Кәсіпорынның жолаушылар тасымалдау қызметінің сипаттамасы 1.1.Кәсіпорын мен желінің сипаттамасы
Мысал ретінде Тараз қаласындағы №41 желімен жолаушылар тасымалын қарастырайық.
№41 желі бойынша жолаушылар тасымалының тендерін «Керуен» ЖШС жеңіп алды делік.
Кәсіпорын паркінің қызмет етіп жатқан автобус желілерінің сипаттамасы 1.1-кестеде келтірілген.
Парктің жылжымалы құрамының саны 1.2-кестеде келтірілген.
1.1-кесте
Кәсіпорын паркінің қызмет етіп жатқан автобус желілерінің мінездемесі
Маршрут №
|
Маршрут ұзақтығы, км
|
Қозғалыс басталу уақыты,
сағ/мин
|
Қозғалыс аяқталу уақыты,
сағ/мин
|
Қозғалыс кезіндегі интервал,
мин
|
01
|
16,2
|
6-55
|
20-25
|
14
|
02
|
24,2
|
6-40
|
20-56
|
26
|
03
|
9,5
|
6-54
|
20-25
|
25
|
06
|
10,5
|
6-58
|
20-00
|
18
|
07
|
12,7
|
6-50
|
20-48
|
12
|
15
|
24,7
|
6-55
|
20-41
|
18
|
16
|
27,5
|
6-40
|
20-25
|
16
|
18
|
12,2
|
6-45
|
20-25
|
12
|
21
|
15,0
|
6-25
|
20-50
|
17
|
27
|
16,5
|
6-30
|
20-40
|
20
|
30
|
13,6
|
6-45
|
20-25
|
19
|
33
|
18,9
|
6-45
|
20-20
|
18
|
41
|
20,8
|
6-40
|
20-30
|
14
|
42
|
14,8
|
6-40
|
20-35
|
20
|
43
|
19,9
|
6-35
|
20-45
|
15
|
44
|
15,3
|
6-40
|
20-40
|
16
|
48
|
29,4
|
6-45
|
20-20
|
17
|
51
|
28,4
|
6-20
|
20-50
|
18
|
Кесте 1.2
Парктің жылжымалы құрамының саны
Реті
|
Автобустар моделі
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
1
|
ЛАЗ-695
|
29
|
27
|
25
|
25
|
25
|
2
|
ПАЗ-672
|
92
|
90
|
77
|
74
|
65
|
3
|
ПАЗ-32051
|
38
|
44
|
69
|
77
|
87
|
4
|
КАВЗ-685
|
9
|
5
|
4
|
-
|
-
|
5
|
Газель-322122
|
26
|
56
|
75
|
73
|
71
|
6
|
Мерседес-бус
|
4
|
16
|
31
|
33
|
36
|
7
|
Шаолинь
|
2
|
14
|
25
|
27
|
29
|
8
|
Мудан
|
6
|
29
|
48
|
48
|
49
|
9
|
Хюндай
|
-
|
5
|
8
|
10
|
10
|
|
Барлығы
|
206
|
286
|
362
|
367
|
372
|
Кәсіпорынның көліктік жолаушылар тасымалдау қызметі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі міндеттерінің бірі қаладағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру болып табылады.
Кәзіргі кезде автомекеме Тараз қаласында жолаушылар тасымалдау қызметін 19 бағытта атқарады. Бұл бағыттарда жалпы саны 372 дана автобустар қамтылған.
Жылжымалы құрамның негізін микроавтобустар құрайды. Одан басқа кіші және орта сыныпты автобустар да бар.
Орта сыныптағы автобустардың техникалық пайдалануы тиімсіз болғандықтан оларды тізімнен шығару туралы да шешім бар. 19 – бағыттағы автобустардың 11 – бағытында кіші сыныпты автобустар пайдалынса, қалған сегіз бағытта микроавтобустар пайдалынады.
Автобустардың жалпы санының ішінде микроавтобустар саны басымдау, бірақ олар автомекеменің тек қана сегіз бағытын ғана қамтамасыз етіп, қызмет атқарады.
Автобустардың жалпы саны 372 дана болса, оның ішінде микроавтобустар саны 198 дана, яғни 53,2 пайызы микроавтобус, қалған 174 данасы кіші сыныпты, яғни 46,8 пайызы кіші сыныпты автобустар болып табылады.
Пайдалануда жүрген автобустардың ішінде арендалық қатынаста жүрген автобустар да бар. Ол үшін жүргізуші серіктестік әкімшілігімен келісім-шартқа тұрады.
Осы келісім-шартта арендалық, өндірістік және басқа да қарым-қатынас ерекшеліктері көрсетіледі. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырғанда тасымалдаудың қауіпсіздік шараларына баса көңіл аударылады.
Сондықтан көлік құралын жүргізушілерге арендаға беру үшін олардың біліктілігіне, автобус айдау тәжірибесіне және оның еңбек өтіліне баса назар аударады.
Зерттелетін желінің сипаттамасы
№41 автобус желісі К.Әзірбаев көшесіндегі перзентханадан Саңырақ батыр көшесіндегі Ғарышкерлер аялдамасына дейін созылған.
Желінің сызбасы графикалық бөлімде берілген. Желінің ұзындығы 20800 метр. Желідегі айналым уақыты 2 сағат. Желі өтетін негізгі көшелері: Сатпаев көшесі, Қолбасшы Қойгельді көшесі, Сүлеймен көшесі, Жамбыл даңғылы, Төле би көшесі, Қойгелді, Қазыбек би, Әйтиев, Қонаев, Абай, Байзақ батыр, Қазан батырлары, Дүкенұлы, Лермонтов, Сейфуллин, Б.Момышұлы, Шостакович, Саңырақ батыр көшелері.
Желіде сонымен қатар кіші сиымдылықты 88 дана Шаолинь, Мудан және Хюндай қытай өндірісінің автобустары қызмет көрсетеді. Желідегі жұмыс 6-40 та басталып, 20-30 –да аяқталады.
Желідегі қабылданған қатынас әдісі әдеттегідей барлық аялдамаларда тоқтауменен жүргізіледі. Қарбалас сағатта жұмыс жасайтын автобустар желіде жоқ. Желіден уақытынан бұрын шығып қалған автобустарды ауыстыру үшін автобус қорлары жоқ. Желіде сынып қалған автобустар жүргіншілеріне техникалық көмек көрсетілмейді.
Желінің ұзындығы бойынша жолдың жабыны асфалть төсенішті, жолды жөндеу жұмыстары уақытында өткізіліп тұрады, бірақ сапасы төмен немесе өте төмен.
Қаланың орталық көшелерінде әсіресе Сейфулин, Абай, Қонаев, Қойгелді, Төле би, Жамбыл даңғылы және Сатпаев көшелерінде қозғалыс қарқындылығы өте жоғары.
Мұны кейбір көшелердің жол торабы енінің аздығынан және жалпы желілердің байланыссыздығынан деп түсіндіруге болады, өйткені әр автобустар бір біріне кедергі жасап тұрады.
Желі бойында аялдамалар павильондармен және шатырлармен жабдықталған.
Кейбір аялдамаларда сауда орындары орналасқан, бірақ қала әкімшілігінің шешімімен артық сауда дүңгіршіктерін алдыртып тастау жұмыстары қолға алынған.
Желі мен аялдамалар негізінен жарықтандырылған. Жүргізушілер мен кондуктор демалысы үшін орындар қарастырылмаған, тұрмыс қажетін өтейтін орындар да жоқ.
1-Перзентхана; 2-Дарын мектебі; 3-Гидрокешен; 4-Дүкен; 5-Сатпаев; 6-Спорт кешені; 7- Автомектеп; 8-Балалар ауруханасы; 9-Тоқберген; 10-Сулеймен; 11-Медколледж; 12,13- Қалалық аурухана; 14-Салық комитеті; 15-Ұлттық банк; 16-Әйтеке би; 17-Әскери комиссариат; 18-Ташкент аялдамасы; 19-Сағындықов; 20-Теміржол ауруханасы; 21- Желтоқсан; 22-Вокзал; 23-Диспетчерлік; 24-Халықтық; 25-Элеватор; 26-Орман қоймасы; 27- Қазан батырлары; 28-Әскери бөлімшесі; 29-Крылов; 30-Лермонтов; 31-Сейфуллин; 32- Самал; 33-9мөлтек аудан; 34-Неке және семья; 35-Ғарышкерлер.
Сурет 1.1- №41 Автобус бағытының жүру сұлбасы
Желідегі автобустардың қозғалыс реттілігін соңғы аялдамалардағы диспечерлер арқылы бақыланады.
Желідегі төлем ақыны кондуктор немесе кейде жүргізушінің өзі жинайды.
Жүру ақысы 40-60 тенге.
Автобус кәсіпорнына келіп түсетін шағымдар негізінен қарбалас сағаттарда автобустардың жетімсіздігі. Желідегі ақыны жинауға бақылау жүргізілмейді.
Желідегі жолаушы ағынын құрайтын негізгі көздер болып табылатын желіге жататын негізгі объектер:
-Мөлтек аудандар;
-Абай көшесі;
-Қойгельді көшесі;
-Қалалық аурухана;
-Медициналық колледж;
-Сулейменов;
-Сатпаева;
-Гидрокешені тағы сол сияқты басқалар.
№41 автобус бағытының жүру үлгісі мен жүру бағыттарының сұлбасы 1.1-1.3 суреттерде келтірілген.
Сурет 1.2-Желінің Әзірбаев көшесі мен Қазыбек би көшелері арасындағы сұлбасы
Сурет 1.3-Желінің Қазыбек би көшесі мен Саңырақ батыр көшелері арасындағы сұлбасы
Жобаның мақсаты мен мәселелері
Жобаның мақсатына №41 желісімен жолаушылар тасымалын жақсарту мәселелеріне арналған және осы желімен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырудың іс-шараларын жасау болып табылады[12].
№41 желідегі шағын автобустардың саны жеткілікті, бірақ сондада пик уақыттарда 10-15 минут қозғалыс жүру аралығы мен интервалы, жолаушыларды рұқсат мөлшерінен артық сыйғызып жүру, тасымалдау қозғалысына қауіпті жағдай тудырады.
№41 желісімен жолаушылар тасымалын жақсарту мәселелеріне арнап, осы желімен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырудың іс-шараларының мәселелерін шешу үшін төмендегі нұсқауларды ұсынып отырмыз.
Қозғалыс аралығын немесе интервалын оптималдау мақсатында желідегі шағын автобустардың санын икемді жасау қажет.
Желідегі диспетчер жүйесін енгізу қажет.
Жүргізушілер мен кондукторлар демалысы мен тұрмыс қажетін өтейтін орындар ұйымдастыру қажет.
Жүру ақысының билеттік жүйесін енгізу керек.
Желідегі шағын автобустардың бақылау пунктарынан өтуін ұйымдастыру керек.
керек.
Шағын автобустар қозғалысының жылдамдығын нормалауды өткізу
Шағын автобус желісіндегі жолаушылар ағымы төмен.
Оларды көбейту үшін: біріншіден олар көбінесе орталық базарға қатынайтын жолаушылар мен білімгерлерді тасымалдағандықтан оларды жолаушылар мен білімгердердің шығу кестесі мен байланыстыру керек.
Сонымен қатар әр аялдамаларда автобустардың өту кестесін бекіту қажет.
Бұл жолаушылардың, оның ішіндегі осы желіге көп мінетін білімгерлер мен оқытушылардың және басқа да жолаушылардың күту сенімділігін арттырады.
Жолаушылар тасымалының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автобус өтетін аялдамаларды кеңейту және қалталандыру қажет, сонымен қатар желідегі жолдарды нормаға сай жөндеу қажет.
Сондықтан дипломдық жобаның тақырыбын Тараз қаласындағы №41 желісімен жолаушылар тасымалын жақсарту мәселелеріне арнап, осы желімен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырудың іс-шараларын қарастырамыз.
Қорытынды және ұсыныстар
№41 желідегі автобустардың саны жеткілікті, бірақ сондада пик уақыттарда 14 минут қозғалыс интервалы, жолаушыларды рұқсат мөлшерінен артық алып жүру қауіпті жағдай тудырады.
Қозғалыс интервалын оптималдау мақсатында желідегі автобустардың санын икемді жасау қажет. Желідегі диспетчер жүйесін енгізу қажет.
Жүргізушілер мен кондукторлар демалысы мен тұрмыс қажетін өтейтін орындар ұйымдастыру қажет.
Жүру ақысының билеттік жүйесін енгізу керек. Желідегі автобустардың бақылау пунктарынан өтуін ұйымдастыру керек. Автобустар қозғалысының жылдамдығын нормалауды өткізу керек. Автобус желісіндегі жолаушылар ағымы төмен.
Оларды көбейту үшін: біріншіден олар көбінесе білімгерлерді тасымалдағандықтан оларды білімгердердің шығу кестесі мен байланыстыру керек. Сонымен қатар әр аялдамаларда автобустардың өту кестесін бекіту қажет.
Бұл білімгерлер мен оқытушылардың және жолаушылардың күту сенімділігін арттырады. Тағыда, автобус өтетін аялдамаларды кеңейту қажет және желідегі жолдарды нормаға сай жөндеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |