Ғарыш кемесі өз тепе-теңдігін ұстай алмай төмен қарай заулап келеді. Оның жылдамдығы
ойдағыдан да асып кетті. Бірнеше секундтан соң Ғарыш кемесі бейтаныс бір ғаламшарға
аударылып түсті. Кеменің тас талқаны шықты.
Бірер минуттан соң аударылған кеменің есігінен Тұрлан Мергенұлы шықты. Жан –
жағы будақтаған түтін. Тұрлан Мергенұлы басқа да «ғарыш» тобының адамдарын кемеден
іздестіруде. Бұл жолы Тұрлан Мергенұлы асқан ерлік жасады. Кемедегі түтінге уланған
адамдарды бір өзі кезек-кезек алып шығуда. Кеме енді жарылғалы тұр. Ең соңғы адамды
алып шығар кезде кеменің күлі көкке ұшты, быт-шыт болып жарылды. Бақтарына қарай
бүкіл адам ол кемеден тірі шықты. Адамдар енді-енді есін жиып келеді. Айнала қалың
шөп, неше түрлі қаптаған әдемі қызылды-жасылды гүлдер. Бірақ та бір де бір тірі жан
жоқ, тіршіліктің белгісі көрінбейді.
Маржан Қасымқызы. Бұдан басқа бұл «Ғарыш» кеме флотының тобында байланысшы
Жеңіс Кәрімұлы, ботаник Айгүл Қасенқызы және дәрігер Гүлжан Қажымұратқызы
болатын. Бұл топ «Шолпан» ғаламшарын зерттеуге аттанған топ еді.
Қаншама уақыт өтті. Олар қалың шөп үстімен жүріп келеді. Бәрі де шаршап, ашығып
келеді. Ішек-қарындары шұрқ-шұрқ етеді.
«Іздегеннің әрқашан жолы болар» атты мақал осының белгісі шығар. Олар ұзақ жол
жүріп, ақыры бір сиқырлы қақпаға тап болды. Сиқырлы дегенім: ол қақпа әр адамды өзіне
тартады.
- Қанекей, ең әуелі тәуекел етіп, бұл қақпаға мен бастап кірейін, сендер соңымнан
еріңдер,- деді Тұрлан Мергенұлы. Бұл қақпаға қолыңды тигізсең, қолың ар жақ беттен
шығады. Сөйтіп, бүкіл топ өкілдері бұл қақпадан өтеді. Қақпаның ар жағынан бұларды
таңғажайып әлем қарсы алды.
- Қандай керемет! Бұл ғаламшарда бір де бір тірі жан жоқ деп ойлағанымыз бекер екен,-
деді ботаник Айгүл Қасенқызы. Алдарында бүкіл әлем оларға кең құшағын жайып тұрған
секілді. Және бұл ғаламшардың бір ерекшелігі жат планеталықтардың бойларының кіші
болуында...
- Бұларды ергежейлілір деп атасақ болады ғой. Қараңдаршы бойлары кіп-кішкентай - деп
күлімсіреді дәрігер Гүлжан Қажымұратқызы. Алдарынан бір ергежейлі шығып:
- Сіздер кімсіздер? Бұл жерде қайдан жүрсіздер? - деп жөн сұрады. Абдырап,
сасып қалған
кемебасшысы әр сөздің басын бір шатастырып сасқалақтап:
-Біз, әлгі, біз - дегеннен басқа ешқандай сөз айта алмады.
- Біз өз ғарыш кемемізді қайта құрастыру үшін қажетті құрал-жабдықтар іздеп жүрміз,-
деді Жұматай Бөгенбайұлы.
- Артымнан еріңдер, мен сізді біздің көсеміміз әрі басшымыз ұлы Квинтке жолықтырамын
- деді. Олардың есімдері де мүлдем өзгеше. Ергежейлілер жалпы бауырмал халық екен.
Олар ең әуелі ғарыш тобын жақсылап тамақтандырады. Әйтеуір тамақтарының ешқандай
өзгешеліктері жоқ екен. Жақсылап тыныққан Ғарыш тобы енді кеме құрастырумен
айналысты. Ергежейлілер оларға қажетті құрал-жабдықтарды беріп, өздері де ғарыш
кемесін салуға атсалысты.
Бір-екі күн өткен соң бұлардың ғарыш кемелері де дайын болды. Енді олар жолға
жиналды.
- Сізге көп-көп рақмет! Мен сіздің халқыңыз жайлы өз ғаламшарыма барған соң
әңгімелеп беремін, ұлы Квинт! - деді кемебасшысы Тұрлан Мергенұлы.
Олар ергежейлілермен ұзақ қоштасып өз кемелеріне жайғасты. Бұл жұлдызаралық сапар
оларға оңайға соққан жоқ. Дегенмен олар алдына түскен қиындыққа мойымай жол таба
білді. Бұл қиыншылық олардың маңдайына алдына ала жазылып қойған шығар. Кім
білсін!
А) кестеде берілген сөздердің ауыспалы мағынасымен танысып, мәтінде кімге/неге қатысты
қолданғанын анықта.
Тіркестер
Ауыспалы мағынасы
тағдырын шешті
шешімін анықтады
зор дауысты
қатты шығатын дауыс
тас талқаны шықты
бұзылған
бауырмал халық
жайдары, жылы, жағымды, ашық
Ә) әңгіме үзіндісін екінші
рет оқып, топта төмендегі сұрақтарды талқыла.
1-топ
Түсіндіріңіз
Әңгімедегі ғарыш кемесі қандай оқиғаға тап болды?
2-топ
Талқылаңыз
Бейтаныс ғаламшар тұрғандары бауырмал халық екеніне дәлел
келтіріңіздер.
3-топ
Бағалаңыз
Бүгінгі таңда жұлдызаралық сапар мүмкін бе?
Еліміздің мүмкіндіктері жайлы пікір білдіріңіздер.
3-тапсырма. Топта «Іздегеннің әрқашан жолы болар...» тақырыбында тұрақты тіркес,
көркемдегіш
құралдарды қолданып, ауызша мәтін құрастыр.
«5-1-1»
тақырыпқа қатысты 5
тірек сөз жаз;
бес сөзден тұратын 1 сөйлем жаз;
тақырыпқа қатысты 1 түйін сөз жаз.
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Оқушы
Тұрақты
тіркестер
мен көркемдегіш
құралдарды
қолданып, ауызша
мәтіндер құрау.
1
- кітаптың мұқабасы мен суреттер
негізінде әңгіме
мазмұнын болжайды;
2
- көркемдегіш құралдардар мен тұрақты тіркестердің
мағынасын түсінеді;
- жауаптарында кем дегенде 2
рет тұрақты тіркес пен
көркемдегіш құралдарды қолданады;
3
- қажетті сөз тіркестертерді
орынды қолданады;
- мәтінде «Ғажайып ғаламшар» әңгімесіндегі
кейіпкерлердің іс-әрекетін мысал ретінде келтіреді.
Білім адамзат баласына ауадай
қажет екендігі белгілі. Жетістікке
тек білім арқылы жететініміз
анық...