Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 4,25 Mb.
бет11/17
Дата01.01.2018
өлшемі4,25 Mb.
#6865
түріПротокол
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Оның сақтандыруды реттеп отыру саласындағы негізгі міндеттері:

• елде тұрақты сақтандыру жүйесін құрып, оған қолдау көрсету және ұлттық сақтандыру нарығының инфра-құрылымын орнықтыру;

• сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметін қа-дағалау;

• сақтандырудың негізін заңды түрде бекіту, міндетті түр-де сақтандыру түрлерін, республиканың сақтандырудың халықаралық жүйесіне қатысты қағидаларын белгілеу;

• сақтандырушылардың, сақтандырылғандардың және пайда табушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау.

Агенттікке ҚР заң актілерінде тікелей қарастырылғандардан басқа жағдайларда сақтандырушы ұйымдар мен сақтандыру брокерлерінің қызметіне араласута тыйым салынады.



Сақтанушы — сақтандырушымен сақтандыру келісімін жасайтын тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, коммерциялық емес мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, шағын және орта бизнес, ірі өндіріс кәсіпорындары, қаржы институттары және басқалар сақтанушылар бола алады. Сақтанушыға сақтандырушыны өз еркімен де, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша да таң-дауға ерік беріледі. Оған өзіндік ерекшелігі бар қызметке ұқсас сақтандыру компаниясының қызметі ұсынылады. Сақтандыру келісімшартына сәйкес сақтандырушы сақтану жағдайы туындағанда сақтанушыға жәрдем көрсетудің кепілі болып саналады. Келісімшарт сақтанушының қажетті шарты ретінде есептеледі. Өйткені сақтандырушының қорында шоғырланған көптеген тәуекел жарналарды сақтандырушы бизнесте игеру оңай.

Сақтандыру агенттері мен брокерлер дамыған сақтандыру нарығына белсенді түрде қатысушылар болып саналды.



Сақтандыру агенті — өзіне берілген өкілдікке сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсыруы бойынша сақтандыру келісімшарттарын жасауға делдалдық ететін жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру ұйымы сақтандыру келісімі бойынша қабылданған міндеттемелерді сақтандыру агенті сол сақтандыру ұйымынан алынған өкілдіктің шегінде жасаса, егер өзі тікелей қабылдап алған болса. сақтандыру ұйымы орындауы керек.

Сақтандыру брокері — сақтандыру мен қайта сақтандыру мәселелері бойынша кеңес беруді өз атынан және сақтандырушының тапсыруы бойынша немесе өз атынан, цеденттің тапсыруы бойынша келісімшарттар жасауды жүзеге асыруға делдалдық ететін заңды тұлға.

Кез келген мемлекетгің заңында брокерлік қызметтің лицензиялануы көрсетілген, осы қызметтің тәртібі мен шарттары, брокердің атқаратын ісі, құқығы мен міндеті анықталған. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері бір мезгілде сақтандыру ұйымының лауазымдық қызметін атқара алмайды. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы бойынша сақтандыру брокері болып саналмайтын сақтандыру ұйымына немесе оның қызметкерлеріне, сондай-ақ резидент емес ұйымдарға сақтандыру брокерлігін құруға және қызмет етуте қатысуына рұқсат етілмейді. Оның үстіне Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокеріне республика аумағында филиалдар мен өкілдіктер ашұға да рұқсат жоқ.

Қазақстанның заңдық тәжірибесінде тұңғыш рет актуарийлік қызмет деген түсінік ендіріліп отыр. Актуарий — сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатымен сақтандыру және қайта сақтандырудың келісімшарты бойынша міндеттемелердің мөлшерін экономикалық-математикалық есептеулермен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға. Актуарийдің негізгі міндеті компанияның өзіне алған міндеттемесін орындауды жеткілікті түрде қамтамасыз ете алатын төлем қабілеттігі деңгейін бір қалыпта ұстауға арналған ұсыныстар дайындау болып табылады.

Актуарий болып қызмет атқаруға ҚР Ұлттық банкі берген лицензиясы бар жеке тұлға құқылы. Оған ие болу үшін «Сақтандыру туралы» Заңда көрсетілмеген, құқықтық-норма-тивтік актілерге сілтеме жасалынатын біршама шарттар қажет. Актуарийдің қызметі сақтандыруды қамтамасыз ету процесінің барлық құрастырушыларының мониторингісі мен сақтанушының алдындағы міндеттерге байланысты резервтердің жеткіліктігі үшін сақтандыру ұйымдарын үнемі тексеріп отыруды қарастырады.

Өкілетті мемлекеггік органның тиісті лицензиясының негізінде сақтандырушы және қайта сақтандырушы ұйымның аудиті бойынша қызмет ететін аудитор немесе аудиторлық. ұйым сақтандырушы нарығының кәсіпқой қатысушысы бола алады. ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы бойынша сақтандыру ұйымдары әр жыл сайын езінің жұмысына аудит жүргізіп, оның қорытындысын шытарып отыруға және көшірмесін ҚР Ұлтғық банкіне тапсырып оғыруға тиіс. Міндетті сырткы аудитпен қатар сақтандыру компаниясының заң бойынша өзінің құрылымында лицензиялауға жатпаңтын ішкі аудит қызметі де болуы тиіс. Ішкі аудит компанияның ішкі саясаты бойынша анықталады, бірақ бұл жағдайда өкілетті мемлекеттік органның талаптары да ескеріледі.

Өзара сақтандыру қоғамы — Қазақстанның қаржы нарығы-на жаңадан қатысушы сақтанушылар бірлестігі. Оның қызметі «Сақтандыру қызметі туралы» Заңмен және ҚР Азаматтық кодексінің «Өзара сақтандыруының» 845-бабымен реттеліп отырады. Ол өзінің мүшелерінің мүліктері мен мүліктік мүдделерін сақтандырады, бірақ жұмыс істеу тәртібі сақтандыру (қай-та сақтандыру) ұйымдары үшін белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілетін коммерциялық ұйым емес.

Сақтандыру пулы — белгілі тәуекелдіктерді бірлесе отырып сақтандыратын сақтандыру компанияларының бірлестігі. Оның жұмысы бірлесе сақтану қағидасы бойьшша құрылады. Әрбір компания пулға сақтандырылған тәуекелдіктерін қосады, пулда жинақталған жарналардан (сыйлықтардан) белгілі үлесін алады, ал шығындар болатын болса, соншалықты көлемдегі үлесін де төлеп отыруға жауапты. Пулдар шетелдерде авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдіктерді, жауапкершіліктерді т.б. сақтандыруларда кеңінен тараған.

«Қазақстан» сақтандыру пулі энергетикалық, инвестициялық, жауапкершілік және т.б. ірі тәуекелдерді сақтандыру үшін сақтандыру индүстриясының бастапқы кезеңінде құрьшған бола-тын. «XXI ғасырдың тұрғын үй қоры» деп аталатын ггул тұрғын үйлердің иелері болып табылатын азаматтардың шығындарын, қозғалмайтын мұліктердің, зақымдануы мен жойылып кетуін, табиғи және техногендік аппаттардың салдарынан адам өліміне байланысты өтемдерді жүзеге асыру мақсатымен құрылған.

Қазақстан нарығының сақтандыру құралдарына көз жүгірте отырып, оның құрылымының қандай болатындығын төмендегіден (19-сурет) көруге болады.

Қазақстан Республикасында нарықтың негізгі екі түрі орын алған. Олар: өмірді сақтандыру мен жалпы сақтандыру. Мұнымен қатар міндетті және ерікті сақтандыру топтары ерекшеленіп отыр. Бізің елімізде «Сақтандыру қызметі тұралы» Заңға сәйкес міндетті сақтандырудың сыныптары айтылмайды. Бұл ретте әрбір түр сақтандырудың жеке тобы болып та-былады. Сақтандырудың міндетті түріндегі әрбір сыныптың маз-мұны және оны өткізу шарты жөніндегі қосымша талаптар сақ-тандырудың осы сыныбын реттеуші заң актілерімен бекітіледі. Бүгінгі күнге дейін міндетті түрде сақтандырудың төмендегідей 5 қаулысы бар: автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауаикершілігі (АҚЖ) (1996 ж. 31-қазанынан); тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ-сы (1996 жылдың 14-қазанынан); ауыл шаруашылығы өндірісін міндетті түрде сақтандыру (1996 жылдың 10-желтоқсанынан, енгізілген өзгерістер мен қосымшалар 1997 жылдың 2-сәуірінен); жеке нотариұстардың АҚЖ-сы (1998 жылдың 29-мамырынан); соттар мен олардың мүліктерін, медициналық қызмет пен санаторий-курорттық елдерді міндетті түрде мемлекеггік сақтандыру (1997 жылдың 19-наурызынан).

Бұдан басқа көпшілігінің жүзеге асырылуының нақты шарттары заң жүзінде анықтала қоймаған міндетті түрде сақтандырудың 15-ке жақын түрлері бар. Мысалы, еңбек ету міндет-терін атқару кезінде қызметкерлердің өміріне тенген қауіптің алдын алу жауапкершілігі («ҚР еңбек туралы» Заңы 10.12.99 ж. N 493-1), мүнай операцияларын лсүзеге асыруға байланысты тәуекелдер («Мүнай туралы» Заң, 28.06.95 ж. N 2350), міндетті түрдегі эқологиялық сақтандыру («Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң, 15.06.97 ж. N 160-1) және т.б. міндетті сақтандыруға жатады.

Сақтандыру нарығының эволюциясы инвестициялық белсенділіктің қалыптасуына тікелей әсерін тигізуі керек. Мәселен. дамыған елдерде сақтандырудың үлесіне экономикаға инвестицияланған жинақ ақшаның 50%-ына дейін тиеді. Сақтандыру компаниялары өзінің уақытша бос қаржылық. ресурстарын бағалы қағаздарға салып, инвестициялық және инновациялық қызметтің шапшаң дамуына көп әсерін тигізеді.



Бүгінгі таңда Қазақстаңда ЖІО-дегі сақтандыру сыйақысы үлесінің төмен болуы қаржылық ресурстардың қайта бөлінуіне тиісті дәрежеде өз әсерін тигізуге мүмкіндік бермей отыр. Сақтандыру нарығын жылдам қалыптастыру үшін сақтандырушыға деген сенімнің деңгейін кетеріп, олардың жарғылық капита-лының ең аз шамадағы мөлшерін заңды түрде арттыру керек. Сонымен бірге, өнімнің өзіндік құндарына олардың жекелеген тұрлері бойынша шығынды сақтандыруға жатқызудың жеңілдетілген жағдайын жасау керек.

Сурет 13. Казақстан сақтандыру нарығының құрылымы

Осылайша, сақтандыру елдегі инвестициялық ресурстардың маңызды көзі болып табылады. Онда өмірді сақтандырудың резерві айрықша орынды иеленеді. Өйткені бұл салаға ең алдымен келісімшарт мерзімінің ұзақ болуы тән болса, екіншіден, сақтандырудың төлемдері бойынша міндеттемелерінің көп бөлігі келісімшарттың қолданылатын мерзімі біткенде ғана немесе әдетте сақтандыру жарнасының төленген сәтінен біршама уақытқа шегерілетіні бұрын айтылған мерзімде төленеді. Бұл өмірді сақтандыру бойынша резервтің

көп бөлігін салыстырмалы түрде ұзақ мерзімді жобаларға инвестициялауға мүмкіндік береді.



жүктеу 4,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау