Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 4,25 Mb.
бет14/17
Дата01.01.2018
өлшемі4,25 Mb.
#6865
түріПротокол
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Бақылау сұрақтары

1. Инвестициялық қор дегеніміз не?

2. Инвестициялық қордың ұйымдық құрылымы қандай?

3. Инвестициялық қордың қандай түрлері бар?

4. Өзара инвестициялық қор дегеніміз не? Оның ерекшеліктері неде?

5. Үлестік инвестициялық қор дегеніміз не?

6. Инвестициялық қордың қызметі неде?

7. ҚР-да инвестициялық қорлардың қызметі қалай жүзеге асырылады?



Тақырып – 13. Сақтандыру компаниялары

Жоспар


1.Сақтандыру ұйымдарының түсінігі

2.ҚР сақтандыру ұйымдарының қазіргі даму кезеңінде


Сұрақ 1.

Қаржы нарығында маңызды дәнекер ретінде сақтандыру компаниясы жүреді. Сақтандыру нарығында сақтандыру қорын құру және пайдалану процесі жүзеге асырылады, экономикалық қарым-қатынас құрылады, жеке, топтық және ұжымдық мүдделер түптеледі.

Сақтандыру компаниясы сақтандыру қорын қолданудың тарихи белгілі қоғамдық нысаны болып табылады. Нарық экономикасына ауысуы оның рөлі, ұйымдастыру құрылымын және экономикалық қарым-қатынас жүйесінде орнын белгілейді. Ол мемлекеттің шаруашылық өмірінде толық құқылы субъектісіне айналады.



Сақтандыру компаниясы тиісті лицензиялар негізінде сақтандыру шарттарын жасау және орындау бойынша өз қызметтерін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым.

Қазақстанда сақтандыру ұйымдары АҚ нысанында құрылады, олардың құрушылары мен акционерлері және не заңды тұлғалар - ҚР резиденттері мен резиденттері емес тұлғалар бола алады. Мемлекетте ҚР Үкіметі тұлғасында сақтандыру компаниясын құрушы бола алады. Сондықтан ұйым 50% жарлық капиталы мемлекеттікі болғандықтан, ол ұйымдар құрушы және акционерлер санында бола алмайды.



Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы міндетті түрде ұлттық валюта ақшасымен төленеді. Осыған орай акцияларды төлеу үшін тартылған және қарызға алған құралдарды пайдалануға тыйым салынады. Оны құруға шешімді ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі Агенттігімен тиісті құжаттарды тапсырғанда беріледі.

Сақтандыру ұйымын құруға рүқсат алуға өтініш, құрушы құжаттар, сақтандыру ұйымын құру туралы шешім, құрушылар туралы мэліметтер және басқалары енеді.



Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін Агенттікке келесі құжаттарды тапсыруы керек:

  • Лицензия алу туралы өтініш;

  • Мемлекеттік тіркеу туралы куэліктің және статистикалық карточканың
    нотариалды сендірілген көшірмесі;

  • Құрушы құжаттардың нотариалды сендірілген көшірмесі;

  • жарғылық капиталдың аз көлемін толық төлегенін өзіндік капитал көлемі бойынша аз талаптарды орындағанын растайтын құжаттар;

  • басқарушы жұмысшылар лауазымына тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер;

  • сақтандыру ережесі;

  • ішкі аудит қызметі туралы ережесі және басқалары.

Сақтандыру ұйымдары өз ресурстарын сақтандыру жарналары есебіне қалыптасады және инвестициялық салымдарды жүзеге асыруға жиналған құралдарды бағыттайды. Қазақстанда сол не басқа құнды қағаздар салымдар шегі көрсетілген сақтандыру компанияларының инвестициялық қалтасын диверсификациялауды шектеу бойынша белгілі талаптары бар.

Сақтандыру компанияларының сипатты ерекшеліктерінің бірі құралдарды таратудың ерекше нысаны - сақтандыру полистерін сату болып табылады. Алынған кірістерді олар облигация мен басқа компаниялар акцияларына, мемлекеттік құнды қағаздарға салады. Сондай-ақ олар кәсіпорындар мен мемлекетке үзақ мерзімді кридиттер ұсынады.

ҚР территориясында сақтандыру компаниялары «өмірді сақтандыру» немесе «жалпы сақтандыру» үшін салалар бойынша лицензиялар негізінде жұмыс істейді. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызмет «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметпен бірлесе алмайды және ойда жоқта болатын жағдайлар мен аурудан, сондай-ақ медициналық сақтандыру тэуекелін сақтандырудан басқа, жинақтаушы сақтандыру нысанында өткізе алмайды.

Негізгі қызметінен басқа сақтандыру ұйымдары атқара алады:



  • инвестициялық қызмет;

  • жинақтаушы сақтандыру шартына сэйкес көзделген сатып алу соммасы шегінде өз сақтандырушыларына қарыз беру;

  • сақтандыру ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз сату;

  • сақтандыру жөніндегі арнайы әдебиеттерді сату;

  • өз қажетінен бүрын алынған немесе сақтандыру шарттарын жасауға байланысты оның билігіне түскен мүмкіндіктерді сату немесе жалға беру;

  • сақтандыру мәселелері жөнінде консалтинг;

  • сақтандыру немесе қайта сақтандыру облысында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

  • сақтандыру агенті ретінде сақтандыру дәнекері болу.

Сақтандыру ұйымдарының қызметін бақылауды төлем қабілеттілігі мен қаржы тұрақтылығы нормативтерін қамтитын оларға пруденциалды нормативтерді - бекіту жолымен ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі Агенттігі жүзеге асырылады. Сақтандырудың жеке шарты бойынша сақтандыру ұйымының көп көлемдегі міндеті сақтандырудың әрекеттегі шарттары бойынша өз міндеттерін орындаумен байланысты, сақтандыру төлемдерді жүзеге асыру үшін тағайындалған өзіндік капитал мен сақтандыру резервтері соммасынан 10%-дан көп болмауы тиіс.

Сақтандыру ұйымдары сақтандырушылар одағы мен ассоциациясына біріге алады. Қазақстан Республикасында әдістемелік-ұйымдастық ақпаратты көрсету, сақтандыру жөніндегі заңнамалық және нормативтік актілер жобасын дайындауға қатысу, сақтандыру жұмысшыларының біліктілігін арттыруда семинар және курстарды ұйымдастыру, сақтандырушылардың және т.т. қаржылық түрақтылығын бекіту жөніндегі үсыныстарды өңдеу үшін сақтандырушылар Одағы құрылды.

Бірақ Қазақстанда сақтандыру ұйымдарының бір ғана кәсіптік одағы қызмет етеді, ал қазіргі уақытта Ресейде барлық компанияларды біріктіретін 50-ден аса кәсіби салалық одақтар мен ассоциациялар бар. Олардың көбі мамандандырылған, мысалы медициналық кэсібилігінде тек қана сақтандырушыларды және т.т. біріктіреді. Мемлекет масштабында сақтандырушылардың мүддесін білдіретін негізгі ұйым ол қүрамында 350-ге жуық сақтандыру компаниялары бар. Бүкілресейлік сақтандырушылар одағы болып табылады. Қазақстанның сақтандыру ұйымдары филиалдар, өкілдіктер және ұйымдар құра алады.
Сұрақ 2.

1992 жылы ҚР «Сақтандыру туралы» Заңын қабылданғаннан кейін, сақтандыру ұйымдарын ашуға жеткілікті жеңілдетілген тәртібі оның ішінде салық жеңілдіктерін қосқанда, Жарғылық капиталдың азғантай мөлшерін, олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау Қазақстанда «Сақтандыру бумасын» дүниеге келуіне себеп болды. Егер 1991 жылдың аяғында бірлім-жарым тіркелсе, 1994 жылдың сәуірінде ұйымдардың саны 500-ден асты.

Осы Заңның жетістіктерімен қоса, кемшіліктерін де айта кету керек:


  • сақтандыру ұйымдарына адекваттық емес төмен деңгейлі талаптар;

  • негізгі қызметінен басқа кәсіпкерліктің басқа түрімен айналысуға рұқсат
    беру;

  • салықтың реттеудің кемшіліктері.

1994 жылдың 19 сэуірдегі Президенттің «Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөніндегі ұйымдастыру-құқықтық шаралары туралы» Жарлығымен сақтандыру бизнесін мемлекеттік реттеу жүйесі енгізілуде. Оған сәйкес сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын алу үшін сақтандыру компаниясының 2 млн. теңгеден кем емес жарғылық капиталының көлемі болуы керек. Бұдан басқа, сақтандыру компаниясына жанама қызметпен айналысуға тыйым салынды. Нэтижесінде 1995 жылы сақтандыру ұйымдарының саны 53-ке дейін қысқарды.

01.01.2000 жылы 70 сақтандыру ұйымдары өз қызметтерін жүзеге асыру құқығына лицензиялары болды, 2000 жылдың аяғында соның 42-сі сақтандыру шарттарын жасады, соның ішінде өмірді және 3-і мемлекеттің 100% қатысуымен жүзеге асырылды. Салыстыру үшін: Ұлыбританияда сақтандыру қызметімен 800-ден аса компания айналысады, Нидерланда 275-тен аса, Ресейде 972 ұйым бар. ҚР Ұлттық банкінің саясаты сақтандыру ұйымдарының капиталын арттыру мен қаржылық түрақтылығына бағытталды, ол олардың санының қысқаруына экеп соқтырды. Бір жылда 28 лицензия не өз еркімен тапсырылды, не мәжбүр болды. Кей бір сақтандыру ұйымдары бірлесті. Жаңа Заңға сәйкес сақтандыру ұйымы нарығынан кету, оның барлық міндеттерін орындағанын, кредиторларымен толық есеп айырысқанын тексерген ҚР Ұлттық банкінің рұқсатынан кейін мүмкін сақтандыру ұйымдарының азайып нарық монополизациясына және мықты бәсекенің жоқтығына жақын.

Солай десек те, сол уақытта сақтандыру компанияларының капиталдары олардың тұрақтылығы мен нарық капитализациясына себепші болады. Бүгінде Қазақстанда лицензияланған қызметі 32 сақтандыру ұйымы жүзеге асырылады, соның ішінде 1-і өмірді сақтандыру бойынша, 5-і ҚР резиденттері еместердің қатысуымен, 6-ы сақтандыру брокерлері, 28 актуарлар және 34 аудиторлық ұйымдар. Республикада 300-ден аса филиалдар және сақтандыру ұйымдар өкілдіктері қызмет етеді, сақтандыру агенттерінің салаланған желілері бар (олардың тізімі сақтандыру компаниясымен өз бетімен жүргізіледі және олардың саны туралы толық мэліметтер жоқ). Шығыс Қазақстан облысында саны көбірек - 46 филиал, ол «Казцинк» АҚ, титан-магнит комбинаты, Ульбин металлургиялық зауыды сияқты гиганттардың қызмет етуіне байланысты. Қарағанды облысында - 36 филиал және Ақмола облысында - 35. Қарағанды облысында көмір-қазба шахталары, Испат-Көрмет комбинаты жұмыс істейді. Қызмет ететін кәсіпорындардың барлығы бизнесті жандандыра түседі, яғни мүлікті, жауапкершілікті және т.т. сақтандыру қажеттілігін туғызады.

Қазақстандық сақтандыру нарығын дамытудың басты жағдайы шетелдік сақтандыру ұйымдарының қызметіне қарым-қатынас туралы мәселе болып табылады. «Сақтандыру қызметі туралы» Заңында ҚР территориясында сақтандыру фирмаларын және қайта сақтандыру ұйымдары - ҚР резиденттері еместерін, сондай-ақ сақтандыру бронер - резиденттері емес филиалдары мен өкілдіктерін ашуға тыйым салынған.

Мұндай филиалдардың қызметін бақылау өте қиын, себебі олар өз бетінше емес және шетелге ақша аудару көзі ғана бола алады.

Сақтандыру ұйымдарының қызметі мәселелерінің бірі олардың басым бөлігінде білікті мамандардың қажетті саны жоқ. Бүгінде кәсіптік сақтандыру делдалдарының рөлі қаржы нарығында аз-маз және байқаусыз. Сонымен бірге сақтандыру нарығында жаңа қатысушылар-актуарийлер пайда болды. Осыған орай ҚР сақтандыру нарығында бүл істе қоғамдық бірлестіктер кәсіби қатысушылардың, бірінші кезекте сақтандырушылар Одағының белсенді қатысуымен сақтандыру бойынша оқытудың тиісті жүйесін ұйымдастыру қажеттілігі туды.

Бақылау сұрақтары:

1.Сақтандыру компаниясы дегеніміз не?

2.ҚР сақтандыру ұйымдары қалай құрылады?

3.ҚР сақтандыру ұйымының ұйымдастыру құрылымы қандай?

4.ҚР сақтандыру ұйымының қызметі неде?

5.ҚР қандай сақтандыру ұйымдары бар?


Тақырып – 14. Арнайы маманданған қаржылық – несиелік институттар
Жоспар

1.Несиелік серіктестіктер

2.Қаржы компаниялары

3. Ломбардтар және олардың іскерліктері


Сұрақ 1.

Несиелік серіктестіктер – шаруашылық субьектілерінің белгілі бір шеңберінде қызмет көрсететін және несиелеу мақсатында лицензия негізінде құрылған, банк болып табылмайтын заңды тұлға.

Несиелік серіктестіктің қатымушыларына рұқсат беріледі:


  • Оның қызметін пайдалануға.

  • Несиелік серіктестіктің органдарына сайлау және сайлануға, оны басқаруға қатысу.

  • Заңдылық негізінде және құрылтайшы құжат негізінде серіктестік іскерлігінен кіріс алу.

  • Заңмен және құрылтай құжат негізінде, тәртіп бойынша қатысуды тоқтату.

  • Оның іскерлігі бойынша ақпарат алу, бухгалтерлік және басқа да құжаттармен серіктестіктің жарғысындағы ереже бойынша танысу.

Несиелік серіктестікке қатысуды қысқартуға келесі жағдайларда болады:

    1. Өз еркімен шығу.

    2. Өз бөлігін несиелік серіктестіктердің басқа қатысушыларына немесе 3-ші тұлғаға өткізу.

    3. Несиелік серіктестіктердің талабы бойынша қатысушылар санатынан шығу.

    4. Несиелік серіктестіктердің іскерлігін тоқтатуына байланысты.

    5. Қ. Р. Заңдылық актілері қарастырған басқа да жағдайлар бойынша шығу.


Н
Директорлар кеңесі

Несиелік серіктестік мүшелері

Басқармашылық

Функционалдық бөлімдер

есиелік серіктестіктердің ұйымдастырушылық құрылымы (серіктестіктің 1 мүшесі = 1 дауыс)


Сурет 18. Несиелік серіктестіктердің ұйымдастырушылық құрылымы

Лицензиясы болған жағдайда несиелік серіктестік банкітік басқа да операциялардың жекелеген түрлерін іске асыру құқығы бар:


  • Кассалық операциялар

  • Аудару операциялары

  • Қарыз беру операциялары

  • Несиелік серіктестіктің мүшелерінің тапсыруы бойынша олардың банктік шоттары бойынша есептесулерді

  • Сейфтік операциялар

  • Лизингтік іскерлік

  • Шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру және т.б.

Депозиттік типтегі басқа қаржылық институттарымен салыстырғанда несиелік серіктестіктердің артықшылықтары бар:

    1. әдетте олар салынатын салықтан босатылынады.

    2. монополияға қарсы заңдылықтың субьектісі болмайды.


Сұрақ 2.

Қаржылық компаниялар – коммерциялық банктен алу мүмкіндігі жоқ жекелеген тұлғаларға және кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімді, сол сияқты лизингтік несиелер ұсынады.

Бұл ұйымдардың құралдарын қалыптастыру банктік несиелер, коммерциялық қағаздар сату, ұзақ және қысқа мерзімді қарыздық міндеттемелерді эмиссиялау есебінен жүзеге асырады.

Қаржылық компаниялар жоғары дәрежелі тәуекелі бар несиелерді ұсынады. Қаржылық компаниялар көп санды ұсақ депозиттерді тартпайды.

Қаржылық компанияның ұйымдастырушылық – құқықтық формасы бола алады:


  • әріптестік (партнерство)

  • жеке меншік құқық негізіндегі корпорация

  • ашық акционерлік қоғам

  • өндірушілерге, коммерциялық банктердің холдингтік компанияларына, өмірді сақтандыру бойынша компанияларға немесе басқаларға тұтас жататын бөлімше кәсіпорындар ретінде.


Тұтынушылық Кәсіпорындарды Факторингтік Лизингтік

несиеге несиелеумен компания компания

маманданған айналысатын

компания компания
Қаржылық компаниялар

Ипотекалық Инвестициялық «Кэптивтік» Коллекторлық

компаниялар компаниялар компаниялар компаниялар

Сурет 19. Қаржылық компаниялардың құрылымы

Факторингтік компаниялар – коммерциялық банкетрдің, холдингтік компанияларының бөлімше кәсіпорырдары және олар өз клиенттерін, олардың шот – фактураларын сатып алу мен дебиторлық қарыздар бойынша төлемдер жинау көмегімен несиелейді.

Лизингтік компаниялар – машиналарды, құрал – жабдықтарды жалға беруге және оларды сатып алу мүмкіндігін ұсынуға мамандалады.

Ипотекалық компаниялар – жерлерді және қозғалмайтын мүліктерді кепілге алу негізінде үлкен емес көлемдегі несиелерді ұсынады.

«Кэптивтік» компаниялар – бөлшек саудаға негізгі қатысушылардың және автомобиль өндірушілердің бақылауында болатын саудалық қаржылық компаниялар және олар өздерінің аналық фирмаларының өнімдерін сатуды қаржыландыруға көмектеседі.

Коллекторлық компаниялар – мерзімі өтіп кеткен қарыздарды маманданған түрде жинайтын ұйымдар.
Сұрақ 3.

Ломбард – бактік емес, коммерциялық ұйым және олар лицензиясы болса банктік және басқа да операцияларды ұлттық валютада жүргізудің келесідей құқықтылығы бар:



  • ломбардтық операциялар

  • лизингтік операциялар

  • қымбат бағалы металдар мен тастары бар зергерлік өнімдерді сатып алу, кепілге алу, есептеу, сақтау және сатумен

  • сейфтік операциялармен

Операцияларды өткізудің жалпы шарттары бар ломбардтық ереже келесідей құрылады:

  1. ұсынылатын несиелердің шектік сомасы және мерзімі

  2. ұсынылатын несиелер бойынша сыйақының шектік ставка мөлшері

  3. операциялар өткізудің ставкалары және тарифтері

  4. ломбардтың және рның клиентінің құқығы және міндеттері, олардың жауапкершілігі

  5. кепілдік билетті жоғалтқан жағдайда кепіл берушіге дубликат беру тәртібі және басқасы


Бақылау сұрақтары.

  1. Несиелік серіктестік дегеніміз не?

  2. Қаржылық компания дегеніміз не?

  3. Қаржылық компаниялардың қандай түрлері бар?

  4. Ломбард дегеніміз не?

  5. Ломбардтың іскерлігінің мәні неде?



Тақырып-15. Қор биржалары

Жоспар
1.Биржаның мәні және функциялары.

2.Қазақстанның қор биржасы: құрылысы және саудаларды ұйымдастыру.


Сұрақ 1.

Қазақстан Республикасының “Құнды қағаз нарығы туралы” ,Заңына сәйкес Қор биржасы, құнды қағаз нарығының кәсіпкер қатысушылары акционерлік қоғам формасында құратын, іскерлігі,өзін-өзі ақтау дәйегіне сүйенетін,коммерциялық емес өзін-өзі реттейтін ұйым.

Биржаның кірістері және мүлкі Есептік палатаға төленетін

Кепілдік жарналар, оның мүшелерінің мүшелік пайлық және жыл сайынғы жарналары, биржалық операциялардан түсетін жинаулар,көрсетілген қызметтер үшін ақылардан,

сауда ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдардан,келушілердің төлемдерінен және т.б. қызмет төлемдерінен құралады, бірақ құнды қағазды листингке кіргізу есептелмейді.
Кесте 7.Қор биржасының функциялары.


Ұйымдастыру көзқарасы бойынша

Экономикалық көзқарасы бойынша

  1. Арнайы жабдықталған сауда алаңын ұсыну

  2. Құнды қағаздармен сауданы ұйымдастыру

  3. Құнды қағаздармен котировкалауды іске асыру

  4. Өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық, кеңестік қызметтер көрсету

  5. Өзіндік аналитикалық зерттеулер жүргізу

  6. Клиринг жүргізу

  1. Баға қалыптастыру

  2. Баға болжау

  3. Ақпараттық талдау

  4. Тәуекелдерді сақтандыру

  5. Бағаны тұрақтандыру



Сұрақ 2.

1997 жылы Қазақстанда Орта Азия қор биржасы, Қазақстан қор биржасы, Банк аралық Қазақстандық қор биржасы болды. Заңдылықтағы өзгерістер мен экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты бүгін тек бір Қазақстандық қор биржасы (KASE) жұмыс істейді.



KASE мүшелері келесі категорияларға бөлінеді:

-“Р”- ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік емес эмиссиялық құнды қағаз саудасына қатысу құқығы бар.

-“Н”- “Листингтік емес құнды қағаздар” секторындағы мемлекеттік емес эмиссиялық құнды қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар.

-“К”- қор биржасында айналатын мемлекетік құнды саудаға қатысу құқығы бар.

-“С”- қор биржасында айналатын мерзімді контрактілермен саудаға қатысу құқығы бар.

-В- шетел валютасымен саудаға қатысу құқығы бар.

Қор биржасында бір ұйым бірнеше категория бойынша мүшелік ала алады.



KASE-де айналымға жіберілетін құнды қағаздар:

    • мемлекеттік

    • мемлекеттік емес

    • Қазақстан республикасы айналымға жіберілген басқа мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздары

    • Көрсетілген құнды қағаздар базалық актив болатын туынды (производим) құнды қағаздар

Қор биржасындағы саудаға тек листинг процедурасынан өткен құнды қағаздар жіберіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына листинг процедурасы қажет емес.

Қазақстан қор биржасында мемлекеттік және листингтік құнды қағаздар бойынша үзілмейтін қарама-қарсы электрондық әдіспен сауда өткізіледі.



Бақылау сұрақтары

  1. Қор биржасы дегеніміз не?

  2. Қор биржасының іскерлігінің мәні неде?

  3. Листинг және делистинг дегеніміз не?

  4. Қазақстан Республикасының қор биржасындағы саудаға қандай құнды қағаздар жіберіледі?

Қазақстан қор биржасында сауданың қандай әдістері қолданылады
Тақырып – 16. Қаржылық нарықты реттеудің жалпы түсінігі

жоспар
1. Қаржы нарығын реттеудің мәні, қызметі және қағидалары

2. Қаржы нарығын реттеудің түрлері
Сұрақ 1.

Әлемдік тәжірибеде қоғамдық дамудың таңдаған жолына байланысты қаржы нарығын реттеудің әр түрлі үлгілерін ерекше атауға болады. Саудаға қатысушылардың қызметін реттейтін өкілетті органдар: эмитенттер, инвесторлар, кәсіби қор делдалдары, нарық инфрақұрылымының ұйымдары, Осы процесс мемлекетпен қабылданған әлеуметтік-саяси бекітулерді шешуге бағытталған. Мысалы, Қазақстаңда мұндай бекітулер халықтың өмірлік деңгейін жүйелі түрде көтеру, шаруашылық жүргізуде нарықтық және мемлекеттік үлгілерді синтездеу негізінде әлемдік қауымдастықта елдің экономикалық және саяси рөлін қалпына келтіру, экономиканың нарықтық дамуы және мемлекеттің реттеушілік рөлінің сәйкестігі болып табылады.

Қаржы нарығын реттеу деп — қатысушылардың қызмет көрсету процесінде пайда болатын қатынастарын реттеу, сондай-ақ олармен осы қызметтерге өкілетті ұйымдар тарапынан операцияларды жүргізу, олардың барлық қатысушыларын, қызметтерінің барлық түрін қамтитын қатынастарды айтамыз.

Қаржы нарығын реттеу бірқатар бағыттар бойынша қаржы нарығының әрбір кәсіби қатысушысының міндеттері мен құқықтарын анықтайтын заңдар мен басқа да нормативті актілердің орындалуын талап ету мақсатында жүргізіледі. Ол бағалы қағаздардың шығарылуын тіркеуден бастап, қаржы нарығын реттеу бойынша мемлекеттік басқару органдарының құқықта-рымен аяқталады.

Экономикасы дамыған шетелдік мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, мемлекст мынадай негізгі функцияларды атқаруы қажет:

• қаржы нарығын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру;

• қаржы нарығын дамыту үшін заң актілерін жасау және жетілдіру;

• нарықтың қызмет ету нормаларын жасау және оларды жаңартып отыру;

• инвестициялық институттардың қаржылық жағдайын бақылау.

Реттеу процесі алғашкы және қайталамалы нарықтарда жүргізіледі. Алғашқы нарықта мемлекеттік реттеудің міндеті айналымға қаржылық құралдарды шығарғанда және оларды тіркегенде біркелкі талаптарды қолдау. Кайталамалы нарықта мамандандыру туралы куәліктер, сонымен қатар қаржы нарығында қызметті жүргізуге құқық беретін лицензия беріледі және нарықтың кәсіби қатысушыларының аттестақиясы жүргізіледі.

Қаржы нарығын реттеудің мақсаттары:

• қаржы нарығының барлық қатысушыларының жұмыстары үшін тәртіпті ұстану және оларға жағдай жасау;

• қатысушыларды әділетсіз және алаяқ, жеке тұлғалардан немесе ұйымдардан қорғау;

• сұраныс және ұсыныс негізінде қаржылық құралдарға еркін және ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету;

• кәсіпкерлік үшін ынтасы бар және тәуекелге тиісті сыйақы беретін тиімді қаржы нарығын құру;

• қоғамдық мақсаттарға жету үшін нарыққа әсер ету;

• жаңа нарықтарды ұйымдастыру, олардың құрылымын, бастауларын қолдау.

Қаржы нарығын реттеудің қағидалары:

• эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби қатысушылардың қатынастарды реттеудегі жолдарын бөлу;

• барлық ақпараттарды барынша ең жотары шамада ашу;

• бәсекелестікті қамтамасыз ету;

• мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың арасында реттеу қызметін оңтайлы бөлу;

• заңды және нормативті актілерді жасағанда өкілетті бөлу және жария ету.


Сұрақ 2.

Қаржы нарығын реттеу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін. Тәжірибеде оның мынадай тұрлерін бөліп көрсетуге болады:

1. Мақсаттар және тәсілдер көзқарасы бойынша:

• сыртқы;

• ішкі.

2. Реттеудің қай тарап арқылы жүргізілуіне байланысты:



• мемлекеттік;

• қаржы нарығының кәсіби қатысушылары тарапынан немесе нарықтың өзін-өзі реттеуі;

• коғамдық,

3. Реттеу әдістеріне байланысты:

• тікелей немесе әкімшілік;

• жанама немесе экономикалық.



Сыртқы реттеу нарықтың барлық институттарының қызмет етуін қамтамасыз ететін заңцы және нормативті актілердің орындалуына негізделеді. Ішкі реттеу тікелей нарық, қатысушы-сымен қабылданған жеке нормативті кұжаттарға, жарғыларға, ережелерге негізделеді. Сонымен қатар. макроэкономикалық деңгейде осы елдегі ішкі реттеуде мемлекеттің өзінің барлық зандары мен нормативтерінің орындалуы, ал сыртқы реттеуде — халықаралық сипаттағы нормативті актілердің орындалуы қажет.

Мемлекеттік реттеу — қаржы нарығында қалыптасатын қатынастарды мемлекеттік билік пен өкілетті органдардың реттеуі. Жекелей алғанда, Қазақстаңда оны жүзеге асыратындар: Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты, Үкімет, ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніңдегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржы минис-трлігі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және т.б.

Мемлекеттік реттеу органдары нарықтың барлық қатысушыларына тікелей бірқатар өкілеттіктерді беру арқылы өзін-өзі ретгеу қағидасын қалыптастыруға ұмтылады. Бірақ, мемлекеттің ережелерге және нұсқауларға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.

Өз кезегінде мемлекеттік реттеу оның қызметіне тікелей (әкімшілік реттеу) араласуы немесе нарыққа жанама (экономикалық реттеу) шаралар арқылы әсер етуі мүмкін.

Тікелей реттеу әдістері: қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне міндетті талаптарды бекітетін заңды және нормативті актілердің шығарылуы; эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды тіркеу және ондағы көрсетілген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің орындауын бақылау; кәсіби қатысушылардың қызметін, қор биржасын, биржадан тыс нарықта айналыста болатын қаржылық кұралдар саудасын бағалайтын және техникалық қамтамасыз ететін ұйымдарды лицензиялау; қаржы нарығының кәсіби қатысушылар вдлзметін бақылау және заңнаманы бүзғаны үшін сәйкесінше санкцияны қолдану; қаржы нарығында заңнаманы бұзатын тұлғаларды табу және жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қабылдау, сонымен қатар қаржы нарығы қатысушыларының кәсіби және білім деңгейін жоғарылату бойынша жүйені ұйымдастыру болып табылады.

Қаржы нарығын жанама реттеу мемлекеттің қарамағындаға экономикалық тұтқалар арқылы жүргізіледі. Олар: салық саясаты; ақша саясаты; мемлекеттік капиталдар; мемлекеттің меншігі мен ресурстары; сыртқы экономикалық саясат; сыртқы экономикалық қызмет.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік реттеу органдары: бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, эмитенттерінің қызметтеріне және олардың стаңдарттарына міндетті талаптарды бекіту; бағалы эмиссиялық қағаздарды және эмиссиялық проспектілерді шығаруды тіркеу және оларда көрсетілген шарттар мен міндеттерді эмитенттің орындауын бақылау; қаржы нарығынын кәсіби қатысушылар қызметін лицензиялау; иелердің құқықтарын қорғау жүйесін құру және қаржы нарығының эмитенттері, кәсіби қатысушыларымен олардың құқықтарды ұстануын бақылау; лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың қызметін тоқтату және алдын алу, сонымен қатар қаржы нарығы қатысушыларының кәсіби және білім деңгейін жоғарылату бойынша жүйені ұйымдастыру сияқты міндеттерді шешеді.

Кейбір елдерде қаржы нарығын реттеу мемлекеттің басым функциясы болып табылады. Мемлекет өкілеттіктің аз ғана бөлігін қаржы нарығының біріккен кәсіби қатысушыларына тапсырады. Мысалы, Францияда осындай жағдай калыптасқан. Ал басқа елдерде керісінше, өкілеттіктің ең жоғары шамадағы көлемі өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі, ал мемлекет негізгі қаржы нарығын бақылап отыруды сақтап қалған. Бұл жүйе Ұлыбритания мен Жапонияда қалыптасқан.



Өзін-өзі реттеу — бұл нарықтың кәсіби қатысушылар бірлестіктері тарапынан қаржы нарығын реттеуі. Ол қаржы нарығы қатысушыларының мүдделерін қорғауға бағытталған, ал кәсіби қызметті жүзеге асырудың міндетті ережелерін, кадрларды кәсіби дайындауда, қаржы нарығындағы қызметі үшін міндетті болып табылатын талаптарды бекітуді өзіне қаддырады.

Коғамдық реттеу де маңызды рөл атқарады. Ол қоғамдық пікір арқылы реттеу жүргізуді білдіреді.

Бақылау сұрақтары

1. Қаржы нарығын реттеу дегеніміз не?

2. Қаржы нарығын реттеудің негізгі түрлері қандай?

3. Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу дегеніміз не?

4. Қаржы нарығын өзін-өзі реттеу дегеніміз не?

5. Қаржы нарығын қоғамдық реттеу дегеніміз не?



Тақырып – 17. Қазақстан Республикасында қаржылық нарықты мемлекеттік реттеудің органдары

Жоспар


1.Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің негізгі міндеттері мен функциялары

2.Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі мен Ұлттық банкісінің құрылымы және олардың функциялары



Сұрақ 1.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қаржы нарығының қызметін реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган 2004 жылы құрылған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі болып табылады. Осы уәкілетті органның міндеттері:

-қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жібермеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

-барлық қаржы ұйымдарының сәйкес жетілуі үшін әділ бәсекелестік принципімен тең жағдайлар құру;

-қаржы ұйымдары қызметін реттеу және қадағалаудың стандарттары мен әдістерінің деңгейін арттыру, олардың қабылдаған міндеттемелерінің уақытында және толығымен орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану.

Агенттіктің негізгі функциялары мыналар:

-қаржы ұйымдарын ашуға рұқсат беру және пікір айту, олардың ерікті түрде қайта құрылуы мен таратылуына, қаржы ұйымдарының бөлімшелерін ашуға келісім беру, сонымен қатар көрсетілген рұқсаттарды беру тәртібін анықтау;

-қаржы ұйымдарын басқарушы қызметкерлерін сайлауға белгіленген тәртіпте келісім немесе бас тарту;

-қаржы нарығында кәсіби қызметті, қаржы ұйымдарының аудитін ҚР заңнамасымен көзделген жағдайларда жүзеге асыруға лицензияларды беру, тоқтату тәртібін реттеу;

-ҚР аумағында қаржы ұйымдары, қаржы қызметін тұтынушылары, басқа да жеке және заңды тұлғаларды орындауы үшін міндетті нормативтік-құқықтық актілер басылымын жасау;

- қаржы ұйымдары үшін, соның ішінде топтасу негізінде нормативтік және басқа міндетті нормалар мен міндеттерді бекіту;

-ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық және басқа есеп беру түрлерін анықтау, сонымен қатар олардың тізімдемесі мен қаржы ұйымдары ұсынатын мерзімі;

-қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп және қаржылай есеп беру, бухгалтерлік есептің стандарттары туралы ҚР заңнамасының сақталуын бақылау;

-қаржы ұйымдарының қызметін ҚР заңнамасы шеңберінде тексеру;

-ҚР заңнамасымен көзделген әсер ету мен санкциялардың шектелген шараларын қолдану тәртібін анықтау;

-ҚР Үкіметінің келісімі бойынша ҚР заңнамасымен көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының акцияларын қыстап сатып алу туралы шешімдер қабылдау;

-ҚР заңнамасымен көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының таратылған комиссиялары қызметін бақылау;

-қаржы ұйымдары туралы мәліметтерді жариялау.
Сұрақ 2.

ҚР Қаржы министрлігі қаржы нарығында бірінші жағынан мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыратын орган, ал екінші жағынан мемлекеттік реттеуші орган болып саналады.

Мұнда қаржы нарығының реттеуші процесінде қатысатын негізгі министрлік аралық бөлімшілер келесілер болып табылады:


  1. Қаржы-валюталық бақылау комитеті

  2. Қазынашылық

  3. Бас салық инспекциясы

  4. Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік пен активтерін басқару департаменті

  5. Жекешелендіру департаменті

  6. Кедендік тексеріс комитеті.

Қаржы-валюталық бақылау комитеті жағынан қаржылық бақылау облыста қаржы нарығы саласындағы ҚР Қаржы министрлігінің маңызды функциясы болып табылады. Ол тексерістерді ұйымдастырып және жекеше жүргізе алады, бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың орындалуын, мемлекеттік ішкі және сыртқы қарыздардың, мемлекеттік резервтер жағдайын қадағалайды, салық жеңілдіктерінің ұсынылуын және т.б. қадағалайды.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаражатты пайдалануды мақсатты және үнемді жүзеге асыратын бөлімшесі Қазынашылық және жергілікті жерлердегі оның аумақтық органдары болып табылады. Қаржы тәртібін нығайту мақсатында оған келесі құқықтар беріледі:

министрліктерде, ведомстваларда, кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда ақша құжаттамаларына, бухгалтерлік есеп регистрлеріне, есеп берулерге, жоспарларды, сметалар мен басқа ҚР республикалық бюджет қаражатының бөлінуі мен пайдалануына байланысты құжаттамаларға тексеріс жүргізу;

ҚР республикалық бюджет қаражатын пайдаланатын кәсіпорын, мекеме мен ұйымдардың шоттары бойынша операцияларды тоқтатуға;

мақсатты жіберілгенді дұрыс пайдаланбай алған кәсіпорын, мекеме мен ұйымдардан бюджеттік және бюджеттен тыс қаражатты өндіріп алу: айыппұл салу;

қазынашылық органының лауазымды тұлғасының жазбаша қаулы негізінде қаржы тәртібін бұзғаны туралы куәландыратын құжаттаманы алу;

тексерген органдардың басшылары мен басқа лауазымды тұлғаларынан бюджеттің орындалуында табылған бұзушылық пен кемшіліктерді жоюды талап ету.

Бас салық инспекциясы дегеніміз ҚР Қаржы министрлігінің құрылымына енетін және функционалдық және аумақтық белгілері бойынша ұйымдасқан біріңғай инспекция жүйесі. Бұл бөлімше салық заңнамасын сақтауды бақылау, сәйкес бюджетке салық және ҚР заңнамасымен, ҚР субъектілерімен жергілікті өзін-өзі органдарымен белгіленген басқа төлемдердің дұрыс бөлінуі, толық және уақытымен енгізілуін тексеру сияқты міндеттерді орындайды. Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару жөніндегі департаменттің негізгі міндеттемелеріне басқалармен бірге акционерлік қоғам мен компаниялардың акциялары, мемлекеттік пайларды басқаруды қамтамасыз ету жатады. Бұл департаменттің кіріспесінде бүгінгі күні Ақпараттық-есеп орталығы қалып отыр, ол 1995 жылға дейін Орталық регистратор мен Орталық депозитария функцияларын орындаған.

Қаржы нарығын реттеу мақсатында жекешелендіру жөніндегі департамент мынадай қызметтерді орындайды:

• мемлекеттік мүлікті жекешелендіру мәселелеріндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

• мемлекеттік пайларды, акционерлік қоғамдардың акция пакеттерін басқару;

• Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігіндегі объектілерді сақтауды ұйымдастыру;

• бекітілген тәртіп бойынша инвестициялық-жекешелендіру қорын лицензиялау және олардың қызметін бақылауды жүзеге асыру.

2004 жылдан бері Кеден комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамына енді. Кеден комитеті — атқарушы биліктің мемлекеттік құқықтық қорғау органы және кеден ісі саласында, сонымен қатар салықжәне т.б. байланысты салаларда өзінің міндеттерін. тапсырмаларын орындауға арнаулы өкілеттілік берілген орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мемлекеттің негізгі банкі ретінде қаржы нарығында өзіндік, сонымен бірге оның қаржы құралдары арқылы белсенді операция жүргізетін маманданған делдал және мемлекеттік реттеу органы ретінде рөл атқарады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мемлекеттік қарыздарды орналастыру бойынша мемлекеттік агент бола отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірге мемлекеттік қарыздарды реттеуге қатысады және Қазақстан Республикасының Үкіметі шығарған бағалы қағаздарды сатады және сатып алады. Сонымен қатар ол мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлерімен операция жүргізу бойынша клиринггік және есеп айырысу орталығының депозитарий функциясын атқарады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік те акционерлік банктердің бағалы кдғаздар эмиссиясы проспектісіне тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі реттеу саласында мыналарды жүзеге асырады:

• Қазақстанның экономикалық дамуына және оның әлемдік экономикаға шоғырлануына мүмкіндік беретін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты жасау және жүргізу;

• тұрақты ақша, несие және банк жүйесімен қамтамасыз етуге үлес қосу.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі өзінің қызметін жүргізу барысында басқармаға, директоратқа, негізгі аймақтық және облыстық басқармаға бөлінеді.

Басқарма жотары басқарушы орган болып табылады және оыы төраға басқарады. Басқарма 9 адамнан: төрағадан, оның 4 орынбасары, IІарламенттің 1 өкілі, Президенттің 1 өкілі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кабинетінің 2 өкі-лінен тұрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жедел басқару органы — Директорлар кеңесі (директорат). Ол Үкіметке және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасына қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің қарамағындағы барлық мәселелерді шешеді. Директораттың құрамына төраға, оның орынбасарлары және департаменттің директорлары: ақша-несиелік операциялардың, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар. бухгалтерлік есеп және бюджеггің, төлем жүйесінің тағы басқалардың орынбасарлары кіреді.

Жүйенің үйлестірушілік және реттеушілік рөлін атқара отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі өздерінің барлық функцияларын аумақтық бөлімшелер арқылы атқарады. Оның негізгі функцияларына мыналар жатады:

• ақша-несиелік реттеу;

• несие ақшасын эмиссиялау;

• несие мекемелерінің қызметін бақылау;

• басқа да несие мекемелерінің кассалық резервтерін сақтау және жинақтау;

• коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру;

• Үкіметтің несие-есеп айырысудағы қызмет көрсетуі;

• алтын-валюталық резервтерді сақтау,

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қызметінің негізгі мақсаттарының бірі — экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз қамтамасыз ету, елдің несие нарығында функцияларын жұзеге асыруға хсағдай жасау, есеп айырысу жүйесін жақсарту, банктік қызметті реттеу.

Ұлттық банктің маңызды функциясы — банктердің, жинақ-таушы және басқа да қаржылық мекемелердің салымдарын сақтау. Олар резервтер деп аталады. Олар ақша айналымын басқару, өтімділікті қамтамасыз ету және коммерциялық банктердің несиелік қызметін басқару үшін қажет.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты міндеті — ақша бірлігінің тұрақты сатылу кү-шін сақтау және ақша қаражаттарымен есеп айырысулардың икемді жүйесін қамтамасыз ету. Бұл саясат мемлекеттік жалпы экономикалық реттеудің негізгі бөліктерінің бірі, ол жоғарғы нарықтық коньюнктұраның сақталуына, өндірісте дағдарыстық жағдайлардың және жұмыссыздықты болдырмауға бағытталады.

Ақша-несиелік реттеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мынадай негізгі құралдарды қолданады;

• есептік пайыздың өзгеруі;

• банктің міндетті резервтер нормаларының өзгеруі;

• ашық нарықтағы операциялар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша айналы-мын және несиені реттейді, ұлттық валютаның айырбастау бағамының қозғалысын тұрақтандырады және бақылайды, іскер белсенділік, баға, жұмыспен қамту деңгейіндегі ауытқуларды теңестіреді.

Сонымен қатар ол ұлттық қарыздарды басқару, валюталық реттеу, үкіметтің қаржылық операциялары сияқты салаларда үкіметтің агенті бола алады. Ол үкіметтік депозиттерді басқарады. Үкіметтің кірістері мен шығыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шоттары бойынша өтеді. Осыдан басқа банк үкіметке облигацияларды шығарудың ең қолайлы кезеңін, олардың бағасын, табыстылығын анықтауға көмектеседі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ең негізгі міндеттерінің бірі — мемлекеттік қарызды басқару, демек айналымдағы тікелей және кепілденген облигациялардың орналасқан бөлігінің мақсатты өзгеруі. Мемлекеттік қарызды басқару үкіметтің мақсаттарымен байланысты болуы қажет. Мысалы, қазыналық саясатқа қарсы болмау қажет. Бұл кезде мынадай мәселе туындауы мүмкін: бір жағынан үкіметті қолма-қол ақшасыз қалдыруға болмайды, екінші жағынан — ақшаны алу бюджет тапшылығымен күресті әлсірету қажеттілігімен байланысты болуы мүмкін. Осыдан барып ұлттық валютаға сенімділік азаяды.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстаңда баяу және қиын болса да нарыққа өту процесі жүріп жатыр, жаңа экономикалық қатынастар қалыптасып, салық және заң шығарушы базалар жақсарып, нарық инфрақұрылымы қалыптасуда және осы процестердің логикалық аяқталуы ретінде қаржылық нарық қалыптасуда. Қаржы нарығын құру және қызмет ету процестерін реттеу механизмін тиімді ұйымдастыру және оның дамуындағы негізгі шарттардың бірін, яғни дәлме-дәл құқықтық қамтамасыз етуді орындау — реформаның маңызды және бірінші кезектегі міндеті болып отыр. Мұндай жағдайда нарықтық экономиканың дамуына бірнеше мемлекеттік ведомстволардың қатысуы елдің қаржы нарығына қатысты стратегиялық немесе жедел баскару шешімдерінің барлық оң және теріс жақтарын қарастыруға мүмкіндік береді.



жүктеу 4,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау