Практикалық тапсырма №4. Қардағы (қар астындағы) әріптер Өлшемі 300х300 пиксель болатындай жаңа бейне құрыңыз (Ctrl+N). Қар шындыққа сай келуі үшін бейне ӛлшемін осыдан артық бермегеніңіз жӛн. Фон ретінде қандай да бір қысқы пейзаж немесе кӛгілдір түсті орнатыңыз.
Type (Мәтін, Текст) құралын пайдаланып 38-суретте кӛрсетілген сӛзді жазыңыз. Әріптердің түсі маңызды емес, бірақ кӛк түстес болғаны жақсы кӛрінеді. Фон түсін кӛгілдір етіп алған жақсы.
38-сурет
27
Ал енді қарды салуға кірісейік. Brush (Қылқалам, Кисть) құралын таңдаңыз. Осы құралды аэрограф ретінде де пайдалануға болады (ол үшін Brush құралының Airbrush Capabilities (Аэрограф мүмкіндіктері) параметрін екпінді күйге келтіру керек), яғни бұл жиектерді айқын емес етіп салу мүмкіндігін береді.
Енді жазудың үстіне жиналып қалған қарды кӛрсету үшін 39-суреттегідей етіп ақ түске бояңыз. Ӛте кӛп қардың қажеті жоқ.
39-сурет
Шындыққа ұқсас болу үшін Smudge (Саусақ, Палец) құралын пайдаланып қарды шайыңыз. Бұл кенептегі кеппеген бояуды саусақпен шайған сияқты әсер қалыптастырады.
Сонымен, Smudge (Саусақ, Палец) құралын алып қардың шеттерін тегістеңіз. Егер сізде дұрыс шықпаса құралдың параметрлерін ӛзгертіп, нақтылай айтқанда Pressure (Басу, Нажим) мәнін үлкейтіп кӛріңіз. Нәтижесі 40-суретте кӛрсетілген.
40-сурет
Сәл еріген қардың әсерін қалыптастыру үшін алдыңғы Smudge (Саусақ, Палец) құралын пайдаланыңыз. Тек осы жолы қарды жоғарыдан тӛмен қарай тегістеңіз. Қар мүлдем жоғалып кеткен жерлерді қылқалам кӛмегімен қайта жӛндеуге болады.
Қар тегіс нәрсе емес және түйіршіктерден тұратындығын кӛрсету үшін Add Noise (Шу қосу, Добавить шум) стандартты сүзгісін пайдаланыңыз: Filter → Noise → Add Noise (Сүзгі → Шу → Шу қосу). Сүзгінің баптаулары 41-суретте кӛрсетілген.
41-сурет
Мұндағы Amount (Әсер, Эффект) мәні неғұрлым кӛп болса, түстер соғұрлым қарама-қарсы түстерге кӛбірек ауысады. Мысалы, егер сіз RGB түстік моделімен жұмыс жасап отырып, Amount мәнін - 20 деп берсеңіз, онда жаңа түс ескі түстен қызыл, жасыл және кӛк каналдар бойынша 20 түспен ерекшеленеді. Ал егер Amount мәні 255-тен асатын болса, онда бағдарлама 16 млн. түстердің арасынан кез-келгенін таңдайды.
Ең ақырғы қадам – бейнеге су құйғанда суреттің жиектері жайылғандай әсер
қалыптастырайық. Ол үшін Blur (Шаю, Размытие) сүзгісін қанағаттандырарлық нәтижеге жеткенше бірнеше рет пайдаланыңыз: Filter →
Blur → Blur (Сүзгі → Шаю → Шаю).
Енді жауып тұрған қарды салайық. Ол үшін Brush (Қылқалам, Кисть) құралын алып, қасиеттер терезесі арқылы Assorted қылқалам жиынтығын (Load Brushes (Қылқаламдарды жүктеу) командасы арқылы) жүктеңіз. Оның құрамына әр түрлі стандартты емес қылқаламдар, сонымен қоса қар ұшқынына ұқсас қарша (снежинка) да кіреді. Соны таңдап алып керекті мӛлшерде суретке орналастырыңыз. Нәтиже 42-суретте келтірілген.
42-сурет (нәтиже)
Достарыңызбен бөлісу: |