44
45
тебірене орындайтын оқушыларымыз баршылық. Ендеше
сайысымыздың келесі бөлімі «Ұлы арман» - Махамбет
күйлерін орындау сайысына қатысушыларымызды ортаға
шақырайық. (Күйшілеріміз кезекпен шығып күйлерін
орындайды.)
1-жүргізуші: -«Менің ұғымымда – оның семсер
жырлы ақын екенін естіп, сырттай мақтан ету емес,
Махамбет шығармаларындағы патриоттық асқақ рухты
қанға сіңіру елі мен жерін ешқандай мансапқа, байлыққа
сатылмайтын сезіммен Махамбетше сүюді үйрену» деген
екен Фариза Оңғарсынова апамыз. Кезекті Махамбетті
өзіне пір тұтып шығармашылықпен айналысып жүрген
жас талапкер ақындар шығармашылығына берсек. Жас
талапкерлеріміздің поэзия әлеміне деген құлшыныстарын
байқау үшін «Тартынбай сөйлер асылмын» - оқушылар
шығармашылығы сайысына қатысушыларымызды ортаға
шақырайық. (жас ақындар өз шығармаларын оқиды).
2-жүргізуші: -Әділқазылар сайыс қорытындысын
шығарғанша Махамбетке арналған видиоролигімізді
тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: -Бүгінгі сайысымызды қорытындылау
үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
2-жүргізуші:-Мектепішілік сайыс жеңімпазы, қалалық
Махамбет оқуларына қатысуға жолдама алған оқушымызға
сәттілік тілейміз.
1-жүргізуші: Қайтып орның толар ма
Қаза тапқан ер кіндік?!
Мұндай қымбат болар ма
Тәуелсіздік! Еркіндік! – деп Қадыр Мырзалиев ағамыз
айтқандай тәуелсіздік, еркіндік жолында өз өмірін құрбан
еткен Махамбетке арналған мәнерлеп оқу сайысымызды
аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!
П.ӘЛІМБЕКОВА,
Мұхтар Әуезов атындағы
мектеп-гимназия.
Жамбыл облысы,
Сарысу ауданы,
Жаңатас қаласы
МАЗМҰНДАМА
Менің ұсынып отырған жұмысым – мазмұндама
жаздырудың жолдарын көрсетеді. Әдетте, мазмұндама
мәтінін оқып беріп, бірден жаздыру қалыпты жұмысқа
айналған. Алайда басқа да әдістері бар екендігін
әріптестеріме айтқым келеді. 6-сыныпқа жаздырған
жазба жұмыстың бір үлгісін ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты: 1.Сауаттылықты қалыптастыру.
Оқуда кездескен қиындықтарды жеңе білуге, әдеби
тілдік нормаға сәйкес өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
2.Сөздік қорын молайту. Өз бетімен жұмыс жасауға
дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдесу.
3. Мәтін мазмұны арқылы адамгершілік қасиеттерге,
өнерді сүйе білуге баулу.
Нәтижесі: мазмұндама жұмыстары балалардың
психикалық үдерістерін (түйсік, қабылдау, зейін, ес,
ойлау, қиял, сезім, ерік) күшейтеді, әсіресе ой қызметінің
белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар
қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін
тудырады.
Типі: білім мен дағдыны есепке алу мен бағалау
сабағы. Түрі: аралас сабақ. Әдістері: сұрақ-жауап,
рөлдік ойын, топтық жұмыстар. Пәнаралық байланыс:
тарих, музыка, қазақ тілі.
Көрнекілігі: түрлі слайдтар, суреттер, флипчарт,
46
47
маркерлер, бейнеролик.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сыныпты сабаққа әзірлеу, 3 топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасы. Алдын-ала берілген тапсырма
бойынша
мазмұндамаға
қажетті
мәліметтерді
сұрастыру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Мазмұндама жазудың ережесімен таныстыру.
2. Бейнефильм көрсету: «Ақсақ құлан»
3. Мәтін тақырыбын табу. (әуелі оқушылардан
сұрау. Сосын дайын тақырыптың бірін таңдату)
А) Ақсақ құлан, Жошы хан.
Ә) Күй құдіреті.
Б) Күйшінің естіртуі.
4. Сурет. І топ: бейнеленген суретке байланысты
тірек сөздерді айту. Мысалы: Әке мен бала. Қайғы.
Құлан. ІІ топ: әрбір тірек сөздерден сөз тіркесін құрау.
Мысалы: Әке мен бала бірге. Қайғыға бату. Құланның
шабуылы.
ІІІ топ: сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрау.
Мысалы: Әке мен бала бірге отыр. Баласы қайтыс
болып, әкесі қайғыға батты. Құландар Жошының
баласын шайнап өлтірді. (Оқушылар өз ойларын
ауызша айтады)
5. Мәтінмен таныстыру: «Ақсақ құлан, Жошы хан»
мәтінін оқып беру.
6. Сөздік жұмысы. Кейбір сөздердің мағынасын
ашу.
(топтар
берілген
сөздің
мағынасын
бірлесіп тауып, суретін салып, постер қорғайды)
І топ: Құлан. Құлан – жабайы жылқы. Сыртынан
қарағанда құланның есекке де (басы үлкен, құлағы
ұзын), жылқыға да (жүрісі ширақ) ұқсайтын
ерекшелігі бар. Құлан «Қызыл кітапқа» енгізілген.
ІІ топ: Құланның әңгісі. Әңгі – құланның және
есектің айғыры (еркегі)
ІІІ топ: Ашамай. Ашамай – баланы атқа мінуге
үйрету үшін қолданылатын ердің қарапайым түрі.
7. Сұрақ-жауап жұмыстары.
А) Жошы кім?
Ә) Ақсақ құланды қуған кім?
Б) Құланның әңгісі не істеді?
В) Жошы қандай жарлық берді?
Г) Қаралы хабарды кім жеткізді?
Ғ) Домбырадан қандай дыбыс шықты?
Д) Хан күй тілін ұқты ма?
Жауаптар:
1.Жошы хан – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, монғол
қолбасшысы. Ол ересен күшті, ер жүрек болған.
Өмір сүрген уақыты әр деректе әр түрлі. 1187 жылы
туылып, 1227 (1243) жылдары қайтыс болған делінеді.
Жошының мазары Жезқазған қаласынан 45 км жердегі
Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан.
2. Ақсақ құланды Жошы ханның жас баласы қуып
кетті.
3. Құланның әңгісі баланы шайнап өлтірді.
4. Жошы баласын өлді деп хабарлаған адамның
құлағына қорғасын құямын деді.
5. Қаралы хабарды жеткізуді күйшіге жүктейді.
6. Домбырадан айғырдың үйірін іздеп кісінегені
сияқты бір дыбыс естіледі. Қаралы сарын өксіген зарға
ауысады. Сосын баланың өлгенін анық жеткізеді.
7. Хан күй тілін ұқты. Бетін ыстық жас жуып кетті.
8.
«Дұрыс»,
«Бұрыс»
тәсілі
(тапсырма
3
топқа
бөлініп
беріледі,
топ
тез
белгілейді).