрақтары:

1. Зейнетақы қоры дегеніміз не?

2.Зейнетақы қорының түрлері.

3.Зейнетақы қорының негізгі операциялары қандай?

4. ҚР-да зейнетақы қорларының жұмысы қалай жүзеге асыры-лады?

5. Зейнетақы қорының үйымдық құрылымы қандай?

6. ЗАИБЖҰ-ның зейнетақы нарығындағы рөлі.

7. ҚР-да ЗАИБЖҰ-ның қызметі қандай?


Тест тапсырмалары

1.

Зейнетақылық жинақтау қоры-бұл:


  1. зейнетақылық жарналарды тарту

  2. зейнетақылық төлемдерді шоғырландыру

  3. зейнетақылық активтерді инвестициялық басқару

  4. ЗЖҚ салушылардың міндетті жарналарын шоғырландыру

  5. барлық жауап дұрыс

2.

Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қоры бөлінуі



  1. мемлекеттік зейнетақы жинақтау қоры

  2. мемлекеттік емес зейнетақы жинақтау қоры

  3. ашық зейнетақы жинақтау қоры

  4. жабық зейнетақы жинақтау қоры

  5. дұрыс жауабы a, b

3.

Мемлекеттік емес зейнетақы жинақтау қоры-:



  • салушылардың міндетті, ерікті зейнетақы жарналарын жиналуы

  • алушыларға зейнетақы төлемдерін төлеу

  • зейнетақылық активтерін қалыптастыру, оларды инвестициялайтын заңды тұлғалар

  • барлық жауап дұрыс

  • дұрыс жауабы жоқ

4.

Салушылардың зейнетақы жарналарын олардың жұмыс орнымен шекеніне тәуелсіз қабылдай алады.



  1. ашық зейнетақы жинақтау қорлары

  2. жабық зейнетақы жинақтау қорлары

  3. корпоративтік зейнетақы жинақтау қорлары

  4. дұрыс жауабы b

  5. дұрыс жауабы жоқ

5.

Бір немесе бірнеше ҚР заңды тұлғаларының алушы-жұмыскерлер үшін құратын қоры және ол заңды тұлғалар, құрылтайшылар және акционерлер болады.



  1. ашық зейнетақы жинақтау қорлары

  2. жабық зейнетақы жинақтау қорлары

  3. корпоративтік зейнетақы жинақтау қорлары

  4. дұрыс жауабы b

  5. дұрыс жауабы жоқ


Тақырып 12. Инвестициялық қор және оның іскерлігі

Жоспар


1. Инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асырудың негіздері

2. Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері



Сұрақ 1.

«Инвестиция» ұғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің механизмін білдіреді. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қаржы институттары құрылады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады.

Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарын тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттарын әртараптандыруды ескере отырып, бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қауіпті азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені ол өз қолына түпкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылардың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ бұл қорлар инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салудың көздері болып табылады. Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т.б.

Инвестициялық қор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстаңда ол акционерлік қоғам формасында құрылады, кез келген заңды және жеке тұлға оның акционері бола алады.

Бұл қорлардың барлық қызметі әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфельді қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.

Қор негізінен ұсақ, жеке инвесторлардың есебінен акцияларды айналымға шығару арқылы ақша қаражаттарын тартады. Қор түскен қаражатқа кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады және өз салымшыларын акция бойынша белгілі бір табыспен қамтамасыз етеді.



Инвестициялық қор өз қызметінде нақты қағидаларды басшылыққа алады:

Сурет 16. Инвестициялық қор қызметінің қағидалары

Инвестициялық қор өндіріспен және сауда-саттықпен айналыспайды (бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардан өзге), кез келген кепілдік түрін бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ кастодианның, тіркеушінің және бірлескен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акцияларын сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банктерден қарыз қаражатын тартады, бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, қарызды кез келген тәсілмен береді, сонымен бірге опциондықжәне фьючерстік шарт мәмілелерімен, маржа, «ықшамдап сату» мәмілелерімен айналысады.

Инвестициялық қордың ұйымдық құрылымын былайша көрсетуге болады:


Сурет 17.Инвестициялық қордың құрылымы

Кез келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынадай мәселелерді шешеді:

• инвестициялық қордың типін қайта құру (өзгерту) туралы;

• инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы;

• бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ тіркеушілері және кастодиандармен келісімшартқа отыру (бекіту) туралы.

Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда қарастырылған құзыреттілігінен өзге де өз қүзыреттілігі болады, мысалы, ол бұқаралық ақпарат құралдарында баскарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отырады. Басқарманың мүшелері лауазымды тұлғалардың, осы қорды басқаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тыйым салынған).

Инвестициялық қордың басқарушысы — бағалы қағаздардың портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті орындайтын және инвестициялық қормен бекітілген келісімшарттың негізінде әрекет ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт — тиісті лицензияның болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөніндегі келісімшартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық қормен бекіте алады, алайда бұл арада инвестициялық декларацияның мазмұны әр түрлі болуы керек.

Инвестициялық қордың қызметі Қазақстан Республикасы-ның қолданысындағы зандар жиі бүрмаланған жағдайда, басқа-рушының лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып алуға қабілетсіз болғанда тоқтатылады.
Сұрақ 2.

Қазақстан Республикасының зандары инвестициялық қорлардың белгілі бір типтерін анықтап береді.

Екі негізгі типі: өзара қор және инвестициялық компания бөліп көрсетіледі.

Өзара қор барлық тілек білдіруші инвесторлардың қаражатын тартатын және өздері айналысқа шығарған акцияны өз акционерлерінен сатып алуға міндеттеме қабылдаған ашык инвестициялық қор болып табылады. Олар қосымша эмиссияны жүзеге асыру қажет болған жағдайда жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз акцияны шектеусіз мөлшерде шығара алады. Ол (өзара қор) артықшылығы бар акцияны шығармайды. Сонымен қатар өзара қор былайша сипатталады: оның акциялары ұйымдастырылмаған нарықта айналысқа түседі, акцияға бағаны күн сайын белгілеп отыру міндеттемесі заңмен анықталған.

Инвеспшциялық компания — бұл осы қордың құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды және жеке тұлғалардың қаражатын тартатын жабық инвестициялық қор. Өз акдионерлерінің айналысқа шығарған акцияларын сатып алуға міндетті болмайды, ал оның жарғылық капиталы жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз қосым-ша акцияларды шығару арқылы көбейтілмейді немесе акциялар-дың бір бөлігін өтеу арқылы кемітілмейді. Инвестициялық компанияның аьадиялары қор биржаларында айналысқа түседі. Компанияның күн сайын аюдия бағасын белгілейтін міндеттемесі болмайды, артықшылығы бар акцияны шығаруға құқығы бар.

Үлестік (шартты) және акционерлік (қорпорациялық) инвестициялық қорлары бөліл көрсетіледі.



Үлестік инвестициялық қор (шартты) былайша бөлінеді:

ашық — пайды 2 аптада ең аз дегенде 1 мәрте сатып алады;

жабық, — жарнашының (пайшы) пайда (үлесті) сатып алуға құқығы болмайды;

интервалды — пайды жылына ең аз дегенде 1 мәрте сатып алуы керек.

Оның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (үлескерлердің) салым қаражатының үлестерінен құралады. Оның басқа қызмет түрлерін атқаруға құқығы болмайды, бағалы қағаздар ұйымдастырылған нарыққа түспейді.

Сонымен қатар акционерлік қор акцияларды айналысқа шығару жолымен жарғылық қорды қалыптастырады.

Инвесторлық қордың акционерлік формасының артықшылығы мынада: нарықта пайға қарағанда акцияны сату оңай, қордың акционері жай АҚ-дағы секілді акцияны сатып алуды талап ете алады. Акционерлік инвестициялық қордың негізгі сипаттамасы мынада: ол басқа қызмет түрлерін жүзеге асырмайды және жай акциядан өзге қаржылық құраладарды шығармайды. Қордың бағалы қағаздары ұйымдастырылған нарықта айналысқа түспейді, ал жарғылық қор акциялардан құралады.

Қор инвестициялық стратегиясының сипатына қарай шартты түрде мына санаттарға бөлінуі мүмкін:

1. Бағамдарының тәуекелі шектеулі бағалы қағаздарға капиталды инвестициялаушы.

2. Бағалы қағаздар бағамының тәуекелі шектеулі жоғары болған жағдайда табыстың өсіміне бағдарланушы.

3. Қаржылық активтерді әртараптандырушы.

4. Ақша нарығының пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданушы.

Бірінші санатқа көбінесе жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік инвестициясын және тәуекелі төмен бағалы қағаздарға жатқызылған мемлекеттік емес облигацияларды сатып алатын ұжымдық инвестиция мекемесі жатады.

Екінші топқа ұзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыратын қорлар кіреді. Олар акцияның базасында пайда болған бағалы қағаздарды, айырбасталатын облигацияны және акцияны сатып алады. Мұндай компанияның клиенттеріне қауіпі жоғары болатынына қарамастан өз акцияларының ең аз дегенде бір бөлігін орналастыруға келісімін берген тұлғалар жатады.

Үшіншісіне әр түрлі бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді қаражат салымдарын диверсификациялайтын қорлар жатады, өйткені бұл капиталдан айырылып қалудың қауіпін азайтатын сенімді әдіс болып табылады. Мұндай инвестициялық стратегияны жүргізу үшін үлкен капиталға ие болу керек.

Төртінші топ ақша нарығының пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданған қорларды қамтиды. Олар өте қысқа мерзімді инвестицияларды жүзеге асырады, тіпті бір күндік мәмілелермен де айналысады. Сол себепті де капитаддан айы-рылып қалудың қауіпі аз болады. Портфельдік инвестицияның құрылымы мен мұндай инвестициялық қорлардың клиентұрасы әр түрлі — банк депозиті бойынша табыспен салыстырғанда өз ақшаларына ең жоғары пайызды алғысы келетін жеке тұлғалар мен фирмалар.

Әрбір елдегі инвестициялық қорлардың қызметі қор нарығының ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Көптеген еддердің портфельдік инвестициясының құрамында акциялар емес, облигациялар мен қысқа мерзімді бағалы қағаздар басымдылықтарға ие.

Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде көбінесе акция, мемлекеттік облигация, қысқа мерзімді бағалы қағаздар және т.б. секілді акцияның белгілі бір типтерін басқаратын маманданған инвестициялық қорлар көптеп кездеседі. Мысалы, ипотека қоры, қорпорация облигациясының қоры, ұзақ мерзімді муниципалдық бағалы қағаздар қоры, қаражатын кәсіпорын акциясына салатын өсім қоры, опциондық табыс қоры кездеседі. Өздерінің бағалы қағаздар портфелінің тұрактылығын қамтамасыз ету үшін олар эмитенттің бағалы қағаздарына салым ақшаны аз салады немесе шектейді. Қауілтің деңгейін осылай-ша азайтады. Өнеркәсіп компаниясының акциясына қаражат салынар кезде оның салалық әртараптандыруы (жан-жақтылығы) жүзеге асырылады.



жүктеу 4,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау