48
49
Сөйлем
дұрыс бұрыс
1. Біздің заманымызда ханның жас баласы ақсақ құланды
қуып кетіпті.
+
2. Баланың астындағы тұлпар елігіп, құландарға қосылады.
+
3. Құланның әңгісі баланы шайнап өлтіріп кетеді.
+
4. Жошы баласын тапқан адамға сыйлық бермек болады.
+
5. «Баламды өлді деген адамның құлағына қорғасын құямын»
дейді хан
+
6. Аңшылар баланы аман-есен тауып алады.
+
7. Күйші қаралы хабарды ханға айтады.
+
8. Қаралы хабарды күйші күймен жеткізеді.
+
9. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар. (оқушылар
дұрыс ретін жазады)
Қате берілген мәтін мазмұнының реті
Дұрыс реті
1. Күйші күй тартты.
1. Жас бала ақсақ құланды қуып кетті.
2. Аңшылар баланың жұлмаланған
қолын тапты.
2. Құландар баланы шайнап өлтірді.
3. Жошы жарлық берді.
3. Жошы жарлық берді.
4. Домбыра қаралы хабарды естіртті.
4. Аңшылар баланың жұлмаланған
қолын тапты.
5. Жас бала ақсақ құланды қуып кетті.
5. Күйші күй тартты.
6. Құландар баланы шайнап өлтірді.
6. Домбыра қаралы хабарды естіртті.
10. Кестені толтыру.
Кейіпкер
Не істейді?
Бала
Жошы хан
Күйші
Аңшылар
11. Рөлдік ойын. І топ: Хан жарлығы. (оқушылар
мұғалімнің бағыт беруімен өздері шығаруы тиіс)
Мысалы:
Хан: -Менің балам қайда?
Нөкерлері: - Аңшылармен бірге жүріп, құландарды
қуып кеткен. Содан таппай қалдық.
Хан: - Іздеп табыңдар. Егер өлді деген хабар
жеткізсеңдер,
құлақтарыңа
қорғасын
құямын.
Нөкерлері: - Құп, хан ием.
ІІ топ: Баланың денесін табу.
1-аңшы: - Ойбай, баланың жұлмаланған қолын
таптық. Баланы құландар шайнап өлтіріпті. Енді не іс
тейміз?
2-аңшы: - Оны ханға айтсақ бізді өлтіреді ғой.
3-аңшы: - Одан да оны күйшіге айтқызайық. Ханға
сол айтсын. Басқа амалымыз жоқ.
Бәрі: - Жүріңдер.
ІІІ
топ:
Қаралы
хабарды
жеткізу.
(күйші күй тартады)
Хан: – Тоқтат! Сен маған не деп тұрсың?
Балаң өлді дедің бе? Онда сен де өлесің.
Күйші: – Хан ием, мен не дедім? Мен емес, домбыра
ғой сөйлеген.
Хан: – Онда қорғасынды домбыраға құямын. Әй,
нөкерлер, алып кетіңдер мына домбыраны!
12. Мазмұндама жоспарын құрастыру.
1. Аңшылармен бірге аңға шығу.
2.
Ақсақ
құланға
кезігу.
3. Баланың өлімі.
4. Хан жарлығы.
5. Күйшінің естіртуі.
ІV. Үйге тапсырма: Мазмұндама жұмысын жазып
келу.
50
51
Қазақ хандығына 550 жыл!
Қ.НАРЫНБЕКОВА,
Академик О.А.Жаутыков атындағы
№1 қазақ орта мектебі.
Қарағанды облысы,
Қарқаралы қаласы
НЫСАНБАЙ ЖЫРАУ
Мақсаты: Нысанбай жыраудың өмірбаяны,
шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат беру.
Жырды талдау арқылы шығармашылық қабілеттерін
дамыту, мәнерлеп айту қабілеттерін арттыру. Жырау
жырының мазмұнға бай екенін түсіндіре отырып,
елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Типі: топтық сабақ.
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау. АКТ.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.
Көрнекілік: интербелсенді тақта.
Оқу нәтижесі: Нысанбай жырау туралы жан-жақты
біледі. Жырын талдап, мазмұны мен тақырыптық
аясын меңгереді. Өзін-өзі реттеуге дағдыланады.
Нысанбай жыраудың жыраулық шеберлігін тани
біледі.
Негізгі идеясы: алған білімдерін өмірде қолдана
білетін, ата-баба ерлігін дәріптейтін жеке тұлға
дайындау.
Мұғалім алғашқы 3-5
минутта:
а) ұйымдастыру кезеңі.
ә) үй тапсырмасын
орындап келу дәрежесі
тексеріледі.
б) сабаққа қатысу
мүмкіндігін, жауап
беру деңгейін ұпаймен
санау. Бағалау
өлшемдері:
19-15 ұпай- «5»
14-10 ұпай – «4»
9-6 ұпай – «3»
Сынып оқушыларын топқа бөлу:
Оқушылар өлең жолдарын алады, сол өлең жолдары
арқылы топқа бөлінеді:
1)Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау,
Жүрегім дүрсіл қағады-ау.
Бір сезім билеп алады-ау,
Жүрегім дүрсіл қағады-ау.
2) Аспаны бір, күні бір.
Жұлдызы бір, түні бір.
Арманы бір, сыры бір.
Даласы бір, гүлі бір.
Сәлем саған, сәлем саған , туған жер.
3) Қазағым сенсің, қазақ бұл елі,
Бір сен деп, сен деп соққан жүрегім.
Мақтанам қазағым , мақтанышым.
Тәуелсіздік таңы атқаны үшін,
Қазағым сенсің, дала асқарым.
Самғасам сенсің ұшар аспаным.
4) А-а-ай, туған жер,
А-а-ай, туған жер,
Еркінімді саған арнаймын.
Келешегің жарқын болсын,
Айналайын, туған жер. (Әр өлең жолдары әр түсті
қағазға жазылады) Топ басшыларын тағайындау,
бағалау үлгісін көрсету. Бағалауды әр топ мүшесі
өзі жүргізеді. Ұпайларды тақтадағы оқушылардың
есімінің жанына іліп отырады.
Топтың атын қою. Топтың атын алдарындағы өлең
жолдарынан алады.
Үй тапсырмасын сұрау.
«Білу»
Презентация.
Қызығушылықты ояту сатысы. «Зымыран сұрақтар»
1. Дарыны елге танылып, жас кезінен батыр, палуан,
мерген, домбырашы, ақын атанған дарынды адамды
кім деп ойлайсың? (Махамбет Өтемісұлы)
2. Исатай – Махамбет көтерілісі туралы тарихтан
алған мәліметің бойынша талдап бер. (Махамбет
хан-сұлтандардан қысым көріп, Жайықтың бергі
бетіне қаша көшкен халық толқуларына қатысады,
оны ұйымдастырушылардың бірі болады. 1829-1831
жылдары Орал шекарасынан жасырын өткендігі
үшін Калмыков түрмесіне отырып, оба ауруы кезінде
қашып шығады да, көтеріліс басшысы Исатайдың
тобына қосылады.)
3. Махамбет қандай батыр жыраулардың мұрасын
жақсы білген?