Қадыр Жадыра «Тикилп 22-11» 1-курс Байланыс телефон



жүктеу 16,05 Kb.
Дата31.10.2022
өлшемі16,05 Kb.
#39924
Қадыр Жадыра ЭССЕ


«Алматы технологиялық университеті»
Қадыр Жадыра
«ТиКИЛП 22-11» 1-курс
Байланыс телефон: +7 707 183 7278
Почта : Kadyrzhadyra03@gmail.com


Эссе
Тақырыбы: «Менің арманымдағы Қазақстан»

Менің арманымдағы Қазақстан

Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға.


Қазір алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты.


Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының биыл «Жастар жылын» жариялап, Жарлыққа қол қоюы еліміздің тарихында ұлт Көшбасшысы мен мемлекет тарапынан жастарды қолдауға жасалған теңдессіз қадам деп білемін.


Қарап отырсаңыз, биыл тұтас бір жыл жастарға арналып отыр. «Осы кезеңде қандай нәрсеге баса назар аударған дұрыс? Біз, жастар өзгеріске қалай дайындалуымыз керек? Мемлекет пен қоғамға пайдамыз тию үшін не істеуіміз керек?» деген сауалдарды мақсаты бар әр жас азамат өзіне қою керек.


Иә, ақын, педагог М.Жұмабаев айтпақшы мына қоғам «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» жалындаған жастарға иек артады, соларға сенеді. Еліміздің өсіп өркендеуі үшін, жас мамандардың ойының ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды. Қандай мамандық иесі болса да, өз істеріне жауапкершілікпен қараған адамның, жетер жетістігі де өте көп болмақ. Иә, 2019 жыл «Жастар» жылы болып бекітілді. Яғни бұл дегеніміз, жастарға деген сенімділік пен оларға қолдау көрсету. Болашағының жарқын болып, ойлаған арманын іске асырып, алдына тың жоспар қоя білген әр жас маман буынға осы жыл таптырмас мүмкіндіктердің бірі. Мен де жас маман ретінде, елімнің болашағы үшін еңбек етемін. Таңдаған мамандығымның арқасында, көп нәрсені біліп және әлі де ізденіп келемін.


Ізгілік пен ізденісті тұмар қылған мен жан-жақты білімділікті, шәкіртке деген шуақты көзқараспен қарауды, әр оқушының бойына үңілуді, олардың жан дүниесін түсінуді, мүмкіндік беруді үйреніп келемін. Үнемі шәкірттеріммен тығыз байланыста болып, олардың ойымен санасып, көкейіндегі арманын тыңдап, сол бойынша бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол нұсқап, екінші анасы ретінде көмектескенім үшін өзімді ерекше бақытты сезінемін.


Мен – жас маманмын: соның ішінде ұстазбын! Кешегі балғын бөбектен «адам» деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар тегінде. Даналықтың қайнар көзі — білім. Даналыққа жету жолы қиын да ұзақ


Ұстаз – ол көшбасшы. Жаңа қоғам мұғалімі – рухани бай, әлеуметтік жетілген, шығармашыл тұлға. Өз ісінің маманы, педагогикалық әдіс – тәсілдердің қолданудың хас шебері. Әрдайым жеке бас дамуына ұмтылатын, болып жатқан заман талабына тез бейімделе алатын жаңа қоғамның дара тұлғасы болу керек. Бүгінде жаңа өмір жолын бастаған жас мамандар арасында педагогикалық мамандықты таңдаған менің қатарластарым жыл сайын көбейіп келеді. Бұл болашаққа жасаған ой-жоспарыңды қиялдатады, көңілге қуаныш ұялатады.


Біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін және алған білімін әлемдік өркениетпен үндестіре білетін өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуіміз қажет. Қазіргі жастар өкінішке қарай, қандай да бір ақпаратты кітаптан емес, ғаламтор желісінен алатыны баршамызға белгілі. Егер заманауи элементтерді қолдана отырып, тарихи фильмдер түсірілсе, жаңа технологиялардың көмегімен ерекше көрмелер ұйымдастырылса, жас ұрпақтың қызығушылығы артатыны сөзсіз. Сондықтан да мен кішкене де болса Нұржау жалпы орта мектебінде аталған бағдарлама тұрғысында жұмыс жасап келемін. Өзім ағылшын тілі пәні мұғалімі болғандықтан, тұңғыш Елбасымыз әрқашан айтып жүрген үш тілділіктің жүзеге асуына бар мүмкіндігім мен күшімді жұмсаймын.


Ағартушы-педагог Мағжан Жұмабаев: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы» деген еді. Ал, жазуымыздың латын әліпбиіне көшуі өте дер кезінде қозғалған бастаманың бірі деп едім. Өйткені, тарихтан белгілісі, бұған дейін де қазақ халқы латын қарпін қолданды. Мен алдағы уақытта және болашақта әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетін байланыстырып, Абай бастаған әдебиет асылдарының туындыларын ағылшын тіліне аударып, оны әлемге танытқым келеді.


Мектеп ұжымының, оның ішінде мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы маған деген ниеті де, пейілі де тіпті ерекше болды десем артық айтқандық емес. Міне, ұйымшыл ұжымның бірлігінің арқасында көп нәрсені үйреніп, өзімнің шәкірттерге сапалы білім беріп жүргенімді мақтаныш етемін. Елбасымыздың жас мамандарға деген қамқорлығына ,әрине, бәріміз шексіз ризамыз.


«Жастар жылы» – жастарға арналған зор мүмкіндік, онда бастау алатын «Жас маман» бағдарламасы жастарға кездесетін қиындықтарды еңсеруге көмектеседі. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету, жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында да игілікті шаралар қолға алынып жатқаны қуантарлық. Әрбір маманның өз жұмысы, сол жұмысының қиындығы мен қызығы бар. Медицина саласы адам жаның дәрі-дәрмекпен, мейіріммен емдесе еліне шипа берсе, экономика саласы еліміздің экономикасын қадағаласа, ал мұғалім баланың шабытын оятып, білімін жетілдіре түсуге көмектеседі. Ұлы ағылшын ағартушысы, Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»- дегендей осы мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін, себебі мен еліміздің жас білім алушыларына шамшырақ қылып жағу, болашаққа бағыт-бағдар беру, «менін» қалыптастыру шығармашылыққа баулу, бәсекеге қабілетті тұлға етіп шығару мәртебесі- біздің елімізде және осы сенімнен шығуда аянбай еңбек ететін боламын!


Бізде, шыны керек, бүгінде білімді әрі еңбекке икемді болғанымен өз бағдарын білмей жүрген жастар көп. Сондықтан да біз оларға үлгі бола отырып, сол жас буыннан құралған еліміздің қуатты күшін бір арнаға тоғыстыруымыз керек есептеймін.


Осындайда айтқым келетіні: жоғарыдағы, әртүрлі саладағы аға буын жастарға жоғарыдан төмен қарап, «бұларды үйрету керек» деген психологиядан әлі арыла алмай келеді. Бірақ, бұл бүгінгінің басты өлшемі емес деп есептеймін.


Қиындығы мен қызығы қатар жүретін маман иесі болғанымды мақтан тұтамын! Иә, жастар – қозғаушы күш. Жастар – елдің ертеңі. Олардың жасампаздыққа ұмтылысы, білім шыңына өрмелеп, елге қосар үлесі – жарқын болашақ кепілі.
Бүгінде білімді де білікті, еңбекқор да отан сүйгіш, көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатар жас ұрпақтың жарқын болашағына жұлдызды жол салатын, құзіретті тұлға, жас маман — біздерміз!
Ұстаз деген ұлы мамандықтың тұтқасын ұстап, тамырдай жан-жаққа тарамдалған мектеп тынысына, ұстаздың тынымсыз тіршілігіне қанығып, келе жатқан жас мамандар, алар асуларыңыз алда болсын!
жүктеу 16,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау