Қазақ мемлекеттік



жүктеу 11,68 Mb.
Pdf просмотр
бет6/19
Дата21.11.2018
өлшемі11,68 Mb.
#23031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

6

№22 (131) 12 июня 2018 г.

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



Білім беруді модернизациялау 

мектептегі білім берудің мақ-

сатына сәйкес білім беру нәти-

жесін жоспарлауды, оны қайта 

қарап, жаңаша қалыптасты-

руды талап етеді. Сапалы 

білім – ел болашағын айқын-

дайтын басты көрсеткіш. 

Президент  Н.Ә.  Назарбаев:  «Қазақстан 

жолы-2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  

болашақ»  атты  Жолдауында  «Орта  бі- 

лім  жүйесінде  жалпы  білім  беретін  мек- 

тептерді  Назарбаев  Зияткерлік  мектеп-

теріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керектігін 

және  мектеп  түлектері  қазақ,  орыс,  ағыл-

шын  тілдерін  білуге  тиістігін  айтқан  бола-

тын.  Оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сын-

дарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты 

терең талдау машығын игеру болуға тиіс» 

деп  білім  беру  жүйесіне  жаңа  міндеттер 

қойған болатын. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру 

реформаларының  негізгі  мақсаты  –  білім 

беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бей-

імдеу. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақ-

сатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. 

Қазақстан мектептеріндегі білім беру са-

пасы өте жоғары, бәсекеге қабілетті және 

заманауи  талаптарға  сәйкес  болу  керек. 

Назарбаев Зиякерлік мектептері халықара-

лық озық тәжірибені оқыту және оқу үдерісі-

не енгізу мақсатында білім бағдарламасын 

өзгертті. Осыған орай бүгінгі бала, ертеңгі 

маман иесі үшін барлық мектептер жаңар-

тылған білім мазмұнына көшірілуде. 

Жаңартылған  бағдарламаның  негізгі 

идеяларының  бірі  «Мәңгілік  Ел»  аясы  – 

ұлтжанды,  мәдени-танымы  қалыптасқан 

әрбір  азамат,  бүгінгі  заманауи  оқыту  тех- 

нологиясы  арқылы  кешегі  зиялы  қазақ  

ұлысының  тарихи  құндылықтарын  мең-

геріп, ертеңгі ұрпақты зияткерлікке бастай-

тын тұлға болуы тиіс.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы-

ның ең негізгі мақсаты – білім алушылар-

дың  оқу  нәтижелерін  жетілдіру.  Мақсатты 

білім беру – тұлға дамуын жүзеге асырады. 

Жаңартылған білім мазмұнын жаңартудың 

көптеген  компоненттері,  соның  ішінде  пе-

дагогтердің  біліктілігін  арттыру  бағдарла- 

масы осы мақсатқа бағытталған.

Жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа 

білім  беру  –  жеке  тұлғаның  жан-жақты 

дамуына  әкелетін  бірден-бір  жол!  Жаңар-

тылған оқу бағдарламаларының ерекшелік-

тері − 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылы-

мы:  пәннің  маңыздылығы;  пән  бойынша 

оқу  бағдарламасының  мақсаты;  үштілділік 

саясатты  іске  асыру;  оқыту  үдерісіне  ұй-

ымдастыруға  қойылатын  талаптар;  пән-

ді  оқытуда  қолданылатын  педагогикалық 

әдіс-тәсілдер;  түрлі  мәдениет  пен  көзқа-

растарға  құрмет;  ақпараттық-коммуника-

циялық  технологияларды  (АКТ)  қолдану 

құзыреттілігі; білім алушылардың коммуни-

кативтік  дағдыларын  дамыту;  оқу  нәтиже-

лерін  бағалау  жолдары;  оқудың  мазмұны, 

ұйымдастырылуы мен бірізділігі. 

Қазіргі  таңда  еліміздің  барлық  аумақта-

рында  жаңартылған  білім  беру  мазмұны 

шеңберінде  педагогикалық  кадрлардың 

біліктілігін  арттыру  курстары  жүргізілу-

де.  Ал  Қазақстан  Республикасында  білім 

мазмұнын  жаңарту  бағдарламасына  сәй-

кес,  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚФ  ҚР  білім  беру 

жүйесінің  басшы  және  ғылыми-педагоги-

калық  қызметкерлерінің  біліктілігін  арт-

тыратын  республикалық  институтының 

оқытушы-тренерлері  ЖОО-ның  профес-

сор-оқытушылар  құрамына  үздіксіз  білім 

беріп,  білімдегі  жаңалықтарды  айшықтап 

беруде бар күш-жігерін салуда және өздері-

не жүктелген міндеттерді табысты орындап 

келеді.

Біз  бүгін  танысып  отырған  «Жаңар-



тылған  білім  беру  мазмұны  шеңберінде 

жоғары  оқу  орындарындағы  заманауи  пе-

дагогикалық  технологиялар»  білім  беру 

бағдарламасының мақсаты − жаңартылған 

білім  беру  мазмұны  мән-мәтінінде  ЖОО 

педагогикалық мамандықтары оқытушыла-

рының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы 

аясында біліктілікті арттыру курсы жаңа стан-

дартпен оқыту әдістемесін үйретумен қатар, 

функционалды  сауатты,  сыни  тұрғысынан 

ойлай  алатын  және  критериалды  бағалау 

жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің пе-

дагогикалық шеберлігін жетілдіруде.

Курс  барысында  профессор-оқыту- 

шылар  құрамы  жаңартылған  білім  беру 

бағдарламасының  құрылымын,  мазмұнын 

және  мақсаттарын  біліп,  түсінумен  қатар, 

жаңартылған  білім  беру  бағдарламасына 

сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу мате-

риалдарын қолдана білуді меңгеруде. 

Көңіл  қойып,  ой  түйетін  маңызды 

сәттер  ерекше:  спиральді  қағидатпен  

оқытудың  мазмұны,  жаңа  бағдарлама  

бойынша  жоспар  құрастыру  (ҰМЖ,  ОМЖ 

және  ҚМЖ),  пәнаралық  байланыстарды 

жүзеге  асыру  барысында  «ортақ  тақы-

рыптардың»  болуы,  төрт  дағды  бойынша 

(айтылым,  тыңдалым,  жазылым,  оқылым) 

оқып  үйренген  тренингтер  біздің  педаго-

гикалық  білімімізді  тереңдете  түсті.  ПОҚ  

(профессор-оқытушы  құрамы)  жаңалық- 

тармен  танысып  қана  қоймай,  тәжірибе 

жүзінде  өзара  сабақ  үлгілерін  көрсетіп, 

тәжірибе  алмасып  уақыттарын  қызықты  

әрі  пайдалы  өткізді.  Өздеріне  қажетті  

мол  рухани  байлық  ала  алды,  теория  

түрінде  де,  тәжірибе  түрінде  де  өздеріне 

қажетті  өте  мол  қор  жинады  деп  айтуға  

болады.


Педагогтердің  болашақта  қолданатын 

оқыту әдіс-тәсілдері студенттерді оқытудың 

ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету 

үшін маңызды. Әр күн жаңалықтарға толы 

болып,  курс  тыңдаушылары  жаңартылған 

білім  беру  бағдарламасы,  АКТ  әлеуеті 

жайлы пікір алмасты және жоғары сапалы 

білім  беруді  қолжетімді  ету  үшін  ақпарат-

тық-білімдік ресурстарының қазіргі жағдай-

ын талдады. Өйткені, курс аясында алған 

білімімізді және әдіс-тәсілдерді сабақтарда 

қолданып,  әріптестермен  ынтымақтастық 

атмосферасын құруға, рефлексия жасау ға 

қол жеткізе алдық. 

Тәжірибе  нәтижесі  бағдарламаға  сәй-

кес  алынған  тәсілдерді  сабақта  тиімді 

қолданысқа  енгізу  студенттің  танымдық 

белсенділігін  арттыруға,  өз  бетінше  білім 

алуға,  шығармашылығын  қалыптастыруға 

ықпал етеді, студент оқудың қызықты жеңіл 

өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға 

үйрететіндігін,  білімнің  тереңдігі  әрі  тия-

нақтылығы артатындығын анықтады. Яғни, 

студент  өз  ой-пікірін  ашық  еркін  айтады, 

бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынты-

мақтастық атмосферасы қалыптасады.

Қолданыстағы  білім  «Нені  оқытады?» 

деген  сұрақ  аясында  болып,  студенттің  

теориялық  біліміне,  яғни,  ол  біледі  және  

түсінеді  дегенге  бағытталған.  Ал  қазір-

гі  жаңартылған  білім  мазмұны  «Не  үшін 

оқу  керек?»  деген  сұраққа  негізделіп, 

білім  мазмұны  күтілетін  нәтижеге  және 

оның  бойындағы  түрлі  дағдыларды  қа-

лыптастыруға  бағытталатынын  және  бұл 

бағдарламаның  дәстүрлі  бағдарлама-

дан  ерекшелігі  –  пәндер  бойынша  ортақ 

тақырыптардың  болуында  екенін  түсін-

дік.  Жаңадан  енгізілген  пәндер  қатарын-

да  ағылшын  тілі,  жаратылыстану  және 

ақпараттық  технология  сынды  заманауи  

қажеттіліктерге  байланысты  жүргізілетін 

пәндер  бар.  Жекеленген  пәндерде  үштіл-

ділік мақсатын жүзеге асыруда тақырыпқа 

қажетті  тірек  сөздердің  қазақ,  орыс,  ағыл-

шын  тілдерінде  сабақта  қолданылуы  жү-

зеге асады. Оқу мақсаттарының белгіленіп 

беріліп,  сол  мақсаттар  бойынша  студент-

тердің  оқу  жетістігін  «жетті»,  «талпынды» 

деп бағалау жүргізілетінін білдік.

Курстан  алған  әсеріміз  өте  көп.  Қазір-

гі  таңда  педагогтерге  қойылатын  талап- 

тардың  бірі  –  оқытудың  жаңа  әдіс- 

тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі 

қолдану.  Осындай  талаптардың  орын- 

далуына  эдвайзеріміз,  әрі  тренер  Сан-

дуғаш  Көмековаға,  Самал  Кәупенбаева- 

ға  және  Өмірбек  Қыдырбек  ағайымызға 

алғысымыз шексіз. 

«Өрлеу»  БАҰО»  АҚФ  білім  беру  жүйе-

сінің  басшы  және  ғылыми-педагогикалық 

қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыратын 

республикалық  институтының  басшыла-

ры,  п.ғ.д.,  профессор  Жансауле  Мақато-

ва,  инновациялық  даму  ісі  орынбасары, 

п.ғ.к.,  доцент  Сәбит  Құрманжанұлына  да  

алғысымыз мол. 

«Білімді  ұрпақ  –  болашақтың  кепілі» 

деп  дана  халқымыз  айтқандай,  бүгінгідей 

ел болашағы – жас буынды заманына сай 

лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру 

ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, педа-

гогтер  қауымына  артылар  жүк  ауыр  екені 

баршаға  мәлім.  Қоғамның  дамуындағы  ең 

маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі 

таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, 

өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгер-

шілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалып-

тастыру. Заман ағымына сай біліммен қару-

ланған, ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты 

дамыған мұғалім болу – уақыт талабы.

Раушан ТАУБАЕВА,

ТарПМУ 

Химия-биология факультетінің 

деканы, PhD докторы

Тараз мемлекеТТік педагогикалық универсиТеТі



Жаңартылған білім беру – бүгінгі күннің жаршысы

Елбасының «Қазақстан-2050» 

стратегиясы: қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси 

бағыты» атты жолдауын-

да көрсетілген міндеттерге 

және «Қазақстан Республи-

касы білім беруді дамытудың 

2011-2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасы-

на» сәйкес білім беру қыз-

меткерлерінің біліктілігін 

арттыруды модернизациялау 

бойынша түбегейлі өзгерістер 

жүріп жатыр. 

  Модернизацияның  басты  мақса-

ты  –  педагогтердің  кәсіби  құзыреттілігін  

қалыптастыру  үшін  біліктілікті  арттыру-

дың  көпдеңгейлі  және  көпқұзырлы  қа- 

зіргі  жүйесін  құру.  Демек,  мұғалім  қыз-

метінің  беделін  көтеру  маңызды  болып 

отыр.  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚФ  Қарағанды 

облысы  бойынша  ПҚ  БАИ  осыған  бай- 

ланысты  педагогтердің  кәсіби  құзырет- 

тілігін  жетілдіру  мақсатында  біліктілікті 

арттырудың  әлемдік  және  отандық  тә- 

жірибесі негізінде жаңалықтар енгізуде. 

Шағын  жинақты  мектеп  (ШЖМ)  педа-

гогтерінің  біліктілігін  арттыру  жүйесіне 

енгізілген  өзгерістер  мен  жаңалықтар  оң 

нәтижесін беруде. 

Ал,  біліктілікті  арттырудың  қысқа 

мерзімді  курстарының  сапасын  бағалау 

бойынша мониторингтік зерттеулер жүргі-

зу Қарағанды облысы педагогикалық қыз-

меткерлердің біліктілігін арттыру институ-

тының Мониторинг және талдау бөлімінің 

мойнында.  Мониторингтік  зерттеулердің 

нәтижелері  −  ШЖМ  педагогтерінің  сұра-

ныстары  мен  қажеттіліктерін  қанағат-

тандыру,  білім  беру  жүйесіндегі  өзекті 

мәселелердің  шешімін  табуда  біліктілікті 

арттыру  (БА)  курстарының  орны  ерекше 

екендігін  аңғартты.  Тыңдаушылардың 

кәсіби  қажеттіліктері  мен  сұраныстары 

белсенді  және  интербелсенді  оқытуды 

қамтамасыз  етуге,  ғылыми-әдістемелік, 

қаржылық, зерттеу мәселелерін қарасты-

руға және курстық іс-әрекеттер кезеңінде 

кәсіби мәселелер бойынша консультация 

алуға бағытталған. Осы кезеңнің курстық 

дайындығының  тыңдаушылары  шығар-

машылық шеберханаларды, шеберлік сы-

ныптарын,  тренингтерді,  ашық  сабақтар 

мен  іс-шараларды  оқытудың  едәуір  

тиімді әдістері деп санайды. 

Курстардың  мониторинг  зерттемелері 

көрсеткендей,  педагогтердің  басым  бөлі-

гі  біліктілікті  арттыру  курсына  жаңа  за-

манауи  технологиялар  мен  оқу-тәрбие  

әдістерін меңгеру, кәсіби шеберлік деңгейін 

көтеру және үздіксіз біліктілікті арттыру қа-

жеттіліктері  үшін  келеді,  сондай-ақ,  ШЖМ 

мұғалімдерінің  жұмыста  кездесетін  негізгі 

проблемалары да анықталды. Олар: 

–  аз  толтырылған  сыныптарда  оқыту-

дың дәстүрлі әдістерінің басым болуы; 

–  орта  білім  беру  жүйесіндегі  бағалау 

мәселелері; 

–  ақпараттық-коммуникациялық  техно-

логияларды дұрыс пайдаланбау

–  оқушылардың  санының  аздығына 

байланысты  сапалы  бейінді  оқытуды  ұй-

ымдастыру мүмкін еместігі; 

–  қосымша  білім  беру  ұйымдарының 

және мәдени орталықтардың жоқтығы;

– педагогикалық технологиялардың аз-

дығы. 


Шағын  жинақты  мектептердің  педа-

гогтері  кәсіби  қызметінде  негізінен  ғылы-

ми-әдістемелік,  жоспарлау  және  педа-

гогикалық  талдау  мәселелері  бойынша 

қиындықтар кездестіреді. 

2017 жылдың біліктілікті арттыру курс-

тарымен  салыстырғанда,  биылғы  курс-

тар  оқытудың  әдіс-тәсілдерімен  және 

сабақ  мазмұнының  қатты  өзгеруімен 

ерекшеленді. Оқытушылар курс барысын-

да  тәжірибелік  іс-әрекеттерге  барынша 

бағдар  беріп,  педагогтердің  оқыту  мате-

риалдарын  толық  меңгеруін  қамтамасыз 

етіп,  интерактивтік  технологияларды, 

электрондық ресурстарды белсенді түрде 

іскерлікпен  қолдана  білді.  Педагогтердің 

98,7%  курстардың  ықпал  етуіне  байла-

нысты  оқыту  жүйесіне,  шығармашылық 

дамуына,  кәсіби  өсуіне  көзқарастарының 

түбегейлі өзгергендігін атап өтті. 



Ләззат ШАМШИЕВА, 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ 

Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ 

мониторинг және талдау 

бөлімінің бас маманы 

ТҰЖырым


Біліктілікті арттыру курстарының сапасын зерттеу 


жүктеу 11,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау