60
61
Бұқар жырау
Қалқаманұлы
(1668-1781)
ХІV – ХVІІІ ғасырда ө м і р
сүрген, әкесі батыр болған.
Мәшһүр Жүсіптің айтуынша
сауып ішер малы, мінер аты
болмаған.Бір ғасырдан астам
өмір сүрген.
Асанқайғы
(ХV ғасыр)
Желмаясымен Жерұйықты
іздеп, қазақтың талай жерін
аралаған. Шоқан Уәлиханов
оны “Көшпенділер философы”
деп атаған.
Керей мен Жәнібек
хандарды жақтаған.
Қазтуған жырау
(ХV ғасыр)
ХV
ғасырдың
20-30
жылдары
Еділ
бойында
дүниеге келген. Қол бастаған
батыр, ел басқарған би болған,
лирик. Бұл кісі туралы көп
деректер жоқ.
4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Жиембет
жырау “е” дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты
дыбыстарды шебер қолдана отырып, өлеңнің
музыкалық сазын күшейткен. Осыған орай сендерге
кез келген бір әріпті сөйлете білу тапсырмасы берілген
болатын. (Мысалы: еліміздің елеулі ерлік еткен ері.
Есімге ел ертеңін ескерткен еңсегейлі ер.)
IV. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту.
1-тапсырма.
Толғауларынан үзінділер оқу, түсіндіру. Үнтаспадан
Ақтамберді жыраудың «Күлдір-Күлдір кісінетіп»
толғауын тыңдау.
2-тапсырма. Жиембет жыраудың сөз қолданысы,
толғауларындағы мағынаны ашу.
Мұғалім
Оқушы
1.Жиембет жырау кімді
сынайды және қалай сынайды?
1.1. Есім ханды.
1.2.
Озбырлық,
жөн-
жосықсыз
іс-әрекеттеріне
қарсы шығады.
1.3. Ханға өктем сөйлейді.
1.4. Сұрақ қоя отырып.
2. Нені сынайды?
2.1. Ханның астамшылығын,
пайдакүнемдігін.
2.2. «Тілеуберді» атты құлын
ұрып өлтіргендігін.
2.3. Елдің берекесін
қашырғанын.
3. “Ес білгеннен Есім хан,
Қолыңда болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін?
деген жолдарды қалай
түсінесіңдер?
3.1. Жастайынан ханның
қасында беделді биі болған.
3.2.Талай ұрыс,
шайқастарға қатысып, ханның
жауынгер жасағын басқарған.
3.3.Ханға әділ қызмет
атқарған.
4.“Қол-аяғым
бұғауда,
Тарылды байтақ кең жерім!
деген өлең жолдары бойынша
не айтар едіңдер.
4.1. Жат жерге жер
аударылған жыраудың азап
шегіп күнелтуін, хал-ахуалын
көрсетеді.
3-тапсырма. “Бұл кім ?” сәйкестендіру стратегиясы.
62
63
Ол кім?
жырау
«Сөйлесе сөздің көсемі»
Жиембет
ақын
аузы дуалы би
шешен
Кіші жүздің көсемі
ойшыл
суреткер
Жиембет
жорық жыршысы
батыр
әскербасы
Рефлексия. -Егер сендер ХХІ ғасырдың жыраулары
болсаңдар не жайлы жырлар едіңдер? Жыраулар-
Қазақ хандығының ежелгі атамекендерінен айырылмай
мәңгілік мемлекет болып сақталуын армандап, сол
жолға өлең мен қару-жарақтарын қатар арнаған кесек
тұлғалар. Жыраулар-адамдарды кішіпейіл, жомарт,
кешірімді, шыншыл болуға шақырады. Адамның өзіне
тән биік парасатын, яғни, өзінің бағасын білуін өнеге
етеді. Жыраулар-қазақ халқының ертеңгі болашағы
балалардың да татулықпен, бірлікпен қалыптасып өсуін
жырлайды.V. Үй тапсырмасын беру: 1) Бір сәт жырау
болып толғансам...! (өлеңмен толғау жазу)2) Жиембет
жырау туралы оқу, толғауларынан үзінді жаттау.
VI. Оқушы білімін бағалау.
А.ОҢАЙБАЕВА,
Ф.Досымова атындағы
№ 12 орта мектеп.
Атырау қаласы
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ
ДАНЫШПАНДАРЫ
Мақсаты: білімділік - ақыл-парасаттылыққа,
адамгершілікке, елдің тарихын, сөз өнерін бағалауға
тәрбиелеу; тәрбиелік - шешендік өнер тарихының
қалыптасу кезеңдері, оның негізгі өкілдері, олардың
бүгінгі ұрпаққа жеткен нақыл сөздерінің мазмұнымен
танысып, талдау; дамытушылық - сөйлеу тілін дамыту,
әдеби тілді, көркем айшықты сөздерді тану, көкейге
түйіп, өмірде қолдану. Түрі: конференция, семинар
сабақ. Типі: қорытынды, бекіту сабағы. Әдіс-тәсілдері:
топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс,
шығармашылық ізденіс, рефлексия әдісі, пікір сайыс,
жоба қорғау. Көрнекілігі: би-шешендердің нақыл
сөздері, слайд, топтық тапсырмалар, плакат, доп.
Сабақтан не күтеміз?
• Жаңалық;
• Тың дерек;
• Өзіңе деген сенім;
• Жұрт алдында тосылмай сөйлеу.
• Сөз бостандығы.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Үй жұмысын сұрау.
Доп лақтыру арқылы үй жұмысын шолу, пысықтау.
«Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ.
Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды,