40
41
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ,- деген екен
Бұқар жырау.
Сөз этикалық сөз орамдарынан басталады. «Құрметті
әріптестер!», «Ханымдар мен мырзалар!», «Танысып қоялық..»,
«Сіздермен кездескеніме қуаныштымын», «Бүгін сәтті күн..», т.б.
Тыңдаушының назарын бірден аударуда мақал-мәтел, қызықты
әңгіме, естімеген жаңалық, тосын сұрақ, т.б. сәтті қолданудың
орны ерекше.
топтар
Шешенге
қойылатын
талаптар
«Шешендер»
«Қоңтажыға
айтқан
Қазыбектің
сөзі»
«Ділмарлар»
«Абыз айтқан
өсиет»
«Билер»
«Саққұлақтың
шешен атануы»
1
Дауыс ырғағы
2
Кідіріс
3
Мақам
4
Үн әуезділігі
5
Тыныс алу
6
Ой екпіні
7
Орфоэпиялық
норма
8
Қол қимылдары
Үй тапсырмасы ретінде берілген би-шешендер топ алдында не
деген екен?
«Шешендер» тобы
Қоңтажыға жетіп келіп, қарысып тұрып:
- Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! - дейді. Сонда хан:
- Өй өзің жөніңді айтшы, атың кім? - депті.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек,
- депті.
- Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды
айтшы! - депті хан. Сонда Қазыбек:
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соктықпай
жай жатқан елміз. Елімізден күт-береке қашпасын деп, жеріміздің
шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан
басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды
сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған
хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл
боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ та, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз,
Сен темір де, біз көмір,
Еріткелі келгенбіз,
Екі еліктің лағын
Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенбіз,
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз,
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітімді айт,
Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт! -
депті. Сонда Қоңтажы не дерін білмей сасып қалыпты.
- Өзің сөзге келетін бала болатын болсаң, отырған орның
қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары! - деп қолтығын
аша беріпті. Сонда Қазыбек:
- Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай
сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған
төбеде отырғанмен бірдей, - деп жалт бұрылып орнына қайта
барып отырады. Сонда Қазыбектің сөзі ханның басынан асып, хан
не дерін білмей қалады.
(Жалғасы бар.)
42
43
Ж.ОҢҒАРБАЕВА,
№12 ЖББОМ.
Қарағанды қаласы
МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ
Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты:оқушылар арасында
Махамбет шығармаларын насихаттау; оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын,
тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; оқушыларды Махамбет
поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке,
батырлыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу, еліне, жеріне деген
патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
1-жүргізуші:-Қайырлы күн құрметті қонақтар мен
оқушылар! Әр заманның өзіне лайық, өзгеден ойы озық,
өресі биік дара тұлғаларының болатындығы бізге тарихтан
белгілі. Сондай ұлы тұлғалардың бірі және бірегейі –
Махамбет Өтемісұлы.
2-жүргізуші:-Махамбет жырлары халқымыздың рухани
қазынасының баға жетпес байлығы болып саналады.
Қаһарман ақынның қызыл оттай қызулы, қылыштай өткір,
серпінді сөздері қалың қазақтың жүрегіне толқу салды,
тілегіне қанат бітірді.
1-жүргізуші: -Махамбет Өтемісұлын қалай айтсақ та тау
шыңындай, аспан кіндігіндей, жердің тұңғиық тереңіндей
қол жеткізбес тұлға. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай:
«Абай әдебиетіміздің бас ақыны болса, Махамбет ұлттық
тәуелсіздігіміздің бас ақыны».
2-жүргізуші:-Махамбет Өтемісұлы бұл атаққа лайық
тұлға. Оның басты тұлға болуы бостандық үшін күрес,
ұлттық тәуелсіздік үшін күрестің басында тұрған семсер
қылыштай, өткір алмастай батыр да, ақын да, азамат та
болған ұлттық ұлы тұлға екендігінде.
1-жүргізуші:-Осындай ұлы тұлғамызды мақтан ете
отырып, бүгінгі Махамбет оқулары сайысына қош
келдіңіздер демекпіз! Мектепішілік Махамбет оқулары
үш бөлім бойынша өткізіледі:
-
«Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын
жатқа оқу сайысы.
-
«Ұлы арман» - Махамбет күйлерін орындау сайысы.
-
«Тартынбай сөйлер асылмын» - оқушылар
шығармашылығы сайысы.
2-жүргізуші:-Сайысымызға әділ баға беруші әділ
қазылар алқасымен таныстырып өтейін: (қазылар алқасы
таныстырылады).
1-жүргізуші: -Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаға қол салмай,,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат,
Балдағынан қанға боялмай,
Қасарысқан жауына
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Ерлердің ісі бітер ме? – деп ақын жырлағандай
сайысымыздың бірінші бөлімі «Ел құтқарар ер едім...»
- Махамбет шығармаларын жатқа оқу сайысына
қатысушыларымызды ортаға шақырайық. (Сайысқа
қатысушы оқушылар кезекпен шығып өлеңдерін оқиды).
2-жүргізуші:-Азаттық үшін күресті өмірінің мәніне
айналдырған Махамбет ақын, батыр ғана емес сонымен
қатар, керемет жыршы әрі күйші де болған екен. Біздің
мектеп оқушыларының арасында да Махамбет күйлерін