1
УДК 316.422
М.К.Бегеева
ҚР., Орал қ.
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ
ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанда бiрыңғай
мемлекеттiк зейнетақы қоры құрылып, барлық жекеменшiк зейнет-
ақы қорларының шоттары сол қорға өтедi” деген мәлiмдемесi
қоғамда қызу пiкiрталас тудырды.
Әрбір жеке зейнатақы шоттарының қалай жүргізіліп, оның қалай
есепке алынып отырғанын, қандай жұмыс атқарылып жатқанын
жүргізілген тексеру көрсеткендей, өкінішке орай, бұл жұмыста да
зейнетақы жинақтаушы қорларының кемшіліктері көрінді. 750
мыңнан астам жеке зейнетақы шоты қазіргі таңда пайдаланбай
отырғаны белгілі болды. 471 мың жеке шот жауып тасталынды.
Оның ішінде қайтыс болған, қоныс аударған, сонымен қатар
зейнеткерлікке шыққан азаматтардың мүгедектік алуына байланысты
төлемдер аударылмаған шоттары кездескен. [1]
Соған байланысты Елбасы бір ай мерзімінде тиісті бірыңғай
зейнетақы жинақтау қорын құру жөнінде нақты тапсырма берген
болатын.
Бірыңғай зейнетақы қоры қандай нәтиже береді? «Ең бастысы,
әрбір жеке зейнетақы жинақтау шоты бақылауға алынады. Жалпы
салымшылар
базасының
тазалығы
сақталады.
Екіншіден,
инвестициялық табыстың жеткілікті немесе жеткіліксіз екеніне
талдау жүргізіледі».
Бүгінгі таңда Қазақстанда зейнетақы реформасы емес,
зейнетақы жүйесін реформалау жүргізіліп жатыр. Реформалаудың
мақсаты – жүйенің тиімділігі мен мөлдірлігін арттыру болып
табылады. Бұның өзектілігі мынаған байланысты, жинақтаушы
зейнетақы қорлары өздерінің 15 жыл қызметі ішінде бұл
тапсырманы орындай алмады. Біріншіден, салымдар бойынша
жоғары табыстылықты қамьамасыз ететін, зейнетақы активтерін
инвестициялау
тетігі
ақталмады,
екіншіден
ЖЗҚ-ның
қызметкерлерінің штаты кеңейді, олардың көпшілігі тек қана
өздерінің қорларына салымшыларды тартумен шұғылданды.
Талдау
көрсеткендей
көптеген
ЖЗҚ-ның
инвестициялық
табыстылығы 3-4 пайыздан аспады, бұл инфляция деңгейінен
2
төмен көрсеткіш, сондай ақ, енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары сомасы мен шоттағы салымшының сомасы арасындағы
айырмашылықты
жаба
алмады.
Айырмашылықты
төлеу
мемлекеттік бюджетке салмақ артты. Бұдан басқа, зейнетақы
қорларының қызметінің мөлдірлігі күмән туғызды. Осының
барлығы зейнетақы жүйесін реформалаудың қажеттігін туғызды.
Оның негізінде барлық қазақстандықтардың зейнетақы активтерін
жеке ЖЗҚ-нан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тұр.
БЖЗҚ-ның
қаражаттары
ҚР
Ұлттық
банкінің
шотына
шоғырланады, содан кейін кастодиан-банкке беріледі.
БЖЗҚ
инвестициялық
саясаты
арнайы
құрылған
инвестициялық Кеңеспен Ұлттық банкпен бірлесе отырып
жасалады. БЖЗҚ ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап әрекет
етеді.
Бастапқыда
зейнетақы
жинақтарының
қаражаттары
мемлекеттік бағалы қағаздарға және экономиканың нақты
секторына инвестицияланады.
Зейнетақы жүйесін реформалаудағы тағы бір мәселе – әйел
адамдардың
зейнеткерлік
жасын
көтеру.
Әйел
адамдар
зейнеткерлік жасына жеткенде тиісті деңгейде төлемін ала
алмайды. Бұған себеп – екеу. Әйел-азаматшалар ерлерден 5 жыл
кем жұмыс істейді. Яғни, зейнеткерлікке әйел-аналар 58 жаста, ер
адамдар 63 жаста шығады.
Бала күтіміне байланысты біраз жыл жұмыссыз отырады. Сол
себепті зейнетақы қорына аударған ақшасы тиісті деңгейде
болмайды. Әйел адам бала күтіміне байланысты үйде отырған кезде
зейнетақы қорына түскен ақшаның көлемі тиісті деңгейде болуын
қамтамасыз ету үшін осы мәселені Үкімет қолға алып отыр.
Алайда әйел адамның зейнеткерлікке шығатын жасын бір
күнде ауыстыру мүмкін емес. Бұл үдеріс 2014 жылы басталса, 2023
жылы, 2018 жылы басталса, 2027 жылы аяқталады деп болжануда.
Немесе 56,57,58,59,60-жылдары дүниеге келгендерді өзгеріссіз
қалдырып (58 жас), 1961 жылдан 1970 жылға дейінгі туылған
әйелдерге құқық беру (58-63 жас өзі таңдайды), 1971 жылдан бері
қарай өмірге келген нәзік жандардың зейнет жасын 63 жасқа
көтеру, бұл әлі талқыланады. Содан кейін ғана шешім
қабылданады.
Тағы бір себеп немесе фактор-бұл демографиялық фактор. Ел
тұрғындарының бүгінгі өмір сүру жасының ұзаруына байланысты,
зейнетақы жүктемесінің ел бюджетіне айтарлықтай салмақ түсіріп
отыр, әсіресе бұл тапшылықтың соңғы бес жылда айрықша
3
байқалып отыр, сондықтан да әйелдердің зейнеткерлік жасын
ұлғайту туралы бастаманың негізсіз емес.
Зейнетақы жүйесін реформалаудың тағы бір бағыты болып
зиянды және ауыр еңбекпен қамтылғандар. Болашақта осы адамдар
зейнет жасына жеткенде тиісті төлемін алу үшін Үкімет мынадай
ұсыныс жасап отыр, зиянды жұмыста жүрген еңбек адамдарына
жұмыс беруші қосымша ай сайын 5 пайыз көлемінде төлем аудару
керек. Бірақ бұл жұмыс берушінің қалтасынан шықпайды,
болашақтағы салық төлемінен кемітіледі. Осындай төлемдер болса,
ауыр жағдайда жұмыс жасап жатқан адамдар зейнеткерлік жасқа
жеткенде қосымша төлем ала алады. Бұрын бұл санаттағы адамдар
63 жасқа жетпей зейнетке шығатын немесе төлемін алып жұмысын
жалғастыра беретін.
Сонымен Бірыңғай зейнетақы қорын құрудағы мақсат –
халықтың жеке қорларда жиналған ақша қаражатын Ұлттық
банктің шотында жинақтап, елдің экономикасына жұмсау.
Президент жанынан кеңес құрылып, сол инвестициялық кеңестің
шешімімен Ұлттық банк жаңағы қаражатпен мақсатты жұмыс
істейтін болады. Әрбір еңбек етуші азаматтың жалақысының 10
пайызы жинақтаушы қорға аударылып отырады. Бір жағынан,
Үкімет
жинақталған
міндетті
зейнетақы
салымдарының
тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, инфляция көлемінен
жоғары инвестициялық табыс алуға оң әсер етеді. Қазіргі жеке
зейнетақы
қорлары
өз
жұмыстарын
инвестициялық
қоржынды басқарушы ретінде
жалғастыра
алады.
Яғни
адамдардың өз еркімен аударған ақшасын жинақтауына немесе
жиналған қордан инвестициялық компания құруына әбден болады.
Бірыңғай зейнетақы қорына кейбір жеке қорлар да қатысуы мүмкін.
Ұлттық банк оларға арнайы лицензия береді.
Бірыңғай
жинақтаушы
зейнетақы
қоры
зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы әрекет етіп отырған барлық келісімшарттар
бойынша қызмет етеді және бұрын жеке жинақтаушы зейнетақы
қорлары арасында бөлініп келген барлық зейнетақы активтерін
шоғырландырады. Бұл жағдайда салымшылардың өздерінің
зейнетақы жинақтарына меншік құқығы толықтай сақталады.
Әдебиеттер
1. B News.kz сайты
4
2.Модернизация пенсионной системы: решения и проекты. //
Приуралья, №34, 28.03.2013г.
3. Орал қаласы әкімдігінің ресми сайты
Достарыңызбен бөлісу: |