Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы «10» ақпандағы
№23 қаулысына
қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2011 жылғы «5» қаңтардағы
№1 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Маңғыстау облысы
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫН
ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА
АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Ақтау, 2015 жыл
МАЗМҰНЫ
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ 3
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 10
2.1 Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сонымен қатар олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері. 10
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау 13
2.2.1. Өңір экономикасын талдау 13
2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау 48
2.2.3. Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін талдау 82
2.2.4. Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау. 97
2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау 96
2.3. Орта мерзімді перспективадағы аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, шектейтін факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы
2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау 126
3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУ ПАЙЫМЫ 1301
4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ 138
1 бағыт. Өңір экономикасының дамуы 140
2 бағыт. Әлеуметтік даму 151
3 бағыт. Инфрақұрылым ...165
4 бағыт. Ауылдық аумақтарды дамыту, экология 170
5 бағыт. Мемлекеттік қызметтер 173
5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР 172
6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ 173
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы
|
Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
|
Әзірлеуге негіздеме
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» және 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлықтары.
|
Өңірдің негізгі сипатта
малары
|
Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 165,6 мың шаршы километрге тең (Қазақстан аумағының жалпы ауданының 6,1 %-ы). Облыс халқы 2014 жылдың 1 қарашасына 603,7 мың адамды құрады (ел халқының 3,5%-ы). 2013 жылда 1907,1 млрд. теңге сомасына жалпы өнірлік өнім өндірілді – республикадағы 5-орын. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі бойынша облыс 4-орынды алады. Өнеркәсіптің негізгі саласы мұнай-газ өндіру болып табылады.
|
Бағыттары
|
Өңір экономикасын дамыту.
Әлеуметтік саланы дамыту.
Инфрақұрылымдық кешенді дамыту.
Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты дамыту;
Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.
|
Мақсаттары
|
Экономиканың тұрақты өсуін, экономиканың тұрақты өсуін, халықтың әл-ауқатын көтеруді, қосылған құны жоғары дайын өнімді сыртқы рыногқа жылжытуды қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру.
Индустрияландыру бағдарламаларын тиімді іске асыру, өңдеу өнеркәсібінің перспективалы салаларын дамытуды қамтамасыз ету, электр энергиясына қажеттілікті қамтамасыз ету, инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай құру.
Мұнай-газ саласын тиімді дамыту арқылы өңір экономикасының тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.
Маңғыстау облысының құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту.
Өңірде өндіріс құру арқылы құн-салмақ коэффициенті төмен дәрі-дәрмектер жеткізу бойынша шығындарды азайту.
Өндіріс көлемін одан әрі дамыту және арттыру, химия өнімдерін экспорттау үшін жағдай жасау.
Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау үлесін арттыру
Қосылған құны жоғары дайын металл бұйымдарын шығару.
Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесін арттыру
Ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі рыног тұтынушыларын қанағаттандыруға жеткілікті көлемде өндіру негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін рыногтық инфрақұрылымды дамыту, жалпы өңірлік өнім құрылымындағы сауда саласының үлесін арттыру.
Инвестициялық ахуалды жақсарту, капитал салу үшін жағдай жасау.
Білім берудің сапасын, қолжетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.
Облыс халқының денсаулығын жақсарту.
Маңғыстау облысы халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту.
Облыстағы мәдениет саласының инфрақұрылымын дамыту және одан әрі әйгілеу.
Маңғыстау облысында бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын және туристік секторды дамыту.
Мемлекеттік және жастар саясатын тиімділігін арттыру, мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру.
Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті, оның ішінде көшелер мен өзге қоғамдық орындарда қамтамасыз ету. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту.
Ақпараттық қоғам мен инновациялық экономикаға көшу мақсатымен инфокоммуникация саласын дамытудың жағдайлары мен тетіктерін құру.
Өңірде тұрғын үй салуды, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
Маңғыстау облысының дамыған көлік инфрақұрылымын қалыптастыру.
Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметінің тиімділігін арттырудың сенімділігі.
Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына негіз құру, ауылдық тұрғындар тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің мейлінше жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, табиғи кешеннiң жаңғыру әлеуетін сақтау және қоғамның тыныс-тіршілігі үшін қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту.
Мемлекет саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді жақсарту.
|
Міндеттер
|
ЖӨӨ-нің тұрақты өсуін және инфляциялық үдерістерді тұрақтандыруды қамтамасыз ету.
Өнеркәсіптің өңдеуші салаларын дамыту.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту.
Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құралымдарын шығару бойынша өндірістік қуаттылықтарды құру және дамыту.
Көмірсутегі шикізатын өндірудің теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.
Дәрі-дәрмек құралдарының жаңа өндірісін құру.
Бәсекеге қабілетті жаңа химия өндірістерін құру және ішкі рыногты отандық өндірістің бәсекеге қабілетті химия өнімдерімен толықтыру.
Машина жасаудағы жалпы өнім көлемін арттыру.
Металлургия өнімінің жалпы көлемін арттыру.
Жеңіл өнеркәсіптегі өнімнің жалпы көлемін арттыру.
АӨК өнімдерін өндіруді тұрақты өсіру есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өңір экономикасының инновациялық, өндірістік және өзге де салаларында шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Ынтымақтастықты, капитал салуды нығайту және дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал, жағдай құру.
Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін көтеру.
Жас педагог кадрлардың өз ісіне шынайы берілуін ынталандыру.
Әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту, әлеуметтік маңызы бар аурулардың ауыртпалығын азайту.
Халықтың тиімді жұмыспен қамтылуына қол жеткізу.
Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік әлеуметтік қызметтердің тиімділігін күшейту.
Облыс азаматтарын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту.
Туристік қызметтің дамуын қамтамасыз ету.
Өңірде жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстылықпен күрестің тиімділігін көтеру.
Телекоммуникация мен байланысты және компьютерлік сауаттылықты дамыту.
Халықтың барлық жігі үшін тұрғын үй салу және пайдалануға беру.
Толыққанды көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, халықтың көлік қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Кондоминиум объектілерін басқару органдары тұрғын үй қорын нормативті пайдалануды өз бетімен қамтамасыз етуі.
Коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту.
Ауыл халқына әлеуметтік қызметтерді берудің сапасы мен қолжетімділігін көтеру.
Табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану арқылы қоғамның тыныс-тіршілігі үшін тұрақты экологиялық жағдайды және қолайлы ортаны қамтамасыз ету.
Өсiмдiк және жануар әлемін сақтау, жерлерді оңтайлы пайдалану.
Жергілікті атқарушы билік қызметінің тиімділігін көтеру.
|
Іске асыру кезеңдері
|
1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі және дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыру;
2 кезең – соңғы (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру және облыстың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негіз қалыптастыру.
|
Нсыналы индикторлар
|
Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %-бен: 2011 жылы – 99,7%, 2012 жылы – 101,1%, 2013 жылы – 105,2%, 2014 жылы – 105,5%, 2015 жылы – 106%.
Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі: 2011 жылы – 99,8%, 2012 жылы – 101,3%, 2013 жылы – 101,4%, 2014 жылы – 102,1%, 2015 жылы – 102,3%.
Өңдеу өнеркәсібінің өнімін шығарудың нақты көлем индексі 2011 жылы – 112,1%, 2012 жылы – 84,9%, 2013 жылы – 110,1%, 2014 жылы – 115%, 2015 жылы – 117%.
Энергия тұтынуды төмендету: 2014 жылы – 4%, 2015 жылы – 1%.
Өткен жылға қарағанда, мұнай өндіру көлемінің жыл сайынғы өсу қарқыны: 2011 жылы – 95,7%, 2012 жылы – 99,3%, 2013 жылы – 102,4%, 2014 жылы – 102,2%, 2015 жылы – 102,5%.
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінің НКИ: 2011 жылы – 109%, 2012 жылы – 89,3%, 2013 жылы – 132,3%, 2014 жылы – 125%, 2015 жылы – 126%.
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі еңбек өнімділігінің өсуі: 2011 жылы – 88,5%, 2012 жылы – 80,1%, 2013 жылы – 101,5%, 2014 жылы – 176%, 2015 жылы – 115%.
Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің НКИ: 2011 жылы – 750%, 2012 жылы – 172,9%, 2013 жылы – 98,5%, 2014 жылы – 60%, 2015 жылы – 258%.
Фармацевтика саласындағы еңбек өнімділігі: 2015 жылы – 26,1%.
Химия өнеркәсібі өнімдерінің НКИ: 2011 жылы – 134,6%, 2012 жылы – 73,5%, 2013 жылы – 114,7%, 2014 жылы – 130%, 2015 жылы – 114%.
Резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарудың НКИ: 2012 жылы – 157,8%, 2013 жылы – 77,5%, 2014 жылы – 112%, 2015 жылы – 115%.
Химия саласындағы еңбек өнімділігінің өсуі: 2011 жылы – 133%, 2012 жылы – 69,5%, 2013 жылы – 112,2%, 2014 жылы – 128%, 2015 жылы – 110%.
Химия өнеркәсібінің өнімін экспорттау: 2012 жылы – 6170,5 (мың АҚШ доллары), 2013 жылы – 13241 (мың АҚШ доллары), 2014 жылы – 28316 (мың АҚШ доллары), 2015 жылы – 31092 (мың АҚШ доллары).
Машина жасау саласының НКИ: 2011 жылы – 124,8%, 2012 жылы – 77,9%, 2013 жылы – 116,7%, 2014 жылы – 118%, 2015 жылы – 118,5%.
Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігінің өсуі: 2011 жылы – 111,5%, 2012 жылы – 81,0%, 2013 жылы – 73,6%, 2014 жылы – 110%, 2015 жылы – 112%.
Металлургия өнеркәсібінің НКИ: 2011 жылы – 134,7%, 2012 жылы – 77,2%, 2013 жылы – 49,7%, 2014 жылы – 105,3%, 2015 жылы – 107%.
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісінің НКИ: 2011 жылы – 69,5%, 2012 жылы – 69%, 2013 жылы – 215,9%, 2014 жылы – 100%, 2015 жылы – 100%.
Металлургия өнеркәсібінің өнімін экспорттау: 2012 жылы – 19041 (мың АҚШ доллары), 2013 жылы – 1145,3 (мың АҚШ доллары), 2014 жылы – 5000 (мың АҚШ доллары), 2015 жылы – 25000 (мың АҚШ доллары).
Металлургия саласындағы еңбек өнімділігінің өсуі: 2011 жылы – 166,3%, 2012 жылы – 113,0%, 2013 жылы – 158,9%, 2014 жылы – 78%, 2015 жылы – 110%.
Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің өсуі: 2011 жылы – 135,5%, 2012 жылы – 106,6%, 2013 жылы – 125,6%, 2014 жылы – 80%, 2015 жылы – 105%.
Ауыл шаруашалығы өнімін өндірудің НКИ: 2011 жылы – 119,5%, 2012 жылы – 95,9%, 2013 жылы – 96,6%, 2014 жылы – 101%, 2015 жылы – 101,9%.
Жалпы өңірлік өнім құрылындағы шағын және орта бизнестің үлесін арттыру: 2011 жылы – 25,3%, 2012 жылы – 18,2%, 2013 жылы – 18,5%, 2014 жылы – 18,6%, 2015 жылы – 18,7%.
Бөлшек сауданың нақты көлем индексі: 2011 жылы – 108,7%, 2012 жылы – 108,2%, 2013 жылы – 114%, 2014 жылы – 115%, 2015 жылы – 115,5%.
Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі: 2011 жылы – 15,3%, 2012 жылы – 16,2%, 2013 жылы – 30,1%, 2014 жылы – 31,0%, 2015 жылы – 32,2%.
Жалпы өңірлік өнімдегі нақты көлемге инвестициялардың үлесі: 2011 жылы – 21%, 2012 жылы – 24%, 2013 жылы – 23%, 2014 жылы – 23,7%, 2015 жылы – 24,6%.
Инновациялық өнім өндіру көлемінің өсуі: 2011 жылы – 265,2%, 2012 жылы – 583,4%, 2013 жылы – 38,6%, 2014 жылы – 127,1%, 2015 жылы – 121,7%.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (3-тен 6 жасқа дейін): 2011 жылы – 60,7%, 2012 жылы – 63,4%, 2013 жылы – 67,9%, 2014 жылы – 68,1%, 2015 жылы – 71,0%.
Типтік жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтудың үлесі: 2011 жылы – 21,9%, 2012 жылы – 21,3%, 2013 жылы – 22,0%, 2014 жылы – 20,1%, 2015 жылы – 20,3%.
Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл: 2011 жылы – 70,46, 2012 жылы – 70,46, 2013 жылы – 71,5, 2014 жылы – 72,37, 2015 жылы – 72,79.
Жұмыссыздық деңгейі: 2011 жылы – 5,8%, 2012 жылы – 5,7%, 2013 жылы – 5,4%, 2014 жылы – 5,4%, 2015 жылы – 5,3%.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі: 2011 жылы – 10,4%, 2012 жылы – 3,7%, 2013 жылы –2,6%, 2014 жылы – 2,5%, 2015 жылы – 2,4%.
Мәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушiлердiң орташа саны: кiтапханаға келушiлер: 2013 жылы – 152, 2014 жылы – 153, 2015 жылы – 153; театрға келушiлер: 2013 жылы – 84, 2014 жылы – 84, 2015 жылы – 84; мұражайға келушiлер: 2013 жылы – 88, 2014 жылы – 88, 2015 жылы – 89.
Мемлекеттік тілді игерген халықтың үлесі: 2011 жылы – 70%, 2012 жылы – 86,7%, 2013 жылы – 85%, 2014 жылы – 90%, 2015 жылы – 92%.
Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту: 2011 жылы – 17,8%, 2012 жылы – 18,9%, 2013 жылы – 19,5%, 2014 жылы – 21,2%, 2015 жылы – 23%.
Сырттан келу туризмін санының ұлғаюы: (келу-шілер саны): 2011 жылы – 43833, 2012 жылы – 32835, 2013 жылы – 29162, 2014 жылы – 32635, 2015 жылы – 36308.
Дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен шұғылдану үшін қолжетімді объектілердің саны: 2011 жылы – 223, 2012 жылы – 225, 2013 жылы – 230, 2014 жылы – 235, 2015 жылы – 240.
Азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты оң бағалайтын халық үлесінің ұлғаюы: 2011 жылы – 53%, 2012 жылы – 54%, 2013 жылы – 55%, 2014 жылы – 56%, 2015 жылы – 57%.
Жол-көлік оқиғалары санын (деңгейін) төмендету (10 мың бірлік автокөлікке шаққанда): 2014 жылы – 29, 2015 жылы – 28.
Тасқындар мен су басуларға, селдерге, көшкіндерге, жер сілкінулерге, өрттерге қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі: 2014 жылы – 75%, 2015 жылы – 70%.
Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі: 2011 жылы – 73%, 2012 жылы – 77,3%, 2013 жылы – 77,3%, 2014 жылы – 84,6%, 2015 жылы – 88,3%.
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі: 2011 жылы – 100,6%, 2012 жылы – 85,9%, 2013 жылы – 100,2%, 2014 жылы – 102,2%, 2015 жылы – 102,5%.
Жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі (км): 2011 жылы – 59%, 2012 жылы – 64%, 2013 жылы – 67%, 2014 жылы – 77%, 2015 жылы – 84%.
Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар тұрғындардың үлесін ұлғайту: 2011 жылы – 56%, 2012 жылы – 57%, 2013 жылы – 60%, 2014 жылы – 60%, 2015 жылы – 62%.
Жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін ұлғайту: 2014 жылы – 47%, 2015 жылы – 50%.
Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру: 2011 жылы – 35,7%, 2012 жылы – 36,5%, 2013 жылы – 38%, 2014 жылы – 40,25%, 2015 жылы – 40%.
Атмосфераға стационарлық көздерден шығатын ластаушы заттар шығарындылары, тонна: 2011 жылы – 101925 тонна, 2012 жылы – 101916 тонна, 2013 жылы – 97350 тонна, 2014 жылы – 97350 тонна, 2015 жылы – 97350 тонна.
Қоршаған ортаға эмиссия үшін алынған жергілікті бюджеттің кірістеріне экологиялық іс-шараларға бағытталған шығындардың қатынасы: 2014 жылы – 53,7%, 2015 жылы – 55%.
Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі: 2013 жылы – 54%, 2014 жылы – 76%, 2015 жылы – 78%.
|
Қаржы
ландыру көздері мен көлемдері
|
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншікті қаражаты, қарыз қаражат.
Қаржыландыру көлемдері:
2011 жыл – 65425,6 млн. теңге;
2012 жыл – 99881,2 млн. теңге;
2013 жыл – 94919,9 млн. теңге;
2014 жыл – 104634,0 млн. теңге;
2015 жыл – 101444,5 млн. теңге.
Барлығы: 466305,2 млн. теңге.
|
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсерін бағалау
2.1.1. Географиялық орналасуы
Облыс 1973 жылы құрылды және Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, солтүстік-шығыста Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батыста теңіз бойымен Ресей Федерациясымен, Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстікте Түрікменстанмен және шығыста Өзбекстанмен шектеседі.
Облыстың аумағы 165,6 мың шаршы километрді құрайды (Қазақстан аумағының жалпы ауданының 6,1 %, 14 өңірлердің ішінде – 7-орын). Облыс халқы 2014 жылғы 1 қарашаға 585,7 мың адамды немесе Қазақстанның бүкіл халқының 3,5%-ын құрады. Облыс бойынша орташа алғанда халық тығыздығы (аумақтың 1 шаршы километріне) 3,6 адам құрайды. Қала халқының саны 298,0 мың адамды (49,4%), ауыл халқының саны 305,7 мың адамды (50,6%) құрайды.
Облыс орталығы – Каспий теңізіндегі порт болып табылатын және 1963 жылы құрылған Ақтау қаласы. Қалада 2014 жылғы 1 қарашаға 182,1 мың адам немесе облыстың бүкіл халқының 31,4%-ы тұрады. Ақтау қаласынан Астана қаласына дейінгі арақашықтық – 2 413 км.
Облыста облыстық маңызы бар 2 қала (Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы), 5 ауылдық аудан (Форт-Шевченко шағын қаласын қоса алғанда), 27 ауылдық округ (61 ауылдық елді мекен) орналасқан.
Облыс Каспий өңірінің мультиұлттық жүйесіне шығатын Қазақстан Республикасының шекара бойындағы облысы ретінде қуатты транзиттік, көлік-логистикалық және халықаралық маңызы бар инфрақұрылымдық-сервистік әлеуетке ие.
Облыс аумағы арқылы Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағының елдерімен қосатын ТРАСЕКА және «Солтүстік- Оңтүстік» екі халықаралық көлік дәлізі өтеді.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның туристік көзге көрінерлік орындарының үштен бір бөлігі Маңғыстау облысында орналасқан. Облыстың Каспий теңізінің жағасында географиялық ыңғайлы орналасуы негізгі туристік ағындарды шығаратын елдерге жақындауын қамтамасыз етеді.
Көлік логистикасы және туризм облыстың маңызды бәсекеге қабілетті басымдықтарымен анықталған, олар экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек.
2.1.2. Маңғыстау облысының ресурстық әлеуеті
Облыстағы пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мұнай мен газ болып табылады. Бүгінге Маңғыстау облысының аумағында 75-тен астам мұнай мен газ кен орындары белгілі. Облыс бойынша мұнайдың геологиялық қорлары 2840,0 млн. тоннаны құрайды. Жалпы шығарылатын мұнай қоры – 578,0 млн. тонна, ілеспе газ қоры – 34,6 млрд. тонна текше метр, табиғи газ қоры 171 млрд. текше метр, конденсат қоры – 8,0 млн. тонна. Олардың ішінде 39 кен орны игерілуде. Жинақталған мұнай өндірілуі – 629 млн.тонна.
Ірі мұнай кен орындары:
- Өзен – геологиялық қоры шамамен 730 млн. тонна;
- Жетібай – шамамен 279 млн. тонна;
- Қаламқас – 523 млн. тоннадан астам;
- Қаражанбас – 270 млн. тонна;
- Солтүстік Бозашы – 305 млн. тонна.
Сондай-ақ, облыстың жер қойнауы фосфорит (3 млн. тонна), көмір (42 млн. тонна) (теңгерімнен тысқары қорлар), марганец (38 млн. тонна), әр түрлі тұздар (4,8 млн. тонна), әктас-ұлутас (261752,0 мың текше метр), минералды су (тәулігіне 3,54 мың текше метр), уран (38 млн. тонна) қорларына бай.
2.1.3. Өңірлік банк институттарының сипаттамасы
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында 24 банктің филиалы, 95 ақша айырбастау пункті жұмыс істейді. Бұдан басқа, банк операцияларының жекелеген түрлерін Қазынашылықтың 7 бөлімшесі, зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталықтың 8 филиалының бөлімшесі, «Ломбард» «Ломбардист» ЖШС филиалдарының 7 бөлімшесі, «БТА Ипотека» ААҚ өкілдігі және «Қазпошта» АҚ филиалдары жүзеге асырады.
Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2013 жылы берген кредиттерінің көлемі 18,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 34%-ға аз. Екінші деңгейдегі банктермен 2014 жылғы 1 қаңтарға шағын бизнес субъектілеріне 15,2 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берілді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға аз.
Облыста 2 микрокредит ұйымы: «Каспий» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның филиалы белсенді жұмыс істейді. Олармен 2013 жылда 550,7 млн. теңге жалпы сомасына 208 микрокредит беріліп, бұл ретте 476 жұмыс орны құрылды 2012 жылда – 611,0 млн. теңге, 2011 жылда – 306,0 млн. теңге).
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» атты екінші бағытының аясында кәсіпкерлерді микрокредиттеу үшін республикалық бюджеттен 2014 жылға 200,0 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың барлығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның шотына аударылды. Осы қор (меншікті қаражатын есепке алғанда), сондай-ақ «Каспий» МҚҰ» ЖШС арқылы 2014 жылда 945 млн. теңге сомасына барлығы 283 микрокредит беріліп, 418 жұмыс орны құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |