36
37
Тиімді әдіс - баршаға ортақ
А.ШАКИНА,
«С.Сейфуллин атындағы
гимназия» КММ.
Қарағанды облысы,
Сәтбаев қаласы
ШАРШЫ ТОП АЛДЫНДА
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ
Мақсаты: білімділік-шешендік өнердің алуан сипаттарын,
шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты
тереңдете түсу; халқымыздың даналығының-шешендік асыл
қазынасының тәлім-тәрбиелік сипаттарын, ғасырлар бойы халық
сынынан екшеліп өткен құнды мұра екендігін таныту; шешендік
сөз өнерінің «өнер падишасы» саналатындығын, шешендіктің
шалқар шабыт, шалқыған сыр мен сезімнен туатынын, даналық
ой, көркем сөз өрілімін талдай оқу. шаршы топтың, көпшілік
алдында сөйлетуге баулу; дамытушылық-оқушылардың шешендер
сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып, талдай білулерін
жетілдіре отырып, ой белсенділігін дамыту; шығармашылық
ізденіске бағыттау; оқылған жайға көзқарасын анық жеткізу
дағдыларын, мәнерлеп оқу шеберлігін, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру; тәрбиелік-кемеңгер шешендердің-үлгі-насихатқа
толы ғұмыр иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін
бойға сіңіру, адамдық қасиеттерін үйрену, әділдікті ту етіп жоғары
көтерген, ел тұтастығын сақтауға зор мағына берген билер
келбетін үлгі тұту, істерін өнеге ету; халықтық мұра — шешендік
сөздерді және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік
өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу,
қазақ хандығының ерекшелігін таныту, елге, Ұлы Отан соғысы
ардагерлеріне деген құрметтерін қалыптастыру.
Түрі: топтық оқыту.
Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, жарыссөз, топпен жұмыс
Көрнекілігі: тірек сызбалар, қанатты сөздер, әлем
ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері, билер суреттері,
би-шешендер кітаптары, слайд.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Кіріспе кезең. Оқушылар назарын аудару (тақтада): слайдпен
топ алдында сөйлеп жатқан адамдар көрсетіледі.
-
Ал, енді, оқушылар, осы суреттерден нені және кімді
байқадық? Олардың іс-әрекеттері қандай?
-
(3-4 оқушыдан сұраған соң) Иә, дұрыс айтасыңдар, олай
болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: шаршы топ алдында
сөйлеу мәдениеті.
-
Сөз құдіреті шексіз. Сөздің киесін ұққан өнер иелері
болған. Соның бірі-Демосфен.
Ел аузында «Цицерон сөйлегенде халық көзіне жас алған,
ал Демосфен сөйлегенде олар үйіне жетіп, шешеннің айтқанын
істегенше асыққан» деп бекер айтылмаған. Бірақ Демосфен өмірі
қызыққа толы, яғни, ол бірден шешен бола қойған жоқ. Тілінің
мүкісі бар, р-ға тілі келмейтін, сақау Демосфен алғаш шаршы
топқа шыққанда, күлкіге қалып, жұрт оны ортадан қуып шыққан.
Бірақ ішкі рухы мықты жан морт сынбай, керісінше, «мен қалай
да шешен болам, жұртқа сөзімді тыңдатам» деп алдына мақсат
қойып, жігерін қамшылаған. Р әрпін ол қарсы алдына күшікті
қойып, соның ызасын келтіріп, ырылдағанына қарап үйренген. Ал
дауысын шығару үшін теңіз жағасына барып, тілінің астына малта
тастарды толтырып, толқыған теңіз шуылымен жарыса сөйлеген.
Ал осының бәрінен оны ешкім алаңдатпас үшін ол не істегенін
білесіңдер ме? Жұрт көзінен біршама уақытқа тасалану үшін
Демосфен тіпті басындағы шашының жартысын алып тастаған.
Солайша сыртқа шығудан өзін шектеген. Осындай жанкешті
әрекетінің арқасында ол Демосфен шешен атанған.
- Алдымен, балалар, біз бөлініп алсақ? Себебі біз бүгін топ
болып жұмыс жасаймыз.
5-сынып (сары түс)
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле,
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үгілмейді.
6-сынып (қызыл түс)
38
39
Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс,
Жаманға айтқан сөзден
жақсыға айтқан сөз дұрыс,
Айтылмай қалған сөзден,
Айтылып қалған сөз дұрыс.
Сөйлемес жерді білсең,
Сөйлемес жерде сөйлемей қалуды білсең,
Сол дұрыс.
6-сынып (көк түс)
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың – әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат!
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
1-топ-Шешендер.
2-топ-Ділмарлар.
3-топ- Билер.
Ақыл ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар. (Абай)
А. Жаңа тақырыпқа шолу жасау; мағлұмат беру.
Тақтаға назар аударайық (саяхатшы, зерттеуші А.Янушкевичтің
сөзін жатқа оқып беру)
Мен қазақ ақынының суырып салма өнерін, асқақтата салған
әнін тыңдап, ерекше әсерге бөлендім, бұдан бірнеше күн бұрын
екі ел егесінде шаршы топтың алдында сөз сөйлеген шешендерді
көрген едім,сонда мен тумысында Демосфен, Цицерондарды естіп,
білмеген жандардың жезтаңдай ділмарлығына таң-тамаша болған
едім. Ал бүгін менің алдымда не оқи, не жаза білмейтін ақындар
бұлбұлдай сайрап отыр. Жаратқан иесі мұндай өнер берген халық
мәдениет әлеміне өгей болуға тиіс емес…
Кез келген адамның көпшілік алдына шығып сөйлеуге батылы
жете бермейді.
Жұрт алдына шығып сөйлеудегі қиындықтар:
1. Сөйлеуші мен тыңдаушының байланысы бетпе-бет
болғандықтан, елді ұйыта білуі қажет.
2. Ауызша сөйлейтіндіктен, көп ізденіп, жаттығу керек.
3. Тыңдаушыны жалықтырып алмау үшін дауысты құбылту
керек.
Жұрт алдында сөйлеуге әзірленгенде, топ ерекшелігі ескерілуі
тиіс.Сөзді тыңдату үшін мыналар қажет:
1. Қарым-қатынасқа түсе білу.
2. Тыңдаушының назарын аудара білу.
3. Сыпайылық таныту, мәдениеттілік.
4. Тыңдаушының көңілінен шыға білу.
Жұрт алдында сөйлеуге машықтану жолдары.
Жұрт алдында сөйлеуге дайындық бірнеше сатыдан тұрады:
- психологиялық дайындық;
- нақты сөзге дайындық;
- күнделікті дайындық.
Шешен өзіне сенетіндей жағдайға жетуі тиіс.Тапқырлық,
сабырлылық, батылдық қажет.
Психологиялық дайындық тыңдарман жөніндегі мәліметтерге
сай жүргізіледі, онда тыңдаушылардың жасы, ортасы,
мамандықтары ескеріледі. Сөйлеуші минутына 100-200 сөз айтуға
әзірленуі тиіс. Сөйлеу техникасын, дауыс мәнерін меңгеруі қажет.
Бет-жүз құбылысын анықтау үшін айнаға қарап тұрып сөйлеу
керек. Алға-артқа жүріп те жаттығу керек.
Жылы жүзбен, жұмсақ дауыспен сөйлеуге дайындалып,
дағдылану қажет. Сұрақ-жауап ретінде қатынасты дамытуды
үйренуі керек. Үйретуші ретінде баруға болмайды, тым білгіш
болу да қауіпті, көптің көңілінен шықпай қалуы мүмкін.
Нақты сөзге дайындық:
1. Сөйленетін сөздің тақырыбын анықтау.
2. Мақсатты айқындау.
3. Материалды іріктеу.
4. Әдебиетпен жұмыс.
5. Өз ұстанымының болуы.
6. Жоспар арқылы сөйлеуге әзірлік.
7. Дауысты құбылта білу.
Кіріспе сөз.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады,
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.