.........
........
........
........
.........
..........
........
........
3-тапсырма. «Қазақстандық өнертабыстар» мәтінін оқып,
сан есімдерді болжалдық сан
есімге айналдырып жаз.
Қазақстандық өнертабыстар
Әлменовтің гидравликалық қондырғысы. Қостанай өңірінің тумасы Бақытжан
Әлменов гидравликалық қондырғы ойлап тапты. Өз өнертабысын ол осыдан 10 жыл бұрын
Женева халықаралық бюросына тіркетіп, патент алған. Қондырғы «Әлменовтың
гидравликалық қондырғысы» деп аталады. Бүгінде 1 киловатт электроэнергия 15 теңге
тұрады. Бақытжан Әлменовтің қондырғысын іске қосса, бұл баға 2-3 теңгеден аспайды.
Энергияның өзіндік бағасы төмен болған соң өндіріс, қызмет көрсету түрлері,
коммуналдық қызметтер, жалпы барлық зат арзандайды. Нан бағасы 60 теңге емес, 15-20
теңгеге дейін төмендейді.
Емдік қасиеті бар зефир. М.Әуезов атындағы ОҚМУ технологтері Малика Әлімова
мен Нина Алексеева кәдімгі зефирдің құрамына сүт іріткісі мен мейіз қосса,
зефирдің емдік
қасиеті артатынын айтқан.
SmartBesik. Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің
магистранты Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапты. Арнайы құрылғыны
бесікпен қосқандағы жалпы бағасы 50 мың теңге. Бесікті смартбесікке айналдыратын
тербеткіштің құны 39 мың теңге болады. Бұл тербеткішті кез келген бесікке орнатуға
болады.
Көлікке арналған құлып. Валерий Морев көлік жүргізушісі белдік тақпайынша
көлікті орнынан қозғалтпайтын құлып ойлап тапты. Бұл жол көлік ережесін сақтай
бермейтін алаңғасар көлік жүргізушілерін қауіптен сақтауға септігін тигізбек.
Массагет.кз сайтынан
4-тапсырма. Қазақстандық өнертабыстардың пайдалы жақтарын әңгімелеп бер. Төмендегі
кестені тірек сөздермен толықтырып, сыныптасыңмен диалог құр.
5-тапсырма. Егер
жас өнертапқыш болсаң, Қазақстанның өнертабыс әлемінің дамуына
қандай үлес қосар едің? Болжалдық сан есімді қолданып, ойыңды жазбаша білдір.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
1-бөлім: Білім. Ғылым. Инновация
1.5 Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба»
Оқу мақсаттары
8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, интервью жазу.
Сабақ мақсаттары
жанрлық және стильдік ерекшеліктерді сақтап, интервью
жазу
Құндылықтарды
дарыту
құрмет, өмір бойы білім алу, ынтымақтастық
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану
АКТ қолдану
дағдылары
компьютер, интерактивті тақта
Бастапқы білім
Қазақстандық өнертабыстар
Тірек сөздер
бәсекелестікке қабілетті, талап, қанағат, танылу
Қажетті ресурстар
слайд, сурет, оқылым мәтіні (таратпа материал)
Сабақтың жүргізілу барысы
Жазылымалды
тапсырма
1-тапсырма. «Шын, жалған» ойыны. Өзің туралы 3 сөйлем жаз. 1 сөйлемің «шын»,
қалған екеуі «жалған» болсын. Сыныптастарыңа сұрақ қою арқылы «шын» ақпаратты
анықтау қажет.
Мысалы:
Мен бос уақытта кітап оқығанды ұнатамын.
Кеше досыммен кітапханада болдым.
Мен ғылыми жаңалық ашуға жақынмын.
2-тапсырма. Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мәнерлеп оқы.
Ұлы ақын қандай тақырыпты көтерген? Қандай бес нәрсеге асық болу керек?
Ғылымға деген құштарлық неге маңызды?
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Бағалау
критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Оқушы
Болжалдық сан
есімдерді жазба,
ауызша
жұмыстарда
орынды
қолданады.
1
-тақырыпқа сәйкес кем дегенде 5 сөз жазады;
2
-болжалдық сан есімнің жасалу жолын түсінеді;
3
-мәтіндегі сан есімдерді болжалдық сан есімге
айналдырып жазады;
4
-мәтіндегі өнертабыстардың пайдалы жақтарын
әңгімелейді;
5
- жазба жұмысында 2-3 болжалдық сан есімді
қолданады.
Ж
Адам болам десеңіз.
Тілеуің,
өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық
көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
3-тапсырма. Интервью жанрымен танысып, түсінгеніңмен топта бөліс.
4-тапсырма. Топта интервью тақырыптарын ұсынып, арасынан ең қызықты әрі өзекті
деген тақырыпты таңда. Таңдалған тақырып төңірегінде біліміңді постер немесе ментальді
картаға түсір.
Топ мүшелерінің рөлдері:
1, 2 – сұхбат алушылар
(тақырып бойынша сұрақтар тізімін құрастырады);
3, 4 – студия қонақтары
(ментальді карта құрастыру арқылы сұхбатқа дайындалады);
5 – редактор, тайм-менеджер
(уақытты
қадағалайды, сұрақтарды тексеріп, толықтырады).
Екі топ ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, белгіленген тақырыпта тілші және студия
қонағы ретінде әңгімелеседі. 2 минуттан соң ішкі шеңбердегілер оңға қарай жылжып,
келесі кезектегі оқушылардан сұхбат алады.
Жазылым тапсырмасы
5-тапсырма. Жұпта
«Бәсекелестік биігі – білім» тақырыбы төңірегінде интервью жаз.
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі негізгі идея негізге алып, тірек сөздер мен
төмендегі суретте берілген ақпаратты пайдалан. Сөз саны: 80 сөз.
Интервью— публицистикалық жанр, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті
мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың
мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью
жанры,
негізінен, хабарламалы интервью және түсіндірмелі интервью болып екіге бөлінеді.