Қазақ мемлекеттік



жүктеу 11,68 Mb.
Pdf просмотр
бет18/19
Дата21.11.2018
өлшемі11,68 Mb.
#23031
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

18

№22 (131) 12 июня 2018 г.

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



Алғаш рет қа-

зақстандық білім 

ордасы – әл-Фараби 

атындағы Қазақ 

ұлттық университеті 

әлемдегі ең үздік 800 

университеті ара-

сында 220 орынға ие 

болып, QS «World 

University Rankings»  

халықаралық 

рейтингісінде тағы 

16 орынға алға 

шықты. Бұл топ- 

қа посткеңестік 

кеңістіктен тек екі 

университет кіреді: 

ҚазҰУ және Ломо-

носов атындағы 

Мәскеу мемлекеттік 

университеті (РФ).

Елбасы Қазақстанның жоға-

ры  оқу  орындарына  әлемдегі 

ең  үздік  200  ЖОО  қатарына 

кіру міндетін қойып отыр. ҚазҰУ 

әлемдік  кеңістікте  мойын-

далған  еліміздің  жетекші  уни-

верситеті  ретінде  осы  маңыз-

ды  мемлекеттік  тапсырманы 

іске  асыру  бойынша  мақсатты 

жұмыс  атқаруда.  Соңғы  бес 

жылда  жоғары  оқу  орны  «QS  

WUR»  рейтингісінде  400-ден 

астам  позицияға  көтерілді. 

Әлемдік  тәжірибеде  бірде-бір 

университет  осындай  өсу  ди- 

намикасына қол жеткізбеген! 

QS әлемдегі барша мемле-

кеттермен  танылған  беделді 

және  көптеген  жылдар  бойы 

әлемдегі  үздік  жоғары  оқу 

орындарының  жаһандық  рей-

тингісін  жүргізіп  келе  жатқан 

ықпалды  халықаралық  агент-

тіктердің бірі екендігі мәлім.

ҚазҰУ-дың  осы  рейтингіде 

табысты  ілгерілеуінің  маңыз-

ды  факторы  −  кең  ауқымды 

құрылымдық  модернизация, 

нәтижеге  бағытталған  басқа-

рудың  жоғары  тиімділігі,  сон-

дай-ақ,  соңғы  бес  жыл  ішінде 

40  пайызға  өскен  бірегей  ин-

фрақұрылымның 

қарқынды 

дамуы  болып  отыр.  Әлемдік 

деңгейдегі  зерттеу  универси-

тетіне  айналу  бағытын  сақтай 

отырып,  ҚазҰУ  медицина-био-

логиялық  және  инновациялық 

ІТ кластерін қалыптастыру бой-

ынша  жұмыс  жасауда,  оның 

негізін  жаңа  суперкомпьютер 

құрайтын болады.

Сондай-ақ,  университеттің 

әлемдік  деңгейде  танылуы 

ҚазҰУ-дың  тұрақты  даму  бой-

ынша  БҰҰ-ның  «Академиялық 

ықпал»  бағдарламасының  Ға-

ламдық хабы ретінде белсенді 

қызметімен  және  оның  халық- 

аралық  жобаларымен  де  бай- 

ланысты.  Олардың  ішінде, 

ҚазҰУ  ұсынған  инновациялық- 

технологиялық  және  рухани- 

адамгершілік  платформалар-

дың  симбиозына  негізделген 

«Университет  4.0»  жаңа  буын 

университетінің моделі бар.

Бүгінде  ҚазҰУ-дың  таңға-

ларлық  тәжірибесін  әлемнің 

жетекші білім ордалары зерт-

теу үстінде. Бұл оның жоғары 

бәсекеге  қабілеттілігінің  көр-

сеткіші деуге болады. Жетекші 

қазақстандық  жоғары  оқу  ор-

нының  әлемдік  ғылыми-білім 

беру  кеңістігіндегі  артып  келе 

жатқан  рөлін  ескере  отырып, 

«QS Worldwide» Атқару кеңесі 

2019  жылдың  қыркүйегінде 

әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ 

негізінде  бүкіләлемдік  форум 

және  жоғары  оқу  орындары-

ның  халықаралық  көрмесін 

өткізу  туралы  шешім  қабыл-

дады.  Осындай  ауқымды 

іс-шараны  өткізу  Қазақстан-

ның өсіп келе жатқан беделін 

айғақтайды  және  елдің  жоға-

ры білім беру жүйесін әлемде 

алға жылжытуға ықпал ететін 

болады.

әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы-

ның Франциядағы Төтенше 

және Уәкілетті Елшісі Фи-

липп Мартинэ жұмыс сапа-

рымен С.Торайғыров атын-

дағы Павлодар мемлекеттік 

университетінде болды. 

Кездесу  барысында  Ф.Мартинэ 

Францияда  білім  алудың  артықшы- 

лықтары  туралы  айтып  берді.  Соны- 

мен  қатар,  Франция  Республикасы- 

ның  Сыртқы  істер  министрлігі  және  

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  ара-

сындағы  келісім  шеңберінде  жұмыс 

істеп  жатқан  «Абай-Верн»  шәкіртақы 

бағдарламасы жөнінде әңгіме өрбітті. 

− Білім алушыларға 100 грант ұсыны-

лады. 90 грант екінші жыл оқып жатқан 

магистранттарға  арналса,  10  грант  қа-

зақстандық  жоғары  оқу  орындарының 

докторанттары  арасында  үлестіріледі. 

Басымдық берілетін салалар жоқ. Фран-

цияда білім алғысы келетін әр студент 

2018  жылдың  15  маусымына  дейін 

өтініш білдіре алады, – деді Ф.Мартинэ.

Елші бұл бағдарлама тегін біліммен 

қатар,  француз  әлеуметтік  сақтанды-

руға тіркелуді қарастырады. Студенттер 

ұзақмерзімді виза ресімдеп, жатақхана-

да орын алу мүмкіндігіне ие. 

Филипп  Мартинэ  «Make  Our  Planet 

Great Again» академиялық мобильділік 

бағдарламасына назар аударды. Атал-

мыш бағдарлама бойынша магистрант-

тар үшін 10 грант бөлінеді. 

Мамандық  бойынша  шектеулер  

жоқ, басты талап – білім беру бағдарла-

масы қоршаған ортаны қорғау, климат-

тың  өзгеруіне  қарсы  күрес,  суды,  био-

саналуандылықты  сақтау  мәселелері 

жөніндегі  Париж  келісімінің  тақырып- 

тарына сәйкес болу керек. 

Еске  сала  кетсек,  Қазақстан  −  бұл 

академиялық  мобильділік  бағдарла-

маны  магистратура  деңгейінде  жүзеге 

асыратын алғашқы мемлекет.

Кездесу  нәтижесінде  қатысушылар 

өтініш  беру  мерзімі,  жалпы  талаптар, 

жоғары оқу орнын таңдау, сонымен қа-

тар, шәкіртақы көлемі мен білім алу ке-

зеңінің  ұзақтығы  туралы  сауалдарына 

жауап алу мүмкіндігіне ие болды. 



С.Торайғыров атындағы 

ПМУ баспасөз қызметі

Southwest универси-

тетінде (Оңтүстік-Ба-

тыс  университеті, 

Чунцин қаласы, Қы-

тай Халық Республи-

касы) Қазақстан-Қы-

тай мәдени-білім беру 

орталығы салтанатты 

түрде ашылды.  

Онлайн  жүйесі  арқылы  өткен 

Орталықтың  салтанатты  ашылуы-

на  университетіміздің  оқытушы-

лары  мен  студенттері,  сондай-ақ,  

Қытайдағы  Southwest  универси-

тетінің өкілдері қатысты.

Орталықтың  ашылу  салтана-

тында сөз алған Л.Н. Гумилев атын-

дағы  Еуразия  ұлттық  универси-

тетінің бірінші проректоры Әсемгүл 

Молдажанова  іс-шара  Мемлекет 

басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

Қытай  Халық  Республикасына  са-

парымен тұспа-тұс келгенін айтып, 

бүгінгі  таңда  Еуразия  ұлттық  уни-

верситетінің Қытайдың жоғары оқу 

орындарымен  ынтымақтастығы 

интернационалдандыруды  дамы-

тудың  басым  бағыттарының  бірі 

екенін  атап  өтті.  Арадағы  бұл  қа-

рым-қатынасқа  10  жылдан  астам 

уақыт  болғанын,  Еуразия  ұлттық 

университеті осы мезгіл ішінде ын-

тымақтастықтың  бағыттарын  ны- 

ғайтып,  өрісін  кеңейте  түскенін  

және ЕҰУ қазір Қытайдың 17 жоға-

ры оқу орнымен (Сиань шет тілдер 

университеті,  Минзу  университеті, 

Шанхай  университеті  және  т.  б).  

тығыз байланыста жұмыс істейтінін 

айтып берді. «Бұл қарым-қатынас-

тың  негізгі  бағыттары  –  академия-

лық ұтқырлық, ғылыми-зерттеу қыз- 

меті,  профессор-оқытушылар  ал- 

масу,  қос  диплом  бағдарламасы 

және  т.  б.»,  –  деді  Әсемгүл  Алек-

сандрқызы.  

Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ-де 

соңғы  үш  жыл  ішінде  Қытайдан 

келген  60-тан  астам  студент  ака-

демиялық ұтқырлық бағдарламасы 

бойынша білім алса, біздің студент-

тер  мен  магистранттар  Күншығыс 

еліндегі  Орталық  Минзу,  Шет  тіл-

дер,  Аньшань  университеттерінде 

білім алуда. Сондай-ақ университет 

Қытайдан  жыл  сайын  профессор-

лар  мен  оқытушылар  шақыруды 

дәстүрге айналдырған.   

2014  жылғы  ЖОО  арасындағы 

келісімдер  аясында  Шанхай  уни-

верситетімен  («Қытай  филоло-

гиясы»,  бакалавриат)  бірлескен 

қос  дипломдық  білім  беру  бағдар-

ламасы  жүзеге  асырылуда.  Қазір 

ЕҰУ-дің  12  студенті  Қытайда  осы 

бағдарлама бойынша білім алуда. 

Southwest  университеті  шетел-

діктермен  жұмыс  істеу  факуль-

тетінің деканы Лю Чэню өз сөзінде 

екі  елдің  ЖОО  арасындағы  ынты-

мақтастықты нығайтуға ЕҰУ жанын-

дағы Конфуций институты мен Қы-

тай  филология  кафедрасы  және 

Шығыстану кафедрасы елеулі үлес 

қосып  жатқанын,  сондай-ақ,  жаңа-

дан  ашылған  мәдени-білім  беру 

орталығының  атқаратын  қызметі 

туралы айтып өтті.

ЕҰУ  «Рухани  жаңғыру»  инсти-

тутының  директоры  Ерлан  Арын 

елімізде «Рухани жаңғыру» бағдар-

ламасы    жүргізіліп  жатқанын,  ал 

бүгінгі  тұсауы  кесілген  Қазақстан- 

Қытай мәдени – білім беру орталы- 

ғы  осы  бағдарламаның  жүзеге  

асуына  септігін  тигізетініне  сенім 

білдірді. «Бұл Орталықтың ашылуы 

Шанхай  Ынтымақтастық  Ұйымы-

ның  жемісі  және  екі  елдің  ЖОО 

арасында  ғана  емес,  халқы  үшін  

де маңызы зор», – деп атап өтті.   

ЕҰУ  филология  факультетінің 

деканы  Шолпан  Жарқынбекова 

жаңа  ашылған  орталыққа  Л.Н.  

Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дің  прак-

тикалық  қазақ  тілі  кафедрасының 

оқытушылары  қазақ  тілі  пәнінен  

сабақ  беретінін  және  осы  орта-

лықтың  ұйымдастыру  жұмыста-

рын  жүргізетінін  жеткізді.  Шолпан 

Құзарқызының  айтуынша,  прак-

тикалық  қазақ  тілі  кафедрасы  ор-

талыққа  қазақ  тілі  мамандарын 

жіберіп,  қажетті  оқу-әдістемелік  

еңбектермен  және  көрнекі  құрал-

дармен қамтамсыз ететін болады.



Л.Н. Гумилев атындағы 

ЕҰУ баспасөз қызметі

Жоғары оқу орындары



ҚазҰУ әлемнің үздік 

университеттері қатарында

Франция елшісімен кездесу өтті

ҚХР-да Қазақстан-Қытай

 мәдени-білім беру орталығы ашылды


жүктеу 11,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау