Құрамы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төраға



жүктеу 87,24 Kb.
Дата05.03.2018
өлшемі87,24 Kb.
#11447
түріҚұрамы

2


ҚазақстанРеспубликасы

Премьер-Министрiнiң

2017 жылғы « »

№ өкiмiне 1-қосымша



Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту

жөніндегі үйлестіру кеңесінің

құрамы

 

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төраға



Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, төрағаның орынбасары

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, хатшы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

«Центр Кредит банкі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдау орталығы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор (келісім бойынша)

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы (келісім бойынша)

«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

«Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

«ForteBank» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

«Қазақстан индустриясын дамыту институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

«Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

«RESMI» компаниялар тобы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

«Ресей жинақ банкі» акционерлік қоңамы еншілес банкінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

«Caspian Group» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

«Нұр Отан» партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары (келісім бойынша)

«Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

«Белкамит» бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша)

«Тау-кен өндіру металлургиясы және тау-кен кәсіпорындары республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Инвестициялық жобалар департаментінің директоры (келісім бойынша)

«Беккер және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

«G4 City» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

«Алматы СИТИК Қазына Эдвайзер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

«Самұрық-Қазына Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісім бойынша)


_________________________

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң

2017 жылғы « »

өкiмiмен бекітілген



Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер



 

1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) экономиканың орнықты әрі теңгерімді өсуі және елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылды.

2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.

4. Үйлестіру кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болады.

 

 



2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары

 

5. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:



1) дамуы елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту көзқарасы тұрғысынан маңызды болып табылатын өнеркәсіптің нақты кіші салалары мен секторларын айқындау;

2) үдемелі индустриялық-инновациялық даму жолымен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

3) ел экономикасын қамтамасыз ету үшін іске асыру қажет үдемелі индустриялық-инновациялық, инвестициялық және экспорттық саясат іс-шаралары;

4) Үйлестіру кеңесінің орталық және өңірлік салалық жұмыс топтарының қызметін үйлестіруі бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.

6. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында мыналарға:

1) үдемелі индустриялық-инновациялық, инвестициялық және экспорттық саясатты іске асыруға тікелей немесе жанама әсер ететін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыруға тұжырымдамалық көзқарастарға;

2) мемлекеттік даму институттарының, холдингтердің келісілген инвестициялық саясатын қамтамасыз етуге, олардың арасында ақпаратпен тиімді алмасу мен инвестициялық және инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыруға;

3) инвестициялық ахуалды жетілдіруге және ел экономикасының шикізатқа қатысты емес секторына тікелей шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға;

4) қазақстандық бизнестің шетелдік нарықтарға шығу үдерісін нысаналы жүйелік қолдауды ұйымдастыруға;

5) бизнес-бастамалар мен инвестициялық жобаларды тексеруге;

6) инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдеріне қатысты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функцияларды орындайды.

 

 



3. Үйлестіру кеңесінің құқықтары

 

7. Үйлестіру кеңесінің өз құзыреті шегінде:



1) үдемелі индустриялық-инновациялық дамуды іске асыру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды және нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобаларын, сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша жасалған жұмыс туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізуге;

2) өз жұмысына мемлекеттік органдардың басшыларын, ғалымдарды, сарапшыларды және мамандарды тартуға;

3) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға;

4) салалық жұмыс топтарын құруға;

5) Үйлестіру кеңесі отырыстарының хаттамаларын бекітуге;

6) Үйлестіру кеңесінің, салалық жұмыс топтарының жұмыс жоспарларын бекітуге;

7) өз қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс топтарын құруға.

8) жергілікті үйлестіру кеңестеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға құқығы бар.

 

3. Жұмысты ұйымдастыру



 

8. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары атқарады.

9. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.

10. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жіберілуі тиіс.

11. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы:

1) Үйлестіру кеңесінде қарауға арналған ұсыныстарды жинауды жүзеге асырады. Үйлестіру кеңесінің қарауына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар енгізетін ұсыныстарды қалыптастырады;

2) Үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылайды;

3) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты сұратады.

12. Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілгеннен кейін Үйлестіру кеңесінің хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылмайды.

13. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

Үйлестіру кеңесі мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Үйлестіру кеңесі отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.

Үйлестіру кеңесінің отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Үйлестіру кеңесінің хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне келісу үшін жібереді.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

14. Үйлестіру кеңесінің отырысын Үйлестіру кеңесінің төрағасы өз бастамасы, Төраға орынбасарының бастамасы, не Үйлестіру кеңесі мүшесінің бастамасы бойынша Үйлестіру кеңесінде қарауға ұсынылатын материалдар негізінде шақырады.

15. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады. Үйлестіру кеңесінің мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.

16. Дауыс беру парақтарымен қоса, Үйлестіру кеңесінің материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы жүзеге асырады.

 

4. Үйлестіру кеңесінің қызметін тоқтату



 

17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Үйлестіру кеңесінің қызметін тоқтату үшін негіздеме болып табылады.




_________________________
жүктеу 87,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау