Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогика-
лық университетінде
«Дара» психология
лықпедагогикалық
түзету орталығы
ашылды.
Оның ашылу рәсіміне ҚР
Мемлекеттік хатшысы Гүлшара
Әбдіқалықова, жоғары оқу орын-
дарының басшылары мен үкімет-
тік емес ұйым өкілдері қатысты.
Жоба Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық универси-
теті мен «Дара» жеке қайырым-
дылық қоры және Алматы қаласы
білім беру басқармасы арасын-
дағы өзара келісім-шарт негізінде
жүзеге асырылып отыр.
Мақсат – инклюзивті білім беру
ұстанымдарын іске асыру, Қа-
зақстандағы арнайы білім беруді
қолдау, мүмкіндігі шектеулі бала-
ларды білім беру ресурстарымен
қамтамасыз ету және болашақ
педагог мамандарға практикаға
бағдарланған білім беруді дамыту.
Орталықтың ашылу рәсімін-
де Гүлшара Әбдіқалықова оның
маңызы туралы атап өтті.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарба-
ев арамыздағы барлық мүмкіндігі
шектеулі жандар қоғам өміріне
белсенді араласуына жағдай жа-
сау қажет деп айтқан болатын.
Олардың қоғамнан тыс қалмауы-
на соңғы уақытта мемлекет тара-
пынан жіті көңіл бөліне бастады.
Бұл – біздің басты міндетіміз. Қа-
зақстан мүгедектердің құқығын
қорғау туралы Конвенцияға қо-
сылып, Елбасы құжатты 2015
жылы ратификациялаған бола-
тын. Бұл шараның маңызы өте
зор. 2016 жылы білім және ғылым
саласында үлкен бағдарлама қа-
былданды. Оған сәйкес осындай
педагогикалық-психологиялық тү-
зету орталықтарын ашу міндеті
қойылды. Республика бойынша
бүгінде 176 кабинет ашылған.
2019 жылы олардың санын 220-ға
жеткізу жоспарда бар. Елбасымыз
айтқандай, балаларға кедергісіз
орта жасауда осы орталықтың
үлесі зор болмақ, – деді Гүлшара
Наушақызы.
Орталықта 7 жасқа дейінгі
жарымжан және мүгедек сәби-
лер мен жеткіншектер емделіп,
емдік-сауықтыру шаралары жүр-
гізіледі. Бұл қызметтердің барлығы
да тегін көрсетілмек. Балаларға
тифлопедагог, логопед, дефек-
толог, психолог, дене шынықты-
ру мамандары қызмет жасайды.
Орталықта педагогтермен қатар
студенттер де жасөспірімдердің
тұрмыстық-әлеуметтік дағдыла-
рын қалыптастыруға көмектесіп,
оларды балабақша мен мектепке
дайындайды. Алдағы уақытта ор-
талық қызметін 200-ге жуық бала
пайдаланбақ.
– Мемлекет тарапынан ба-
лаларға ерекше көңіл бөлініп,
олардың болашағына әрқашан
қамқорлық жасалып келеді. Бұл
– ертеңгі күннің табысы. Келе-
шекке салынған инвестиция. Сон-
дықтан да қазақстандық педагог-
тердің алдында жаңа міндет тұр.
Ол – балалардың жеке қабілетін,
дарынын, бейімділігін анықтау
және оны дамыту, соның негізінде
олардың болашағына бағыт беру,
өз заманының озық өнегесін са-
насына сіңіру. Бәсекеге қабілетті
жас ұрпақ дайындау. Универси-
тет базасында ашылған «Дара»
педагогикалық-психологиялық тү-
зету орталығы мүмкіндігі шектеу-
лі балалардың бойында ада-
ми қасиеттерді қалыптастырып,
олардың өмірге деген құштарлық
сезімдерін ояту, ой-өрістері мен
ойлау қабілеттерін жетілдіріп,
толыққанды азамат дәрежесіне
жеткізу мақсатында жұмыс жаса-
мақ, – деді қыздар университетінің
ректоры Гаухар Алдамбергенова.
Оның айтуынша, әлеуметтік
әділдік, теңдік, өзара сыйластық
пен қамқорлық туралы ниетті тек
қана мемлекет емес, азаматтық
ортаның өзінің көтеруі – қоғамы-
мыздың кемелденгенін, жаңғырға-
нын көрсетеді.
Жандар АСАН,
ҚазМемҚызПУ
Баспасөз және қоғаммен
байланыс бөлімінің
басшысы
сайтымыз : www.bilimdinews.kz email: bilimdi_el@mail.ru тел.: 8 (7172) 57-80-01, 8(701)5124250
«Білімді ел – Образованная страна» газетіне «Қазпочта» АҚ кез келген бөлімшелерінде жазылуға болады!
Подписка на газету «Білімді ел – Образованная страна» – в любом отделении АО «Казпочта»!
Газет сіздер үшін үлкен құрметпен басылады! Газета с любовью издается для вас!
сайтымыз : www.bilimdinews.kz
email: bilimdi_el@mail.ru
тел.: 8(7172) 254-770, 8(708)425-47-70, 8(701)512-42-50, 8 708 425 6340
Газета выходит при информационной поддержке Министерства образования и науки Республики Казахстан
№22(131)
вторник
12 июня 2018
Республиканская образовательная общественно-политическая газета
б
www.bilimdinews.kz
индексі
64603
Жазылу
АО «нк «Kazakh Tourism» и газета
«Білімді ел – Образованная
страна» объявили конкурс на
лучший материал об опыте
путешествия внутри казахстана и
посещении туристских объектов
родного края
казахстанская делегация приняла уча-
стие в 29 национальном чемпионате
WorldSkills в Финляндии в городе
Тампере «Taitaja-2018» – подробно
об этом Алма дОщАнОвА, директор
костанайского политехнического
высшего колледжа
в канун профессионального праздника
интервью с заведующим кафедрой
хирургических болезней №1 Медицинского
университета «Астана», доктором
медицинских наук, профессором Абылаем
ШАкенОвыМ – о качестве образования,
видении медицины будущего
стр. 10
стр. 7
стр. 24
Қыздар университетінде түзету орталығы ашылды