Ғарыштағы қозғалыс
Орындаған: Хамитов Дәулет
ҒАРЫШ— Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.
ҒАРЫШ АЛАҢЫ, космодром — ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық өлшеу кешендері жатады.
Бүгінде «Байқоңыр» ғарыш алаңы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады.
Ғарыштағы қозғалыс деп Жер атмосферасынан тысқары шығатын қозғалыстарды айтамыз. Тәжірибе жүзінде мұны жүзеге асыру үшін зымыран өте үлкен жылдамдықпен қозғалуы керек. Зымыранның жылдамдығы жеткілікті мөлшерде жоғары болуы үшін және қажетті бағытта бағытталуы үшін ол Жер орбитасында спутникке айналады немесе тіпті Жердің гравитациондық өрісінен шығып кетуі де мүмкін. Жылдамдыққа байланысты зымыран конус пішінді қисықтардың біреуінің бойымен қозғалады, яғни дөңгелек, эллипс, парабола немесе гипербола.
Ракетаның Жердің гравитациялық өрісінен шығуына қажетті ең төменгі жылдамдық Жердің ғарыштық жылдамдығы деп аталады (немесе екінші ғарыштық жылдамдық).
Зымыран схемасы
Зымыранның жылдамдығы секундына бірнеше мың километрге жетуі үшін арнайы қозғалтқыштар қолданылу керек және зымыран арнайы жолмен құрастырылуы қажет. Ракета жылдамдығын арттыратын қозғалтқыштар серпу әсерін қолданады. Зымыранның жоғары жылдамдыққа жетуіне мүмкіндік беретін тағы бір себепке оның бірнеше сегменттен тұратындығы (негізінен үш) жатады.
Серпілу
Зымыранның құрылысы
Зымыран ұшатын кезде салмақтың шамадан тыс артуы
Марсқа ұшу
Кеңістіктегі ғарыш кемесі
Күн жүйесінен тысқары аймақтарға саяхат
Зымыран Күннің гравитациялық тартылысынан тасқары ұшып шығуына қажетті жылдамдық Күн ғарыштық жылдамдығы деп аталады. Ол 42 км/с тең.
Pioneer 10 — Астероидтер белдеуіне 1972 жылғы шілденің 15-інде еніп, оны кесіп өтіп, одан кейін Есекқырған (Юпитер) ғаламшарының қасынан 1973 жылғы желтоқсанның 3-інде ұшып өтіп, оның алғашқы тікелей фотосуреттерін жасаған алғашқы ғарыш аппараты.
Кейбір анықтамалар бойынша Пионеер 10 аппараты Күн жүйесін тастап шыққан алғашқы жасанды зат болып табылады. Күн жүйесінің сыртына қарай бағыт алған ең алғашқы жасанды зат та сол.
Содан соң жұмысының соңы — 1997 жылғы наурыздың 31-іне дейін Жерге Күн жүйесінің сыртқы аймақтары туралы құнды мәліметтерді жіберумен болды.
2005 жылғы желтоқсанның 30-ы — Пионеер 10 Күннен қашықтығы 89.7 астрономиялық бірлікті құрады.
2006 жылғы наурыздың 4-і — Байланыс орнатылып көрілді. Пионеерден жауап келмеді.
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |