(ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 520 бұйрығымен бегітілген)
1-стратегиялық бағыт. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту.
№
р/с
|
Нысаналы индикаторлар
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
2016 жыл
|
Орындалу барысы/ қол жеткізбеу себептері 2016 жылы
|
Жоспар
|
Факт
|
1
|
2
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының үлесі
|
Әкімшілік есеп мәліметтері
|
%
|
37,1
|
37,4
|
Индикаторға қол жеткізілді
Мектепке дейінгі ұйымдарда 84 796 педагогикалық кадрлар жұмыс істейді, оның ішінде жоғары және кәсіптік техникалық білімі бар педагогтердің саны 82 276.
82 276 жоғары және кәсіптік техникалық білімі бар педагогтердің 30 804-інің немесе 37,4%-ның «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша жоғары және кәсіптік білімі бар.
|
2.
|
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту
|
Әкімшілік есеп мәліметтері
|
%
|
82,7
|
85,7
|
Индикаторға қол жеткізілді
Республика бойынша 9 410 мектепке дейінгі ұйым (4915 балабақша және 4495 шағын орталық) жұмыс істейді.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың қамтылу көрсеткішінің 85,8%, жоспар бойынша 85,8% құрады.
Индикатордың асыра орындалу себебі - жергілікті жерлерде жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ-ні тартудағы белсенді жұмысы.
Мектепке дейінгі біліммен қамтудың ең жоғары көрсеткіші Павлодар (100%), Қызылорда (100%), Батыс Қазақстан (99,7%), Қостанай (99,6%), Шығыс Қазақстан (98,4%), Қарағанды (98%) облыстарында.
Республикалық көрсеткіштен төмен Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Астана Алматы қалаларында.
Мектепке дейінгі ұйымдар жүйесінің өсуі: 77 балабақшаның салынуы (ҰҚ – 14, РБ – 27, ЖБ - 36);
642 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы (582 балабақша және 60 шағын орталығы);
1,3 орынға арналған 7 балабақшаның МЖС есебінен;
тұрғын үйлердің 1 қабаттарында 98 орынға арналған 3 мектепке дейінгі ұйымдар ашылды;
басқа тәсілдермен – 32 бірлік;
64 шағын орталықтары есебінен қамтамасыз етілді.
|
2-стратегиялық бағыт. Орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау
2.1. Стратегиялық мақсат. Сапалы орта білімге тең қолжеткізуді қамтамасыз ету.
Бала өмірінің сапасын арттыру үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету.
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды, - 019, 060, 222.
|
1.
|
Мектептердің жалпы санынан апаттық жағдайдағы мектептердің үлесі
|
Әкімшілік есептіліктің мәліметтері
|
%
|
0,7
|
0,5
|
Индикаторға қол жеткізілді
2016 жылғы 1 қаңтарда 69 апаттық жағдайдағы мектеп жұмыс істейді.
Сондай-ақ, 2016 жылы тағы қосымша анықталған апаттық жағдайдағы мектептердің саны 24 бірлікті құрады.
2015-2016 жылдары апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 56 мектеп қорлданысқа берілді. Нәтижесінде проблемалық мектептердің саны 93-тен 37 бірлікке азайды.
Осыған орай, 2016 жылы апаттық жағдайдағы мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан 0,7%-ды құрады, жоспар бойынша - 0,5% (2015-2016 оқу жылында – 7100).
|
2.
|
Сабақтарды үш ауысымда жүргізетін мектептердің үлесі
|
Әкімшілік есептіліктің мәліметтері
|
%
|
1,1
|
1,4
|
Индикаторға қол жеткізілмеді
2016 жылғы 1 қаңтарда сабақтарды үш ауысымда жүргізетін 87 мектеп жұмыс істеді.
2016 жылы қосымша анықталған үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 66 бірлікті құрады.
2016 жылы сабақтарды үш ауысымда жүргізетін мектептерді жою үшін 47 мектеп салынған.
Сондықтан, 2016 жылғы жалпы мектептердің санынан үшауысымдық оқытуды жүзеге асыратын мектептердің үлесі 1,1%-ды құрады, жоспар бойынша- 1,4 % (2015-2016 оқу жылында – 7100).
Индикаторға қол жеткізілмеудің себебі, демографиялық өсім мен халықтың көші-қон белсенділігінің артуы болып табылады.
|
3.
|
Білім алушылардың қорытынды нәтижелері бойынша (балл) білім сапасындағы орта білім ұйымдары арасындағы арақатынасының көрсеткіші
|
БҒМ
есептік деректері
|
баллы
|
65
|
61,4
|
Индикаторға қол жеткізілді
2016 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындысы бойынша, білім алушылардың қорытынды нәтижелері бойынша білім сапасының орта білім ұйымдары арасындағы арақатынасының көрсеткіші 61,4 балды құрайды (мах. – 116,77 балл, мin. – 55,34 балл).
|
4.
|
Қазақстандық білім
алушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нәтижелері:
|
|
|
Оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары саласында 6PISA-2012, PISA-2015, 7оның ішінде:
|
Нәтижелердің ресми баспасөз хабарламасы
|
Индикаторға қол жеткізілді
2016 жылғы 6 желтоқсанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 15 жасар білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың PISA-2015 халықаралық зерттеулер нәтижесін ресми жариялады (негізгі бағыт - жаратылыстану).
PISA-2015-ке барлығы 72 елдің 500 мыңнан астам 15 жасар білім алушы қатысты. Қазақстанды 16 өңірдің 5780 15 жасар оқушылары мен студенттері қатысты (189 мектеп және 27 колледж).
PISA-2012-мен салыстырғанда халықаралық тестке қатысушы қазақстандық оқушылар зерттеудің барлық бағыттары бойынша қарқынды өсім көрсетті. Математика бойынша өсім 28 балды және жаратылыстану бойынша 31 балды көрсетті.
Математикалық және жаратылыстану біліктілігінің даму тренді жоғары деңгейде сақталды. 2012 жылы өсім 2009 жылмен салыстырғанда тиісінше 27 және 25 балды құрады.
PISA-2015-те балдардың өсімінің ең үлкен көрсеткішін қазақстандық 15 жасар білім алушылар оқу сауаттылығы бойынша көрсетті (+34).
Бұл Елбасының тапсырмасына сәйкес іске асырылған «Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту бойынша іс-қимыл ұлттық жоспары» мен мектептердегі жаңартылған білім беру мазмұнына көшу бойынша іс-шаралардың арқасында мүмкін болып отыр.
Осылайша, Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының мақсатты индикаторларына қол жеткізілді, ондағы болжамды мән ретінде математика бойынша 440 балл (факт 460) және жаратылыстану бойынша 430 балл (факт 456), оқу сауаттылығы бойынша 400 балл (факт 427) көзделген.
|
|
оқу
|
|
балл
|
400
|
427
|
|
|
математика
|
|
балл
|
440
|
460
|
|
|
жаратылыстану
|
|
балл
|
430
|
456
|
|
|
Математика мен ғылыми жаратылыстану білімінің сапасы саласында TIMSS-2011, TIMSS-2015, оның ішінде:
|
Нәтижелердің ресми баспасөз хабарламасы
|
8-сыныптағы қазақстандық оқушылар математика бойынша нәтижелерін 2011 жылмен салыстырғанда 41 ұпайға (528) жақсарды. Бұл Қазақстанға әлемдегі 39 елдің арасында 7-ші орын алуға мүмкіндік берді
Қазақстандық оқушылардың математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша нәтижелері (538) халықаралық орташа көрсеткіштен (494) айтарлықтай жоғары болды.
Қазақстандық оқушылар жаратылыстану-математикалық сауаттылық бойынша Ресеймен бірдей нәтиже көрсетіп, АҚШ, Англия, Германия, Канада, Австралия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерланды, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Түркия және басқа да елдердегі өздерінің құрдастарын басып озды.
|
|
4-сыныптар:
математика
|
|
балл
|
505
|
544
|
|
|
жаратылыстану
|
|
балл
|
500
|
550
|
|
|
8-сыныптар:
математика
|
|
балл
|
490
|
528
|
|
|
жаратылыстану
|
|
балл
|
495
|
533
|
|
|
PIRLS-2016 мәтінді түсіну сапасы саласында
|
Нәтижелердің ресми баспасөз хабарламасы
|
балл
|
Қазақстан алғаш рет мәтінді оқу және түсіну сапасын анықтайтын PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) халықаралық зерттеуіне қатысты. Зерттеу әрбір бес жылда жүргізіледі.
2016 жылы сәуір PIRLS зерттеуі өткізілді (50 мемлекет мүше).
Аталған зерттеуге әлемнің 50 елінен 250 000 бастауыш сынып оқушылары қатысты.
Еліміздің 172 білім беру ұйымынан 4 944 қазақстандық төртінші сынып оқушылары өздерінің оқу біліктілігін анықтайтын бірегей тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді
Сонымен қатар, сауалнамалық сұрақтарға төртінші сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілері және мектеп директорлары жауап берді.
Жалпы қатысушылардың контингентін 10 294 адам құрады, оның ішінде - 4 944 төртінші сынып оқушылары, 4 944 төртінші сынып ата-аналары, 234 бастауыш сынып оқушылары, 173 мектеп директоры.
Барлық көрсетілген білім беру ұйымдарында білім алушылардың қажетті санының зерттеуге қатысуы қамтамасыз етілді. (PIRLS - халықаралық іріктеме бойынша анықталған оқушылар тізімінің кемінде 90%-ы). Зерттеу нәтижесі 2017 жылдың желтоқсан айында IEA жариялайды.
IEA технологиясына сәйкес 2016 жылғы мамыр-маусым айында PIRLS-2016 (4-сынып оқушылары) негізгі зерттеуінің 4944 қатысушысының тест буклеттеріндегі әрбір тапсырманы орындалуына кодтау жүргізілді.
Қабылданған IEA технологиясына сәйкес операторлар DME деректер базасына зерттеуге қатысушылардың 270 000-нан астам ашық және жабық буклеттері мен анкеталарының жауаптарын енгізді.
Бұл 10 294 инструментарий (4 944 оқушылардың тестік буклеттері, 4 944 төртінші сынып оқушыларының ата-аналараның сауалнамасы, 234 бастауыш сынып мұғалімдерінің сауалнамалары, 172 мектеп директорларының сауалнамалары).
PIRLS-2016 қорытындысы 2017 жылғы желтоқсанда ұсынылатын болады.
|
5.
|
Өздерінің құқықтары мен міндеттерін білетін балардың деңгейі
|
Әлеуметтік зерттеулер
|
%
|
68
|
69,8
|
Индикаторға қол жеткізілді
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша 2016 жылы Сандж зерттеу орталығы балалардың құқықтарының қорғалуы деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу өткізді.
Аталған зерттеудің мақсаты Қазақстандағы балалар құқықтарының қорғалуы, олардың өмірлерінің әртүрлі салаларындағы жағдайына бағалау жүргізу болып табылады.
Зерттеу ҚР-ның барлық 16 өңірінде, қалалық және ауылдық жерлерде жүргізілді.
ҚР-ның 73 елді мекені қамтылды, 6539 сауалнамаға жауап беруші тартылды: 3300 10 жастан 18 жас аралығындағы бала, олардың ата-аналары (2392 сауалнамаға жауап берушілер) және балалалрмен жұмыс жасайтын мамандар (бала бақшалардың тәрбиешілері, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен әкімшілігі, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын мамандар, әртүрлі орталықтар және т.б.) (847 сауалнамаға жауап берушілер).
Әлеуметтік зерттеудің нәтижесі бойынша балалардың құқықтық қорғалуының деңгейі 69,8%-ды құрайды.
Анықтама үшін:
Құқықтық қорғалу деңгейі үш хабардарлық көрсеткішке сүйене отырып анықталды:
Балалардың құқықтар туралы хабардарлығы (80,1%);
2) Балалардың құқықтарын қорғайтын заңдар туралы хабардарлығы (37,7%);
3) Міндеттер туралы хабардарлығы (91,6%).
Әлеуметтік зерттеудің нәтижесі бойынша балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын білім беру ұйымдары мен органдарының мамандарына, ата-аналарға ұсынымдар әзірленді.
|
6.
|
Қазақстандық азаматтардың отбасыларына асырап алуға берілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілерінің үлесі (жыл сайын)
|
Әкімшілік есептіліктің мәліметтері
|
%
|
15
|
21
|
Индикаторға қол жеткізілді
2017 жылғы 1 қаңтардағы әкімшілік деректерге сәйкес балалар үйлері мен сәбилер үйлерінен1726 бала отбасыларға тәрбиеленуге берілді, бұл есепті кезеңнің басындағы тәрбиеленушілердің жалпы санынан 21%-ды құрайды, (барлығы-8066), олардың ішінде қамқоршылықта (қорғаншылықта)-453, патронатта-281, асырап алынғандар-214, туған отбасыларына қайтарылғандар-778.
Асыра орындалудың себебі:
2016 жылы ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының қабылдануы, оның шеңберінде:
«Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер қоры» ақпараттық жүйесі құрылды;
- қабылдау және қонаққа баратын отбасылар институты құрылды.
|
7.
|
Бастауыш білім сапасы
|
ДЭФ рейтингі
|
орын
|
61
|
70
|
Индикаторға қол жеткізілмеді
Қазақстанның алатын орны 2015 жылмен салыстырғанда 7 орынға төмендеген.
(2014 ж. – 64 орын, 2015 ж. – 63 орын).
Көрсеткіш нәтижесі сауалнама негізінде шығарылады. Орынның төмендеу себебі халық арасында 12 жылдық білім беру, білім мазмұнын жаңарту, үш тілде оқыту және т.б. бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларының жеткіліксіздігі.
|
8.
|
Бастауыш біліммен қамту
|
ДЭФ рейтингі
|
орын
|
116
|
118
|
Индикаторға қол жеткізілмеді
Орын 2015 жылғы 118 орын деңгейінде қалды.
(2014 ж. – 116 орын, 2015 ж. - 118 орын).
«Бастауыш біліммен қамтудың таза коэффициенті» көрсеткішін есептеу барысында ЮНЕСКО-ның Статистика институты 6 жастан бастап мектепке барған 5-сыныпта оқитын 10 жастағы балаларды ескермеген.
ҚР БҒМ «Білім туралы» ҚР Заңына мектепке қабылдау жасы ретінде 6 жасты белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізді. Аталған норма 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
ҚР БҒМ қазіргі кезде аталған индикаторды есептеу әдістемесі бойынша Бүкіләлемдік экономикалық форумның сарапшыларымен келіссөздер ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
|
9.
|
Орта біліммен қамту
|
ДЭФ рейтингі
|
орын
|
40
|
21
|
Индикаторға қол жеткізілді
Қазақстанның орыны өткен жылмен салыстырғанда 21 орынға жақсарды (2014 ж. – 42, 2015 ж. - 42).
Көрсеткіштің жақсаруы көптеген факторлармен түсіндіріледі:
- ЮНЕСКОның Статистика институтының деректер қорындағы Қазақстанның мәліметтерін сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізілді;
- мектептегі білім беру мазмұны жаңғыртылады және жаңартылады;
- барлық мектепте 1 қыркүйектен бастап 1 сыныптарда бес күндік білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу басталды;
- 2016-2017 оқу жылғы қыркүйектен бастап 30 пилоттық мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнын, сондай-ақ оқушылардың оқу жетістіктерін және басқаларын сыни түрде бағалау жүйесін апробациялау жалғасады.
|
10.
|
Математика мен жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасы
|
ДЭФ рейтингі
|
орын
|
68
|
69
|
Индикаторға қол жеткізілмеді
Көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда жақсарғанына қарамастан, (2015ж. – 71 орын) ҚР БҒМ Стратегиялық жоспары бойынша жоспарлы көрсеткішке қол жетпеген.
Көрсеткіш сауалнамалық болып табылады. Орынның төмендеу себебі халықты қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардағы жетістіктері туралы ақпараттандырудың жеткіліксіздігі болып табылады.
|
11.
|
Мектептердегі Интернетке қолжетімділік
|
ДЭФ рейтингі
|
орын
|
40
|
29
|
Индикаторға қол жеткізілді
Қазақстанның «Мектептегі интернетке қол жеткізу» индикаторы бойынша БЭФ рейтингісінде алатын орны өткен жылмен салыстырғанда 12 орынға жақсарды (2014ж. – 56 орын, 2015ж. – 41 орын).
2015-2016 жылдары ЖАО-мен бірлесіп мектептерді кеңжолақты интернетке қосу бойынша жұмыстар жүргізілді.
2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4 мың мектепте электрондық журналдардың жаңа жүйесі мен «Күнделік» ААЖ іске қосылды.
Бұл – білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының арасындағы әлеуметтік желілік әрекеттестік құралдары бар электронды құжат айналымының мүмкіндіктерін біріктірген интернет-портал.
Ақпараттық жүйенің көмегі арқылы қазақстандық оқушылардың ата-аналары елдің кез-келген жерінде жүріп, оқушылардың ағымдағы үлгерімін ақысыз біле алады, үй жұмыстары мен мектеп күнтізбесі туралы ақпаратты ала алады, оларға электрондық білім беру ресурстары қолжетімді болады.
|
3-стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік білім беру
3.1. Стратегиялық мақсат. Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды, - 203, 223.
|
1.
|
ТжКБ оқу орындарында білім алған, оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылған бітірушілердің үлесі
|
МЗТО
деректері
|
%
|
63
|
63
|
Индикаторға қол жеткізілді
Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының (ТВЕО) деректері бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан ТжКБ оқу орындары түлектерінің саны 40 672 адамды немесе жұмысқа орналасқан ТжКБ түлектерінің жалпы санынан (64 607 адам) 63%-ды құрады.
|
2.
|
Дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждер үлесі
|
Әкімшілік есептіліктің мәліметтері
|
%
|
68
|
68
|
Индикаторға қол жеткізілді
Техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық бейіндер бойынша дуальдік оқытуды енгізген колледждер саны – 382 бірлік немесе жалпы техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық колледждер (562 бірл.) санының 68% құрайды.
Осы бағытқа 25 540 студентті қамтыған 2 333 кәсіпорын 10 басым сала, 78 мамандық және 144 біліктілік бойынша қатысады.
|
4-стратегиялық бағыт. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім.
4.1. Стратегиялық мақсат. Экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды, - 092, 204, 224, 225..
|
1.
|
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бір жылдың ішінде жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі
|
МЗТО деректері
|
%
|
85
|
85
|
Индикаторға қол жеткізілді
Жалпы, бакалавриат пен магистратура мамандықтарын 2016 жылы 143 241 адам бітірді, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 41 680 адам. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып, жұмысқа орналасқандар – 35 332 адам немесе 85%.
|
2.
|
Назарбаев Университетінің тәжірибесін енгізетін азаматтық ЖОО-лардың үлесі
|
ҚР БҒМ әкімшілік есептіліктің мәліметтері
|
%
|
30
|
32
|
Индикаторға қол жеткізілді
37 азаматтық ЖОО-да Назарбаев Университетінің тәжірибесі енгізілуде. Үлесі азаматтық ЖОО-лардың жалпы санынан (115 бірл.) 32%-ды құрайды. Назарбаев Университетінің тәжірибесін трансляциялаудың негізгі критерийлері дербес басқару, оқу процесіндегі инновациялар, ғылыми қызметті ұйымдастыру және басқару жүйесі, стратегиялық халықаралық әріптестікті дамыту және т.б. болып табылады.
|
3.
|
QS-WUR рейтингінде атап өтілген Қазақстан ЖОО-ларының саны
топ-200
топ-300
топ-500
топ-701+
|
QS-WUR ресми ақпараты
|
бірлік
|
0
1
1
7
|
0
1
1
8
|
Индикаторға қол жеткізілді
2016 жылы QS WUR рейтингісінде 8 қазақстандық ЖОО аталды.
«Топ-300» үздік ЖОО-лар рейтингісіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (236-орын) (2015 жылмен салыстырғанда +39), «Топ-400»-ге Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кірді (345-орын) (+ 26 орын).
Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҒТЗУ 74 орынға жоғарылап «Топ 411-420»-ге кірді.
«Топ 501-550»-ге – 100 орынға жоғарылаған Абай атындағы ҚазҰПУ.
«Топ 601-650»-ге – М. Әуезов атындағы ОҚМУ
«Топ 651-700»-ге ҚБТУ, «Топ 701+»-ге Бөкетов атындағы ҚарМУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжХТУ кірді.
|
4.
|
Әзірленген құжаттар және олар бойынша жариаланған конкурс бойынша оң қорытында алған МЖКӘ жобалар санының артуы
|
БҒМ
есептік деректері
|
|
1
|
-
|
Индикаторға қол жеткізілмеді
Мемлекеттік инвестициялық жобаның (бұдан әрі - МИЖ) инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу қағидаларына сәйкес 2014-2015 жж. «Медико-биологиялық кластер» және «Инжиниринг пен ғылымды қажет ететін технологиялардың инновациялық кластері» жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен (БҒМ, ҰЭМ, ДСӘДМ) қарастырылды.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған құжаттардың қаржылай-экономикалық бөлімдерін түзеткенге байланысты екі жобаның құны 39,7 млрд. теңгеден 57,7 млрд. теңгеге дейін өсті.
Нәтижесінде жобалар ҚазҰУ-дің байқау кеңесінің және мүдделі мемлекеттік органдардың болымды қорытындысын алмады.
Жобалар құнының күрт өсуін, сонымен бірге елдің қазіргі экономикалық жағдайын ескере отырып кластерлердің құрылысы кейінгі мерзімге қалдырылды.
|
5.
|
Білім беру жүйесінің
сапасы
|
ДЭФ рейтингі
|
место
|
67
|
73
|
Индикаторға қол жеткізілмеді
Қазақстанның орны өткен жылмен салыстырғанда 6 позицияға төмендеді (2015ж. - 67 орын)
Көрсеткіш сауалнама арқылы анықталады.
Орынның төмендеу себебі халық арасында 12 жылдық білім беру, білім берудің мазмұнының жаңаруы, үш тілде оқыту және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының жеткіліксіздігі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талдамалық және ақпараттық-медиялық қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде (БАҚ-та ақпараттарды, білім және ғылым саласындағы жетістіктер туралы бейнематериалдарды орналастыру, ресми аккаунттарды жылжыту, брифингтер, баспасөз конференциялар және т.б.).
Қабылданған шаралардың нәтижесінде БАҚ-та білім беру жүйесі туралы оң мақалалардың үлесі 80%, бейтарап мақалалардың – 18,2%, сын мақалалардың – 1,8% құрады.
Алдағы уақытта халықтың, білім беру және ғылым саласындағы қызметкерлердің Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері мен аралық нәтижелері туралы хабардарлығын арттыру бойынша шаралардың жүргізілуі жалғасады.
|
6.
|
Менеджмент/басқару мектептерінің сапасы
|
ДЭФ рейтингі
|
орын
|
100
|
106
|
Индикаторға қол жеткізілмеді
Қазақстанның орны өткен жылмен салыстырғанда 5 позицияға төмендеді (2015 ж. – 101-орын)
Көрсеткіш сауалнама арқылы анықталады.
Осы көрсеткіш бойынша төмендеу себебі - менеджмент мектептері желісінің жеткіліксіздігі, оқытушылардың біліктілігінің төмен теңгейі, МТБ нашарлығы, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралардың жарықтандыруының жеткіліксіздігі және БАҚ-та теріс ақпараттың артуы. Сонымен бірге ұсынылатын оқыту бағдарламалары тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес келмейді.
Сондықтан менеджмент және бизнес мектептерінің желісін кеңейту, топ-менеджерлердің біліктілігін арттыру, оқыту бағдарламаларын аккредиттеу, бизнес саланың және әлеуметтік қоғам ұйымдарының сұхбаткерлерімен ақпараттық-насихаттық іс-шаралар жүргізу бойынша шаралар қабылдау.
Сонымен бірге Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін 2018 жылға дейінгі жақсарту бойынша жоспарда осы көрсеткішті жетілдіру бойынша шаралар қарастырылып атқарылуда.
|
7.
|
Жоғары біліммен қамту
|
ДЭФ рейтингісі
|
орын
|
60
|
61
|
Индикаторға қол жеткізілмеді
Көрсеткіш 2015 жылдың деңгейінде қалды (61-орын).
«Жоғары біліммен қамту» индикаторын жақсарту бойынша жұмыстар атқарылуда.
Жыл сайын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша кадрларды дайындауға мем.тапсырыс өсуде, «Серпін» жобасы орындалуда, ҰБТ форматы өзгертілді.
Анықтама: 2016 жылдың 18 маусымдағы ҚРҮ № 354 қаулысына сәйкес, «Серпін» жобасы бойынша 3162 білім беру гранты бөлінген (пед. мамандықтар бойынша – 1000, техникалық – 1717, ауылшаруашылық – 345, медициналық - 100)
|
8.
|
Зерттеу және білім беру қызметтерге қол жеткізу
|
ДЭФ рейтингі
|
орын
|
53
|
51
|
Индикаторға қол жеткізілді
Қазақстанның орны өткен жылмен салыстырғанда 4 позицияға жақсарды (2015 ж. – 85 орын).
|
5-стратегиялық бағыт. Ғылымды дамыту
5.1. Стратегиялық мақсат. Экономиканы әртараптадыруда және елді тұрақты дамытуда ғылымның үлесін арттыру
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды - 024, 130, 217, 219.
|
1.
|
Қолданбалы ғылыми-зерттеудің жалпы санынан коммерциаланған жобалардың үлесі
|
БҒМ
есептік деректері
|
%
|
16,8
|
17%
|
Индикаторға қол жеткізілді
2016 жылғы қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы саны – 1217, оның ішінде коммерцияланған жобалар 210 (111 меморган, технологияларды коммерцияландырудың 65 жобасы, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» шеңберінде 34 жоба).
Қолданбалы ғылыми-зерттеудің жалпы санынан коммерцияланған жобалардың үлесі 17% құрайды.
|
2.
|
2014 жылы Ұлттық патенттердің жалпы санынан ұлттық патенттердің өсуі (1 574 бірлік.)
|
ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты
|
%
|
3
|
2,8
|
Индикаторға қол жеткізілмеді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтының ақпаратына сәйкес 2015 жылы жалпы 1618 патент тіркелген (2,8 % ға өсім)
Аталған индикаторға келесі жағдайларға байланысты қол жеткізілмеді.
- ұлттық патенттер қатарынан инновациялық патенттердің алып тасталуы («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 300-V ҚРЗ)
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемінің азаюы.
2016 жылғы жылдық есеп 2017 жылғы сәуір айында http://kazpatent.kz/ru/godovoy-otchet жарияланады.
|
3.
|
Университеттер мен бизнестің ҒЗТКЖ саласындағы ынтымақтастығы
|
ДЭФ рейтингі
|
орын
|
85
|
66
|
Индикаторға қол жеткізілді
Қазақстанның жағдайы алдыңғы жылмен салыстырғанда 22 орынға жақсарды (2015 жылы – 88 орын)
Индикатор көрсеткішінің жақсаруы бірнеше факторларға байланысты.
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V ҚРЗ қабылдануы.
Екі инновациялық кластер Назарбаев университеті негізінде Астана бизнес кампус базасында және «Алатау» инновациялық технологиялар паркі негізінде ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен ғылыми зерттеу жобаларын коммерцияландыру жұмыстары жүргізілуде.
- Әлемдік банкпен бірге «Технологияларды коммерциялау» жобасы іске асырылды.
- қарыз бойынша Келісімге «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасына қол қойылды.
|
4.
|
Ғылыми-зерттеу институттарының сапасы
|
ДЭФ рейтингі
|
орын
|
81
|
63
|
Индикаторға қол жеткізілді.
Қазақстанның жағдайы алдыңғы жылмен салыстырғанда 18 орынға жақсарды (2015 жылы – 81 орын).
|
5.
|
Ғалымдар мен инженерлердің қол жетімділігі
|
ДЭФ рейтингі
|
орын
|
69
|
64
|
Индикаторға қол жеткізілді.
Қазақстанның жағдайы алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 орынға жақсарды (2015 жылы –69 орын).
|
6-стратегиялық бағыт Жастар саясаты
6.1. Стратегиялық мақсат. Жастарды дамыту және оларды елдің әлеуметтік экономикалық дамуына тарту үшін жағдай
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды, - 040.
|
1.
|
14-29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы қанағаттану деңгейі
|
Әлеум.сұрау
|
%
|
75
|
75,2
|
Индикаторға қол жеткізілді
«Жастар» ҒЗИ жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесінде 14-29 жастағы тұрғындардың мемлекеттік жастар саясатын жүргізумен қанағаттану деңгейі 75,2% құрады.
|
Дүниежүзілік экономикалық форумдағы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің нысаналы индикаторы
|
1.
|
Қабылданатын шешімдердің айқындылығы
|
ДЭФ рейтингісі
|
орын
|
30
|
29
|
Индикаторға қол жеткізілді
Қазақстанның орны былтырғы жылмен салыстырғанда 1 орынға жақсарды (2015 ж. – 30-орын).
Индикатор барлық меморгандарға бірдей
|
2.
|
Саяси шешімдер қабылдаудағы фаворитизм
|
ДЭФ рейтингі
|
орын
|
48
|
55
|
Индикаторға қол жеткізілмеді
Қазақстанның орны былтырғы жылмен салыстырғанда 5 орынға жақсарды (2015 ж. – 50-орын).
Индикатор барлық меморгандарға бірдей.
|
3.
|
Саясаткерлерге қоғамдық сенім
|
ДЭФ рейтингі
|
орын
|
29
|
32
|
Индикаторға қол жеткізілмеді
Қазақстанның орны былтырғы жылмен салыстырғанда 3 орынға жақсарды (2015 ж. – 29-орын).
Индикатор барлық меморгандарға бірдей.
|