|
Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года №80 «Об утверждении правил предоставления туристских услуг»
|
Дата | 25.05.2018 | өлшемі | 61,07 Kb. | | #17696 |
| Туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 80 бұйрығы.
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған туристік қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_________________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 12 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
_________________ Е. Ыдырысов
2015 жылғы 11 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы 9 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 20 ақпан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 80 бұйрығымен
бекітілген
Туристік қызметтер көрсету қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Туристік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және туристік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті, оның саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын туристік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейді.
2. Осы Қағидада келесі түсінік қолданылады:
Трансферт - туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жекелеген туристік қызметтер көрсететін үшінші тұлғалар туристі әуежайда, темір жол вокзалында немесе турист көрсеткен мекенжайда жеке қарсы алу, оны демалыс орнына және (немесе) туристі орналастыру орнына жеткізу.
3. Туристік қызметтер көрсету гидпен (гид-аудармашымен) және экскурсоводпен жасалатын шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде жүзеге асырылады.
4. Турист туристік қызметті жүзеге асырушы тұлғаға өзі және тұлғалар туралы толық ақпаратты туристік қызмет көрсетуге арналған шарт жасасу пайдасына, осындай шарт бойынша міндеттемені орындау үшін қажетті көлемде ұсынады.
5. Егер көрсетілген өзгерістер төтенше жағдайларға байланысты болса, туристік саяхаттау маршруттарын туристің келісімінсіз өзгертуге болады.
2. Туристік қызметтер көрсету тәртібі
6. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша нысанда жасалған шарттың негізінде туристік қызметті көрсетеді.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) туристік оператор лицензия негізінде қызметті жүзеге асырады;
2) туристік агенттік қызмет, гидтер (гидтер-аудармашылар) қызметі, экскурсоводтар мен туризм нұсқаушыларының қызметі хабарламалар тәртібінде жүзеге асырылады.
7. Туристік оператор және туристік агент туристік оператордың, туристік агенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың шарты жарамды болған кезде қызметті жүзеге асырады.
8. Туристік өнімде Қазақстан Республикасының шегінде уақытша болатын жерде (елде) туристік ресурстармен танысу жөніндегі экскурсиялы-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызметтер болған жағдайда туристік оператор туристік экскурсоводта, гидте (гид-аудармашыда) және туризм нұсқаушысында міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы туралы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
9. Туристі тасымалдау бойынша қызмет көрсету туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың негізінде жүзеге асырылады. Туристік қызмет көрсетуге арналған шартта реттелмеген тасымалдау мәселелері көлік саласындағы тиісті заңнамамен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттармен реттеледі.
10. Қазақстан Республикасының шегінде туристің өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіп туғызатын маршруттармен (таулы және өтуге қиын жерлер, спелеологикалық және су объектілері, туризмнің экстремалдық және басқа түрлерімен айналысу) өткен жағдайда туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристі қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етеді.
11. Туристік оператор туристік агент үшін оның өзі қалыптастырған туристік өнімді өткізу бойынша оқу тренингін өткізеді.
12. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтарға туристік қызметті және туристік өнімді қалыптастыру кезінде қарастырады:
1) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды пайдалана отырып кедергісіз қозғалу мүмкіндігін қарастырады;
2) туристік индустрия объектілерінде жеке дыбыстық маяктардың болуын қарастыратын аудиовизуалдық ақпараттық жүйенің жүйелі дыбыстық хабарламалар немесе туристік индустрия объектісі аумағында және барлық алаңында радиофикацияның, сондай-ақ арнайы ақпараттық таблолардың болуы;
3) туристік саяхаттар мен экскурсиялар маршруттарында ыңғайлы бағдарлаудың болуы (арнайы ақпараттық және бағдарлау құрылғылары);
Мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтар үшін визуалдық және дыбыстық ақпарат туристің бағдарына жақсы қабылдауды және қауіпті көздердің мүмкіндігі туралы оны ескертуді қамтамасыз етуі тиіс.
13. мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтарға туристік және экскурсиялық қызметтерді көрсету арнайы дайындалған персоналмен бірге жүргізіледі.
14. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристке көрсетілетін туристік қызметтер туралы толық және дұрыс ақпаратты ұсынады.
15. Туристік өнімнің тұтынушылық қасиеттері туралы ақпарат мыналарды қамтиды:
1) саяхаттың басталу және аяқталу күні, уақыты;
2) туристерді орналастыру орындары (тұру тәртібі, орналастыру орнының құралының атауы, санаты, нөмірдің типі) туралы ақпарат;
3) тамақтану (туристік маршрут бойынша туристің қозғалу уақытында және туристі орналастыру орнындағы тамақтану тәртібі);
4) туристі тасымалдау жөніндегі қызметтер – трансферттік қызметті қоса алғанда, саяхаттың барлық кезеңінде көліктің түрі, типі және санаты, тасымалдаушының және (немесе) тасымалдаушылардың атауы;
5) туристік өнімнің құны және оны төлеу тәртібі;
6) экскурсоводтың, гидтің (гид-аудармашының) және туризм нұсқаушысының болуы;
7) қосымша қызметтер;
8) саяхат жасау кезінде олар кездесуі мүмкін қауіптері, саяхаттаудың ерекшеліктері туралы, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет;
9) осы шарт бойынша міндеттемені орындау үшін қажетті көлемде туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтер көрсететін үшінші тұлғалар туралы мәлімет.
16. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристке уақытша болатын елде (жерде) орналасқан, турист уақытша болатын елде (жерде) төтенше жағдай туындаған жағдайда немесе басқа да жайттарға, оның өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін және оның мүлігіне зиян келтірген (зиян келтіру мүмкіндігі) жағдайда Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консульдық қызметі, өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристік өкілдіктерердің орналасқан жері, почталық мекенжайы және байланыс ақпараты туралы ақпарат ұсынады.
17. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар саяхат кезінде туристің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы білген немесе білуге тиіс сәттен бастап дипломатиялық қызметке, облыстардың жергілікті атқарушы органдарына, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ туристің отбасына дереу хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|