1-бөлім: Білім. Ғылым. Инновация
1.3 Сабақтың тақырыбы: Өмірімізді жеңілдететін өнертабыстар
Оқу мақсаттары
8.3.4.1 Мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін
салыстырып, талдау жасау.
Сабақ мақсаттары
екі мәтінді түрлері, тілдік ерекшеліктері жағынан
салыстырады
Құндылықтарды
дарыту
өмір бойы білім алу, ашықтық
Пәнаралық байланыс
информатика (робототехника)
АКТ қолдану
дағдылары
компьютер, интерактивті тақта
Бастапқы білім
«Ғажайып планета» әңгімесі
Тірек сөздер
өнертабыс, құлтемір, көпшілік, жабдықтау, ұсыну
Қажетті ресурстар
әмбебап сөздігі
Сабақтың жүргізілу барысы
Оқылымалды тапсырмалар
1-тапсырма. Тірек сөздердің мағынасымен қазақ тілінің әмбебап сөздігін
https://kitap.kz/
қолданып, танысып шық, Мысал келтір.
2-тапсырма. Суреттерді анықтап қара, сұрақтар төңірегінде сыныптасыңмен ой бөлісіп
көр.
Суреттерде не бейнеленген?
Суреттердің арасында қандай байланыс бар?
Бейнеленген өнертабыстар не үшін қолданылады?
Өнертабыстар күнделікті өмірде қаншалықты қажет?
О
3-тапсырма. «Мәтіннің түрлері» ережесімен танысып, түсінгеніңді топта талқыла.
Мәтіннің түрлері
Әңгімелеу мәтіні -
оқиғаны ретімен
баяндайтын мәтін.
Сипаттау мәтіні
-
зат немесе
құбылысты суреттеп,
сипаттайтын мәтін.
Талқылау мәтіні
–
оқиға, құбылыстардың
себебін дәлелдейтін мәтін.
Не істеді? Қайтеді?
Қандай? Қай?
Неліктен? Не себепті?
4-тапсырма. Екі мәтінді салыстырып оқы. Мәтіндердің түрлерін, тілдік
ерекшеліктерін анықта.
1-мәтін Құлтемір
Жапондар алғашқы адамтекті құлтемірді ойлап шығарды. Адамның көңіл күйін
ұғына алатын әлемдегі ең алғашқы адамтекті құлтемірді көпшілік қауымға ұсынды.
Рepper есімді гуманоидты құлтемір эмотивті құрылғымен жабдықтаған. Ол адамның
келбетіне, сөйлеу мәнеріне қарап, оның көңіл күйін анықтай алады екен. Үй жағдайында
Pepper балаларға кітап оқып беру сияқты пайдалы қызметтерді атқара алады. Pepper-дің
бойы – 120 см, ал салмағы – 28 кг. Ол өзі қарым-қатынаста болған адамның мінез-құлқын
интернет базасына сақтап, басқа құлтемірлермен бөлісе алады. Құлтемір жасайтын
компания өкілдері болашақта құлтемір адам өмірінің негізгі элементіне айналатынына
сенімді.
Массагет.кз сайтынан
2-мәтін «Ғажайып планета» (үзінді)
Мәриям Кибердің басын ашып қарады. Оларда еш ақау жоқ. Барлық электрондық
лампалар қаз қалпында.
— Ахмет, енді не істейміз? Киберіміз өліп қалыпты ғой.
Туранов Кибердің жүрек тұсын, миын ашып қарады. Бірақ ешбір мүкіс таба алмады.
Содан кейін олар Кибердің жотасындағы аккумуляторды алып көрді. Мәриям шыдай
алмай күліп жіберді.
— Кибер өз аккумуляторының қуатын разрядтап жіберіпті де, оның ішіне жаңағы
өзендегі қоймалжың сұйықты құйып қойыпты.
—...Идеясы дұрыс-ақ. Бірақ қарсы мәндес зарядты ұмытқаны несі мұның.
... Сол кезде Кибердің денесінен ток жүріп оған жан бітті. ...Кибер орнынан тұрып санын
шапалақтап қуанды.
...Оразов электрондық есептегіш машинадан перфолентаны суырып алып, Турановтың
қолына ұстатты. Ол креслода шалқалап жатып, тез көз жүгіртіп өтті...
— Біз екі сағаттың ішінде бұл планетаны тастап шығуымыз керек. Әйтпесе жаңағы
Мәриям екеумізді ұйықтатқан ыстық леп ақырындап осында да жетеді. Қалғанын
планетадан құтылғаннан кейін айтамын.
Экипаж мүшелері әрқайсысы өзінің міндетін атқаруға кірісті. Ешқандай бұйрықтың
қажеті болмады. Әпсәтте «Байқоныр-12» қанатын қомданып, гүрілдей бастады. Кеме
соплосынан ұшқындап шыққан жалын планетаның үстін күйдіріп қоңырсыған иіс
шығарды. Кенет аяқтың асты теңселіп, жер сілкінгендей болды. «Байқоңыр-12» тік
көтеріліп тартып кетті...
Қамба.Инфо сайтынан
Оқылым соңы тапсырмасы
5-тапсырма. Топта қысқаша мәтін құрастырып, сыныптастарыңа таныстыр.
Топ
Мәтін түрі
Тақырыбы
І топ
Талқылау (не үшін?)
«Ғылыми жетістіктер»
О
О
ІІ топ
Әңгімелеу (не істеді?)
«Мейірімді құлтемір»
ІІІ топ
Сипаттау (қандай?)
«Idos» атты гид-робот»
1-бөлім: Білім. Ғылым. Инновация
1.4 Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық өнертабыстар
Оқу мақсаттары
8.5.1.1
болжалдық
сан
есімдерді
жазба,
ауызша
жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақ мақсаттары
болжалдық сан есімдерді ауызша мәтінде орынды қолданады
Құндылықтарды
дарыту
Қазақстандық патриотизм және азаматтық
жауапкершілік,
өмір бойы білім алу,
АКТ қолдану
дағдылары
компьютер, интерактивті тақта
Бастапқы білім
Өмірімізді жеңілдететін өнертабыстар
Тірек сөздер
қондырғы, ойлап тапты, артады, орнату, септігін тигізеді
Қажетті ресурстар
тақта, маркерлер
Сабақтың жүргізілу барысы
1-тапсырма. «Сөздер жарысы» ойыны. Алдыңғы сабақтардағы тірек сөздерді
қаншалықты меңгергеніңді тексер.
Ойын шарты:
o
оқушылар екі топқа бөлінеді;
o
тақта екіге бөлініп, тақырып белгіленеді;
o
оқушылар тақырыпқа сәйкес сөздерді жазады;
o
бір сөз - бір бал, белгіленген уақытта
ең көп сөз жазған топ жеңімпаз атанады.
2-тапсырма. Болжалдық сан есімдердің жасалу ережесімен танысып, мазмұнын кесте,
сызба ретінде ұсын.
3-тапсырма.
Бағалау
критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Оқушы
Екі мәтінді
түрлері, тілдік
ерекшеліктері
жағынан
салыстырады.
1
- тірек сөздерді қарастырып, екі мысал келтіреді;
2
- суреттердің арасындағы байланысты анықтайды;
- өнертабыстың қажеттілігі жайлы ауызша пікір
білдіреді;
3
- ережені түсініп, мәтіннің түрлерін ажыратады;
4
- екі мәтіннің түрін, тілдік ерекшеліктерін анықтайды
Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл көрсетпей, шамалап, болжалдап білдіреді. Болжалдық
сан есімнің жасалу жолдары:
Морфологиялық тәсіл арқылы жалғаулармен:
а) көптік жалғаумен: алтылар, жетілер, елулер, т.б.;
ә) көптік және септік жалғаулармен: отызда, он екілерде,т.б.
Жұрнақтармен:
а) -даған, -деген, -таған, -теген: ондаған, жүздеген, мыңдаған т.б.
ә) -дап, -деп, -тап, -теп, -лап, -леп: ондап, мыңдап, жуздеп т.б.
б) -дай, -дей, -тай, -тей: алты сағаттай, он шақырымдай т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |