Тілші
Респондент
2-бөлім: Сауда жасай білесің бе?
Абай құнанбаев «Базарға қарап тұрсам, әркім барар»
2.1. Сабақтың тақырыбы: Сауда жасай білесің бе?
Оқу мақсаттары
О3.
Прозалық
және
поэзиялық
шығармалардың
композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-
әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға
беру.
А2. Түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып,
көңіл күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын қолдана білу.
Сабақ мақсаттары
Поэзиялық шығарманы оқып, ақынның оқырманға
ұсынған негізгі ой-өзегін анықтап, өлеңдегі
кейіпкердің іс-әрекетіне, автордың ойына баға
береді.
Тақырып бойынша көңіл күйді білдіре отырып,
ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын
диалогте қолданады.
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік. Адалдық.
Пәнаралық байланыс
Тарих
АКТ қолдану дағдылары Осы
сабақ
барысында
оқушылар
Power
Point
бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды
пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.
Бастапқы білім
Бүгінгі ғылым – инновация
Тірек сөздер
базар, сауда, іздеу, сатып алу, әркім, ақша, баға, пайым
қылу.
Қажетті ресурстар
А4 парағы, маркер, фотосуреттер
Бағалау критерийі Тапсырма
№
Дескриптор
Оқушы
Мәтіндердің
жанрлық және
стильдік
ерекшелігін
сақтап, интервью
жазады.
1
- өзі жайлы шынайы ақпаратты 1 сөйлеммен береді;
2
- өлеңді оқып, сұрақтарға жауап береді;
3
- сұхбаттың ерекшелілігін, мақсатын түсінеді;
4
- ауызша, жазбаша жұмыста сабақтың тірек сөздерін
орынды қолданады;
5
- берілген тақырып төңірегінде интервью мәтінін
жазады.
Сабақтың жүргізілу барысы
1-тапсырма. Берілген сұрақтар аясында ойланып, өз ойыңмен бөліс.
1. Базар деген не?
2. Адамдар базарға қандай мақсатпен барады?
3. Сауда жасау әдебі қалай жүргізіледі?
4. Қаражатты қалай жұмсау қажет?
5. Саудаласу қаншалықты маңызды?
6. Саудаласу базарға тән әрекет пе, әлде
дүкендерде де саудаласа ма?
7. «Саудагер мұраты – ұту» деген нақыл сөздің
мағынасы қандай?
Мәтіналды жаттығулары
2-тапсырма. «Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» өлеңімен танысып шық. «INSERT»
әдісімен өлеңді оқи отырып, таныс емес сөздерді түртіп ал.
V
+
–
?
Мен бұны білемін
Бұны білген
емеспін
Білетініме қайшы
пікір
Бұл жайында білгім
келеді
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.
Әркімнің, өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демекпін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
“Ит маржанды не қылсын” деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
Абай Құнанбаев
3-тапсырма. Өлеңде Автор көтерген мәселені анықта. Өлеңдегі кейіпкердің іс-әрекетіне,
автордың ойына баға бер.
Автордың көздегені не?
Өлеңде қандай мәселе көтерілген?
Өзекті мәселеге негіз болатын дәлелдер қандай?
Автордың ойы қаншалықты айқын? Өз көзқарасыңды білдір.
Автордың ойына пікірің қандай?
О
«Аялдама» әдісі
арқылы оқушылар өз ойларымен бөліседі. Топтық бағалау жүргізіледі.
Айтылым тапсырмасы
4-тапсырма. Берілген суреттер арасындағы байланысты анықта. Жұппен талқыла.
5-тапсырма. Көңіл күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын
қолданып, бүгінгі сауда мен ертеректегі сауданың арасындағы алшақтықты айшықтай
отырып, «Сауда жасай білесің бе?» тақырыбында диалог құрастыр.
2-бөлім: Сауда жасай білесің бе?
2.2. Сабақтың тақырыбы:
Абай Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам, әркім барар»
Оқу мақсаттары
Т4. Орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық
шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын
талдау.
Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда
тиімді қолдану.
Бағалау критерийі
Дескриптор
Поэзиялық шығарманы оқып,
ақынның оқырманға ұсынған негізгі
ой-өзегін анықтайды, баға береді.
Тақырып бойынша көңіл күйді
білдіре отырып, ұлттық сөз әдебі
мен сөйлеу этикеті формаларын
диалогте қолданады.
сұрақтарға жауап береді;
таныс емес сөздермен жұмыс
жүргізеді;
негізгі ойды анықтайды;
өлеңдегі кейіпкердің іс-әрекетіне
баға береді;
автордың ойына баға береді;
суреттер арасындағы байланысты
табады;
сөйлеу мәдениеті формаларын
диалогте қолданады.
А
Достарыңызбен бөлісу: |