Реферат Тақырыбы: «Қалыпты босанудан кейінгі кезең. Босанудан кейінгі кезеңдегі потранаж»



жүктеу 23,93 Kb.
бет1/4
Дата21.01.2022
өлшемі23,93 Kb.
#33982
түріРеферат
  1   2   3   4
реферат узакбаев к

БҚО Орал Мақсат медициналық колледжі


Реферат


Тақырыбы: «Қалыпты босанудан кейінгі кезең. Босанудан кейінгі кезеңдегі потранаж»

Орындаған: Узакбаев.К.У

Тексерген: Есбосынова Г.Ж.

2020 жыл


Тақырыбы: Қалыпты босанудан кейінгі кезен . Босанудан кейінгі кезендегі потранаж

Босанудан кейінгі кезең —  жанұя үшін маңызды және жауапкершілікті кезең. Бұл кезең 8-9 аптаға созылады. ( ұрық жолдасы туғаннан бастап, барлық ағзалар мен мүшелер өз қалпына келетін кезең). Жатыр іші қалпына келген кезде босанудан кейінгі бөліністер бөлінеді — лохия, жарадан бөлінетін секрет болып табылады. Босанудан кейінгі кезеңде уақыт өте лохия құрамы өзгеріп тұрады: алғашқы күндері ол қан тәрізді болады, ал төртінші күннен бастап қоңыр – қызыл түске ауысады, ал оныншы күні ол сұйық, ашық түске ауысады және қан жолақтарынсыз болады, ал үш аптадан соң мүлде болмайды. Әйелде жатыр жиырылуына байланысты жағымсыз сезімдер болуы мүмкін. Дискомфортты азайту үшін, алдыға еңкейіп, ішке массаж жасау қажет. Егер жағымсыз сезімдер бала емізген кезде болса, тиімді басқа жағдай табыңыз, бір қырына жатып емізуіңізге болады. Іштің ауруы басқа себептен де болуы мүмкін, пресс бұлшықеттерінің ауырсынуынан болады, ол үшін босаңсып жатып, жеңіл массаж жасауыңызға болады.
Қалыпты босанудан кейінгі кезең әйелдің қалыпты жағдайымен, дене температурасының қалыпты болуы және жеткілікті лактация арқылы көрінеді. Инфекциялық асқынулардың алдын алу үшін қатаң түрде санитарлы – эпидемиологиялық ережелерді сақтап, жеке бас гигиенасын орындау қажет.


Басты мақсат қатаң түрде тазалық сақтау.

Босанған әйел күніне екі рет душ қабылдауы қажет және сүт безін сабындап жуу және тістерін күнделікті тазалауы қажет.

Ерекше көңілді қол тазалығына беру қажет, тырнақтарыңыз алынған, қолды сабынмен бала емізер алдында жуу қажет. (егер қолыңыз кір болса балаға инфекция әкелуіңіз мүмкін)

Гигиеналық шаралар арасында сыртқы жыныс еріндерін тазалықта ұстау маңызды.

Дәрет алған кезде арнайы сұйық сабынмен және жылы сумен, әрбір дәретке барған сайын жуу қажет. Жуған кезде жыныс еріндерін алдынан артына қарай жуған дұрыс, яғни қасағадан анусқа қарай. (дәретке жиі барып тұрған дұрыс, зәрге толған қуық жатыр жиырылуына мүмкіндік бермейді). Дәрет алу алдында қолды сабынмен тазалап жуу қажет.

Төсеме (прокладка) тазалығын қамтамасыз ету қажет, толуына баланыссыз әрбір 3-4 сағат сайын ауыстырып тұрыңыз.Төсемені алған кезде алдынан артына қарай алу қажет, анустан микроорганизмдер қынапқа түспеуі үшін. Шап бөлігінде тігістер болса оны тазалап жуу қажет, ағып тұрған сууды тігіске қарай бағыттап жуу керек, болған соң құрғатып тазалап сүрту қажет.

Босанудан кейінгі кезеңде 6 аптада ваннаға түспеу қажет, себебі қынап кіреберісі толықтай жабылмаған, сумен бірге микроорганизмдер түсуі мүмкін. Онымен қоса өзен, көл, теңізге де түсуге болмайды.

Қысып тұратын іш киім кимеу қажет, ол шап аймағына қысым түсіріп, қан айналымын бұзады және тезірек жазылуына бөгет болады.

Тігістер болған жағдайда әйел адамға 7- 14 күндей отырмау керек. (зақымдалу деңгейіне байланысты) Ал, унитазға босанғаннан бірінші күннен бастап отыра беруге болады. Көп әйел адамдар ауырсынудан қорқып, дефекацияға бармайды, нәтижесінде шап аралық бұлшықеттеріне қысым түсіп, ауырсыну үдей түседі. Босанғаннан кейін іш қату болса, әр тамақ алдында 1 қасық өсімдік майын пайдаланыңыз.

Іш киім мен төсек орын синтетикалық емес маталардан болу қажет. Іш киімді күнделікті ауыстыру қажет, ал төсек орында әрбір 5 күн сайын ауыстырған дұрыс.

Кесер тілігінен кейінгі тігістер алынған соң, душқа түсе беруге болады, бірақ тігіс аймағын қатты ысқыламау қажет. Алдыңғы құрсақ маңындағы ауырсыну сезімін арнайы бандаж қолдану арқылы басуға болады. Бандаж 4 ай бойы қолданылады. Алғашқы екі – үш айда бала салмағынан ауыр салмақты көтеруге тиым салынады.

Егер тігіс аймағы қызарып, қан және ірің пайда болса, ол тігістің іріңдеуі және ашылуынан болуы мүмкін. Онда міндетті түрде әйелдер консультациясына қаралу қажет.

Босанудан кейін жыныстық қатынасты 6-8 аптадан соң бастаған дұрыс. Осы уақыт аралығында әйел ағзасы қалпына келіп үлгереді. Дәрігер контрацептива түрлерін түсіндіреді.

Келесі жүктілікке дейін ағза қалпына келуі үшін 2 жыл қажет.
Босанудан кейінгі тамактану :

Бала емізетін әйелдің тамақтануы калориялы болуы қажет (3200 ккал), қажетті көлемде ақуыз, май, көмірсу және витаминдерге бай болуы дұрыс. Тағамнан ащы, қуырылған, қақталған, консерві тағамдары және алкоголь мен аллергенді (шоколад, цитрус, кофе) тағамдарды алып тастау қажет. Босанған әйелдің тамақтануы 5- 6 реттік болуы қажет. Тағамдары құнарлығы бойынша, яғни ақуызға бай және асқазан – ішек жолында ауыр қорытылатын тағамдарды күннің бірінші бөлігіне (ет, балық, дақылдар), ал екінші күн бөлігіне сүтті — өсімдік тағамдарын қолдану қажет.



жүктеу 23,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау