15
№22 (131) 12 июня 2018 г.
bilimdi_el@mail.ru
Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz
Маңғыстау облысы
Жүзден жүйрік шыққандар
Менің тәжірибем
Білім беру мекемелеріне жас
мамандардың, оның ішінде жі-
гіттердің жұмысқа келуі, қиын-
дығы мол ұстаздықты таңдауы
өте жақсы құбылыс.
Зейнеп ҚАЛАУБАЕВА,
№21 ОМ директорының
әдістемелік жұмыстар
жөніндегі орынбасары
Ақтау қаласы
Сапалық құрамға талдау жасағанда жас
мөлшері 50-60 арасындағылардың үлес
салмағының басым екендігі көптеген білім
мекемелеріне тән көрініс. Ақтау қаласында
90 жылдары ашылған, облыстың, қаланың
білім беру ісінде өзіндік қолтаңбасы бар мек-
тебімізге соңғы жылдары жастардың көптеп
келуі көз қуантады, олардың алға ұмтылған
іс-әрекеттері көңіл тоғайтады. Тек биылғы оқу
жылында мектебіміздің көрсеткіштерін жоға-
ры көтеруде жастардың қосқан үлесі зор бол-
ды. «Жас мамандар слетіне» қатысқан білім
ошағымыздың командасы жүлделі 2-орын
иеленсе, бейнелеу өнері пәні ұстазы Досат
Дәрібекұлы 1-орын, биология пәні мұғалімі
Өтебай Даулетов, математика пәні ұстазы
Сәуле Аленова, ағылшын тілі мұғалімі Пери-
зат Сексенова 3-орын алып, жеңіс тұғырынан
көрінді. «Ағылшын тілі бойынша олимпиада
тапсырмаларын орындау» байқауынан жас
маман Ғайша Бекқали 2-орын, «Үздік пси-
холог-2017» байқауына қатысқан қос маман
Гүлжазира Исанбай мен Махаббат Тасбола-
това 1 және 2-орындарды иеленді. Дәл осы
доданың облыстық кезеңіне қатысқан Гүлжа-
зира Исанбай жүлделі 2-орын қанжығалады.
«Тілші мұғалімдер» олимпиадасының қа-
лалық және облыстық кезеңдеріне қатысқан
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұма-
гүл Мұрсалова 1-орын жеңімпазы болды. Ол
сонымен бірге «Әбіш оқулары» байқауының
қалалық, облыстық, республикалық кезеңінің
«Сахналық қойылым» жеңімпаздарын дай-
ындаған шебер ұстаз. Осы жарысқа қатысқан
ағылшын тілі маманы Нұргүл Тәжіғұлова
жүлделі 3-орынды иеленді. География пәні
мұғалімі Майра Жанғалиева қалалық «Жара-
тылыстану пәні мұғалімдерінің олимпиада-
сының» 3-орын, «Үздік сынып жетекші-2018»
байқауының 2-орын иегері. Бастауыш сынып
мұғалімдері Айтолқын Әбішбаева, Ұлболсын
Лабақова, Жанира Өмірханова қалалық сай-
ыстар мен байқаулардың биылғы жеңімпаз-
дары, білім мазмұнын жаңарту бойынша өз
жұмыстарын нәтижелі жүргізіп келе жатқан
жас мамандар.
Биылғы оқу жылында технология пәні
мұғалімдері жемісті еңбек етті. Өздері қа-
тысқан сайыстардан жеңіс тұғырынан көрін-
се, дайындаған шәкірттері қалалық, облыс-
тық жарыстардың жүлдегерлері атануда.
Технология пәні мұғалімдері Зәуре Қалды-
баева қалалық доданың 3-орнын, Қадірхан
Семірханов 2-орнын иеленді. Қадірхан «Ше-
берлік сынып сағаты-2018» байқауының об-
лыстық кезеңінен 2-орын алды.
«Үздік педагог-2018» сайысының 2-орын
жеңімпазы Мирамкүл Байталасова білікті
ұстаз, шебер маман, білімді тарихшы. Ма-
мыр айында өткізілген «Үздік интеллекту-
алды сайыс сабақ» қалалық байқауына қа-
тысқан химия пәні мұғалімі Алтынай Сарсен
жүлделі 2-орынды бағындырды. Алтынай
жаратылыстану цикліндегі пәндерді үш
тілде оқыту бойынша арнайы курстан өтіп,
С1 деңгейін игерген маман.
Жас маман, биология пәнінің мұғалімі
Бексұлтан Майрамов (С1 деңгейлі) биология
пәнін ағылшын тілінде беруді тәжірибесіне
енгізуді жолға қойып отыр. «Эстетикалық
пәндер мұғалімдерінің олимпиадасына» қа-
тысқан жас мамандарымыз «Өзін-өзі тану»
пәні мұғалімі Әсел Бимурзаева мен бейне-
леу өнері пәні мұғалімі Досат Дәрібекұлы
ынталандыру марапатына ие болды. «Үздік
сындарлы сабақ-2018» додасының облыс-
тық кезеңінде 2-орын иеленген жоғары са-
натты бастауыш сынып мұғалімі Ақтолқын
Қанатбаева мектеп көшбасшыларының бірі,
жауапкершілігі мол, ұлағатты ұстаз. Ақтау
қаласының 55 жылдық мерекесіне орай өт-
кізілген 55 жастағы аналар қатыстырылған
қалалық шараның «Сымбатты ана» номи-
нациясын жеңіп алған Ғайни Жұмасатова
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі.
Былтыр «Ғасыр індетінен сақтанайық» тақы-
рыбында өткен сынып сағаттар байқауының
қалалық кезеңінде 2-орын иеленген ағыл-
шын тілі мұғалімі Айгерім Тлегенова мектеп-
те «Жас ұстаз» шығармашылық тобына же-
текшілік етеді. Мектеп абыройын асқақтатқан
жеңістерге үлес қосқан мұғалімдерге айтар
алғысымыз шексіз.
Бүгінгі шәкірт – ертеңгі
ел тізгінін ұстар мем-
лекетіміздің болашағы.
Қазіргі таңда жас ұр-
паққа сапалы білім мен
саналы тәрбие беруге
мемлекеттік деңгейде
мән берілуде.
Бағдагүл ДЮСЕҒАЛИЕВА,
№21 ОМ бастауыш сынып
мұғалімі
Ақтау қаласы
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қа-
зақстан халқына Жолдауларында
«Ұлттың бәсекелестік қабілеті, ал-
дымен оның білім деңгейімен ай-
қындалатыны» атап көрсетілген.
Олай болса, еліміздің болашағы
– жас ұрпақты жан-жақты білімді,
жоғары мәдениетті, ой-өрісі және
шығармашылық қабілеті дамыған
жеке тұлға етіп тәрбиелеуде баста-
уыш сынып мұғалімінің алатын орны
ерекше. Заманның сұраныстарын
қанағаттандыруға және оқушыны
тұлға ретінде қалыптастыру үшін
оқытудың қазіргі технологияларын
пайдаланып, оны одан әрі жетілдіре
отырып, бастауыш сынып оқушысы-
ның жас ерекшелігіне сай тиімдісін
таңдау және оқу үрдісінде пайдала-
ну мұғалім алдындағы басты міндет.
Жаңа технологияларды қолдану
барысында мұғалім пәнді өзі жетік
терең біліп, оны балаларға қарапай-
ым тілмен, өмірмен байланыстыра
отырып беруі, оқушылардың жеке
басының психологиясын (жан дүние-
сін) жете біліп, әр баланың жүре-
гіне жол табуы, әр шәкіртке, бүкіл
сыныпқа талап қоюы, әр сабақта
ғылым мен техника жаңалықтарын
дұрыс қолдана білуі қажет.
Сабақта балалардың пәнге де-
ген қызығушылығын арттыру үшін
әртүрлі қызықты әдіс-тәсілдерін
пайдалану сияқты қағидаларды
есте сақтаған жөн. Өз тәжірибемде
оқушының шығармашылық қабілетін
қалыптастыру үшін «Дамыта оқыту»
мен «Сын тұрғысынан ойлау» техно-
логияларын ұштастырып пайдала-
намын. Тіл сабақтарында баланың
ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін,
тұжырым жасау дағдыларын қалып-
тастыру мақсатында ата-бабалары-
мыздың баға жетпес асыл мұрасы
ауыз әдебиеті үлгілерін оқып, үй-
ренуде сөзжұмбақтар, анаграмма-
лар, ребустар шештіріп, проблема-
лық ахуал туғыза отырып ізденіске
жетеледім. Ойын түрінде берілген
тапсырмалар арқылы балалардың
ой белсенділігі артады, пәнге деген
қызығушылығы оянады. Математи-
калық түрлі тапсырмалар арқылы
оқушының ақыл ойын дамытып,
шапшаңдыққа, тапқырлыққа жете-
ледім. Өз бетімен жұмыстар тест,
бақылау, шығарма, жазба арқылы
топпен жұмыс істеу дағдылары қа-
лыптасып, білім деңгейлерін баға-
лау және бақылауға мүмкіндік туғы-
зады.
«Дамыта оқыту» технология-
сымен қатар оқушының шығар-
машылықпен ойлауы, қабілетінің
дамуы, білуі мен танымдық белсен-
ділігін арттыру үшін «СТО» страте-
гияларын өз тәжірибемде пайда-
ландым. Шәкірттің қызығушылығын
оятуда «Болжау», «Топтастыру»,
«Суретті көрнекілік», мағынаны
ашуда
«ББҮ»,
«Семантикалық
карта», «Кластер», «ВЕНН» диа-
граммасы, ой толғауда «Бес жол-
ды өлең», «Эссе», «Галереяға
саяхат» стратегияларын қолданып,
сабағымды түрлендіріп отырдым.
Осындай сан қырлы жұмыстардың
нәтижесінде балалардың сабаққа
деген қызығушылығы артып, пән-
аралық байланыс туғыздым. Олар-
дың дүниетанымы кеңейеді, ізденіс
пен белсенділігі артады, сөздік қоры
молайып, өз ойын дәлелдеуге үйре-
неді, өз бетімен жұмыстанып, логи-
калық ойлауы мен шығармашылық
қабілеттері артады. Педагогикалық
оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де
еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдай-
ларға орай солардың бірнешеуінің
жиынтығын түрлендіре үйлесімді,
әрі шығармашылықпен қолдану
ұстаз шеберлігінің басты белгісі.
Оқыту технологияларының осылай-
ша ұштастырылуы оқытуда табысқа
жетуге негіз болмақ.