Altyn Bank» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕБ)
Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен бекітілді
( «25»тамыз 2017 жылдың №24 хаттамасы)
«
Altyn Bank
» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) Дара клиентерге банк
қызметтерін көрсету туралы кешенді
1. Анықтамалар
Акционер – Банктің акцияларын меншіктенуші /меншіктенушілер болып табылатын
тұлға / тұлғалар.
Акционердiң тобы – Банктің акционерi, оның кез-келген үлестес тұлғасы, еншiлес
ұйымдар, байланысты тұлғалар, немесе олардың кез-келген филиалдары мен бөлiмшелері,
«Акционер тобының кез-келген мүшесi» де сондай мағынаға ие.
Банк - филиалдарын қоса алғанда, «Altyn Bank» акционерлік қоғамы («Қазақстан Халық
Банкі» АҚ ЕБ).
Шот бойынша узінді көшірме - белгілi бір кезенңің Шот бойынша кредиттік / дебеттік
операцияларды және Қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да ақпаратты бейнелеп
көрсететін Банкке үнемі ұсынылатын жазбаша узінді көшірме. Үзінді көшірме
Хабарландырудың бір түрі және Шот бойынша операциялардың жасалғанына жеткілікті
дәлелі болып табылады. Операциялар Үзінді көшірмеде көрсетілген Жұмыс күні жасалған
болып саналады.
Қолданыстағы заңнама - белгіленген тәртіппен референдумда қабылданған немесе
уәкілетті мемлекеттік орган немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасы қабылдаған
нормативтік құқықтық актілердің жиынтығынан тұратын Қазақстан Республикасының
заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы белгіленген тәртіппен ратификациялаған
халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар).
Кешенді шарт - құрамдас бөліктері ретінде Жалпы талаптарды, Шарттарды қамтитын,
Банк пен Клиент арасында жасалған банк қызметтерін көрсету шарты.
Шарт - өзгеше көзделмесе, шарттардың кез келгені:
Жеке тұлғаның ағымдағы шоты шарты;
Төлем карточкасы шарты;
Жеке тулғаларға арналған кредит желісі шарты;
Мерзімді салым ақша шарты;
Тұтынушылық кредит шарты / Кешенді шарттың шегінде, тиісті Жалпы талаптарда
белгіленген тәртіппен жасалатын Банктің ішкі саясатында, стандарттарында және
рәсімдерінде көзделген басқа шарт;
Берешек - Шарттың қағидаларына және / немесе осы Талаптарға сәйкес Банкке қатысты
туындауы мүмкін Кредит бойынша Негізгі борыштың сомасын, Техникалық овердрафтты,
Сыйақыны, Банк комиссияларын, тұрақсыздық айыптарын (айыппұлды, есімақыны), басқа
да борыштарды қоса алғандағы, бірақ олармен шектелмейтін Клиенттің Шарт және /
немесе осы Кешенді шарт бойынша Банкке барлық және кез келген борыштарын
білдіреді.
0тiнiш - Банктік қызмет көрсету бойынша құқық қатынастарын белгілеумен және/немесе
жүзеге асырумен байланысты іс-әрекеттерді жасауға арналған Банктің өкілеттігін
білдіретін Клиенттің/Салымшының/Карточканы ұстаушының жазбаша еркін білдереді.
Сенімді тұлға - олданыстағы заңмен көзделген тәртіпте Клиентпен уәкілеттік берілген
тұлға, Банктің қызметін тиімді жүзеге асыру кезінде Клиенттің мүдделерін қамтамасыз
ету үшін, Заңнамада, Кешенді келісімде көзделген тәртіпте және жағдайларда.
Клиент Осы Жалпы Жағдайларға және Шартқа сәйкес Банкте ашылған Банктік шот иесі.
Байланыс орталығы – Клиенттерге Банктің өнімдері мен қызметтері бойынша қажеттi
ақпарат ұсынатын, сондай-ақ қарастырылған жағдайларда және шектерде интернет-
банкинг жүйесін қолдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ Кешендi шартта көрсетiлген
шектерде ақпараттық банктік қызметтер көрсететін Банктің ақпараттық анықтамалық
қызметі. Қажетті ақпараттың көлемі мен мазмұнын Банк өз бетінше анықтайды. Банктің
Байланыс орталығының телефоны – +7 (727) 2596900, жұмыс уақыты – тәулік бойы.
Жалпы талаптар - егер өзгеше көрсетілмесе, өзiнде Кешендi шартқа сiлтеменi қамтитын
және оның ажырамас белiгi болып табылатын Жалпы талаптардың кез-келгенi, оның
ішінде:
•
«Altyn Bank» АҚ (Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕБ) жеке тұлғалардың ағымдағы
шоттарын ашу, жұргiзу және жабу, төлем жұргiзу және ақша аудару, есеп айырысу-
кассалық қызмет көрсетуiнің Жалпы талаптары;
•
Салымдар (депозиттер) ашудың жалпы талаптары және салым (депозит) бойынша
операциялар
жұргізудiң талаптары;
•
«Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкi» АҚ ЕБ) халықаралық төлем жұйелерiнiң
төлем карталарын берудiң және пайдаланудың жалпы талаптары;
•
«Altyn Bank» АҚ (Қазақстан Халық Банк» АҚ ЕБ) жеке тұлғаларға Банк қарыздарын
берудiң Жалпы талаптары.
•
«Алтын Банк» АҚ («Қазақстан Халық Банк» АҚ ДБ) жалға беру үшін сейфтерді
ұсынудың жалпы талаптары.
Операциялық күн - Банк және басқа да операцияларды жұргiзу үшiн Банктiң ашық
болатын Жумыс күнiнiң Банк белгiлеген уақыты. Операциялық, күн жүзеге асырылатын
түрлi операциялар / Банк көрсететiн қызметтер үшiн өзгеше болуы мүмкiн. Банктің
Операциялық күнi туралы мәлiмет Банкің операциялық залдарында және Банктiң ресми
интернет-ресурсында: www.altvnbank.kz тиiстi ақпаратты орналастыру арқылы Клиетке
жеткiзiледi.
Жұмыс күні – Банк банктік амалдардарды жүргізу, сондай-ақ Клиенттің нұсқауларын
орындауды тоқтату туралы нұсқауларды/ өкімдерді қабылдау және өңдеу үшін ашық
тұратын, сенбі, жексенбі және Қазақстан Республикасындағы өзге де ресми
демалыстардан басқа күндер.
Тарап / Тараптар - Банк және / немесе Клиент.
Шот - Клиенттің Банктегi Кешендi шартқа / Шартқа сәйкес Банк ұсынған кез келген
валютадағы (валюталардағы) ағымдағы шоты.
Тарифтер – Банктің банктік және басқа да қызметтер көрсеткені үшін Банк анықтайтын
Қолданыстағы заңнамада өзгеше көрсетілмесе, Банк біржақты тәртіппен өзгерте алатын
және Банктің ресми интернет-ресурсы www.altynbank.kz-те жарияланатын Банк
комиссияларының Қолданыстағы мөлшерлері.
Ағымдағы бағам – төлем қызметін көрсеткен кезде Банктің өз бетінше белгілеген
валютаның айырбас бағамын білдіреді.
Хабарландыру – Кешендi шартта ескерiлген тәсiлдермен және тәртiпте жіберілген
Тараптардың қазақ және/немесе орыс және/немесе ағылшын тiлдерiндегi хабарламалары.
2. Негiзгi ережелер
2.1. Кешендi шарт банктiк қызмет көрсету шарты болып табылады, оның аясында Банк
Клиентке Жалпы шарттарға сәйкес бөлек шарттар жасасуға мүмкiндiк береді.
2.2. Кешендi шарт, Жалпы шарттар Қолданыстағы заңнаманың негiзінде және Банктің,
Акционердің, Акционер тобының Шоттарды ашу, жүргізу, жабу, төлемдерді жүзеге асыру
мәселелері және Кешендi шартта, Жалпы шарттарда қозғалған басқа да мәселелер
жөніндегі саясатына сәйкес дайындалған.
2.3. Кешендi шарт Банк пен Клиенттің арасында Банктің Клиенттерге банктiк
қызметтерді, оның ішінде төлем қызметтерін көрсетуіне байланысты туындайтын
қатынастарды реттейдi.
2.4. Егер Клиент Кешендi шартта, тиiстi Жалпы шарттарда қарастырылғандардан бөлек,
Банк көрсететін басқа қызметтерді алғысы келсе, тиісті қызметтер көрсетуге бөлек
Шарттар жасасу, сондай-ақ Қолданыстағы заңнамада және/немесе Банктің және
Акционер тобының iшкi саясаттарында, стандарттарында, рәсiмдерінде қарастырылған
өзге де талаптарды сақтау қажет. Егер осы Жалпы шарттарға сәйкес жасалған тиісті